- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Тақырыптардың мазмұны
- •8.1 Негізгі әдебиеттер:
- •8.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Оқу формасы: күндізгі
- •8 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Мөж және омөж тапсырмаларының жоспарлары.
- •7. 1 Семинар (тәжірибе), лабораториялық сабақтардың жоспары
- •7.2 Моөж жоспары
- •8 Моөж өткізу кесетесі
- •9. Мөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10. Бағалау түрлері
- •10.1. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы.
- •10.2 Магистрантқа рейтинг қою шкаласы
- •10.4 Баға қою саясаты
- •1 Кесте. – Пән бойынша балдар келесідей есептелінеді
- •Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы «Есеп және аудит» кафедрасы
- •5. Дәріс кешені
- •Қонақ үй кәсіпорнындағы айналым құралдарының мәні мен құрамы
- •Қонақ үй кәсіпорнының айналмалы құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
- •Айналым құралдарындағы қажеттілікті анықтау
- •Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •Шығындар және олардың жіктелуі
- •Өнiмнiң және қызметтердің өзiндiк құнының калькуляциясы
- •Шығынды есепке алудың әдiстерi
- •Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі
- •Кәсіпорын пайдасы мен оны есептеу әдістері
- •Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері.
- •Еңбек өнiмдiлiгі: анықтамасы, көрсеткiштері. Өндiру көлемі және еңбексыйымдылығы, олардың сипаттамасы
- •Кәсіпорынның кадрлар санын жоспарлау. Жұмыс уақытының бюджетін есептеу
- •Еңбекке ақы төлеу қорын жоспарлау
- •Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына табыстардың шығындардан асуы, ақша қаражаттарымен еркін әрекет ету мүмкіндігі, қызмет барысында ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы тән.
- •6. Семинар сабағының жоспары
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Магистранттардың өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Мөж тапсырмалары
- •9. Магистранттардың оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •10. Оқу процесін мультимедиялық және бағдарламалық сүйемелдеу
- •11. Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына табыстардың шығындардан асуы, ақша қаражаттарымен еркін әрекет ету мүмкіндігі, қызмет барысында ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы тән.
Қаржылық тұрақтылық – бұл жеке меншік және қарызға алынған қаражаттарды тиімді пайдаланудың нәтижесі. Жеке меншік қаржы құралдарына мыналар кіреді:
акционерлік капитал;
таза (бөлінбеген) пайда;
амортизациялық аударымдар.
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы бейнесі төлем қабілеттілігімен сипатталады, яғни кәсіпорынның өз қаржылық міндеттемелерін орындау мүмкіндігі. Қанағаттанарлық төлем қабілеттілік көрсеткіштеріне мыналарды жатқызуға болады:
есептік, валюталық және банктердегі басқа да шоттарда еркін ақша қаражаттарының болуы;
жабдықтаушыларға, банктерге, персоналға, бюджетке, бюджеттік емес қорлар мен басқа да несие берушілерге ұзақ мерзім бойы өтелмеген қарыздардың болмауы;
есептік кезеңнің басы мен аяғында жеке меншік айналым қаражаттарының (таза айналым капиталы) болуы.
Төмен төлем қабілеттілік уақытша (қиын салдарларсыз өтетін) және созылмалы (кәсіпорынды банкроттыққа әкелетін) болуы мүмкін.
Қаржылық тұрақтылықтың маңызды аспектісі – несиені өтеу қабілеттілігі. Несиені өтеу қабілеттілігі деп несие алуға қажетті талаптарға жауап беру және несие берушіге уақтылы үстіне пайыздарымен бірге қарыздарды қайтару қабілеттілігінің болуын айтады.
Қаржылық тұрақтылықтың жоғары деңгейі – ол пайданың банктерден алынған қарыздарды өтеу мен пайдаға салынатын салықтарды төлеуге жеткілікті жағдайын ғана емес, сонымен қатар, даму мақсатында инвестициялар салуға да мүмкіндіктің болуын айтады. Әдетте, инвестициялар болашақтағы пайдаларға ұзақ мерзімді несиелендіру есебінен жүзеге асырылады. Осы себепті қаржылық тұрақтылықты талдаған кезде пайданың абсолюттік салмағынан ғана емес, сонымен қатар оның пайдаланылатын капиталға қатысты өсуін, яғни, капиталдың табыстылығын да бағалау қажет.
