- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
Ұлықбектің ең алғашқы өлеңдері Республикалық мерзімдібаспаларда басылып көп ұзамай-ақ оның балауса жырлары кітаптан орын алды. 1974жылы бір топ жас ақындардың "Қанат қақты" атты топтама жинағышыққанда оған Ұ.Есдәулетовтің отыз шақты алғашқы өлеңдері кірген болатын. Бұлшығармалары жыр сүйер қауымның әділ бағасын алды да. Ұ.Есдәулетов "Жұлдызжарығы" (Жазушы, 1977); "Алтайдың алтын тамыры" (Жазушы, 1979);"Ұлыстың ұлы күні" (Жазушы, 1982); "Ақ керуен" (Жазушы,1985); "Жаратылыс" (Жазушы, 1989); "Жүректегі жарылыстар"(Жазушы, 1995) сынды өлеңдер жинағының авторы. Осының барлығы ақынның тыныссызеңбегінің жемісін көрсетеді. Ұлықбектің "Жұлдыз жарығы" атты жинағыөзінің қайталанбас ерекшелігімен қүнды. Оның әр өлеңінен табиғаттың түрлікөріністеріне жан бітірген шеберлікті сезесіз. "Қайың","Жаңбырлы таң", "Шығайықшы, тауға досым", сияқтыөлеңдерінде де көздің жауын алар айшықты көріністер, сыршыл ырғақтар көпкездеседі. Осы жинақтағы көңіл-күй, махаббат лирикалары, асқақ әуенге толыөлеңдер оқушы жүрегіне жылы жол табуы анық.
Ақынның өлеңдерінде туған жерге, кір жуып кіндік кескенелге, дархан далаға, байтақ Отанға деген оттай өршіл махаббаты тайға таңбабасқандай айқын сезіледі, қуаныш құштарлығы байқалады.
"Туған үйімнің терезесінен,
Қазақстан даласы көрінеді.
Аспанда ақша бұлт керіледі.
Ақша бұлтқа жолдаған сәлемім деп,
Ошағымның түтіні өріледі" - деп ақын жырлағандай әрадамның ошағының түтіні cөнбегені қандай тамаша. Бұл "Перзент парызы"жыры да азаматтық пафосқа, туған елге деген ыстық ықыласқа құрылған. 1986 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты-"Ақ керуен" жинағы Ұлықбекті жаңа бір қырынан танытты. Бұнда құбылысқырларына жіті көз тігіп, өмір, болмыс жайларына бойлай ену бар. Тақырыпмолшылығынан, көркемдік объект шашырыңқылығынан көп ретте "зардапшеккен" ақын бұл тұста жинақылана, тереңдей түскен. Сондықтан оның бұрынғыкітаптарынан да танылған ақындық бір қыры - ойшылдыққа, философиялық астарберуге ұмтылуы дендеп, творчествосының мәнді бір ерекшелігі алдыңғы қатарғашыққан. Оны біз "Жапырақтар жыры", "Адамның кейбір кездері"циклінен байқаймыз.
«Қанат қақты» (1974), «Жұлдызжарығы» (1977), «Аптайдың алтынтамыры» (1979), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1995), «Алтай асулары» (1988), «Заман-ай» (1999), «Киіз кітап» (2001) кітаптарының; «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003); қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006), «Ынтық зар» (2009), «Әбілхаят» (2009) авторы. «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы. Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған. Үнді, түрік, фин, африка, алжир, украин, әзірбайжан, қырғыз, абхаз, моңғол, саха-якут және басқа халықтардың ақындарының өлеңдерін; сондай-ақ М.Лермонтовтың, А.Блоктың, Д.Кедриннің, Н.Рубцовтың және т.б. бірқата шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.
Көздеріңе ғашықпын...
Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген, Сырласқанда арман атты тылсыммен. Ту сыртымнан үп еткенде самал жел, Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген. Ғашық жанның басындағы хал бөлек, Ғашық жанды әлдилейтін ән керек. Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам, Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?! Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман, Мен тағдырдан басқа тілек сұраман. Күн астында күмбірлесе күміс су, Сенің күлкің естілгендей қуанам. Өмір деген өте шығар өткінші, Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші. Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн, Көздеріңе ғашық болып өтсінші.
