- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
Өткен ғасырдың 60-70-шi жылдарында жазылған Қалтай Мұхамеджанов комедияларының қазақ сахналарын бiрден жаулап алғандары көпшiлiкке жақсы мәлiм. “Бөлтiрiк бөрiк астында”, “Құдағи келiптi”, “Қуырдақ дайын”, “Өзiмiзге де сол керек” атты ащы сатиралық жанрда қағазға түскен юмордан да құр емес тоғышарларды, алаяқ-алдамшыларды, дүмше космополиттердi сынап-мiнейтiн түйреуiк комедиялардың қазақ драма өнерiнiң шоқтығын көтерiп кеткенi баршамызға аян. Аталған туындылар, әсiресе, аса зәрулiктерiмен, тақырыптарының қоғамға аса қажеттiлiктерiмен айшықталды. Кейiпкерлерiнiң көбi өз ортамыздан табылады. Олар өмiрге етенелiгiмен жұрт көңiлiн баурады. Сол сәттерi Қалтайды бiреулер көкке көтерiп құптап жатса, екiншiлерi қасақана тырнақ астынан кiр iздеп, “ойы орта, тұзы жеңiл” дүниелер деп әлгi комедияларды сынап та жатты. Екi жастың айтысып, тартысуы заңды да едi. Өйткенi, бұған дейiн эпостық фольклордан бастап, сол кездергi колхоз-совхоз басшылары, өндiрiс озаттары, партия қызметкерлерi, ауыл зиялылары турасындағы қилы тақырыптардағы таптаурын пьесалармен жыға таныс қазақ көрермендерi үшiн студент жастар өмiрiндегi қайсыбiр шалыс қадамдар мен шынайы көрiнiстер күтпеген жағдайлар едi. Осы жерде ойлана сөйлеуге тура келедi. Мұхамеджанов комедиялары театр сахналарында күнi бүгiнге дейiн неге үздiксiз жүрiп жатыр? Материалдың мықтылығы ма, жоқ әлде автор ұсынған проблемалардың өмiршеңдiгi ме? Комедия көрушiлерiн несiмен риза етiп келедi? Мұхамеджанов қандай соны құбылыс, тың тәсiлдер әкелдi? Оның өзiне тән ерекшелiгi қайсы? Әрине, драматургтың бiрiншi табысы — оның сахнаға өз проблемалық тақырыбымен көтерiлуi. Әйтпесе, Қал-ағаңнан кейiн де комедия жазған қаламгерлер аз ба? Амал не, олардың көбi сахнада бiрер маусымнан артық тұрақтап қала алмады. Мұхамеджанов табысының тағы да бiр себебi, ол мамандығы бойынша театр зерттеушiсi. Алғашқыда Тәшкеннiң А.Островский атындағы театр және сурет өнерi институтын зерттеушi мамандығы бойынша бiтiрiп шықты. Қысқасы, хат танығалы айналдырған кәсiбi — театр. Драматург Мұхамеджанов комедиялары ерекшелiгiнiң өзi оның өткiншi, алданыш күлкiлерге емес, керiсiнше, ойлы, жiгерлi тоғышарлар әлемiн әшкерелейтiн сипатқа құрылатынында. Жанр мүмкiндiктерiн орнымен пайдаланып, орайы келген моменттердi қалт жiбермей, қоғам өмiр талаптарына жедел үн қатып отыру — сиректеу, шабандау жазса-дағы — әйгiлi драматург шығармашылығының ең басты жетiстiгi болады. Ар мен Адам. Өтiрiк пен Шындық. Отан мен Өмiр. Қал-ағаң шығармаларының көбi осы төңiректе талай құбылыстардың бетiн ашты. Қал-ағаң бiрде былай деп ағынан жарылғаны бар: —”Күлкi де көңiл-күйден туады. Шiркiн, жастықтың өзi тұнып тұрған күлкi емес пе? Сауық-сайран, мереке-думан сол күндерде молырақ екен де. Уақыт өз дегенiне көндiредi. Жас ұлғайған сайын күшенiп күлетiндi шығардық. Баяғы тасып-төгiлген жастық күлкiлерiн өзiм де сағына, ашына аңсаймын. “Жат елде” атты пьесам қыруар уақытымды алды. Мүлдем жабық жатқан тақырып едi ғой ол. Шет жұрттарда шашылып, қаңғып қалған қандастарымды сахнаға шығару жолында қаншама уайым шектiм. Қазiр ғой, заманның өзгерiп, өмiр ұстанымдарының шуақ себе бастағаны. Анау Асан, Құрбан сияқты адасқан ұлдарымыздың Мюнхен көшелерiнде сандалып жүргендерi кеше ғана емес пе едi?” Иә, “Жат елде” драмасы деректi оқиғаларға құрылған едi. Осынау үш бөлiмдi туынды 1966-шы жылы сахналық шығармалардың жабық бәйгесiнде арнайы жүлде алған-тын. Оны алғаш рет қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасына қойған мәскеулiк режиссер, РСФР-ның еңбек сiңiрген артисi М.М. Новохожин болды. Бұл қойылымға аға, орта, кiшi буын артистерiмiздiң ең таланттылары қатысқан болатын. 1950-шi жылдардың аяқ шенiнде Германияның Мюнхен қаласында тағдырлары тәлкекке түсiп, iлгерi басқан қадамдары керi кетiп, әрi-сәрi берекесiз күй кешкен қорғансыз жандардың шалыс әрекеттерiн Ы.Ноғайбаев, А.Әшiмов, К. Қармысов сынды артистерiмiз ғажап көрсеттi.
