- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
1.Дихан Әбілов шығармашылығы
Дихан Әбілев (1907-2003) - Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Мойылдыбұлақта дүниеге келген.[1]. Семей ауыл шаруашылығы техникумын,Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтын (1937), Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын (1948) тәмамдаған. 1927-1934 жылдары халық ағарту, басасөз қызметтерінде болған. Баянауыл аудандық "Ленин туы" газеті редактордың орынбасары, республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің жауапты хатшысы, Бас редактордың орныбасары, 1938-1939 жылдары Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, 1961-1962 жылдары Көркем әдебиет баспасының Бас редакторы. 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы отан соғысына қатысқан. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
Шығармашылығы
Тұңғыш өлеңі - "Қызыл әскерге" 1925 жылы Семейдегі "Қазақ тілі" газетінде жарияланған. Алғашқы шығармалары жинағының кейбірі мыналар: "Шалқыма" (поэма), "Бармақ" (поэма, 1937), "Қуат" ( поэма, 1940), "Мұңсыз Мәрия" ( поэма, 1940). Жауынгер ақынның "Москва түбінде" (1942), "Майданбек" (Өлең-роман, 1943), "Бибінұр" (1949), "Жұлдызды жігіт", "Дала солдаты" (1945), "Тұлға" (1948) өлеңдер жинақтары да осы тақырыпты өзек еткен. Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кеншілерінің өмірінен "Алтай жүрегі" атты өлең роман (1955) жазған. Оның С. Торайғыров өмірінен жазған "Ақын арманы" (1964), "Арман жолында" (1968), "Баянауыл баурайында" (1975) атты прозалық роман-тирлогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған. Драматургия жанрында "Қарулас достар" (1948), "Майра" (1954), "Біржан сал мен ақын Сара" туындыларын жазған. Сондай-ақ қазақ тіліне орыс, украин, түрік, армян классиктерінің поэмаларын аударған.
2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Бауыржан Момышұлы – көрнекті жазушы, шығармаларын қазақ және орыс тілінде жазған. Алғашқы кітабы «Офицер күнделігі» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва түбіндегі шайқас», «Майдан», «Генерал Пнфилов», «Куба әскерлері», «Адам қайраты» тағы басқада әңгімелері мен повестер жинақтары шықты. Бауыржан әңгіме, повестермен қатар өлең толғаулар да жазған. Бауыржанның бойындағы ақындық қуаттық бүршігі ерте белгі бергендігін мектептегі ұстазы Тәңірберген Отарбаев байқаған. Шәкірттеріне шығарма жаздырып қабілеттерін байқау үстінде бала Бауыржанға «сенен ақындықты иісі шығады» деп айтқан екені аяулы ұстазы.
Ұшқан ұя (1974 жыл)
Москва үшін шайқас,
Жауынгердің тұлғасы,
Майдан,
Майдандағы кездесулер,
Генерал Панфилов,
Төлеген Тоқтаров,
Куба әсерлері
Адам қайраты (1981 жыл)
Елбасына күн туса
Психология войны
3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
Саңлақ сыншы Сағат әдебиет әлеміне алғаш аудармамен келді. Ол 1966 жылы Мәскеудің “Прогресс” баспасынан шыққан “Афоризмы” атты әлем ақыл-ой алыптарының даналық сөздері болатын. “Сын мұраты” (1974) атты тырнақалды туындысы үшін 1976 жылы Жастар сыйлығының лауреаты атанды. “Талантқа тағзым” (1982), “Парасатқа құштарлық” (1985), атты сын кітаптарын жұртшылық жылы қабылдады. Өзі өмірден өткен соң “Шындыққа сүйіспеншілік” (1993) атты еңбегі жарық көрді. Аталған еңбектердің әдеби, ғылыми айналымнан түспей, әркез сұранысқа ие болуы Сағат есімінің сан ғасырларға баратынының, артында қалған мұрасының өлмейтіндігінің айқын айғағы.
Екінің бірін көзге іле қоймайтын, паңдығы бір басына жетіп артылатын сырбаз қаламгер Ғабит Мүсірепов Сағатты ерекше бағалап, інілерінің бірі санап, салиқалы сұхбаттар бергеніне бәріміз де куәміз. Сағат асыл ағасы туралы қадау-қадау мақалалар да жазды. Сол дүниелер қазір ұлы қаламгердің ұлттық бейнесін көрсететін құндылыққа айналды.
Текті адамдардың бірін-бірі жазбай танитынына тәнтімін. Мен осыған інімнің артында қалған мұрасымен танысып отырып тағы да көз жеткіздім. Сағат әсіресе үш ұлыны пір санапты, ардақ тұтыпты. Шығармаларын талдап, желісіне арқау болған алуан түрлі оқиғалардағы ұлттың ұлылығын, халқының қасиетін бір арнада тоғыстырып, биікке көтеріпті. Олар – данышпан Абай, ұлы Мұхтар Әуезов, қара сөздің хас шебері Ғабит Мүсірепов.
