- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
27 Билет
1.Өміріміздегі саяси әлеуметтік, тарихи өзгерістерді қоғамның түрлі салаларында талқыланып, әр түрлі тұлғалардың өздігінше ашып, зерттеп-тануға деген ұмтылыстары да жоқ емес. Тарих тізбегін үзбей, оның бар шындығын ашып, мейлінше зерттеуге, ұлттық құндылықтарды тануға қазақ халқы барынша үлес қосып, оны зерделеуге құлшыныс танытуда.
Тарихи проза халықтың бұрынғысы мен бүгінгісінің жанды байланысын көркем бейнелер арқылы ашады. Мұндай шығармалардың танымдық мәні зор. Олардан халық өмірінің өткені мен қазіргісінің арасында қаншалық айырма бар екенін ілгерілеуіміздің сипатын ұғамыз.
Тарихи шындық пен көркем шешім мәелесін ашып көрсету үшін «Көшпенділер» романын талданыздар.
2. Сансызбай Сарғасқаев (29.4. 1925, Қордай, Сұлутөр ауылы – 25.7.1995,Алматы) – жазушы. Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген (1955). 1942 – 45 жылы 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1946 – 49 жылы ауданы «Красногоршы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, 1949 – 60 жылы «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор, 1960 – 68 жылы «Лениншіл жас»газетінде, «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы.
Жаңашыл да жасампаз адамдар туралы «Ұстаз» (1979) романы жарық көрді.
3. Ақұштап ақынның бүкіл шығармашылығын шолып шыққан адам оның жырларының ең басты екі тірегін байқар еді: ол — ақынның туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Оның алпысыншы жылдардың ортасында жарық көрген алғашқы жыр жинағындағы әдеби қауымды елең еткізген "Өрімтал" атты өлеңінен бастап-ақ оқырмандар А.Бақтыгерееваны нәзік лирик ақын деп қабылдаған болатын. Дегенмен, оның осы лиризмінің өзегінде бір өжет қайсарлық аңғарылатын. Өйткені оның өр өлеңінде боямасыз өмір, тартысты тағдыр жатқан еді.
Жұлқыса жел есіріп,
Майысқанмен сынбадың.
Сыр айтпадың шешіліп,
Неше келіп тыңдадым.
Қысты жеңіп, шуаққа Жайраңдаған кезіңде,
Бойыңдағы қуатқа Қайран қалам өзім де...
Осы өлеңінде тал-шыбықпен мұңдасқан өзі де өрімтал акын-қыз шыншыл да сыршыл қалпымен жүректерде бірден үялап қалды. Ақ бантикті ақынның сол нөзік қайсарлығы келе-келе үлкен күрескерлікке, қайраткерлікке ұласты. Сол балғын шақта жазылған "Даламның қарлығаштары-ай" атты өлеңді де бей-жай оқу мүмкін емес:
Кеудемді жанап өттіңдер,
Жүр едім жырды бастамай,
Азайып неге кеттіңдер,
Даламның қарлығаштары-ай!...
Топтанып ұшқан үйірің
Достардай еді-ау жаны ізгі.
Адамнан кеткен мейірім,
Сендерде қалған тәрізді.
Сонау кеңес заманының қытымыр кезеңінде қаршадай қыз осындай өмір шындығын батыл қозғай білген. Адамнан кеткен сол мейірім қазір бізге қайта оралды ма? Міне, бұл өлеңді қайталап оқысаң да осы сүрақ кесе-көлденеңдеп алдыңнан шыққандай болады. Астарында ақынның бүгінге, келешекке қабырғадан қойған осындай өткір сұрағы тұр.Қоғам өзгерді. Бірақ Ақүштап ақын көзге шүқып айтқан "адамнан мейірім кеткен" заман таз кепешін әлі шешкен жоқ. Тіпті, бұрынғыдан бетер болып, араздық меңдеп, бақастық билеп, жүрт бір-біріне қаскөй қасқырша қарай бастаған сыңайлы. Тіршіліктегі осыншама ащы запыранның, ұлы қыжылдың түп-төркіні неде? Бүл ұлы Абай атам айтып тауыса алмай, бетін қайтара алмай түңілген түпсіз ыза еді ғой? Көңілдер неге киізге, жүректер неге мүйізге айналады? "Қолайлы жағдай? Суреткерге ол жоқ. Өмір дегеніміздің өзі қолайсыз жағдай", — деген Марина Цветаеваның сөзі де бүған жауап бола алмайды... Өйткені "өмірмен диалогта оның сүрағы емес, біздің жауабымыз маңызды" (бұл да М.Цветаева). Ақұштап Бақтыгерееваның жырларының өзіне тартар жұмбақ магнитизмі бар. Олмахаббат мақамын да өзгеге үқсатпай, өзінше, Ақұштапша жырлайды.
