Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеттин жауаптары.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
572 Кб
Скачать
☆
  1. Ж.Әбдірәшев поэзиясы

Жарасқан Әбдірашев 1948 жылы 7 наурызда, жыр сүлейлерінің алтын бесігі – Сырдың Арал теңізіне құяр сағасында, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел кеңшарының Ақшатау бөлімшесінде дүниеге келгенді. Жарасқан Әбдірашевтің қырық жылдан бері, халқымызға, әдебиетімізге сіңірген еңбегі зор. Ол өлең, сын, аудармашы, сатира жанрларында жиырмадан аса кітаптарын жазып, оларды жарыққа шығарды. Көркемдік-тәрбиелік мәні жоғары өлеңдері оқулықтар мен мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқауларға еніп, хрестоматиялық сипат алды. Сондай-ақ «Қаладан келген қыз» атты естелік-поэмасының желісімен көркемсуретті фильм түсіріліп, ол туынды республикалық, халықаралық кинофестивальдарда Бас жүлделерді жеңіп алды. Жарасқан Әбдірашев – Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты, М. Әуезовтың туғанына жүз жыл толуына арналған республикалық ақындар мүшайрасының, Қарабура әулиеге арналған жыр жарысының бас жүлдегері. Жарасқан ақынның өлеңдері орыс, неміс, венгр, украин, беларусь, өзбек, тәжік, әзірбайжан, түркімен, саха, қырғыз, ағылшын тілдеріне аударылған. АҚШ-та, Колумбия университетінің журналистика, филология факультеттерінде, 2013 жылдан бері Жарасқан Әбдірашевтің өлеңдерін, шығармашылығын оқытып жатыр. «Еуропа баспасынан шыққан КСРО ақындар антологиясына» Қазақстаннан он ақынның бірі болып енген. Жарасқан аударма саласында да жемісті еңбек еткен. Ол қоғам өміріне қаламымен де, азаматтық жігерімен де белсене араласқан қаламгер. Алматы қаласында Жарасқан Әбдірашевтің атында 2001-жылдан бері көше бар. Туған жері Арал қаласында да бір көшенің аты Жарасқанға берілген. 2007 жылдың қараша айында Алматы қалалық ономастика жөніндегі комиссияның шешімі бойынша ақынның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында оның соңғы жылдары тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Ол «Мұхтар Әуезов кешіңце» (оптимистік элегия), «Арызым бар, табиғат» (реквием), «Туған дала!..», «Қалалар сол бір жадымда», «Тарих заңы» деген өлендерінде ұлы жазушының асыл мұраттарын асқақ рухпен жырлады. 

Жарасқан – лирик, аудармашы, бала­лар ақыны, сатирик, сыншы. «Парыз. Па­­ра­сат. Пайым» кітабы – әдеби сынға қос­қан сүбелі үлесі. «Со­ғыстан соң туған­дар» деп өз буынына айдар таққан ақын қай жанрда да жарқырап көрінді. Пушкиннің «Я помню чудное мгновениесін» қазақ поэзиясына бояуын сақтап аудар­ған­дардың бірі де осы – Жарасқан. «Ғажайып сол сәт әлі есте, Ғайыптан көзге таңылдың. Өткінші сиқыр елестей, Өзіндей мінсіз Тәңірдің. Үмітсіз мұңға сүйеніп, Кешсем де бастан күй түрлі, Түсіме жүрдің жиі еніп, Естіліп даусың сүйкімді...», –  деп кете бе­реді. Әбдіраштың Жарасқаны жиырма екі елдің елуден астам ақынын қазақ тілін­де сөйлеткен.  Мұқабасының сыры кетіп, аппақ айдындай парақтары жастардың қолымен кірлеген сәулелі кітаптар нұрын шашуын тоқтатқан емес. Жарас­қанның өлеңдері талай өлеңсүйерлердің «сана соқпағымен» өтеді. Ақынның жырларына тағы бір құ­лақ салайықшы: «Кім едік? Кім болдық біз? Халық таныр! Әйтеуір ұмтылғанбыз жарыққа бір! Марқұмбыз бәріміз де болашақта, Жер деген адамзатқа алып қабір». Ағаларымыз «Жарасқан одақтың сах­насында саңқылдаған даусымен «Ақ бұ­лақ­тар» деген өлеңін оқып тұратын» дей­ді. Өзін көрмесе де, студенттік күн­де­рін көңілді, әсерлі өткеруіне, әрі сол «азап­ты» күндер мен мазасыз түндерде аман жүруіне кө­мек­тесіп, серігіне айнал­ған Жарасқанның саң­қылдаған даусы құлағына, сахнадағы тұрысы жас ақын­ның көз алдына келетін шығар. «Алып қа­біріне» аттанғанына он екі жыл болған ақын алпыс бес жасында одақтың сахнасында қияқ мұртты келбетімен шашы жел­кесіне түсіп, саңқылдап өлең оқып тұ­рар ма еді, шіркін!.. «Ақ бұлақтар! Алқынған Ақ бұлақтар! Қазір – Көктем, алдың –  Жаз, шапқылап қал! Тұнығыңды асыға тұр күтіп бақ, Көкірегін бір сезім – гүл қытықтап. Қылығыңды сағынып ақын біткен, Саған деген бір табан жақындықпен.  Күміс сыңғыр күлкіңді жырға қосып, Жүр сонау бір құлпырған қырда тосып!..».