Табыстылық деңгейі – бизнестің табыстылығының өлшемі. Жоғары табыстылық кәсіпкерлік тәуекелдің жоғары деңгейімен байланысты болып келеді. Кейбір жағдайда қонақ үй кәсіпкерлік тәуекелі жоғары шаруашылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде ғана керекті төлем қабілеттілік деңгейін қамтамасыз етеді. Алайда тәжірибеде бұл дұрыс әдіс ретінде қарастырылмайды. Себебі, шаруашылық операциялардың табыстылығы төмендеген кезде (маусымның өтуіне, туристердің санының азаюына және т.б. байланысты) пайданың орнына кәсіпорын айтарлықтай шығынға тап болып, төлем қабілеттілігі төмендеуі мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - төменгі кәсіпкерлік тәуекелде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, меншік қаражаты есебінен дамуды қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының болу жағдайы. Қонақ үй кәсіпорнының қаржылық тұрақтылғына мыналар әсер етеді:
нарықтағы жағдайы;
өнімнің/қызметтің бәсекеге қабілеттілігі және оған деген сұраныс деңгейі;
серіктестердің іскерлік әрекеті;
сыртқы несие берушілер мен инвесторлардан тәуелділік деңгейі;
төлем қабілеттілігі жоқ дебиторлардың болуы;
өндірістік шығындар мен өнім/қызметті өткізу бағаларының арақатынасы;
төленген жарғылық капитал көлемі;
коммерциялық және қаржы операцияларының тиімділігі;
айналымнан тыс және айналымдағы активтерінің арақатынасын қоса алғандағы мүліктік әлеует жағдайы;
менеджерлердің кәсіби дайындығының деңгейі, олардың ішкі және сыртқы орта жағдайларын үнемі ескеріп отыру қабілеті және т.б.
Абсолютті қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау бойынша тәжірибелік жұмыс бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – кәсіпорынның ішкі және сыртқы серіктестері, мемлекет алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін уақтылы және толықтай орындауға қабілетті болатын қаржылық мүмкіндіктерінің жағдайы. Төлем қабілеттілік коммерциялық келісімді жүзеге асырудың формалары мен шарттарына және несиелер мен қарыздарды алуға тікелей әсер етеді.
Кәсіпорын өтімділігі – бұл өз активтерін (мүлкін) ақша қаражаттарына түрлендіру мүмкіндігі. Өтімділік кәсіпорын кассасындағы ақша қалдықтарының, банк шоттарындағы ақша қаражаттарының және айналым активтерінің оңай өткізілетін элементтері (мысалы, қысқа мерзімді құнды қағаздар) формасындағы өтімді құралдардың болуымен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сапалық бағалау үшін абсолютті өтімділік көрсеткіштерден басқа да көрсеткіштер қолданылады. Мысалы, қаржылық көрсеткіштер арқылы қолда бар айналым активтері (олардың түрлері бойынша) мен қысқа мерзімді міндеттемелердің арақатынасын бағалаған жөн (қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу көздерін және мерзімдерін анықтау үшін талданылады).
Өткізу кезінде айналым активтері әр түрлі өтімділік деңгейіне ие болады: ақша қаражаттары абсолютті өтімді болады, одан әрі азаю деңгейі бойынша қысқа мерзімді қаржылық салымдар, борышкерлік қарыздар және қорлар орын алады. Сондықтан бағалау барысында олардың есебінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу реті бойынша ерекшеленетін көрсеткіштер қолданылады. Есептеулерді кәсіпорынның ішкі есептік ақпаратын (бас кітап, журнал-ордерлер және т.б.) пайдалана отырып, әр айдың соңында жүргізген дұрыс. Осы мәліметтер бойынша пайда болатын тенденцияларды ескеретін нақты бағалаулар алуға болады.
Кәсіпорын балансының өтімділігін және төлем қабілеттілігін бағалауда қолданылатын негізгі қаржылық коэффициенттер кесте 12.4-те көрсетілген.
Өтімді ақша ағыны (ӨАА) заемдық қаражаттар бойынша барлық қарыздық міндеттемелерді толықтай жапқан кезде пайда болатын ақша қаражаттарының тапшылықты немесе артық сальдосын анықтау көрсеткіші болып табылады. Өтімді ақша ағыны кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайды және белгілі бір кезеңде (ай, тоқсан) кәсіпорынның несиелік позициясының өзгерісін қарастырады.
Банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеу - факторлық талдау және болжау әдістерінің негізінде кәсіпорынның дағдарыс кезіндегі жүзеге асырылатын қаржылық дамуының параметрлерін бағалау жүйесін сипаттайды.
Банкротқа ұшырау мүмкіндігін зерттеудің негізгі мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады: банкротқа ұшырау мүмкіндігін экспресс-зерттеу үдерісінде алынған кәсіпорынның қаржылық дамуының дағдарыстық параметрлерін бағалау нәтижелерін тереңдету; кәсіпорынның дағдарыстық қаржылық жағдайының көлемдерін алдын ала бағалау нәтижелерін нақтылау; кәсіпорынның банкроттық қаупін тудыратын жеке факторлардың дамуын және теріс салдарларын болжау; кәсіпорынның ішкі қаржылық әлеуеті есебінен банкроттық қаупін бейтараптандыру қабілетін бағалау және болжау.
Бақылау сұрақтары
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы деген не және ол неден көрінеді?
Қаржылық тұрақтылыққа әсер ететін факторларды келтіріңіз.
Абсолюттік көрсеткіштер бойынша қаржылық тұрақтылықты талдау және бағалау әдістемесін түсіндіріңіз.
Үш өлшемді модель негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының типтерін түсіндіріңіз.
Қатыстық көрсеткіштер бойынша қаржылық тұрақтылықты талдау және бағалау әдістемесін түсіндіріңіз.
Қонақ үй кәсіпорнының өтімділік коэффициенттерін түсіндіріңіз.
Өтімді ақша ағыны ұғымын түсіндіріңіз.
Банкроттықты анықтаудың «Альтман талдау моделін» түсіндіріңіз.
Банкроттықты анықтаудың екі факторлы моделін түсіндіріңіз.
Дәріс 15. |
Қонақ үй-мейрамхана бизнесіндегі бәсекелестік : 1. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік түсініктері 2. Қонақ үй-мейрамхана бизнесі мен қоғамдық тамақтанудағы бәсекелестік әрекеттердің ерекшелігі |
Туризм саласындағы бәсекелестік пен қарсыластық екі деңгейде бола алады – жергілікті және мемлекетаралық. Жергілікті компаниялардың әрқайсысы білікті мамандар, жақсы қызмет, абырой мен нарықты бөлісу үшін бәсекелеседі. Бұнда көбіне сектордағы (қонақ-үй, мейрамханалар, саяхат агенттіктері сияқты) жоғары деңгейлі қарсыластық пен стандарттарды жақсарту және жаңа өнімді таныстыру арасында байланыс болады. Мемлекетаралық деңгейде бәсекелестік туристерді өзіне тарту аясында жүреді.
Бұл қонақ-үй мен мейрамханалардың жақсы жабдықтаушыларының, персоналды оперативті, техникалық және әкімшілік деңгейде даярлайтын жақсы мектептер, туризм жобаларын әзірлеуге маманданған инженерлер мен архитекторлар, сонымен осы салаға қатысты басқа да қызмет көрсетуші компанияларды білдіреді. Жабдықтаушылардың да денсаулық сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъектілер, құрылыс өнеркәсібі, дүкендер, саяхат жасау бюросының агенттері, туризмбасшылығы, банктер, химиялық тазалау, шаңғы мектебі, азық- түлік пен өнеркәсіп индустриясы, мәдени орталықтар, спорт заттары, машина тұрақтары және де туризм орнына поезд, жол, әуе немесе теңіз жолымен жету әдістеріне деген қажеттілігі болады.
Бәсекеге қабілетті салалар бірнеше критерий бойынша іріктелді. Бірінші критерий – адамдық ресурстар саны мен сапасы. Екінші критерий – кластерге әлеуетті қатысушы кәсіпорындардың орналасуы. Яғни, шикізатты өндіретін, өңдейтін және соңғы қосымша құнды жоғарлататын түпкі өнімді дайындайтын кәсіпорындардың өзара байланыс жасауы, бір-біріне жақын орналасуы. Бұдан кейін табиғи ресурстардың, инфрақұрылымның болуы назарға алынып, ең соңында кәсіпорынның технологиялық сәйкестігі тексеріліп, тоғыз сала таңдалып алынды.
Осы кластерлерге шығындар бойынша талдау жасалды, анығырақ айтар болсақ, қазақстандық өндірушілердің шығындары шетел өндірушілерімен салыстырылды. Аймақтық нарықтағы тауарлардың экспорт мүмкіндіктері бағаланды. Әрбір кластер үшін оның құрылымы мен қатысушылары арасындаға қатынастардың қарқындылығын сипаттайтын карта жасалды.