Ұ.Есдәулетов
22билет.
1.смағұл елубайдың «Ақ боз үй» романының тақырыбы мен идеясы.
Жазушының «Ақ боз үй» романы аштық зардабын ғана емес, сол аштыққа ұрындырған ел басқару ісіндегі кешірілмес қателіктер жайында да, саяси қуғын – сүргінге ұрынғанымыз туралы да оқырманына телегей теңіз ақпар беретіні ап-анық. Романдағы тарихи оқиға Байғанин өңірінде орын алған. Ондағы жер-су аттары көп деректі баяндап тұр. Сонау Нарқамыс (Жарқамыс), Хантөрткөл, Үстүрт үсті, Тасқұдық, Сағыздың бойы, Жем өзенінің түстік жағы – Үш Оймауыт, Доңызтау далалары, тіпті Асау барақтың бейіті - соның дәлелі. Романда ашаршылықтың ащы көрінісі «Дүрбелең», «Зобалаң», «Құм арасында», «Ғарасат майданы» деген бөлімдерінде шынайы суреттеліп, аш-жалаңаш халықтың ауыр халі кейіпкерлер тілі мен іс-әрекеттері арқылы өз өрнегін табады. «Кенестендіру мен коллективтендірудің шырмауына шырмалған елдің ендігі беталысы қияндағы шет ел, өзге бауырлас мемлекет болды. Осы жолда ауыл ойламаған жерден жауға шабылып, көлік, малдан айрылғанан кейін ендігі жердегі тірлік жоспары да күрт өзгерді. Ауылдың кешегі бет алысы алыс. Әзір Ауғанстанға көшпейтіні енді балаға шейін аян болды»,- деп жазады романның «Құм арасында» деген бөліміңде жазушы. Міне, романның осы тұсынан бастап елдің ашығуы, айдалада зарығып ассыз, тамақсыз қалуы басталады. Жаяу қалған қалың ел көрші елге жол тартады. Ұзақ жүруге шамасы келмеген жұрт жолшыбай кездескен шоқ жыңғылдың арасына іркіледі. Қыз - келіншек, қатындар әр жерден бықсытып от жағып, шәугім көтеріп жатса да, танауға бәрібір ет иісі, сорпа иісі келер емес. Шығармада аштықтың шынайы бейнеленген жүрек сыздатар сәттері көп: « Бөлек-бөлек дастархан басында отырып қалған жұртшылықты аралап, қолында тостағаны бар бір бала келеді. Майлыбай мүсәпір деген бар еді. Қой аузынан шөп алмас, момын еді. Бала шағасы тоғыз ба, он ба, көп болатын. Ас суы таусылатын реті бар еді пақырдың. Қайыр сұрап келе жатқан соның баласы екен. Жазған баланың назары төменшіктеп, кісінің бетіне тура қарай алмайды. Төмен қарап тостағанын созып тұр. Пахраддин дастархан үстінен бір уыс қуырылған жүгеріні ұсына беріп, тостағанына үңіле қарады. Баланың бүкіл ауылдан манадан бері жинаған тары, жүгерісі бір уысқа да жетпейді екен. Пахраддин Бәйбішесінің тізесінің астында жатқан шүберек қалтадан және бір уыстай жүгері алып, баланың тостағанына тастады. Бала ұстап алатындай шапшаң жүгіріп кетті. - Әнеки,тағы келеді, тағы таратып бер, енді мына қалған бір уыс бидайды да, - деді бәйбішесі. Пахраддин басын көтерсе, жетім қозылардай жан-жақтан өріп келе жатқан өңшең жоқ-жітік балалар. Пахраддин: - Жә, доғар! Өлсек, бірге өлдік! Осы нәрестелердің жанынан артық емес менің жаным! - деп, әр баланың жайған алақанына бір-бір шөкім бидай салды». Романдағы елге әділдігімен, жұртқа жанашырлығымен аты шыққан Пахраддин бидің елді ойлауы осылай жалғаса береді. Ол ес біліп, ел ісіне араласқалы ойлағаны ел-жұртының жайы еді. Әйтсе де жалаңашқа тон кигізіп, ашқа ас берген Пахраддин бидің өзі де, бәйбішесі Сырға да романның соңында жапан түзде адасып жүріп, талғауға талшық таппай аштан өледі. Сондағы Сырғаның елге ашынып айтқан мына бір сөздері қабырға қайыстырардай: « Ел дейсің-ау...