2.Сафуан Шәймерденов «Ит ашуы»
Мен жетпіс жетінші жылы «Ит ашуы» деген повесть жаздым. Ит ашуы - өзінің тура мағынасында. Өйткені бұл туындымның басты қаһарманы - Марғау деген ит пен Лезбай атты қойшы екенін оқырман қауымның бәрі біледі.
Повесті машинкадан шыққан бойда қарым-қатынас, достығының бәрін есепке ғана құратын, кімнің тарысы піссе соның тауығы бола кетуге әзір тұратын бір іні жазушы алып оқыды да телефон соқты. Дауыс ырғағына қарағанда шығарманың ұнағаны айқын. Сөйтсе де Лев Толстойдың ат туралы жазылған «Холстомер» повесін оқып шығып, авторына: Лев Ннколаевич, жылқы психологиясын соншалықты жақсы біледі екенсіз, өзіңіз ат болып кеткеннің қай жағындасыз?! - деп Иван Сергеевич Тургенев айтқан баяғы әйгілі сөзді тамағына тақап:
- Апырау, ит психологиясын, ит өмірін осыншалықты қайдан біле бергенсіз?... - деп мүдіре күлді. Әрине, көмейінде - өзіңіз ит болып кеткеннің қай жағындасыз?! - тұрғаны бесенеден белгілі еді.
Менің жауабым табан аузында шықты:
- Төңірегімдегі дос-жаран, інілердің көбі ит болса, ит психологиясын мен білмегенде кім біледі?
Досымның аузына құм құйылсын да қалсын. Тегі сасқаны болса керек, бар айтқаны: қап, солардың ішінде мен де кеттім-ау! - болды.
Әңгіме мұнымен бітпеді. Жаңағы іні досым қолжазбаны алып үйге келді.
- Әдейі келдім. «Ит ашуын» жуамыз.
- Қарсылығым жоқ.
- Ендеше біздің үйге жүресіз. Келініңіз дәм жасап жатыр.
Біз сөйтіп жаңағы жуғыш жігіттің үйіне бет алдық...
Дәп осы жерде екі анықтама бар: Бірінші анықтама - бұл жігіттің әйелі жас. Екінші анықтама - «Ит ашуының» басты қаһарманы Лезбай да бәйбішесі Айған дүние салған соң, өзінен көп кіші Ұмсындық сұлуға үйленген. Ұмсындықтың бұрынғы танысы Қарғабек Лезбай үйіне қонаққа келеді де, арақ бітіп қалған соң өзінің ферма бастығы екенін пайдаланып, қарамағындағы шопанын дүкенге жібереді. Сөйтіп ашына келіншекпен оңаша қалады. Ұмсындықты қызғанған Марғаудың Қарғабекті талайтыны осы жерде.
Осы екі анықтаманы ескерсеңіз, арғы әңгіме мынадай:
«Ит ашуын» жуам деп келе жатқан іні дос жолда дүкенге бұрылды:
- Үйде ішімдік жоқ еді...
Дардай жігіттің сондағы алып шыққаны жалғыз шөлмек аққайнар.
- Ау, мына аққайнарыңды бүркесің бе? Кімге жетеді?
- Жетпесе тағы барып әкелмеймін бе?
Бұлтартпас жауап табыла кетті:
- Сен Лезбай болып, мен Қарғабекшілеп кетіп жүрмейміз бе?
Досым қарқылдай күліп, басын шайқай-шайқай дүкенге қайта кіргені...
- Табан аузында осындай жауапты қайдан табасыз? Ал егер - оқасы не, көп болса, Қарғабекшілерсіз...- деп мен айтсам ғой, онда жағдайыңыздың қандай боларын кім білсін!..
- Сенің де жағдайың келіспес. Өйткені арашалап алар итің жоқ қой.
Досым тағы да шалқасынан түскендей болды.
Жөппелдемеде жарқылдап шығар тапқырлық сағындырып барып келетін сирек қонағым секілді болғандықтан ба, әйтеуір, осы бір қалжың есімде қалыпты.