Махаббат, тағы саған қайта оралам,
Сен болшы тақырыбым қайталаған.
Өмір жоқ махаббатсыз, бақыт та жоқ,
Басқадай әңгімем жоқ айтар оған.
Ақ таңды сүю керек, нұрын күннің,
Ұната білу керек түрін гүлдің.
Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен,
Аңызын оқу керек бұрынғының.
Жазғанмен махаббатты бұдан бұрын,
Қорғауға соны тағы шығам бүгін.
Жарын сүйе білмейтін жасықтардың
Елін сүйетіндігіне күмәндімін.
28-билет
Сөз жоқ, «Сатира мен юмор – күштілер қаруы, тәрбие құралы». Ақын-қаламгер Шона Смаханұлы сатира мен юмордың ішкі бөліктері – мысал-сықақтар мен шымшыма-шаншымаларға қаламын өткір ұштап, ұтқыр да өрнекті ой, ұтымды Һәм тапқырлыққа толы сөз жүйесін айшықты-нақышты қалыпта жеткізіп, негізгі нысанды дәл де нақты айқындап, бедерлі бейнені анық-қанық көрсетіп, бар қырынан жарқырата жеткізген.
Оның бәрі-баршасында, әсіресе, қоғам мен адам қатынасын, өмір мен уақыт шындықтарын, дәстүр мен дін сабақтастығын, қарым-қатынас мәдениеті мен сыйластық сырын, даңқ пен дақпыртты, ата мен немерені, әке мен баланы, ене мен келінді, жақсы мен жаманды, өмір мен өлімді, достық пен қастықты, тәлім-тәрбие арналарын әзіл-күлкі, сын-сықақ, шымшыма-шаншыма түрінде қалың көпке көркем қалпында жетіп, оның өзі бейнелі бедер, ойлы өрнек, тартымды көрініс-суреттер негізінде сенімді суреттеледі. Ол, әсіресе:
Тілімді түйреуіштей сүйір етіп, Қойды мені сықаққа үйір етіп. Жақсыға өзім деген залалым жоқ, Кетемін жамандарды қиып өтіп,
- деп авторлық ұстанымнан, өткір ұшталған қалам қуатынан, жан-жүректің тебіреніс-тербелістері мен көңіл толқындарынан, шымыр шумақ пен ұтымды ойлардан, бастысы, әрине, әзіл-күлкі, сын-сықақ мұратынан ақиқат пен әділеттілікті жақтайтыны, жаңалық-жақсылықты қуана қарсы алатыны, шынайы шындық жолын бар асылдан да биік қоятыны айқын аңғарылады. Керісінше, қоғамдағы келеңсіз көрініс-құбылыстарға, адамдар арасында ар-ожданды аяққа таптап, намысты істе босбелбеулік танытатын кереғар жайттарға, жағымпаздық пен жатыпатарларға, көзжұмбайлар мен мақтампаздарға, дүниеқоңыздық пен тоғышарлыққа, сұсты да сиықсыз «белсенділердің» даңқ пен дақпыртқа толы тақталасты тірліктеріне, бастысы, «маймыл-құда, түлкі-достық» сынды жеңілдің үсті, ауырдың астымен «тірлік-тынысын» жалғастыратындарға жаны төзбейтіні, жолсыз жаза мен негізсіз кінарат-қаралауларға атүсті қарамайтыны әзіл-қалжың, сын-сықақ түрінде жүйелі жеткізіледі. Қысқасы, аңдамай сөйлегенді ауыртпай өлтіріп, ойнап сөйлегендерге ойлап сөйлеу қажеттілігін қысқа-нұсқа үлгіде, ақыл-парасат аясында, талғам таразысы мен ойлы өрнектер арқылы ұтымды жеткізеді. Осының негізінде: «Сықақ – от қой кеселді өртейтұғын» деп тіл-түйреуіштің тегеурінді қуат-күшіне қатысты түйінді тұжырымдар жасайды.
