Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеттин жауаптары.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
572 Кб
Скачать
☆

2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы

Әзілхан Нұршайықов шығармашылық жолын ақын және публицист ретінде бастаған. Өлеңдері мен очерк, публицистикалық мақалалары аудандық облыстық, республикалық баспасөзде және соғыс жылдарында майдан газеттерінде жарияланып тұрған.

Тың игерушілер өміріне арналған алғашқы очерктер жинағы "Алыстағы ауданда" 1956 жылы жарық көрген. Оның осы тақырыпқа арналған очерктер мен әңгімелер жинақтары "Тың астығы" 1958 жылы, "Ертіс жағасында" 1959 жылы, "Жомарт өлке" 1967 жылы жарияланды.

Жастардың өмірін, арманға толы ой-сезімдерін жан-жақты айшықтауға арналған лирикапық повестері "Махаббат жыры" (1964), "Әсем ( 1966), Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлердің ерлігін паш еткен "Махмет Қайырбаев" (1967), "Батырдың өмірі" (1969), замандастарымызды интернационалдық рухта тәрбиелейтін "Тоғыз толғау"( 1977), "Невель түбінде" (1977), әдебиетіміздің белгілі қайраткерлерінің шығармашылық қабілетін сомдаған "Автопортрет" (1977), "Екі естелік" (1985) очерк, әңгіме, повесть жинақтары жарық көрді. Қалың көпшілікке етене жақын "Махаббат қызық, мол жылдар" романы (1970) мен "Ақиқат пен аңыз" роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығар­ма­шы­лығының шырқау биігі саналады. Өлмес туындының алғашқысында жастардың қайнаған жастық өмірі туралы баяндалған, бұл роман оқырманның, әсіресе жалынды жастардың ерекше сү­йіп оқитын махаббат гимніне айналды. Ал екінші роман‑дилогиясы аты аңызға айналған ұлтымыздың ұлы тұлғасы, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы ту­ралы жазылған. Осы "Ақиқат пен аңыз" роман‑дилогиясы үшін Әзілхан Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Орыс тілінде "Песня любви" (1965, 1975, 1982); "Истина и легенда" (1980), "Истина и легенда" (1982) және "Дорогой памяти" (1985) кітаптары жарық көрген. Ә. Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-дилогиясы украин ("Дніпро", 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылып жарияланды.

Ақиқат пен аңыз- Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.

Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.

Шығарманыі басты кейіпкері Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар,өр мінезді кісі болғанынын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.

1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді. Бұл шығарма Автор мен Бауыржанның арасындағы диалог қа құрылғандықтан, роман диалог деп айтылады. Шығармада Бауыржанның 316 атқыштар дивиязиясына қалай келгенін жалпы, әскери өмірі жайында сөз етеді. Өзінің жеке өмірін сұрағанда Бауыржан: Сен мен туралы роман жазбайсың. Ендеше сенен менің неше рет үйленгенімді, кіммен жүргенімді ешкім де сұрамайды. Понятно тебе?- деп, ұрысып тастайды. Роман –диалог Абайдың 125 жылдығының тұсында жазылған.

3. Ф.Оңғарсынова лирикасы

60 – жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры – поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі Фариза Оңғарсынова болатын.

Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние.

Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану – алыптардан бастау алады. Көркем сөз зергерлері Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев өрбіткен баянды бағам – байлауды әдебиетші ғалымдарымыз М.Қаратаев, Ә.Шәріпов, С.Сейітов, З.Ахметов, Ә.Жәмішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев т.б жалғастырды. Ақынның өз тұстастарынан және қаламдас іні – сіңлілерінен К.Ахметова, Н.Оразалин, Ә.Кекілбаев, С.Ерубаев, У.Қалижанов, А.Егеубаев, Т.Шапай және басқалардың пікір – пайымдарының мәні зор болды.  Өз кезінде осындай бағасын алған ақын Ф.Оңғарсынова лирикасы – қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние. Ақынның сан – салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян.Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық. Күллі шығармашылық- өнерпаздық қабілет – талантымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып, ойлы да сыншы, талғампаз оқырмандарының көңілінен шыққан Фариза ақындығынның арнайы да мақсатты, сондай-ақ міндетті зерттеу сөзіне айналып, обьекті өрісіне імуі - өмір талабының пәрменіне сай рухани қажеттілік.  Ширек ғасыр бойына әдебиетпен бір жұптаса біте қайнасып кеш жатқан қаламгердің шығармашылық мұрасы туралы бірталай жазылып, бірсыпыра айтылып, әдепкі әдеби-ғылыми көзқарас, жүйелі негіз қалыптасса да қаламгер қайнарының қуат күшін, бұлақ бастауын жеткілікті өз дәрежесінде, аз биігінде, өз өлшемінде таразылай, бағымдай алды ма?!   Ақын мұрасы сонау алпысыншы жылдардың нақ ортасында “Сандуғаштан”(1966) бастау алып, сексенінші жылдардың аяғындағы “Таңдамалыны”(1987) және “Қыз ғұмырға”(1966) дейінгі аралықты қамтиды. Ақын лирикасы “Маңғыстау маржандары” (1969), “Мазасыз жүрегіңдемін” (1975), “Шілде”(1978), “Сенің махаббатың” (1979), “Сұхбат”(1983), “Жүрек күнделігі” (1984), “Дауа”(1985), “Маңғыстау монологтары”(1986), “Екі томдық: Таңдамалы шығармалары”(1987), “Өсиет”(1995), “Қыз ғұмыр”(1996) және “Мен саған ғашық емес ем”(1999) сынды дүниелермен толықты. Осылардың ішінде “Маңғыстау монологтары” Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы. Ф.Оңғарсынова шығармашылығына көрнекті әдебиет өкілі Ә.Тәжібаев та өз бағасын берген: “Мен Фаризаның махаббат жырларынан бәрімізге ұқсамайтын өзгешелік көремін. Бұл қайсымызды болса да ойландыратын өзгешелік. Адамның шартты түрдегі ережелерге, канондарға, ескірген әдет, дәстүрлерге тұтқын болып қалмай босануын, өз сезімін ұрламай, жасырмай, бүкпей сөйлеуін қазақ поэзиясында батыл жырлаған осы Фариза” (2) дей келе Ә.Тәжібаев ақын өлеңдеріндегі ұқсас ерекшеліктеріне, жинақтағы бейнелі тіркестер қолданысына назар аударады. Ақын Ф.Оңғарсынова поэзиясының шырқау биіктерге көтерілгенін өз дәуірінде танып, баға берген “алыптар тобының” өкілі Ғ.Мүсірепов: “Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін” деп ой түйген.

Ф.Оңғарсынова лирикасын азаматтық лирика, махаббат лирикасы, табиғат лирикасы деп қарай аламыз.

Көңілді, жайлы күнімді,

Азапты қайғы мұңымды

Өзімменен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О, баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем! -  деп толғайды.

"Асау толқын" атты өлеңінде:

Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа

Көз нұрың, болашағыңда – сол түбінде, елім

Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан – бар үміт сенде.

О, асау толқыным менің! –  деген жолдардан ақынның жастарға үлкен сеніммен, үмітпен қарайтыны анық байқалады.  Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі заман талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры.  Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: "Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы", – дей келе:  Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,

Жүректен жас ағады тарамданып.

Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,

Ақтарылар алдыңда саған барып.

Жасқа ғана толады жанар налып,

Мен үшін тұр дүние қараң қалып, – деп, әйелдің мұң-қайғысын сыр ғып шертеді.

11-билет.