- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Тақырыптардың мазмұны
- •8.1 Негізгі әдебиеттер:
- •8.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Оқу формасы: күндізгі
- •8 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Мөж және омөж тапсырмаларының жоспарлары.
- •7. 1 Семинар (тәжірибе), лабораториялық сабақтардың жоспары
- •7.2 Моөж жоспары
- •8 Моөж өткізу кесетесі
- •9. Мөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10. Бағалау түрлері
- •10.1. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы.
- •10.2 Магистрантқа рейтинг қою шкаласы
- •10.4 Баға қою саясаты
- •1 Кесте. – Пән бойынша балдар келесідей есептелінеді
- •Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы «Есеп және аудит» кафедрасы
- •5. Дәріс кешені
- •Қонақ үй кәсіпорнындағы айналым құралдарының мәні мен құрамы
- •Қонақ үй кәсіпорнының айналмалы құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
- •Айналым құралдарындағы қажеттілікті анықтау
- •Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •Шығындар және олардың жіктелуі
- •Өнiмнiң және қызметтердің өзiндiк құнының калькуляциясы
- •Шығынды есепке алудың әдiстерi
- •Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі
- •Кәсіпорын пайдасы мен оны есептеу әдістері
- •Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері.
- •Еңбек өнiмдiлiгі: анықтамасы, көрсеткiштері. Өндiру көлемі және еңбексыйымдылығы, олардың сипаттамасы
- •Кәсіпорынның кадрлар санын жоспарлау. Жұмыс уақытының бюджетін есептеу
- •Еңбекке ақы төлеу қорын жоспарлау
- •Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына табыстардың шығындардан асуы, ақша қаражаттарымен еркін әрекет ету мүмкіндігі, қызмет барысында ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы тән.
- •6. Семинар сабағының жоспары
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Магистранттардың өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Мөж тапсырмалары
- •9. Магистранттардың оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •10. Оқу процесін мультимедиялық және бағдарламалық сүйемелдеу
- •11. Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
МӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады. МӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындау. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинарлық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына жауаптардық өздерің дайындаңдар. Әрбір сұрақты дайындау барысында қысқаша әрі сызба жүзінде негізгі ережелер мен жауап тезистерін дайындап, формулалар мен символдарды МӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеріге арналған сұрақтар көмегімен өз білімдеріңді тексеріңдер. Өздерің талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте немесе МОӨЖ процесінде оқытушыға қойыңдар.
МӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалу керек. Ал дәрісте дербес алынған білімдер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.
Алайда семинарлық сабақта қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан магистрант өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Бұл МОӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан МОӨЖ -да тақырып мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар мен есептер, жаттығулар қарастырылып, талдау жасалады.
МӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.
«Микроэкономика» курсының ерекшеліктері МӨЖ формаларының кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:
оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;
семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;
белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;
реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;
курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;
аса жоғары есептерді шығару;
статистика мәліметтерін талдау;
кәсіпоын іс - әрекетін модельдеу;
топтық жобаға қатысу;
таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;
глоссарий жасау;
тақырып бойынша шолу жасау.
Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:
Тақырып бойынша шолу жасау – бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.
Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.
Реферат, МӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады.
Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.
Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.
Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.
Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.
Мақсаттар бұтағын құру – ол үшін тыңдаушыларға тақырыпты таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейлердегі тапсырмалар мен жоспарларды анықтау, осы мақсаттарға қол жеткізуде кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдарын анықтау, жұмыс сапасының өлшеуіштері мен тапсырманы бақылау формаларын таңдау ұсынылады.
Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез – келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықтықызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.
Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.
Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.
Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша)– топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.
Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.
МӨЖ (МОӨЖ) тиімді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыға ұсыныстар
Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Тапсырманы орындау әдістемесі:
аталмыш тапсырмаларды орындауды аталмыш тақырып бойынша дәріс материалын қайталаудан кейін ғана бастауға болады;
есептерді шығаруға кірісе отырып, оның шартын мұқият оқу;
шығару жоспарын ойластыру;
есепті шығару барысында қолданылатын формулаларды анықтау;
формулаға кіретін шамалардың мағынасына тағы бір рет үңілу;
шығаруды алдымен жалпы түрде жүзеге асырып, содан кейін әріптік шамалардың сандық мәндерін қою керек;
аралық және соңғы шешім нәтижелерінің өлшем бірліктерін көрсету;
дұрыс шешімге талдау жасау.
Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:
бакалаавриаттың ағымдық үлгерімін тексеру;
топ бакалавриаттарының дайындығын анықтау;
үлгерімділігі нашар тыңдаушылармен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;
Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып, мыналарды жүзеге асыруы қажет:
бақылау жұмысының тақырыбын білу;
теориялық материалды, аталмыш тақырыптағы негізгі формулалар мен есепті шығару әдістерін ойға түсіру;