Ақын өзінің ақындық міндетін былайша көрсеетеді:

«Кіріспе» демей «Кірісу» қойдым жыр атын. Кірісу менің – міндетім, хақым, мұратым! Өмірде мынау бәріне, бәрі, бәріне, кірісу керек, кірісу керек шын ақын!». 

12-билет.

  1. 1960 жылдардан кейінгі ғұмырнамалық шығармалар.

Ғұмырнамалық шығармалар әлем әдебиетінде өзіндік орын алады. Мәселен, француз жазушысы Сен-Симонның (1675-1755) «Естеліктері», американдық саясаткер ғалым Б.Франклинның (1706-1790) «Менің күй-жайым», германиялық жазушы-ақын И.В.Гетенің (1742-1832) «Поэзия және ақиқат», Мырза Әлихан Әмин-әд-дауленің (қайтыс болған жылы 1909) «Саяси естеліктері», Абдолла Мостуфидің (1876-1950) қажарлар билік еткен кезеңнің қоғамдық және басқару тарихына арналған «Менің өмірбаяным», орыс жазушысы А.И. Герценнің (1812-1870) «Былое и думы», С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың (1908-1973) «Менің мектептерім», Д.Қонаевтың (1912-1993) «Өтті дәурен осылай» атты еңбектері ғұмырнамалық әдеби шығармалар қатарына жатады.  

Ұлттық әдебиетімізде қазіргі уақытқа дейін жазушы келген өімірлік дерекке негізделген романдар түрін іштей бөліп қарар болсақ:

  1. Тарихи роман (жеке тұлға ғұмырынан)

  2. Мемуар.

  3. Деректі проза

  4. Эссе.

  5. Ғұмырбаяндық.

Ал, ғұмырнамалық романның жазылу формасының тұрпатына қарай екіге бөліп қарауға болады.

  1. Белгілі тарихи тұлғалар ғұмырынан құжаттық деректер негізінде жазылған шығармалар.

  2. Ұлттық әдебиетке еңбегі сіңген, жеке жазушылардың өз өмірінен жазған туындылар.

Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаяндық романы «Өткелдер», «Асулар» деген 2 кітаптан тұрады. Автор аталған романды Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдығына арнап жазады және осы естеліктің дүниеге келуіне қайта құру заманының шарапаты себеп болғанын да жасырмайды.

Ә. Нұршайықов өмірбаяндық романға «Өнер» баспасының директоры Сұлтан Оразалиновтың қазақ халқының ұлы жазушысы Ғабит Мүсірепов туралы естелік жазып беру жайындағы өтініш хатын оқығаннан кейін кіріскенін атап өтеді. Ғабит жайында не білетінін сарапқа салады. Өз өмірінде, өз жүрегінде ұлы жазушының қандай із қалдырғандығын саралайды. Өзіне жолдаған оның хаттарын құрастырады, бірге түскен суретіне үңіледі.

Қ. Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романының мазмұндық құрылымында мемуарлық романдардың әр ұлт әдебиетінде кең тараған стандартты үлгісіне жатқызуға болатын көркемдік-құрылымдық негіздер жеткілікті деп санауға дәйектер бар. Белгілі бір көзқарастар тұрғысынан алып қарағанда, шаблонға айналған формада жазылған шығарманың оқырманды қызықтыратын жағы, сөз жоқ, оның мазмұны, келтірген деректері мен фактілері, ұсынатын идеяларының ауқымдылығы мен тілдік қолданысы. Көркемдіктің осынау манызды компоненттерін жазушының дұрыс қолдана білуі нәтижесінде туындының эстетикалық шоқтығын едәуір биікке көтере алған деп айтуға болады.

Ғұмырнамалық шығармаларға - З. Шашкиннің «Т.Бокині», С.Жүнісовтің «Ақан серісі», Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы», т.б.