Жасынан өжет, бірбет болып өскен Ш.Смаханұлы ауыл-елде жүргенде ағайын-туысқа, құрдас-көршіге алуан үлгіде өлеңнен алқа тағып, «ақын бала» атанады. Көзіне-көңіліне ұнамаған қайсыбір құбылыс-көріністерді, кеудесімен көкті, танауымен тауды тіреген әкім-қараларды, желіккен жеңгейлер мен желпінген бозбала-бойжеткендерді өлең өрімімен өрнектеп, оның өзін көбіне әзіл-әжуаға айналдырып, сын-сықақпен мінеп, шымшыма-шаншымамен түйреп жүрген кездері көп болады. Ауыл-елде сын-сықақ жазып, «шатақ Шақар» атанатыны да осы тұс. Ол мектеп партасынан, төменгі сыныптан басталған ақиқатқа, өмірге, өлең-өнерге құштарлық хақында былай дейді: «Әсте сатирик болсам» деп армандамадым десем, өтірік айтқан боп шығар едім… Кейін мұғалім болып жүріп те, өлеңнен қолымды үзгенім жоқ. Ауданда мұғалімдердің август конференциясы өтер кезде «Жанды газет» шығаратынбыз. Бұл қабырға газеті де менің шымшыма, шаншымаларыма көп орын беретін. Жазғандарым республикалық газет-журналдарда да көрініп жүретін». Ұстаздық қызметтен кейінгі еңбек орны – «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Ара» журналы болды. Ол туралы: «Қай газетте, иә журналда жұмыс істейін, журналистік өмірдегі мақсатым айқын болды, ол – белең алған кемшіліктерді аяусыз сынау еді» деп жазды Шона естеліктерінде.
Ш.Смаханұлының адами әлемі мен әдеби мұрасы – М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Т.Қожакеев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Ж.Дәдебаев, Н.Омашұлы, Ә.Асылбеков, М.Серғалиев, М.Тілеужанов, С.Адамбеков, М.Рәш, Ғ.Қабышев, К.Әмірбек, т.б. ізденіс, зерттеулерінен кең орын алды. Ол қазақ мектебін, балабақшасын, ана тілін – ұлттық мұраттың қайнар бастауы ретінде қарап, бұл бағытта алуан ізденіс, игілікті істер атқарды. Оның бәрінен болашаққа үміт-сенім айқын аңғарылады. Ұлт пен ұрпаққа берілгендік бар. Әрі ұлтым, ұрпағым, тілім деген жанайқайы анық-қанық естіліп тұрды.
Ш.Смаханұлының сын-сықақтары қоғамда, өмірде орын алған келеңсіз көріністерді, адамдар қатынасы мен іс-әрекеттеріндегі жайсыз, ұнамсыз жағдаяттарды, айнала-әлемдегі кереғар, оғаш «таныс-бейтаныс» құбылыстарды басты арқау етеді. Сол арқылы тарих тағылымдарын, кеше-бүгін байланысын, ұлттық-дәстүр өнегелерін, дін құндылықтарын, тәлім-тәрбие арналарын алға тартады. Ақын-сатирик шығармашылық мұрасының айшықты бөлігін ән-өлең құрайды. Бұл бағыт-арналардан да ақынның өлең-өнеріне, адам әлеміне, өмірге құштарлығы байқалады.
«Айнабұлақ» (1989) атты ән-өлеңдер жинағына енген шығармалар автордың қатаң талап-сүзгісінен өткен. Әрбір ән-өлең тақырып, жанр, мазмұн-құрылымы тұрғысынан жүйелі түзіліс құрап, белгілі бір мақсат-мұраттарға негізделеді. Халық өмірімен, ел-жер тағдырымен, дәстүр мен дін сабақтастығымен, тарих-таным тоғысымен, танымал тұлғалардың тағдыр-талайымен тығыз байланыста беріледі. Маңыздысы, ұлт руханияты, ел-жер мұраты, Отан мен отбасы, ана мен бала, тәлім-тәрбие арналары айрықша мәнге, өзгеше сипаттарға ие болады. «Айнабұлақ» ән-өлеңдер жинағы «Әнді сүйсең, менше сүй» деген алғы сөзден және «Моншақ өлеңдер», «Махаббатсыз дүние бос…», «Әзілің жарасса – ән шырқа», «Жұлдыздарға жол салсақ» деген бөлімдерден тұрады.
Ән-өлеңдер жинағына енген туындылар табиғаты мен құрылымы, тақырыбы мен мазмұны тұрғысынан ерекшеленеді әрі көзқарас пен қолтаңба мәнері байқалады. Бастысы, кітап авторының өзі айтқанындай: «…Әдебиеттің басқа жанрында – сатира саласында жүріп, жылына орта есеппен төрт-бес әнге ғана текст жазған екенмін. Демек, ән жазу қиынның қиыны дер едім. Әнін Мыңжасар Маңғытаев шығарған «Фараби сағынышын» жазу үшін алдымен ұлы ғалымның өмір жолын, трактаттарын оқып шықтым. Ән өлеңдерінің сөзі түгелге жуық ашық дауысты болғаны жөн. Айтылып жүрген ән текстерінің басым көпшілігі қысаң дыбысты сөздерге толы. Бұл әншінің кеуде кере шырқауына кедергі жасайды.
…Біздің ән өнерімізде лирикалық-философиялық өлеңдер тым аз. Ал, әзіл әндер жоққа тән десе болғандай. «Бұтасына дейін ән салып» тұратын өнерпаз халқымыз үшін мұндай өлеңдер керек-ақ!».
Ән-өлеңдер жинағына енген «Отаным», «Қасиетті кең далам», «Ардақты ана», «Анамның ақ сүтіндей», «Ұшыңдар, қанатты достарым», «Айнабұлақ», «Жер-Ананы сақтайық», «Туған жерім – жүрегім», «Мұғалімдер жыры», «Алтыбақан», «Әжейдің бесік жыры», «Анамның тілі – аяулы үні», «Ортеке», «Тұсаукесер» сынды туындылар тақырыптық-мазмұндық һәм көркемдік-эстетикалық қуатымен, әуендік-саздық сипаттарымен мәнді болып табылады. Ел-жердің қасиет-құдіреті, тарих пен таным тоғысы, тұлғалар тағдыры мен талқысы, ұлт пен ұрпақ, бейбіт күн, өмір өнегесі, ұстаз ұлағаты, дәстүр мен сабақтастық, татулық пен туыстық, сыйластық сырлары кең орын алады.
Ақынның «Ай арба», «Айға аттанамын, апа», «Ешкімелер», «Күйік құлақ», «Сүйікті ұстазым – мектебім», «Тасып жатыр Таласым» сынды балаларға арналған өлеңдері тақырыбы тұрғысынан ізденісі мол, мазмұн жағынан қызық көрініс, оқиғаларға негізделген әрі анық-қанық, қысқа-нұсқа, нақышты өрнек, өнегелі өрімдерімен де жеңіл жеткізіледі.
Ш.Смаханұлының шығармашылық мұрасына байыппен ден қойып, көркемдік кеңістігіне жіті назар аударар болсақ:
* алуан ізденіс арналарын; * қоғам, кезең көріністері мен өмір, уақыт сырларын; * қазақ әдебиетінің сатира саласына ұлттық үрдіс қалыптастырып, өмір шындықтарын реалистік сипатта шебер, шешен суреттейтінін; * сатиралық жанрлар арқылы әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-рухани мәселелерді тереңнен толғап, «түйреуіштей түйреп», өткір ой, уытты юмор, әзіл-оспақтармен серпінді, сенімді сөз ететінін; * сын-сықақтар мен шаншыма-шымшымалар шағын көлем арқылы қоғамдық құбылыстарды, адам әлемінің мың сан қырларын бай мазмұн, кемел ойға құрып, әрекет-қимыл, алуан көріністер шынайы шындықтарымен, сенімді сипаттарымен табиғи өріс алатынын; * сатиралық поэзия, проза арқылы әдеби сюжеттерді, көркемдік өрнектерді, символдық образдарды, поэтикалық компоненттерді табиғи көрініс, нақтылы бедер, сенімді суреттермен жеткізетінін; * жекелеген еңбектерден, әңгіме-фельетондарын, туындылардан, ән-өлең мұрасынан жанрлық-көркемдік ерекшеліктерді, тіл мүмкіндіктерін, стилдік құбылыстарды көркем көрсететінін; * сатиралық туындылардан тақырып табиғаты, өмір шындығы мен көркемдік шешім, дәстүр жалғастығы мен уақыт үндестігі, шығармашылық шеберлік, шешендік сынды белгі-ерекшеліктер бар қырынан жарқырай көрініп, айшықты-нақышты, кең өрісті сипат алады. Ш.Смаханұлы шығармашылығының шынайы шындығы,әлеуметтік мәні мен көркемдік кеңістігі, мәдени-рухани байлығы мен тағылымы осы.
Рақымжан ТҰРЫСБЕК, филология ғылымдарының докторы, профессор
2. Темірхан Медетбек (06.03.1945, Амангелді ауылы, Түркістан ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері.[1]