Сол елің қайда қазір? Жапан дүзде шойырылып отырған сені неге сол елің қазір іздемейді? Аузыңдағыны жырып берген жұртың неге сені іздемейді?» Осындай аштықтың залалын кешкен қандастарымыздың жағдайын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді . Романдағы Пахраддин бидің жан дегендегі жалғыз қызы Хансұлудың да жайы мәз емес, батыр Бұлыштың анасы Дәу апа екеуінің Қоңырат жетемін деп көрмеген азабы , шекпеген қасіреті қалмайды. Мына бір жолдарға көз жүгіртіңіз: «Күн көтеріле Хансұлу жақын маңайдағы шағылдарды аралап көсік қазды. Жуа терді. Осындай тіске басатын нәрселер болмаса, қалта түбінде қалған азғантай бидай - жүгеріні бұлар бір-ақ күнде жеп бітетін түрлері бар еді». Осылай жан созып, дала кезген екеуінің жетегінде екі бала: Түгелхан мен Едіге. Оларға да аштықтың зардабы анық батады. Жолшыбай небір жантүршігерлік көріністерге тап болады: «Үйілген балшық төбешіктің астынан қатар-қатар тізілген адам аяқтары шығып жатыр. Хансұлу сіресіп қатты да қалды. Бір жағын жаңбыр суы шайып кеткен топырақ астынан ырсиып жалаңаш кісі аяқтары шығып жатыр. Дені шілпиген бала аяқтары. Әйелдің аяғы да көрінеді, балтыры толықтау. Шала көмілген аштар екенін көріп тұр». Аштықтың салдарынан халықтың жасамаған айла шаралары қалмады. Романдағы Дәу апаның мына бір сөздерінен амалы құрыған адам баласының тірлігін көреміз:« Балапан басына, Тұрымтай тұсына» кеткен заман ғой.... Оған таң қалатыны жоқ... Сен оны айтасың ... Әлгі базарда мен бір сұмдықты көрдім ғой... Қыз баласын базарға салып түрған байғұс ата - ананы көзім көрді ғой... Өзіміз сияқты қырдың қазақтары».
Голощекин басқарған Қазақстан Коммунистер партиясының әр түрлі жоспарларын орындауды сылтау еткен білімнен жұрдай, рухани жұтаң, саяси сауатсыз аудандық НКВД-ның бастығы Сұржекей, аудандық пракурор Сұранышев, аудандық комсомол хатшысы, мейіздей қатқан Нұрила, ауылдық басқарма Жорға Күрең, оның баласы Ждақай, алдымен мелиция, одан соң ауылсовет болатын Бұқарбай, Шырылдауық Шәріп, Жекей Қаспақовтың құйыршығы Қозбағар, Ауатком председателі, «әліпті таяқ» деп білмейтін солым Тоқташев Битемірлер Мажандай байларды, Пахраддиндей билерді, Лабах ахундай молданы қамшымен қойдай қуды, ел – жұрттың берекесін қашырды, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Семен Харитонович Калашниковке керегі де сол еді. О баста Нарқамыс өңіріне келген Калашниковтың мақсаты құл-құтанға деп берген болып қазақ байларын құрту еді, сөйтіп дүйім жұтты аштыққа ұрындыру еді. Оны романның басындағы Колашниковтың ішкі ойынан бірден аңғарып қаламыз. Жазушы өз романы арқылы айтылмай қалған көп шындықты жұртына жария етті. Соның бірі қазақ жұртының жапан далада аштықтан қырылуы болса, енді бірі – қазақ даласында өткен «ұжымдастыру» мен «кәмпескелеу», тағы бірі – қуғын – сүргін мәселесі еді. Әрқайсысы өзекті әрі көлемді зерттеу жұмысына тұшымды тақырып болып тұр. Мұның бәрі «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» деген трилогияда жатыр. Қазақ ұлтының болашағына жасалған ХХ ғасырдағы ұлы қастандықты өскелең ұрпақ жадында мәңгілікке ұмытылмастай етіп қалдыру бір ғана жазушының емес, әрбір көзі ашық азаматтың мақсаты болар.
