Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конак уй биз мен когам тамак БЕ магистратура.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Дебиторлық және несиелік берешекті басқару

Нарықтық экономика жағдайында қызмет атқаратын кәсіпорын үшін дебиторлық және несиелік берешекті талдаудың, басқарудың маңызы зор, себебі бұл үдеріс пайдалылық деңгейін, сонымен қатар төлем қабілеттілігін керекті дәрежеде ұстап отыруға мүмкіндік береді. Дебиторлық және кредиторлық берешекті басқару сенімді қарыз алушының имиджін қалыптастырумен қатар, кәсіпорынның ағымдағы іс-әрекетінің тиімділігін камтамасыз ету үшін қажетті.

Дебиторлық берешек – бұл фирманың өзінің немесе қарыз берушілердің қаражатының есебінен өз уақытында төленбеген тауардың немесе қызметтің өндірісіне кеткен шығындарды төлеу міндеттемелері. Іс-әрекеттің бағытына байланысты бір кәсіпорындар көбінесе қолма-қол есептесу негізінде қызмет атқарса, басқа кәсіпорындар өз қызметтерін сатып алушыларға белгіленген несиелік қатынастарға негіздеп ұсынады. Несие, әсіресе, оны бәсекелестер ұсынса, кәсіпорынның тиімді әрекет етуі үшін маңызды болуы мүмкін.

Егер төленбеген борыш мөлшері кәсіпорынның несиелік және қаржылық жағдайының мүмкіндіктерінен асып кетсе, онда ол - жабдықтаушылардың қаржысын төлей алмай банкротқа ұшырау мүмкін. Дебиторлық берешекті өтеу үдерісі оның айналым мерзімі мен жылдамдығына байланысты анықталады. Дебиторлық берешек сапасы төлем шартарының берешек мерзіміне сәйкес болу дәрежесімен анықталады. Дебиторлық берешек деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнім (қызмет) түрі, нарық сыйымдылығы, берілген өнімге (қызметке) байланысты нарықтың толықтық деңгейі, кәсіпорында қабылданған есептеу жүйесі.

Дебиторлық берешекті талдаудың ақпараттық базасы ретінде ресми қаржылық есептілік қолданылады: бухгалтерлік есеп («Айналым активтері» бөлімі), «Бухгалтерлік баланс қосымшалары № 5 формасы (2 бөлім «Дебиторлық және кредиторлық берешектер» және олардың анықтамалары). Дебиторлық берешек сапасын жете талдау үшін мәліметтердің ордер-журналдары немесе сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, жауапты адамдардың және т.б. есеп-қисап мәліметтер тізімі пайдаланылады.

Қонақ үй кәсіпорынның дебиторлық берешекті талдауда және басқаруда сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өткен мерзімі бойынша есебін бақылау маңызды орын алады. Дебиторлық берешек жағдайы туралы мәліметтер №5 бухгалтерлік есеп формасындағы бухгалтерлік баланста келтіріледі. Бұл жағдайда қаржы менеджерінің міндеті - қандай қарыздардың мерзімі өтіп кеткен, кай уақытқа және кім қарыздар болып табылатыны жайлы ақпараттарды үнемі бақылау, тұтынушылар тобы мен өнімнің кеңейтілген номенклатурасы саласында төлемді жүзеге асыру тенденциялары туралы мәліметтерді талдау және жинақтау. Бұл мәліметтердің болуы есептеудегі қаражат айналымы кезеңнің қысқартылуына бағытталған шешімді қабылдауға мүмкіндік береді.

Дебиторлық борышты тиімді басқарудың мынадай оңай әдісі ұсынылу мүмкін. Бұл әдістің негізінде дебиторлық берешектін нақты және нормативтік мерзімдегі қозғалысын салыстыру жатыр.

Алдымен, дебиторлық берешекті тексеру мерзімі анықталады, яғни, оның жағдайын жете талдаудың кезеңдік циклі орнатылады. Ең дұрысы бір айлық мерзім болып табылады.

Бақылау сұрақтары

  1. Қонақ үй айналым құралдарына анықтама беріңіз.

  2. Айналмалы құралдарының құрамы жөнінде айтыңыз.

  3. Қандай көрсеткіштер қонақ үй кәсіпорны айналмалы құралдарының айналу жылдамдығын және оларды пайдалану тиімділігін сипаттайды?

  4. Қонақ үйдегі айналмалы құралдарға деген қажеттілік қалай анықталады?

  5. Дебиторлық берешекті басқару ерекшеліктерін атаңыз.

  6. Несиелік берешекті басқару ерекшеліктерін атаңыз.

Дәріс 3-4.

Кәсіпорын өндірісінің шығындары және оларды есепке алу:

  1. Шығындар және олардың жіктелуі

  2. Өнiмнiң және қызметтердің өзiндiк құнының калькуляциясы

  3. Шығынды есепке алудың әдiстерi

  4. Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі