- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
Өмірбаяны[өңдеу]
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институты (қазіргі Ұлттық педагогика университеті) филология факультетінде оқыған. 1968-2002 жылдары Радио мен телевидениеде, әр түрлі газет-журналда, шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар Одағында екінші хатшы болды, 2003 жылдан “Ақиқат” журналының бас редакторы. Алғашқы жыр жинағы “Жанымның жас құрағы” деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан астам өлең жинақтары жарияланып, оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды. “Абай әлемі” (1995) және “Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар” (2001) атты әдеби-сын еңбектерінде қаламгер Абай әлемінің поэтикалық тереңдігін, қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап, ақындық психологияның ішкі болмысына баға берді. Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты. “Көк түріктер сарыны” атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған. Пішін ұтымдылығынан гөрі ой ұшқырлығына көбірек иек артатын ол өлеңдерінде ерекше еркіндікті аңсайды, көне түркілердің ірілігін сағынады, рухани тоғышарлықты, ұсақталуды мінейді. Ғасырлар қойнауында елеусіз қалған ерлік рухын жаниды. Жауға деген өктемдік “Қуат жырында”, “Асқанның орманын отындай өртедім. Тасқанның көлдерін астаудай төңкердім” деп беріліп, батырлар айбарын асқақтата түседі. Оның “Махамбет рухының монологы”, “Күлтегін”, “Тоныкөк” дастандары — ұлттық бояуы қанық, күрескер, қайсар әрі мұңшыл романтик. болмысты толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар. Ол украин, өзбек тілдерінен В.Гужва, Е.Вахидов өлеңдерін тәржімалады. Медетбекке “Тағдырлы жылдар жырлары” жинағы үшін ҚР-ның Мемлкеттік сыйлығы берілді (2000).[2]
Келді бүгін ажал- сұмның кезегі. Өрт боп жанды өлең- жырдың өзегі. Ақпай қалды, ағып жатқан бұрқырап Жетісудың тағы да бір өзені.
Қала алмассың мұндай күні опынбай, Әр жүректе "Қайран Мұқа", ойпырмай. Ақындардың жыр оқитын кешінде Бір керемет өлең қалды оқылмай.
Тағы мұны қала алмасссың түсінбей, Жүрек жылап, боран соқса ішіңде. Сырахана үстелінің үстінде Бір саптыаяқ сыра қалды ішілмей.
Жаңа үнменен қарсы алатын әр таңды, Жек көретін өсек пенен жалтаңды, Ақыным жоқ бүгін енді ортаңда Жалақысыз еркін кешкен жалғанды.
Галстуксіз айқара ашық омырау. Туы-Алатау, Көкірегі - Атырау, Болған емес онда өтірік көлгірсу, Болған емес онда қайту, тоқырау.
Елемейтін, Ескермейтін ептіні, Тастайтұғын бетінен ап беттінің. Өлең етіп ызғарлы түн, от күнін Жол қозғалыс ережесін елемей Көшелерді кешіп келе жататын Мұқағали Мақатаев жоқ бүгін.
Мұқағали Мақатаев поэзиясына деген сол ықылас, сол пейіл әлі де сол қалпында. Қазір ол ұлы ақын, классик!
- Мұқағалидың мұңы дейміз, ол қандай мұң? Тұрмыстық жетіспеушіліктен қозғалған мұң ба, әлде қоғамдық дерттің науқасын дәл аңғарып буырқанған толғаныстардан туған жан күйзелісі ме? Бұл мәселеге сіз қалай баға берер едіңіз? - Екеуі де бар. Бірақ ақынның жеке басындағы мұң қоғамдық, әлеуметтік, адамзаттық тіпті бүкіләлемдік мұңдармен бірге өрілмесе, оның өресі тым пәс, ауқымы барынша тар боп қалады. Мүқаңның Емханада деген атақты өлеңі бар. Соны оқып көрейікші.
Өкінішті... Мына құрғыр сырқаттың беті күшті. Жүрегім көтеріліс жасап жатыр Бүзбақ болып кеудемде бекіністі. Өкінішті.
О, Жүрек! Менің алтын қазығым- ау! Қайтейін қажыдың- ау. ... Қытықтаған бауырдың "назы" мынау, Қажыдың- ау, байғұсым, қажыдың- ау!
Не істемекпін! Жаным- ау, саған шипа істемек кім?! Жаралғанда бүтін ем, үш бөлекпін: Жүрегім-Африка, бауырым-Кипр, Миым-Мұзды Мұхиттай... Не істемекпін?
Міне, осы өлеңде ақынның тұла бойын жайлап алған дерт қана емес, әлемнің дерті жатыр ғой. Өз дертін әлемнің дертімен салаластырып, сабақтастырып жіберген. Кезінде осы өлең туралы былай деген екем: "Бір- ақ өріліп, бір- ақ құйылған тұтас өлең. Жеке жолын, жеке шумағын бөліп алып қарастыруға келмейді. Оны өлең табиғаты, өлең архитектоникасы көтермейді. Өйткені ақын айтылар сөзін бір- ақ ақтарған. Өлеңнің әлденеше жеріне қойылған үш нүктелер ақынның айтылмай кеткен сөздері емес, ақын өзегін өртеп шыққан қасірет күрсіністері. Бұл өлең- метафора болғанда да, образды метафора. Бұл өлеңде нағыз азамат ақынның болмыс- бітімі жатыр. Жүрегін Африкаға, бауырын Кипрге, миын Мұзды Мұхитқа теңеу белгілі бір ұғымдардың сыртқы ұқсастықтарын дәл басқан сөз бейнелілігін ғана емес, белгілі бір ұғымдардың ішкі драмасы мен трагедиясын ашқан ақын ойының масштабтылығын, ақын ойының ірілігін көрсетеді. Бұл өлеңнен ақынның жеке басының дертті демі ғана емес, Африка қасіреті, Кипр трагндиясы, Мұзды мұхиттың көрдей суық лебі ұрады. Ақын басына түскен өз қасіретін дүние қасіретінен бөлек қоя алмапты. Дүниеге алпыс екі тамырымен сіңіп кеткен ақын ғана осылай сөйлесе керек." Осыдан артық не айта алам. Тек қосарым, Мұқағали Мақатаев осы бір өлеңімен- ақ Адамзаттық деңгейге көтерілген. Ал мұндай өлеңдер онда жетерлік.
- Мұқағали "Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты Мұқағали Мақатаев бар мұнда" дейді. Осындағы "Махаң" деген сөздің мағанасын сіз қалай талдап бере алар едіңіз? - " Махаң" деген сөзден адамның ойына бірден халықтың бостандығы жолында басын құрбандыққа шалған, қайтпас қайсар тұлға Махамбет түсетіні сөзсіз. "Махаңдар" деп тұрғаннан кейін бұл ұғым көп мағананы мегзеп тұруы әбден мүмкін. Яғни тағы бір ұлттың ұлы перзенті Мағжан бейнесін де танып білуге болады. Тіпті Махамбет, Мағжан сияқты елі мен жері үшін қайғы мен қасіретке батқан, жан- жүректері мұң мен зарға толы барлық ардақтыларымызды қамтуы да кәдік.
- Сіздің қатарласыңыз, жазушы Марат Қабанбаев Мұқағали туралы ағынан ақтарылып жазғанда "миына ұлттық коды жазылған ақын" деген керемет теңеуге жүгінеді. Осының мәнісін оқырмандарға қалай ұқтырар едіңіз? - "Код" деген сөз, жалпылама тілмен айтқанда шартты белгілер жүйесі деген мағынаны береді ғой. Дипломатиялық, коммерциялық, әскери кодтар болатыны белгілі. Оның шешуі- жұмбақ. Оны белгілі бір адамдар ғана шеше алатынын бәріміз жақсы білеміз. Сонымен бірге генетикалық та код болады. Енді бұл, табиғи код, жаратылыс бітімінде болатын код. Марат осыны, генетикалық, яғни ақынның болмыс- бітімін ұлттың рухани табиғатымен бір қарастырып отыр. Бір сөзбен айтқанда Мұқағали табиғаты ұлттың құпия бір тылсым табиғи құбылыстарымен тамырлас деп отыр. Мен бұл бейнелі сөзді осылай ұқтым. Ол тылсым құпияны шешу біздің, және болашақ ұрпақтардың міндеті.
- Мұқағали "Абай жаққан бір сәуле сөнбеуі үшін" деп еңбек етті. Солай деп ұлы мұратты көздеді. Сол сәуле маздап тұр. Сол сәулені әрі қарай сөндірмеу үшін не істеу керек деп ойлайсыз? - Абай өзінің бүкіл ілім- білімін, ой- өрісін, қуат- күшін қараңғылықпен күреске жұмсаған адам. Бұл күресте оның қаптаған қалың қолы болған жоқ. Мыңмен жалғыз жүріп алысты. Халқының жүрегіне сәуле құйғысы келді. Сол сәуле жарығымен халқын қараңғылықтан алып шығатын жол іздеді. Әрине, ол азапты күрес еді. Құдай- ау, "Ит көрген ешкі көзденіп, Елерме жынды сөзденіп" кететіндермен күресу оңай болып па? Бірақ күресіп бақты. Бәрі бір ол өзінің мақсат- мұратына көзі тірі кезінде жете қоймаса да, түптің- түбінде жетті. Өйткені Абай жаққан сол сәуле көп- көп адамдардың санасында, жаны мен жүрегінде жанып тұр. Мұқағали ақын сол сәулені сөндіріп алмайықшы деп тұр. Ал ол сәулені сөндіріп алмау да ұлы күрес. Заман да, қоғам да қазір тоғышар боп барады. Ал ондай тоғышар қоғам мен заманда адам бойындағы рухани отты сөндірмеу оңай шаруа емес. Ол үшін күрес, рухани күрес керек.
- "Мұқағали" журналының жарық көруіне қалай қарайсыз? Ол туралы сіздің ой- пікіріңіз, жеке көзқарасыңыз қалай? - Әрине, дұрыс қараймын. Бірақ бұл журналдың бүкіл бағыт- бағдарына жан- жақты мінездеме бере алмаймын. Өйткені ол журнал қолыма анда- санда ғана түседі. Ал журналдың тұтас кескін- келбетін көрмегеннен кейін кесімді пікір айта қою қиын. Бірақ қолға түскен нөмірлері ұнады. Ол нөмірлерден Мұқағалидың рухын, Мұқағалидың мақсат- мүддесін, Мұқағалидың арман- тілегін танып- білуге болады.
- Енді тағы да өзіңізге оралайық. Сіздің шығармашылығыңызды зерделеп, зерттеп қарап отырсақ, екі кезеңді көреміз. Екінші кезең "Көк түріктер сарынына" енген кезіңіз. Бұл жерде сіз ұлттың рухымен тұтасып кеткен сияқтысыз. Мұндай әлемге енуіңіздің себебі қандай? - Жалпы мен ізденістің ақынымын. Мен туралы жазып жүргендер де осылай дейді. Сіз менің шығармашылығымның екі кезеңнен тұратынын жақсы аңғарғансыз. Бірінші кезеңімде де эксперименке көп барғам- ды. Соған байланысты мені кезінде ғылыми- техникалық революция заманының, урбанизацияның ақыны деп мақтағандар да, даттағандар да болды... Енді ол жағына көп бара бермей- ақ қояйын. Оны өзіңіз де біліп отырсыз.
Екінші кезең-"Көк түріктер сарыны". Мен бұл сарынға ұзақ дайындалдым. Ол "Күлтегін", "Тоныкөктермен" танысқаннан басталған- ды. Қаншама рет сол сарынның ішіне кірем деп жанталастым. Алдырмады. Көбі сәтсіз боп шықты. Сонда да қайтпадым. Ақыры, өзімше, дегеніме жеткендей болдым. Көк түріктер сарынының ішіне енгендей болдым. Орхон- Енисей жазулары тасқа қашалған ғой. Яғни ол тарихи дастандар жолынан қара тасты соққан қашау мен балғаның шыңылы естіледі екен... Менің өлеңдерімнен де, егер құлақ сап қарасаң, сол балға мен қашаудың үні шығады. Содан ба қағазға жазып отырсаң да тасқа қашап отырғандай болам. Әрине, ол сарынды мына уақыт пен заманға орай жетілдірдім, дамыттым. Әрине, мен ол сарынды тұтас меңгеріп алдым деп айта алмаймын. Толық игере алмаған, күш- қуатым жетпей қалған тұстарым да бар шығар. Бір айта кетер нәрсе, осы бір сырты қарапайым ғана форманың мүмкіндігі аса зор екендігін білдім. Еркін айтасың, еркін сөйлейсің. Бірақ сарын шеңберінен шықпауың керек. Оның да өз заңдылығы бар. Ол үшін ол сарынды өзіңнің бүкіл тұла бой, жан дүниеңе сіңіріп алуың керек. Сонымен бірге, ең бастысы, ол сарын сенің табиғи болмыс- бітіміңменен үйлесім табуға тиісті. Ал менің табиғи болмыс- бітімім нақтылық. Міне, осы үйлесім, мені белгілі бір дәрежеге жетуіме мүмкіндік берді деп ойлаймын. Жаңа айттым ғой, бұл сарынның мүмкіндік аясы аса кең деп. Әсіресе, ол осы заманның қыры мен сырын, бет- бейнесін барынша көрсетуге кең жол ашып береді. Қысылып- қымтырылмай сөйлейсің. Сондықтан да мен қазір осы сарынның "тұтқынымын". Шынын айтқанда ол "тұтқындықтан" босанғым кеп тұрған жоқ.
3. Ақанның замандасы Рамазан Тоқтаров «Құланның ажалы» романының алғы сөзінде былай деген-ді: «Ақан-халықтың Ақаны, назардан аумайтын мәңгілік ескерткіштердің бірі. Осы өмірі дәйім ұзақ болсын!».
Ақан өмірінің ұзақтығын бауырлары Аманкелді ауданы орталығында және туған елі Байғабыл жерінде қос бірдей ескерткіш /мүсінші Ақанның досы Ә. Ұзақов/ орнатып, мәңгілікке жалғастырды.
Құлан Кейкі батырын Торғайына табыстыра білген Ақанның творчествосы бүгіндері ақын-жазушыларға, естелік жазушы ағайынға арқау болып, небір шығармалар дүниеге келуде. Алайда, Кейкі батырдың есімімен қатар аталуға тиіс жазушының аты мен атағы көлеңкеде қалып тұр.
Әр шығармасының астарында қазағының мұңын жоқтап, абыройын асқақтата білген біртуар азаматтың еңбегі еленбей, бүгінгі күн авторларының артынан аталса аталып, аталмаса ұмыт қалып жатқаны біздің де, оқырмандардың да жүрегіне мұң ұялатады.
2013 жыл Кейкі батыр Көкембайұлының да 140 жасқа толар мерейтойы, яғни осы бірі-бірінің атын шығарған Қазақтың қос батыр ұлдарының тойларын барша қазақ болып еске алсақ бүгінгі жастарымызбен келер ұрпағымызға өнеге, «өліге иман-тіріге ғибрат» болары анық.
Жазушы Ақан Нұрманов өмір сүрген қысқа ғұмырында артына өшпестей мол мұра қалдырған қаламгер. Жазушының басты туындысы- «Құланның ажалы» романы. Қаламгер ретінде азаматтық басты ерлігі -кітабында мәрт те асқақ бейне Теке Құланды сомдауы еді. Оқырман жазбай таныды. Автор Құлан бейнесінде халық батыры Кейкі Көкембайұлын өмірге қайтарды. Кеңестік кезеңнің салтанат құрып тұрған жылдары - ақ, «үкіметке қарсы шыққан банданың бастығы болған, Қарақұм көтерілісіне жетекшілік еткен. Алашорданың қалдығы» Кейкі батырды тірілтті.
Өр бейне, нар тұлға Құлан мерген кітапта Сардар аталатын, шын мәнінде 1916 жылғы патша жарлығына қарсы шыққан халық көтерілісінің басшысы Аманкелді Иманұлының қарулас досы, үзеңгі серігі болған адам. Көтерілістің рухани жетекшісі Әліби Жакелдин болса, ол романда туа атымен аталады. Құлан – кейкі батыр мен Сардар -Аманкелді бейнесі кітапта қатар сомдалады, олардың ел тәуелсіздігі жолында иықтаса күрескені шығармада негізгі желі болып таратылады. Қол жеткен теңдік мәнін Құлан батыр тар көлемде енді тыныштық орнады, жеті үй Теке әулетін жайлы қонысқа, елден бөлек әкетіп, мал малданып, жан жанданбақ болды. Жаңа өкімет орнатып, ұжымдастыру саясатын жүргізуде қарсылықтар көп болды. Жаңа өкіметке күдікпен қарайтындар әлі де баршылық еді. Белсенділердің дарықпа саясаты, жат қылығы Құландай аңғал жанды «банды» атандырып, қашқындық жолға салды. Жазушы шеберлігі сонда халық батырын мәрт қалпында суреттейді. Кітапта Құлан асқақ күйінде, ат үстінде, кеңесшіл жендеьттердің қолына тірідей түспей мерт болады. Батыр бейнесі оқушы көз алдында асқақ қалпында қалады.
Шындығында Қарақұм көтерілісі кеңестер тарапынан күшпен басылды. Кейкі батыр «Кеңес өкіметіне жат адам», «банды» танылып, басы кесілді.
Мынадай сабақтастық таң қалдырады. «Сағағына сары шіркей үймелеп, жау іздеген ерлердің басы қайда қалмаған»-деп Махамбет ақын жырлағандай ел тәуелсіздігі жолында күрескен Кенесары ханның да, Махамбеттей ақынның да, Кейкідей батырдың да бастары кесіліп, қолды болды. Махамбет ақынның басы күшпен сүйегіне қосылып, бірге жерленді. Кенесары мен Кейкінің бастары енді ізделуде. Іздері шықты...
Хан, батырлар рухына ақын-жазушыларымыз жырларын арнады, кітаптар жазды. Есімдерін ардақтап, халқымен қайта қауыштырды. Ілияс Есенберлин «Қаһар» романында хан Кене бейнесін кеңестік кезеңде-ақ, сомдады. «Құланның ажалы» романында Ақан Нұрманов Кейкі батырды қайта тірілтті. Жазушы шеберлігі арқасында Құлан мергеннің бейнесі оқырман есінде мәңгілікке қалды.
Ақан Нұрмановтай талантты қаламгердің артында қалған мол мұрасына қамқор болып, жерлесінің шығармашылығын жоғары бағалаған профессор, архитектура академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбдісағит Тәтіғұлов болды. Ақан шығармашылығы туралы академик: «Сөз түйсінер зерделі қауымның ой таразысымен сараласақ, Ақан өзгені де, өзін де қайталамаған қаламгер ретінде жүрегімізде жатталып қала бермек».
Кейкі батырдың ерлік ғұмыры, мәрттік өлімі туралы Әбдісағит Тәтіғұлов былайша тебіренеді: «Қызыл қырғында азаттықпен соңғы дауылпаз символы болып ең соңғы «дала көкжалы» Торғайлық Кейкі батыр (Құлан) кетті бұл өмірден, Эрмитаж төрінен орын алып...»
«Қызыл қырғында» Құлан арамдық пен сатқындықтың аяусыз құрбаны болып, күйіп кеткен адал да аңғал, қайсар да батыл дала дауылпазы аспандағы ойға айтылғандай мерт болды. Өр қалпында, өр тұлғасы иілмей, ат үсті өлімді қарсы алды. Романның психологиялық мотивировкасы осы тұста айқын ашылған, құланның ажалы тәуелсіздік құрбаны, ерлік өлім.
Жоғарыдағы әсерлі ой үзіндісі, толғаныс үстінде айтылған сөз Ақанның Құлан - Кейкіні қайта тірілтіп, «дала көкжалымен» қайта табысқаннан кейінгі академиктің толғанысы. Ал, Құлан - Кейкідей батырын тірілткен Ақан туралы жүрекжарды ойы тіпті керемет.
«Ақан кешегі «Мен кесекті ердің сойымен, кескілеспей бір басылман...», Қарағай шаптым жампоздап, хан қарасын жоям деп, Жолбарысша жорыттым, етіне құлан тоям деп, жырлап өткен ер Махамбет сынды Кейкіні (Құланды) өз халқына тарихына тайға басқан таңбадай қайтып бере отырып, өзі де әдебиетімізде өзіне сәйкес орнықты орын алды»,- деп жазды жазушылар газетінде. Сөйтіп, Ақанның жазушылар арасында алар орнын анықтай көрсетті.
Ақан 35 жыл ғұмырында - найзағайдай ғұмырында өзінің басты шығармасы «Құланның ажалы» романынан басқа да ондаған әңгіме, повестер жазды. Өз замандастары туралы ақындық жүрекпен жазылған «Солай болған екен», «Аққу шоғыры», «Ор» повестерін, «Күзде ашылған гүл», «Ымырт», «Әке», «Айна көлдегі түн», «Жақсы апа» сынды көптеген әңгімелері қалды.
Ақанның артында көңілге медет ұрпақ қалды. Жазушының жұбайы Жібек жеңгей Роза, Тана, Әлен, Анар есімді ұл-қыздарын өсіріп отыр. Ақын шығармашылығына қамқор болып жүрген Қалихан Ысқақұлы. Әкім Тарази, Сайын Мұратбеков сынды қаламгер достары бар.
Осылардай жазушы достарының бірі Ақан шығармашылығы туралы былай деп жазады: «Ақан Нұрманов, сөз жоқ, талантты прозаик еді, оның творчестволық биігі «Құланның ажалы» романы болды. Бұл роман жөнінде біздің әдеби сынымызда аз айтылған жоқ. Сонымен қатар, Ақан Нұрманов қаламынан ттуған повесть, әңгімелер де кезінде жас оқырман назарын аударғанын білеміз. Ол, әрине, кездейсоқ құбылыс емес еді. Өйткені сол шығармаларда сол кездегі жастардың бейнесі бір сыдырғы әсерлі бейнеленеді деп қараймыз».
Жазушы О.Сәрсенбай Ақанның жалпы шығармашылығына, оның суреткерлік шеберлігіне, замандастары бейнесін жасаудағы табыстарына атап-атап жоғары баға берді. Заман тынысын беретін, әлеуметтік жағдайынан сыр шертетін әдеби мұра деп бағалайды. Кезінде Ақанның әдеби шығармашылығын көпшілік солай бағалаған да.
Жазушы Ақан Нұрмановтың артында өшпес мұра, өміршең де мәрт, сыршыл да сезімтал тұлғалар қалды. Тәуелсіз еліміздің жасампаз ұрпағын тәрбиелеуде жазушы шығармалары рухтандыра береді деп сенеміз. Өйткені, найзағай ғұмыр кешкен қаламгердің артында қалған шығармалар үні, автордың айтары соған саяды. Ақан аз жазса да, наз жазған қаламгер. Құлан – батыр, құралайды көзге атқан мерген, ең бастысы ел тәуелсіздігі жолында мерт болған көзсіз Ер. Оның бұл ерлігі тәуелсіз ел жастарын ынтымаққа, елдікті қорғауға үндейді. Автордың елжірей жазған өз замандастары да өміршең жандар. Демек, Ақан шығармашылығы өмірден өмсірге жалғасып жасай бермек, ұмытылмақ емес. Қорыта келгенде, көрнекті жазушы Ақан Нұрмановтың артында әдеби өміршең мол мұра қадырған қаламгер. Жазушы шығармаларының өн бойынан тарихи тұлғалармен өз замандастарының әр қилы тағдырлары мейлінше шынайы, мейлінше шынайы,мейлінше ыстық қалпымен оқырманын өзіне тартып тұрады,туған жері мен өскен елінің көркем суреті баурайды. Шымыр да сырлы сөздерімен оқырмандарына ой сала баяндайды,кейіпкерлерінің жан дүниесін нәзік сезіндіреді.
29-билет
1. ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы бір фантастикалық жанр – фэнтези әдебиет әлемінің есігін ашты. Аталған жанр біріншіден, әдеби ертегінің шекпенінен шыққандықтан пайда болу жолы да сан қилы, фэнтези кейде шындық өмірден қашып, миф пен аңыздарды қайыра ой елегінен өткізуге бағыт ұстанса, оның түп тамыры әдеби ертегі белгілі бір ұлт үшін сын сағаттар болған сәтті оны ертегілік образдар мен мотивтер арқылы таныта біледі; екіншіден, фэнтези жанрындағы туынды басқа жанрлардың мәтіндік бөлігі бола алмауымен әдеби ертегіден ерекшеленеді.
Енді осы фентези жанры турасында, оның қазір біржақты балалар жазушысы деп жүрген Т.Рымжанов шығармашылығына қатыстылығы жайында өз ойымызды білдіре кетейік. Біздің ғылыми топшауларымыз кейбір зерттеушілер тарапынан қарсылыққа ұшарау мүмкіндігін жоққа шығармай ойымызды дәлелдеуге көшейік.
Т.Рымжанов ертегілерінің фэнтезиге қатысты тұстарын біршама сөз еткізіміз келеді. Мысалға, «Зәйтүнқарлығаштың ерлігін» басы бүтін әдеби ертегіге жатқызатын болсақ, автордың қалған үш әдеби туындысы («Гүл Ағашы», «Күн перзенттері», «Ерден батыр») жайында бұлай дей алмаймыз. Аталған шығырмалар бойында әдеби ертегіге қарағанда фэнтезилік нышан-белгілер молынан ұшырасады.
Фэнтези (ағыл. fantasy – «фантазия») – мифологиялық және ертегілік мотивтерді пайдалануға негізделген фантастикалық әдебиет түрі. Заманалық әдебиет түрі ретінде XX ғасырда өмірге келді. Қазіргі деңгейіне жетуі үшін Джон Рональд Руэл Толкин ересен еңбек сіңірді. Оны кейбірде фэнтезидің әкесі деп атайды.
Фэнтези туындылары көбіне тарихи-шытырман оқиғалы туындыны еске түсіріп, ондағы іс-әрекет белгілі бір ұлттың бағзы баба дәуіріндегі, орта ғасырлардағы тыныс-тіршілігін танытатын ойдан шығарылған әлемде өтіп, бас кейіпкер құдай ерекше қылып жаратқан құбылыстар және мақұлықтармен аяусыз күреске түседі. Кейбірде фэнтези архетиптік сюжеттер негізіне құрылады. Осы қырынан алғанда Т.Рымжановтың кейбір ертегі-хикаяттары фэнтези жанрына жататындығын аңдаймыз.
Ғылыми фантастикаға қарағанда фэнтези іс-әрекет орын алып отырған әлемді ғылыми тұрғыдан түсіндіруге тырыспайды. Батыс фэнтезиінде оқиға өтетін әлем не параллельді әлемде, не басқа ғаламшарда орын алады. Ондай әлемде құдайлар, құшнаштар, мифтік мақұлықтар (айдаһар, гном, тролли) немесе басқа да фантастикалық мақұлықтар шынайы өмір сүреді. Олардың әдеби ертегіден өзгешелігі суреттелетін әлемнің дағдылы қалыбы деп танылып, табиғаттың бұлжымас заңдылығы деп қабылданады.
Енді біз фэнтези жанрының ерекшелігіне тоқтала кетейік.
Сонымен фэнтези жанрының қазіргі ТМД әдебиетіндегі өзіндік ерекшелігі қандай? Міне осы сұраққа қолда бар материалдар негізінде жауап іздеп көрелік.
Фантастика өнердегі әдіс-тәсіл ретінде есте жоқ ескі заманнан белгілі. Ол белгілі бір дәрежеде кез келген өнер түріне тән болып келеді. Әлем әдебиеті, оның ішінде қазақ әдебиеті алғашқы қауымдық мифтен қиял-ғажайып ертегіге, ертегі мен аңыздардан орта ғасырлық әдебиетке, одан кейінгі дәуір әдебиетіне дейінгі ұзақ жолды бастан кешті. Ақыр соңында ғылыми фантастика мен фэнтезидің күні туды. Қос жанр бірде қабаттаса дамып, бірде бір-бірімен астаса өркендеді. Бұл жанрлар руханияты дамыған барша елдердің әдебиетінде атаулары мен анықтамалары пайда болғанға дейін өмір сүріп келген еді. Өнертану мен әдебиеттану ғалымында олардың ара-жігін ашудың өзі оңайға түскен жоқ. Ғылыми фантастика турасында бәрі оңайлау болса да, фэнтези турасында олай дей алмаймыз. Ғылымда осы жанр турасында бір ізге түскен түсіндіру әлі өмірге келе қойған жоқ (Беренкова В.М. Жанр фэнтези как объект лингвистического исследования // Вестник Адыгейского государственного университета. Серия 2: Филология и искусствоведение. — 2009. — № 4. — С. 91.).
Фэнтезиге бет бұру қазіргі қазақ әдебиетінде енді-енді кең тарала бастаған құбылыс. Тіпті, реалист жазушы деп саналатын М.Мағауинның өзі – «Қыпшақ аруы» хикаятында осы жанрдың кейбір қағидаттарын басшылыққа алып, постмодернистік туынды жазып отыр.
Кеңестік кезеңде қазақ соцреализмінің идеологиялық жүйесі күйреуге ұшырай бастаған кезде ұлттық фэнтезидің алғашқы нышаны М.Дүйсеновтің, Б.Соқпақбаевтың, Р.Тоқтаровтың, Т.Рымжановтың т.б. белгілі қаламгерлердің туындыларында ұшыраса бастады. Ғылыми фантастика кеңестік режимге қызмет етсе, фэнтези бұған көнбеді. Өйткені, ол сана мен қисынға емес, сезім мен арманға арқа сүйегендіктен бейсанасыз болып келіп, ешбір идеологияның ырқына көнбейді. Сондықтан бұндай жанрға ескіні көздеушілік деген таңба басылып, аяқ басқан қаламгерлер билеуші топтың кәріне де ілікті.
Постмодернизм элменттерінің төл әдебиетімізге сыналап енуі бұл жанрдың бағын ашты. Оның мысалы ретінде Т.Рымжанов пен Р.Тоқтаровтардың туындыларын айта аламыз. Оған дейін қазақ фэнтезиі балалар әдебиетінің маскасын киіп, ғылыми фантасиканың шекпенін оранып жүрді. Тәукеңнің шығармасы жас балаларға емес, ақыл тоқтатын жасқа жеткен жеткіншектерге арналған. Сондықтан қаламгерді балалар жазушысы деген кезде ертегі әңгімелері мен ертегі хикаяттары арасындағы жас ерекшелігін ескеруге тиіспіз. Жазушының батыс пен орыс фэнтезишілерінен өзгешелігі барша ұлтқа ортақ болып табылатын коммерциялық шаблондарды қолданбайды, қайта өз қазағы ғана ұғынатын ұлттық нақыштар төңірегінде ой толғайды. Таза фэнтезилік үрдістің соңында біржола кетпей, қайта оны қазақ постмодернизміндегі дәстүрлі элемент ретінде талғап, таңдап қолданады.
Фэнтези жанры өзіне қаламгерлерді несімен қызықтырады? Бұның себебі авторлық фантазияға кең құлашты жол ашылады да, адамның ақылы жетпейтін элементтер әңгімелеу өзегіне айналады. Бірақ біз осыны теориялық жақтан айтқанымызбен, қазақ және әлем авторлары үшін оның өз шегі мен ережесінің бар екендігін естен шығармайық.
Бұл турасында тереңдеп сөз қозғауымыз үшін, ең әуелі фэнтезидің мәні мен анықтамасының басын ашып алуымыз керек. Қазіргі ТМД өнертануы мен әдебиеттануында ғылыми ортаға көптеген ой түйіндеулер ұсынылып отырса да, біз тек соның екеуін ғана келтіре кетуді жөн көрдік. Оның біріншісі – «Разновидность художественной литературы, определяемая комплексом (иногда минимальным) тех или иных признаков (элементов или качеств) содержания и формы» («Литературоведческим энциклопедическим словарем»). Екіншісі – «Исторически складывающийся тип литературного произведения… в теоретическом понятии о жанре обобщены черты, свойственные более или менее обширной группе произведений какой-либо эпохи, данной нации или мировой литературы вообще»(«Современным словарем-справочником по литературе»).
Көріп отырғандарыңыздай біз аудармай берген орыс тіліндегі екі анықтама бір-бірін теріске шығарып тұрған жоқ, қайта бір-бірін толықтырып тұр.
Әдебиеттану тарихында осы жанрға көптеген әдебиет теоретиктері жанрлық нышан-белгілерін толайым қамтитын әмбебап классификация жасауға тырысты. Күні бүгінге дейін олардың да, әлем әдебиеті мен әртүрлі әдеби бағыттардың да ұсынған түрлі жанрлық қағидаттары бірауыздылыққа бастап әкелмей отыр.
Бұлардың басын ашу үшін қазіргі ТМД әдебиетінде жанрлық қағидаттарға нені жатқызып жүргенін анықтап алайық. М. С. Каган классификациясы бойынша жанрлық қағидаттарға:
1)танымдық аспект (тақырыптық),
2) көлем (новелла, әңгіме, роман),
3) шығармашылықтың бағалау қыры (ода, элегия, комедия, трагедия),
4) фантазияның бой көрсету деңгейі,
5) образдылықтың тікелей және жанама мәні жатса;
М. Я. Поляков бойынша:
1)эстетикалық "жүйе" (трагедиялық, комикалық және т.с.с.),
2)композициялық жүйе,
3) тақырыптық жүйе (болмысты қамтуы),
4) стилистикалық жүйе делінеді.
Бұдан көріп отырғанымыздай, әр дәуір әлем әдебиетіне өз лебі мен өз қолтаңбасын қалдырып отырады.
Біз Т.Рымжанов шығармашылығы бойынша фэнтезиге ғана тән басқа жанрларда ұшыраспайтын нышан-белгілер турасында сөз қозғауға тырысып көрелік. Осы арқылы біз қазақ фэнтезиінің өзіндік ерекшелігін аңдай алатын боламыз.
Сонымен, фэнтези жанрлық нышан-белгілері:
1) біздің шындық болмысымызда болуы мүмкін емес қасиетке ие бұл дүниеде жоқ әлем.
Оған Т.Рымжановтағы «Шайтандардың жерасты жұмағы», жер астындағы жылан патшалығы, жер астындағы диюлар патшалығын т.с.с. қосамыз.
2)магия мен фольклорлық персонаждардың қажетті элемент ретінде қолданыс табуы;
3) авантюрлық сюжет (әдетте – іздеу, саяхаттау, соғыс т.с.с.).
4) технология мен сиқыршылық арасындағы жасырын қарсылық;
5)бірінші орынға қаһарманның іс-әрекеті мен көңіл-күйі қойлып, қиял-ғажайыптық пен ертегілік көмекшілік рөл ойнайды;
6) жақсылық пен жамандықтың арасындағы күрес негізгі сюжеттүзуші тін болғанымен, ертегідей тек қана жақсылыққа ғана басымдық бермей, таразының басын тең ұстайды. Еретегіде бәрі бақыттылықпен бітсе, фэнтезиде қайғы мен қуаныш аралас аяқталады. Мысалға, Естемір мен Ақгүлдің өлімі, Ла дию мен Сағымқыздың қосыла алмай арманда кетуін мысалға келтірсек жетіп жатыр.
7)өзге әлемнің болуы мен оның көрініс табуы. Мысалға Қарабектің Жұмақта болуы;
8)автордың толық еркіндігі: Т.Рымжанов шығармашылығында фэнтезидің ұшырасуының сюжеттің аяқ астынан өзгеріске ұшырап мүмкін еместің мүмкін болушылығы. Бұл әдеби ертегі жанрына жатқызып жүрген шығармалардың фэнтези екендігін теориялық тұрғыдан дәлдеп шығуға түрткі болатын басты нышан (Гоголева С.А. Влияние готического романа на жанр фэнтези и его роль в становлении жанра // Наука и образование. — 2007. — № 3. — С. 166.).
Осы арада екі бірдей бір-біріне ұқсас жағдайды өзара салыстырып көрейік. Тұтқынға түскен жан ғылыми фантастикада шындыққа жансымды жолмен қамақтан құтылса, Т.Рымжанов шығармаларындағы Бәдиғұл, Гүлбарша т.б. көптеген амал-тәсілдер арқылы сиқырдың күшінен азат етіледі.
Фэнтези жанры туралы әзірге дейін бірізге түскен айқын анықтама жоқ. Бір зерттеуші оның ауқымын кең қамтыса, енді бірі тар қамтып ой қозғауда. Бізге ұнайтыны Г. Гуревичтің фэнтезиді "ғылыми емес фантастика" деп атауы. Т.Рымжанов «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі» мен «Ерден батыр» ертегі-роман диалогиясындағы Ағдем ғұламаның тірлігі ғылыми түсінікке қарсылықта болып келіп, фэнтези жанрының қазақ әдебиетіндегі ішкі мүмкіндігін ашады.
Мен жоғарыда аталған 7 белгінің Т.Рымжанов туындыларында ұшырасуы негізінде мынаны айтқым келеді: қазақ фэнтезиі жоғарыда сөз етілген түрлі нышан-белгілердің қат-қабат араласуынан тұратын, басты мақсаты қазақ ескілігін дәріптеуге құрылған сюжетке арқа сүйейтін прозалық әдеби туынды. Орыс зерттеушісі Г. Нефагин фэнтезиге В. Пелевиннің "Омон-Ра", "Чапаев и Пустота", "Жизнь насекомых" бұрын басқа жанрға жатқылып келген шығармаларын еш жасқанбай қосуға болатындығын алға тартады. ТМД-дағы кейбір жазушылардың туындылары турасында әдебиет зерттеушісі Е. Ковтунда осындай ойда (Беренкова В.М. Жанр фэнтези как объект лингвистического исследования // Вестник Адыгейского государственного университета. Серия 2: Филология и искусствоведение. — 2009. — № 4. — С. 93.). Иә, қазақ әдебиетінде әдеби ертегі жанрына қатысты болашақта басын ашып алатын бір нәрсе осы. Фэнтезиге Т.Рымжановтың қай шығармасын жатқызамыз, қай туындысын жатқызбаймыз?
Фэнтезидің ғылыми фантастикамен қатысты турасында Чернышеваның ойын С.А. Гоголева өзінің (Другие миры: традиции и типология жанра фэнтези // Наука и образование. — 2006. — № 3. — С. 85.) мақаласында: "…НФ (научная фантастика) изображает возможное — возможные в будущем перемены, открытия, возможные в галактике миры и цивилизации, в то время как fantasy изображает нечто заведомо невозможное"-деп келтіре отырып, ойын ары қарай былайша өрбітеді: «во всяком случае, в нашем мире (эта оговорка не случайна, так как в свете постмодернистского восприятия мира все, что создано воображением автора, существует, ибо мир есть текст)».
Әдебиет зерттеушісі М. Галина екі әдеби жанрдың басын ашып көрсету өте қиын. Бірақ, шартты түрде айтар болсақ, ғылыми фантастика ғылми парадигмаға арқа сүйесе, фэнтези қосымша шарты ретінде магияны өзіне серік етеді деген ойды алға тартады (Неёлов Е.М. Еще раз о жанровой специфике фантастической литературы // Ученые записки Петрозаводского государственного университета. Серия: Общественные и гуманитарные науки. — 2008. — № 91. — С. 100). Фэнтезиді кейбірде ғылыми фантастиканың модификациясы деп оның құрамына кіргізсе, біз өз тарапымыздан Т.Рымжанов шығармашылығындағы әдеби ертегі мен ғылми фантастиканың синкретігінен туған жаңа жанр деген ой айтпақпыз.
Біз бұл жанр турасында өз әдебиетіндегі авторлардың шығармашылығы негізінде айтқан әдеби ертегі жанрына сорпасы қосылмайды деген ойларымен әлемдік деңгейде келіскенімізбен, ұлттық деңгейде өзгеше ой толғап, қазақ әдебиетіндегі ұлттық фэнтезиміздің христандық санадағы батыстық фэнтезиден өзгешелігіне орай авторлық позицияны танытатын және әр жазушыны бір-бірінен өзгешелеп тұратын алаштық миф пен бағзықазақтық ертегінің синтезі деген тоқтамға келеміз. Қазақ фэнтезинің басты нышаны – мифке бет бұру. Өйткені, Т.Рымжанов шығармашылғындағы миф әр түрлі болып келеді, бір миф жалпы қазақ түсіндегі ұғымды танытса, екіншісі ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып автор тарапынан өмірге келген жаңа мифтуындыгерлігін танытады.
Жоғарыдағы айтылған ойымызды одан ары сабақтайтын болсақ, ғылыми фантастика (ҒФ) мен фэнтези бір-бірінен көптеген ішкі шарттары бойынша өзгешеленеді. Бірі – болуы ешқашан мүмкін емес, әлем келбетін көз алдымызға әкелсе, екіншісі болашақта әйтеуір бір болып қалуы мүмкін ғалам келбетін сомдайды. Фэнтезиде бізден тысқары күштер іс-әрекет үстінде көрінеді. Мұндай сипат әлбетте ғылыми фантастикаға мүлдем жат. Фэнтези әлем келбетін адам танымастай өзгерте алады. Т.Рымжанов өз шығармаларында Күнді теріс шығарып, сиқырдың күшімен Гүлстан қаласын Өлі қалаға айналдырады. ҒФ сиқырға емес, технологияның дамуына арқа сүйеледі.
Осы екі әдеби жанрды індете зерттеуші Чернышеваның пікіріне ден қойсақ, ҒФ мүмкін болатын нәрсені дүниені сөз етсе, фэнтези өз кезегінде мүмкін емес дүниені қиял құсын шарықтатып мүмкін ете алады. Бұдан шығатыны ғылыми фантастика тылсым құбылыстардан сырғақтаса, фэнтези оны өзіне басты өзек етіп алады (Дьяконова Е.С. Конструирование единого пространства художественного аномального мира в произведениях жанра фэнтези // Вестник Иркутского государственного лингвистического университета. — 2008. — № 1. — С. 12.).
Сонымен фэнтезидің барша әлем әдебиетіне ортақ нышан-белгісі – біздің әлемде болмайтын дүниені сөз етулері болып табылады. Т.Рымжанов – ұлтық ерекшелігіміздің барша рухани-мәдени құндылықтарын сақтай отырып, өзінің біртұтас көркем әлемін фэнтези жанры бойынша өмірге әкелген жазушы.
Біз «Зәйтүнқарлығаштың ерлігінде» Шахат сиқыр мен Сұртырнақтың өлтірген жебенің құпиясын еш білмейміз. Оның қайдан шыққандығын тек осы туындының жалғасы «Ерден батырда» Табиғат патшаның сақалы екендігін, оның садақпен атылып, араға уақыт салынып, ұшып жүріп, Ерден Жаһұтқа оралғанда Ла диюды өлтіретіндігін білеміз.
Иә, Тәукең әлемі заманалық қазақ әдеби ертегісінен мүлдем өзгеше шындық өмірде мүлдем мүмкін емес дүниелер тылсым күш арқылы жүзеге асып жатады. Сонымен қаламгер өзінің басты мақсаты қаламымен өскелең ұрпаққа тәрбие беру екендігін жете сезіне отырып, шынайы өмірде болуы мүлде мүмкін емес дүниелерді дидактикалық кәдеге жарата біледі. Осыдан келіп, Т.Рымжанов фэнтезиінде кез келген фантастикалық элемент автор түсіндіруінсіз, шығарма тініне енгізіліп отырады. Өйткені фэнтези сиқырдың құпиясын ашуды керексінбейді. Өйткені, адамның табиғаты қашанда таңғажайыптыққа ынта танытып отырады емес пе!? Кейде сол құпияның мәнісі ашылмай тылсым күйінде қалғандығын қалайды. Құпия ашылғанда тылсым өзінің тылсымдық қасиетінен айырылып, қарапайым көп нәрсенің біріне айналады. Шақат сиқырдың қайдан шыққандығы мүлде құпия күйінде қалып, тек екінші кітапта ғана өз сырын ашады. Айта берсек, оқырманынан бүккен қаламгер құпиясы жетерлік.