2. Исабеков Дулат 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрамауданында туған. Жазушы, драматург. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген(1966). Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетіндеаға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында ағағылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976),«Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениетминистрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988),Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры,(1992-1995) Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып істеген.
«Ректордың қабылдау күндері» (1975),«Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келгенананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткішоперациясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», т.б. пьесалары республикалық, облыстықтеатр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас», «Дермене»,«Тауқымет» көркем фильмдері түсірілді.
Ал енді Дулаттың «Әпке» пьесасына талдау жасар болсақ:
бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер -Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтеребілген, бауырларына қамқор жан туралыайтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жанекенін байқаймыз. Ата-анасынан жастай айырылған ол өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өміріжайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке " Қабенол...ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастайалмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмірсүретініне күмәнім бар,,," деп ұсынысына кері жауапқайтарғанынан білеміз. Драмада Ремаркалар тобыныңаздығы (Ремарка - қысқа түсіндіру түрінде келетін авторсөзі) бірден көзге түседі. Сондықтан Шығармашиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялықмағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма.
Драма шиеленісті оқиғадан басталып одан әрі өрбиді. Алғашқы оқиға Темірбектің өзінің құрбысын, нақтырақ айтқанда болашақ жарын үйіне қонақ ретінде әкелуден басталады. сол кезде Нәзиләнің бір ауыз сөзінен үйде ұрыс шығып Гауһардың ренжіп кетуімен аяқталады. Жалпы шығармада Қамажай өте сыпайы, мейірімді адам жан-жақтан келген қыспақтардан соңында ауруға шалдығады. Қабденнің Қамажайға жасаған ұсынысы тосыннан болғандықтан, ол ойланбай жауап береді. Бірақ жүрегінде өте үлкен сезімді жасыра алмайды. Кәмила өзінің баласын алдырып тастағандықан, Қамажай оны шапалақпен тартып жібереді. Оған ашуланған Темірбек үйінен кетіп қалады. Қамажайдың шарасыздығы сонша келінінен кешірім сұрауға дейін барады... Бірақ соңынан Темірбек бұл ісіне өкініп, кешірім сұрап келеді. Жалпы шығарма оқиғаға толы, қызықты болып келеді.
3. Ақын Қ.Бекхожин әдебиетке отызыншы жылдары келген. Бұл туралы белгілі ғалым Р.Бердібаев: «Қазақ совет поэзиясы түрлі тың тақырыптарға барды, әр жанрда шығармалар туды. Жалпы алғанда, 30 жылдарда қазақ поэзиясы сан жағынан да, сапа жағынан да, жаңа қияға өрледі. Оның тұрақты да өнімді өкілдері ретінде І.Жансүгіров, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, К.Әбдіқадыров, F.Opманов, Ж.Сыздықов, Ө.Тұрманжанов сияқты белгілі ақындар қызмет eттi. Отызыншы жылдардың орта тұсында бұлардың қатары Ә.Сәрсенбаев (1905), Қ.Аманжолов (1911-1955), Ж.Саин (1912-1961), Қ.Бекхожин (1913), Қ.Сатыбалдин (1917-1970), М.Хакімжанова (1906), Д.Әбілев (1907), А.Жұмағалиев (1915-1941) тәрізді ақындармен көбейді», - деп жазды.Оның поэмаларының бірі – «Аппақнаме». Бұл шығармасын Қалихан Низамиге арнайды. Оны поэма басындағы эпиграфта келтіріп кетеді.Поэма 4хикаядан тұрады.
23. Қазақ балалар әдебиеті — өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.1960-1990 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері ретінде Б.Соқпақбаев, Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев секілділерді айта кеткеніміз жөн.
Қазақ балалар әдебиеті классиктерінің бірі Бердібек Соқпақбаев өз кезеңінің шындықтарын көркем бейнелеген шығармалары арқылы оқырман қауымның айрықша ықыласына бө ленген қаламгер.Көпшілік Бердібек Соқпақбаевтың есімі ауызға алынса, «Менің атым Қожаны» еске алады. Сөз жоқ, «Менің атым Қожа» классикалық шығарма. Повесть ғана емес, повестің желісінде түсірілген фильмі де қазақ киносының классикасы еді. Абдолла Қарсақбаевтай дара режиссер мен Соқпақбаевтай таланттың бірлескен жобасынан классикалық дүние тумауы мүмкін емес еді. Әрине, «атын айта бастаса, тілі таңдайына жабысып» қала беретін Қожаның кез келген баланың көңілінен шығуы мүмкін. Ал мен үшін «Балалық шаққа саяхат» пен «Өлгендер қайтып келмейдінің» орны бөлек. Соқпақбаев десе, ең алдымен, ойыма осы екі шығарма оралады.
Неге екенін білмейміз, Соқпақбаев шығармаларын оқыған сайын, әрбір кейіпкерінен қаламгердің өзін көргендей боламыз. «Менің атым Қожадағы» «Қара Қожа» да, «Жекпе-жектегі» Мұрат та, «Өлгендер қайтып келмейдідегі» Еркін де – жазушының нақ өзі. Ал «Балалық шаққа саяхат» – қаламгердің өмірбаяны, «өмір мектебі».
Жазушы шығармашылығын оқыған сайын, әрбір бала өзінің бейнесін табады. Қараңызшы, дәл тентек Қожадай баланы еліміздің кез келген түкпірінен кездестіруге болады. Болмаса, Мұрат сияқты чемпион болғысы келетіндер елімізден табылмауы мүмкін емес. Бала психологиясын дәл беруде қаламгердің шеберлігіне тәнті боласыз.
Бұл шығармаларының ішіндегі «Қайдасың, Гауһар?» өз отбасына арналған шығарма. Осы тақырыпта, үнемі қамауда қалатыг кішкентай Самалдың құлыпты ошақтағы күлдің ішіне тығып тастағаны жайлы – «Құлып» деген әңгімесі жарық көрді. Тағы бірде кинотеатрдан «Антон мен Кнопка»деген австриялық фильмді көрген. Фильмде Антон – кедейдің баласы, Кнопка байдың қызы. Кнопка Антон екеуміз бірдей болумыз керек деп киімдерін тесіп, сандалын кесіп тастайды, мұны көрген Самал үйге келген соң аяқ киімін кесіп тастайды. Аңғарымпаз жазушы осы оқиғаны арқау етіп «Сандал» деген әңгімесін жазады.
Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа» повеі болды. Бұл – қарапайым тілмен жазылған, шындықтан туындаған шығарма. «Өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде берген автор уәдесін орындайды да, повесте жазушы балаларға бала болып бар сырын ашады. Өзінің бар болмысын, жамандығын да жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласына бөленеді.
Соқпақбаевтың шығармашылығы жайлы жазушы С.Шаймерденов: «...Бердібек өз көзімен көрген нәрсені ғана жазатын, қағазды бекерден-бекер шимайламайтын еді ғой.» Нақтылы жазу, ұтымды жазу Бердібектің үлгісі деп тартынбай-ақ айтуға әбден болады.
Жазушы Т.Ахтанов: «... Бердібек не нәрсені жазуды, оны қалай жазуды еркін игеріп, меңгерген суреткер жазушы».
2.Б.Соқпақбаев шығармаларының ішіндегі ғасырдан ғасырға оқылатын бірегей туынды – «өлгендер қайтіп келмейді» романы. Романды оқыған сайын, соғыс жылдарындағы азапты тағдыр иелерінің бейнесі еріксіз көз алдыңызға келеді. Кейіпкер – бала кезінде соғысты көріп, анасына кейінгі ең жақын адамы үлкен ағасынан айырылған, қызба мінезінің кесірінен талай әділетсіздікке ұрынған адам. Көңілді, тапқыр Еркін өмірдің ақ-қарасын білетін сияқты, дегенмен шалыс басқан кездері көп болады. Өзін ренжіткен адамдар да ақырында опа жейді, кейіпкеріміз де өмірдің талай соқпағынан өтеді. Бірақ, қанша дегенмен, тағдырынан жарқын сәттерді көбірек күтеді, соған ұмтылады да. Еңбектеніп, анасы мен жесір қалған жеңгесіне қамқор болу үшін, адам қатарына қосылғысы келеді. Бірақ, жеңгесін қорғаймын деп жүріп, өзі әділетсіздікке ұрынып, түрмеде отырып шығады. Осылайша жастайынан бағына балта шабылған бала, өмір өзің ойлағандай емес, керісінше мүлдем күтпеген аумалы-төкпелі кезеңдерден тұратынын айқын түсінгендей болады. Түрмеде отырған жас жігітке жақсы қызмет табу оңай емес. Дегенмен, білім алып, ұстаздық етеді. Балаларға арнап әңгімелер жазып, отбасын құрады. Қуанышпен қатар, қиындығы да көп өмірден түңілген емес. Әке орнындағы қамқор ағасынан, судың тұнығындай тұңғышынан айырылады. Жақын адамдарын ажал құшқаны – қабырғасын қайыстырады. Романның «өлгендер қайтып келмейді» деп аталуы да сондықтан шығар. Бала кезінен аңсаған арманы алғашқы махаббаты - Ғалия есімді қызды тауып, сезімін жеткізу болатын. Жылдар өте Еркін Ғалиямен кездеседі. Әбден үйлі-баранды болып, ақыл тоқтатар жасқа келген кезде, қолынан ұшырып алған құс секілді көрінген Ғалиямен қайта жүздескенде, тағдырдың бұйрығымен тұншығып қалған сезім қайта тіріліп, оянғандай болады……
3. М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бір бөлек әңгіме болса, философтығы бір басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов поэзиясының, яғни өлеңдерінің ой-ілімдері. Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп барып ой түйген, содан барып, адамзат туралы толғанысқа түскен, әлемге жауар бұлттай түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік – Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың қолынан ғана келмек.
Адамзаттың бүгінгі таңдағы рухани көркем ойының биігінен қарай отырып, М. Шаханов рухани-адамгершілік құндылықтар тұрғысынан сан қырлы, еліміздің таза ұлттық рухынан тыныс алған күрделі туынды – тұлпарларын әлемдік әдебиеттің үйіріне қосты. Поэзия есігін алғаш ашқанда, М. Шаханов әлі ешкім бастамаған жол іздеуге мақсат ұстанған болатын. Бұл күнде оның өз жолы бар.
Қоғам тіршілігін майданға теңесек, Мұхтар ең алдыңғы шепте, оқтың өтінде өлімге бас тіккен жанкешті жауынгер секілді. Бұл жолда
«Мықты болсаң, жарқыным, ізіңді сал елсізге,
Ізсіз жандар өнерде толып жатыр сенсізде» - деп, кейінірек жазған бір өлеңінде жолын қууға талап білдірген бір інісіне айтқандай, Мұхтардың талай талпынысы, еңбегі зая кетпеді».
Мұхтар Шаханов сонау поэзияға алғаш келген кезінен бастап ел тағдырын жырлаудан жалыққан жоқ «Сейхундария», «Күре тамырды іздеу», «Сенім патшалығы» секілді философиялық поэмаларында ақиқат пен жалған, сенім мен күдік, махаббат пен қызғаныш, адалдық пен арамдық, ізгілік пен қиянат, ерлік пен сатқындық секілді рухани өмір өлшемдерінен болмыс заңдарына бойлай отырып, бар жақсылықтың басы – туған анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталатынын дәлелдейді.
Мұхтар шығармаларының ерекшелігі, адамды селт еткізер тұсы - өлеңнің ішкі мазмұны, өлеңдегі ойдың тереңдігі мен көкейкестілігі. Табиғатында суреткерлік қасиеті басым болғандықтан ол ашынған жүрек, ақырған ашу, қанжылаған қайғыны мезгіл, мекенсіз өлеңнің өзегіне итере салмайды, соған әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір келбетін жасайды. Айтар ой, айшықты сезім кейіпкер тағдырымен, ақынның өз тағдырымен тікелей астасып жатады.
Ол ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның басуларын халықтық жырдан іздейді. Мұхтардың «Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» атты шағын поэмасындағы қираған қаланың тағдыры бүгінгі халық тағдырымен тікелей астасып, ұрпаққа ауыр да абыройлы жауапкершілік жүктелгендей болады. Сатқындықтың құрбаны болған Отырар ойран болды. Осы кезге дейін дауасы табылмаған сатқындық туралы, адам бойындағы ең жек көрінішті қасиетті ақын осылайша өз жырына арқау етті.