  1. Жазушының 1941 жазған «Ақан сері – Ақтоқты» тарихи трагедиясы  қазақ әдебиетінің дараматургия саласындағы шоқтығы биік туындысы.  Бұнда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының  өмірдерегін суреттейтін және замана шындығын танытатын тарихи шындық сипатталады. Бұл пьеса 4 перделі, 5 суретті драма. Драматург осы шығармасының 2 түрлі нұсқасын жазған. Яғни, ол бірі драмалық шығарма болса, екіншісі «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясының опера либреттосы болып табылады. Осы опера либреттосын жазғанда автор былай деген болатын: «Соңғы кезде опера либреттосына көңіл аударып жүрген қазақ драматургі байқалмай келеді. Себеп – драматургияның бұл саласын менсінбеуде ме, әлде тіпті драматургиямыздың өзінде жалпы мағынадағы «аялдама» бар ма? Бұл сұрау жол-жөнекей жауап бере кетуді көтермейді. Сондықтан түрткі салайық деген мәселемізден аумай-ақ қоялық. Драматургтеріміз либретто жазуға көңіл аударулары керек»[5].

Романтизм үлгісінде жазылған «Ақан сері – Ақтоқтының» барлық кейіпкерлерінің мінез-құлықтары, іс-әрекеттері жалындап сөйлей жөнелетін шешендіктері пьесада нанымды суреттелген. Мұнда ұзақ монологтар, қаһармандардың өз-өзімен сырласып кету сәттері жиі кездеседі. Дәуір мен уақыттың қилы шындығын түп тамырымен қопарып, өмір ағысынан дамылсыз туындап жататын кесек құбылыстарды тұтастай қамтыған «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасының әрбір кейіпкерлерінің өзіндік іздері сайрап жатыр.

Ақан Қорамсаұлы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас жағында өмір сүрген. Қазақ халқының атақты әнші-композиторы, ақыны. Оның адам жанын тебірентетін әндері халқымыздың көнермес мәдени мұрасы болып есептеледі. Сонымен қатар, төле әдебиетімізде орна бөлек. Өлеңдерінде адамгершілік пен достықты, адал махаббатты, сұлулықты және әлеуметтік мәселелерді, әсіресе сол заманғы қараңғы қазақтың өмірі туралы жырлаған.

Ақан жас кезінде көбінесе махаббатты, сұлулықты жырласа, есейе келе сүйіспеншілік тақырыбына ел мәселесі де қосылады. Ол бай-болыстардың қараңғы халыққа көрсеткен озбырлығын, қастандығын ашық түрде айтады. Қазақ елінің Ресей қосылу тарихының маңызын тереңнен түсіне алмады және осы жайлар кейбір қайшылықтарға да әкеліп соқтырды.

Өмірде Ақан серінің өз басының қайғы-қасіреті де көп болған адам. Оның сүйіп қосылған жарының өмірі қысқа болып, жалғыз ұлы мылқау болады. Ақтоқтыдай сұлу қызға ғашық болып, үйленбек мұратына жете алмайды. Сөйтіп ол Ұрқия деген қызға үйленіп, үш айдан кейін шешек ауруынан ол да қайтыс болады. Бір басына осы жылы қайғы тым ауыр тиеді. Оның қыран құсы Қараторғай өледі. Қасқырға салған уды жеп тазысы да өледі. Құлагердей пырағы опасыз байлардың қолынан мерт болады. Ақан патшаның отаршыларынан да опасыздық, зорлық көріп, туған жерінен айырылып, жалғыз мылқау ұлын қасына алып, мұңлы жүрегіне домбырасы жұбаныш болып, елден безіп, көл жағасында қайғырып күн кешеді.  Оған елдің «Ақан сері перінің қызымен көңіл қосыпты» деген сөздері жаралы жүрегіне бата түседі. Ақан Қорамсаұлы өмірден осындай ауыр қайғы-қасірет пен азап көреді. Ол қартайып, ұзақ уақыт науқастанып 1913 жылы жездесінің қолында қайтыс болады.

Драматург «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасында әр түрлі толыққанды, құнарлы образдар жасай білген. Онда ең алдымен көзге түсетін Ақан образы. Ол ақыл-ой иесі, жалынды, қайратты жас, сұлу сезімі, үлкен жаны бар, өз заманында, өз ортасында озық білім алып, өмірдің мағынасын іздеп толғанған адам. Өмір шындығын дін жолынан, құдайға құлдықтан іздейді. Бірақ, ол дін жолынан шындық таппайды. Жазушы пьесаны Ақанның рухани жағдайының өте бір шиеленіскен кезінен, яғни дін жолының жалғандығына, әділетсіздігіне көзі жетіп, ескіліктен безінген драмалық кезінен бастайды.

Ғ. Мүсірепов тарихи Ақанды трагедияның басты кейіпкері етіп алып, әнші-ақын өмір сүрген заманның шындығын ашып көрсету үшін, қарама-қарсы екі дүниені алады. Қараңғы, надан халық пен ақыл-ойды күрес үстінде суреттейді. Н. Ғабдуллин: «Ғ. Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясындағы әр кейіпкері – ақиқат өмірдің өзінен еш қоспасыз, өзгеріссіз күйде алынғандай жанды образ, драматург шебер мүсіндеген әр бейне ақиқат өмірдің нақ шындығын танытады», - деген болатын [6].

Шығармадағы басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар. Ақтоқты - Ақанның ауылдасы Боқтабай деген байдың қызы. Ақанның ғашықтың әндері Ақтоқтыға арналған. Ақтоқты Ақанды сүйген, оған тұрмысқа шығуға уәде беріп, Ақан оны алып қашады. Қыздың ағайын-туыстары қызды қорқытып, үркітіп оны айнытып тастайды. Сөйтіп, Ақтоқты сертінен тайқып, Ақаннан кетуге рұқсат сұрайды. Ақан өз сүйгеніне зорлық жасай алмай, бұл азапқа көнеді. Ақтоқты өзін атастырған жерге тұрмысқа шығып, бірнеше баланың анасы болып, жасы жетпістен асқанда қайтыс болады. Ақтоқтының өмірде айттырған күйеуі Шамұқан, ал пьесада Жалмұқан. Сүтемеген деген байдың баласы.

Пьесадағы Сердалы өмірде шындығында болған ақын. Ол көптеген қиссалар, өлеңдер жазған ақын. Сердалы Ақанның құрдасы әрі жерлесі. Сердалы - күншіл, іші тар адам. Ақанды халықтың жақтағанына, Ақтоқтының қалауы да Ақан болғандықтан, онымен өш. Өйткені, Сердалының басында ойы Ақтоқтыда болған. Сол себепті де, Ақтоқты Жалмұқанға келісімін бермесе, кәрі әке-шешесінің қап арқалап, ал Ақанды халықтан бездіріп жіберетіндігін мақтана айтқан болатын.

Сонымен қатар, пьесада Балта, Мәрзия, Жылкелді, Мұрат, Балуан сияқты халық өкілдерінің бейнелері де шындық тұрғысында суреттелген. Бұлардың бойынан қайнаған қайратты, қауқарлы күш барын сезінеміз. Сейіт, Дәмелі, Қоңқай, Қорамса бұларда халық өкілдері. Бірақ күш-қуаты аз, қайраты кем қарт адамдар.

Пьесада ақынның топас, надан, қатігез қоғамға қарсы күресі қақтығыста бірден байқалмай, қым-қиғаш іс-әрекеттер арқылы өрбіп, наразылық сезімінің өзі бірден емес, барлық қайшылығымен бірте-бірте жетілуі тарихи шындыққа да, драматургияның даму заңына да сәйкес келеді.

Осы күресте Ақанның ең алдымен өзінің немере ағасы Науан хазретпен алысуы да реалистік нанымды түрде алынып, Ақан мінезінің диалектикасын танытуға айрықша септігін тигізгені анық. Оның үстіне Ақанның әділеттік пен адамгершілік, теңдік пен азаттық туралы асқақ романтикалық арманы және Ақтоқтыға арналған кіршіксіз таза, романтикалық махаббаты Ақан образын рухани биікке көтеріп, жарқын келешекпен үндестірген. «Көтеріңкі шиллерлік рух, поэзиялық құнарлы тіл, шиыршық атқан драматизм – бұл жазушы пьесасының даусыз шеберлік сипаттары» [6] - деген пікірі арқылы ойымызды түйіндей аламыз.  

 «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасы сол заманның шындығынан туған кұнды драмалық шығарма болып табылады. Онда драмалық тартысы шебер құрылған, әрі тілі көркем, бай суреттелген қазақ драматургиясының тарихында өзіндік орны бар ерекше шығарма.

Қорыта айтқанда, драматург бұл драмалық шығарманы танытуда өнер адамының қоғамға қажетті құндылығын байқатады. Сол кейіпкердің ашу-ызасы арқылы қоғамдық шындықтың әлсіздігін ұқтыртады. Сүрінгенді сүйейтін жанның жоқтығына наразы болады. Тағдыры тәлкекке түскен жандардың жанашыры болған, тырнақтының шеңгелінен ажырамас шырмауықтай жабысқан қандала заманның ащы зәріне қарсы тұра білген Ақандай жанды сомдау тек қана  Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» атты пьесасы арқылы көркемдігін тапқан деп айтуымызға болады.

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасы да (1939) халық эпосының сарынындажазылған. Жазушының қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық еңбектері"Суреткер парызы" (1970), "Заман және әдебиет" (1982) аттыкітаптарына енген. Ғ.Мүсіреповтің халық жыры негізінде жазған 4 перделі, 7 суретті трагедиясы. Шығарма 1939 ж. сәуір айында жазылып біткен. Трагедия алғаш рет Қазақ академиялық драма театрында режиссер М.Г. Насоновтың сахналауымен 1940 ж. 29 сәуірде көрермен назарына ұсынылды. Спектакльге О.Жұмағұлов (Қозы Көрпеш), Ж.Жалмұхамедова (Баян), М.Шамова мен Р.Қойшыбаева, С.Қожамқұлов (Қарабай), Е.Өмірзақов пен Қ.Әділшінов (Жатық), Ш.Айманов пен Ә.Хасенов (Қодар), т.б. актерлер қатысты. Пьеса бірнеше рет орыс тілінде басылған,[2] эстон тілінде кітап болып шыққан (1948, Таллин). "Қ. К. - Б. с." 1950 ж. Мәскеу драма театрында "Махаббат дастаны" деген атпен қойылды, сондай-ақ, КСРО Республикаларының театрларында бірнеше тілдерде сахналанды.Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасынан көрініс. Қозы - Т.Мейрамов, Баян - Б.Жанғалиева. Қазақ академиялық драма театры 1983

  1. Әкім Таразидің Алғашқы кітабы, яғни «Құйрықты жұлдыз» повесі 1966 жылы жарық көрді. Бұдан кейін де «Үлкен ауыл» (1968), «Асу-асу» (1970), «Көкжиек» (1980), «Басынан Қаратаудың» (1984) повесть- әңгімелер, «Қыз махаббаты» (1982) пьесалар жинағы, «Бұлтқа салған ұясын» (1978), «Тасжарған» (1980), «Кен» (1986), «Жаза» (1998), «Шер» (2000), «Махаббат жыры» (2001) секілді сүбелі дүниелері жарық көріп жатты. Кітапсүйер қауымды сүйсіндіре, сөзіне иландыра білді.

Тасжарған — 2011 жылы Алматы қаласы «Жазушы» баспасында басылып шыққан кітап, Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың «Тасжарған» романында қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынас, замана шындығы боямасыз көрініс тапқан. Кейіпкерлерінің болмыс-бітімі, жан-дүниесі, мақсат мұраты үлкен-тартыстар үстінде жан-жақты ашылып, көркем тілмен шынайы бейнеленеді.

Әкім Таразидың «Тасжарған», «Шер», «Қиянат» деп аталатын романдарының қай-қайсысын; қай повесін, қай әңгімесін, қай пьесасын алсаңыз да шынайы өмірдің өзінен туатын бүкпесіз шындықтың, сан алуан тағдырдың, шырмауықтай шырматылған шытырман оқиғаның куәсі боласыз. Өзіңіз де сол оқиғалардың ішінде жүргендей сезінесіз, тіпті кейіпкерлерінің біріне айналып кете жаздайсыз.

Тарази базбіреулер сияқты көзін тырнап аша салысымен қолына қалам ұстаған жоқ, әдебиетке ұйқысын қандырып, өмірді терең ұғынып келді. Нені жазса да санамен жазады. Оның геройларын мынауысы жағымды, анауысы жағымсыз деп бөле алмайсыз. Заман, қоғам, адам өзгерсе де өзгермейтін Кірпішбайлардың қатар жүретіні содан.

Әкім Тарази 1933 жылы қыркүйек айында Алматыда туады. Ата-анасы Әкімнің алты айлығында Шу стансасына көшіп, балалық шағы сонда өтеді.  КазПИ-ді  бітіреді. Ұзақ жылдар газет-журналдарда қызмет етеді. «Литературная газетаның» Қазақстандағы меншікті тілшісі де болады. Қазақстан Кинематографистер одағын басқарады. Жазушылар одағының хатшысы қызметін атқарады. Сөйте жүре желісін үзбей, кесек-кесек туындылар жазады. Ұлттық мүддеге қызмет ете жүріп, осылай жазушылық өнердің биігіне шығады. 

13-билет.