- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
«Тасқын» - Тайыр Жароковтың алтыншы поэмасы. Бұл - бұрынғы поэмалардағы әртүрлі қате-кемшіліктерін сезініп, оларға сын көзімен қарап, социалистік реализм әдісін меңгеру тұрғысынан әбден ойланып жазылған шығарма.
Жазушылардың бірінші съезінде ұлы Горькийдің өз аузынан айтылған социалистік реализм методын қолданушы совет әдебиетінің негізгі міндеттерінің бірі - еңбек адамының образын жасау, совет адамдарының әр саладағы өсуін, өмірге белсене араласуын көрсету делінген болса, қазақ поэзиясы да ол ұранға үн қосты. Соның бір үлгісі - «Тасқын» поэмасы.
Поэманың негізгі идеясы - совет дәуірінде туып өскен жас мамандардың өсу жолдарын көрсету, олардың социалистік құрылыс істеріне қалай араласқандықтарын бейнелеу. Поэмаға фон ретінде және келешекте поэмада суреттелінетін оқиға, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға дәлелдеме ретінде 1921 жылғы тасқын оқиғасы алынса да, негізгі мәселе - советтік жаңа құрылыстың күші, жаңа адамдар, олардың іс-амалдары. Поэманың қаһарманы Қайсар жасынан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленеді, орта білім алып, Москвада жоғарғы оқу орнын бітіріп, құрылыс инженері болып шығады. Оның сүйген қызы, кейін өмірлік жары Жамал да Қайсар тәрізді Советтік гуманизмге бөленіп өскен жан.
Ақын Қайсарды партия мен үкімет ісіне қалтқысыз берілген адам етіп, ол жолға бөгет жасамақ жаулармен күрес үстінде өсіреді.
Қайсар - совет мектебінен тәлім-тәрбие алған, советтік ұлы Отанына шын берілген қазақ интеллегенттерінің жиынтығы, солардың образы.
Ақын Қайсарды әр жағынан алып көрсетуге тырысады. Солардың ішінде ең бір ерекше көңіл аударарлық жайт, оның жұмысшылармен, халықпен нық байланыстығына оқырмандарының көңілін аударту. Ақынның онысы сәтті де шыққан:
Еңбектің екілентіп алуан ерін,
Кәрімен, жастарымен де өңкей өрім,
Жас Қайсар араласып жұмыста жүр,
Сыпырып самайынан аққан терін.
Жамал - сол кездегі қазақтың оқымысты әйел-қыздарының образы. Оның да тілек, мүддесі - өз халқына адал еңбек ету.
Т.Жароковтың «Тасқыны» - Совет жазушыларының бірінші съезінен кейінгі жаңа тақырыпқа жазылған, жастардан шыққан оқымысты жас, жаңа мамандар образын жасауда поэзиямызға елеулі табыс болып қосылған шығарма.
Сол жылдары тарихи тақырыпқа көбірек барған және осы тақырыпты жақсы меңгерген ақындарымыздың бірі І.Жансүгіров көп жылдар бойы қазақ халқының ән-күйлерін зерттеп, «Күй», «Күйші» поэмаларын жазды.
Поэма «Құлагер» деп аталса да, негізгі мәселе - Құлагердің иесі Ақан сері туралы. Ел еркесі атанып, халықтың аяулы ұлы болған Ақанды үстем тап өкілдері - бай-феодалдар көре алмай, зорлық-зомбылық көрсетті. Ең ақыры тай күнінен тақымына басқан жан серігі жалғыз аты Құлагерді соққыға жығып өлтірді. Әрі ақын, әнші, композитор, табиғатында өр туған өрен жан әділетсіздікке, қорлыққа шыдай алмай, қарсылық көрсетуге шамасы жоқ, сондықтан өзінше көрсеткен қарсылығы – ол ортадан безу, ат ізін салмай, қалған өмірін жалғыз, тау ішінде өткізу болады.
Тарих көзімен қарағанда, күні кеше ғана тап осындай ауыр халді сан өнердің зергері, ар, ақылдың діңгегі, аяулы адам, ақын жан өз басынан кешірген. Міне, І.Жансүгіровтің поэмасы осы Ақан трагедиясына, ақын трагедиясына арналады.
Поэманың негізгі идеясы - әнші-ақынды жыр ету, оған деген халық махаббатын көрсету, қадірлі адам, талант иесін қатал заман апатқа ұшыратуын суреттеп, ол заман қожаларына, өзінше үкім шығару.