Мұхтар Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғысханның пенделік құпиясы) атты поэмасы екі жыл бұрын оқырман қолына тиген «Өркениеттің адасуы» атты кітабымен үндес, бір-бірін толықтырып тұрған, терең философиялық астары бар, мәңгілік өмір айналымының сыры мен жұмбағына үңілген, оқырманның алдына түйіні күрделі сауалдар тастап, терең ойға тартатын дүние екеніне көз жеткіздік.
Мәңгілік өмір айналымының қозғаушы күші не? Ақ пен қара... Оң заряд пен теріс заряд… Жарық пен қараңғы… Періште мен шайтан… Махаббат пен зұлымдық… Міне осылай жалғасып кете береді…
Мәңгілік өмір осылай жалғасып кете бермек пе? Егер қозғалыстың қозғаушы күші қарама-қарсы екі күш дейтін болсақ, онда зұлымдықтың да азаматтың дамуына қосқан өзіндік үлесі болғаны ғой, деген заңды сұрақ туындайды. Иә, белгілі бір дәрежеде солай екені рас. Екі күштің күресі қалай, қашан басталды десек түп тамырымызға үңілуге тура келеді.Құл сырттай ғана бағынышты болуы мүмкін. Ішкі байламы берік, рухы мықты болса ол адамдық қалпын жоғалтпайды. Ал ішкі «Менінен» айырылған адам рухсыздық дертіне шалдығады. Рухсыздық – барлық бақытсыздықтың бастауы. М. Шаханов адамзатты осы РУХСЫЗДЫҚ АПАТЫНАН сақтандырды…
Шаханов «Өркениеттің адасуында» маңызды мәселені көтерген, ол – адамзаттың қазіргі адасуы. Енді оның екінші проблемасы бой көрсетпек, ол – адасқан цивилизацияны жөнге салу. Міне, осы тұста жалған пайғамбарлар, әуесқой әулиелер, дүмше саясаткерлер көптеп өсіп-өніп кетсе, сөйтіп олар жығылған үстіне жұдырық дегендей, суға батар–батпас болып тұрған жанды мүлдем батырып жіберсе не болмақ? Шаханов сага поэмасын оқығанда осындай терең ойларға ақынмен бірге сүңги бересің, ол адамды ой тұңғиығына батыртып, санаға салмақ, ойға өріс береді.
Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, «желтоқсан оқиғасы» мен ақын Мұхтар есімі аталары хақ.Халық намысы жер етілген сол жылдары Мұхтар Шаханов болмағанда күні бүгінге дейін «желтоқсанға» қатысты мәселелердің кейбірі, бәлкім, әлі де жабулы қазан күйінде қалар ма еді?
«Желтоқсан» Мұхтардың азаматтығының, парасаттылығының, нағыз халық ақыны екендігінің айшықты мезеті болғаны аян.
М.Шаханов поэзиясы тоғанға жиналған судың бөгетін ашқанда арындап ағатындай көрінеді. Мұхтардың да көкірек сарайында көптен жиналып қордаланған ой-армандары арындап жыр жолдарына құйылғанын байқаймыз.
Ақын шығармасына ойлы сөз жазған Шыңғыс Айтматов «Қазақ поэзиясында бұрын-соңды мұндай қуатты дүниені кездестірген емеспін», - деп өте жоғары бағалапты. Шыңғыс айтса айтқандай, адамзат тарихынан сыр тартқан небір тағлым аларлық жәйттер, кесек-кесек қанатты тың ойлар, батыл тұжырымдар жан-дүниеңді баурап алып, асыл армандарға жетелейді. Тек өзің емес еліңнің, бүкіл адамзаттың болашағы үшін ақынмен бірге толғанасың.
Мұхтар Шахановтың поэзиясының мықты бір ерекшелігі – бұрынғы дәуірлерден қалған үлгі, ғибрат әңгімелерді қазіргі заманның құбылыстарына байланыстыра айта алатындығында. Оның халыққа кең танылған поэмаларының, өлеңдерінің басқа ешбір ақынның жаратылысына ұқсамайтын тосын келбеті осы тарапта болатын. Қандай тақырыпта ой қозғамасын өлеңдерінің ішкі астарында адамға, достыққа, халыққа, Отанға деген құрмет сезімі сезіліп тұратын рухани-адамгершілік құндылықтарға толы екенін байқадық.
24-билет.