Қазіргі кезде жоба үшінші кезеңде, оның басында 7 пилоттық кластермен жұмысты жалғастыру жөнінде шешім қабылданды. Төменде еліміздің жеке секторларында кластер жасалатын жеті сала көрсетілген:
туристік сала;
құрылыс материалдарын өндіруші сала;
тоқыма өнеркәсібі;
тамақ өнеркәсібі;
көліктік- логистикалық қызметтер;
металлургия өндірісі
мұнай-газ машина құрылысы.
Осы кезеңде әр кластер үшін оның қызметі барысында қақтығысатын мәселелер мен бизнестің алдына қойылатын мақсаттар анықталды және осы анықталған мәселелерді шешу мен қойылған мақсаттарға жету үшін арнайы қызмет топтары құрылды. Бұл, біріншіден, кластер ішінде өзара әрекеттесу жүйесін құруға, екіншіден, қызмет нысаны әртүрлі ұйымдарда кластерді жалпылама көруді жетілдіруге, үшіншіден, бағдарламаның барлық қатысушылары үшін ортақ мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа кездесулер барысында индустрияның жалпылама дамуына бағытталған жалпы жүйелік шараларды қосатын әрбір кластерді, сонымен қатар сәйкес кластерлердегі пилоттық жобаларды дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Бұл жоспарлар кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен 2005 жылдың 25 маусымында бекітілді. Кластерлердің жаңа мәселелерінің туындауына байланысты анықталған жоспарларға өзгертулер енгізіліп тұрады. Осылайша, кластерлер біртіндеп дамып, мемлекеттік және жеке секторлар арасында диалог құрылады. Бұған қоса, кластер өзінің жеке инициативаларын да жүзеге асырады.
Нормативтік актілерді әзірлеу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, олардың қабылдануы жақын болашақта кәсіпкерлік климатты жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс бизнеспен тығыз байланыста жүргізілді. Қазір көптеген кәсіпкерлер отандық заңнаманы жетілдіру мен кластерлік топтарда жұмыс істеу өнерінің мақсаттарына жетудің ең тиімді әрі қысқа жолы екендігін түсіне бастады.
Жеті кластердің әрқайсысы үшін бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. Олардың кейбіреулері кластерлік тұжырымдаманы іске асырып, үлкен нәтижелерге қол жеткізіп жатыр. Бірнеше «жедел жеңістер» туристік кластерден көрінді. Бизнес бірігіп әзірленіп, енгізіліп жатқан іс-шаралар жоспарына жылдам жауап беруде. Туристік компаниялар мен көмекші салалар, сонымен мемлекеттік органдардың өкілдері іс-шаралар жоспарында белгіленген мақсаттарға жетуде тез бірікті.
Оңтүстік Қазақстандағы мақта кластерінің де аймақтық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті болу әлеуеті жоғары. Бұл, біріншіден, Оңтүстік Қазақстан облысы, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстанда өндірілетін шикізаттық ресурстарға еркін қол жеткізу факторы болып табылады. Бұдан басқа, жаңа кәсіпорындардың құрылуы мен бұрын болған тоқыма кәсіпорындарын жарақтандыру, адам ресурстарын дамыту үшін қажетті негіздің бар болуы, өндірістік шығындар деңгейінің төмендігі, мақта мен тоқыма өнімдеріне жоғары сұраныс және потенциалды өткізу нарықтары – Қытай, Азия елдері, Ресей, Еуропа мен Таяу Шығысқа жақындығы маңызды мәнге ие.
Тағы бір перспективті сала Қазақстанның транспорттық әлеуетін дамыту болып табылады. Осы кезге дейін халықтың аз саны мен территорияның кеңдігі негізінен теріс макроэкономикалық факторларға жатқызылды. Алайда егер де біз жол инфрақұрылымын оңтайландырып, логистикалық қызметтер сферасын дамытсақ, онда транзиттік потенциалдың жүзеге асырылуы Қазақстанға үлкен экономикалық дивидендтерді береді.
Бақылау сұрақтары
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі неден көрінеді?
Бәсекелестік критерийлерін атаңыз
Бәсеке қабілеттілікке әсер ететін факторларды келтіріңіз.
Бәсекелестікті бағалау әдістемесін түсіндіріңіз.
Үш өлшемді модель негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының типтерін түсіндіріңіз.