Біз жазушының әдеби шығармаларының қайсысынада фэнтези басым, қайсысында әдеби ертегілік нышан басым соның негізінде қаламгердің екі жанрда да қалам тартқандығын дәлелдей білуіміз керек. Бұл арада біз соның алғашқы қадамын ғана жасап отырмыз.
Тәукең болмыс пен бейболмыс арасындағы межені бұзып, суреттейтін әлемінің шынайлығына өз оқырманын сендіре біледі. Осылайша жасөспірімдер қаламгер фэнтезиінің әлемді түйісінудің, бейнелеудің, ой елегінен өткізудің өзіндік бір жолы екендігін ұғынады. Жазушының бізге ұсынған ертегілік әлемі «ертегілік емес» әлемге айналып, бүгінгі күнгі қазақ қоғамының басты проблемалары астарланып, өткен күндердің оқиғаларымен астасады. Осылайша, автор біздің барша өзекті мәселелерімізді мифпен өрілте түсіндіріп, Естемір образы арқылы түрлі қырынан ұсынады. Осы шығармадағы Күннің теріс шығуы біздің бабалар дәстүрінен алыстай бастауымыз, тіпті кей жерде мүлдем керек етпеуімізді сездіреді. Бұл фентизидің тасында мені танып ал деп қылтиған біздің бүгінгі өміріміздің көлеңкелі жағы. Оның автор тарапынан тереңге жасырынғаны сондай, кез келген оқырман аңғара бермейді. Және батыстық фэнтезиден қазақ фэнтезиінің бір айырмашылығы фольклорға тән сөз саптау мәнерінен қол үзбеуі.
Фэнтези авантюралық романдардан көп нәрсені алды. Оның ішінде әсіресе сюжет құру мен айла-шарғыны. М. Бахтиннің "авантюралық" романдық уақыт туралы пікірін тірек етсек: "авантюрлық «уақыт жағдайы» дегеніміз иррационалдық күштердің адам өміріне араласатын арнайы шағы: тағдырдың жазуы,.. құдайлардың, әзәзілдердің, сиқыршылардың… романдық аярлардың араласуы", барша шексіз авантюралық уақыты бір ғана күш – кездейсоқтық билеп төсейді",-онда көптеген туындыларды сөзге келмей фэнтезиге жатқыза аламыз.
Қазір ТМД кеңістігіндегі әдебиеттанушы ғалымдар фэнтезидің көлеміне қатысты да дау туындатып жүр (Чепур E.A. Русская фэнтези: к проблеме типологии характеров // Проблемы истории, филологии, культуры. — 2008. — № 19. — С. 336.).
Әдеби ертегі бұрынғы фольклорлық ертегіде мүлде кездеспейтін авторлық таңғажайып әлемді өмірге әкелді. Ол әлем сол авторға дейін жазылған ешбір әдеби әлемге ұқсамайды. Бұны Чернышева «әдеби ертегідегі жаңа дәстүр» деп атайды. Т. Степновскаяның сөзіне кезек берсек, онда фэнтезидің өмірге келуі турасында: "Фэнтездің еркін қиялдың шарықтауы арқылы шындық өмірдегі барша заңдылықты бұзатын, мазмұн мен форманың бойына кез келген сиқыр мен таңғажайыпты ендіре алатын көркем әдебиеттің ерекше түрі ретінде өмірге келуінің бастау көзі миф пен ертегіде жатыр",-деп тұжырымдайды. Бұл арада ескеретін бір нәрсе «жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе жоғалмайды».
Мифте басты заң фатум мен жоғарғы күш. Ал, ертегінің қағидаты бұдан бөлектеу жақсылық жамандықтан қашанда үстем, бас қаһарман еш қиналмай жолындағы кедергінің бәрін жеңіп шыға алады. Ал ондағы зұлымдық тек жақсылықтың жеңіп шығуы үшін ғана қажет.
Фэнтези әлемді үлгілеп, ертегілік ауан шарттылануы экзистенция деңгейінде өзін жоғалтып алады. Басқаша айтар болсақ, ертегі фэнтезиге айналады сол кезде, қай кезде өзіне реалистік өмір нышанын таңдап алатын болса. Жақсылық пен жамандықтың арасалмағы теңесіп, әділетсіздік туындап, кездейсоқтық пен жазымыш пайда болады.
«Ай астындағы Айбаршада» бас кейіпкер Өлмес тек Қыран қарақшы арқылы дегеніне жетсе, Т.Рымжановтың «Күн перзенттерінде» Айбарша мен Гүлбарша және Қыран қарақшының фэнтезилік прототипі Хақзар Өлместің арқасында дегендеріне жетеді.
Бұрынғы қазақ әдеби ертегілері не әлемдік деңгейдегі әдеби ертегі емес, не фэнтези емес, осы жолдағы алғашқы талпынастар болды. Әдеби ертегінің де, фэнтезидің де бағын ашқан Т.Рымжанов болды. Оның шығармаларында тылсым (магия) мен тылсым емес бір-бірімен аяусыз күреседі.
Қазақ фэнтезиі ересектер әдебиетінде ғылыми фантастикамен араласып бой көтергенімен кең қолданыс таба алмады. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі бұл жанрдың ара-кідік ұшырасуы қаламгерлеріміздің шет ел фэнтези классиктері: Дж. Р. Р. Толкиен, Мэри Стюарт, Урсула Ле Гуин, Роджер Желязны, Майкл Муркок, Андрэ Нортон және басқаларымен орыс тілінде танысуынан деп білгеніміз жөн.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдары кеңестік әдебиетте фэнтезидің алғашқы үлгілері: Н. Ютановтың "Оборотень", Е. Хаецкийдің "Меч и радуга", С. Логиновтың алғашқы әңгімелері мен Т.Рымжанов туындыларында бой көрсетті.
Шет елде бұл жанр қарқынды дамуда. Енді осы жанрдың іргетасын кім қалағандығы турасында сөз ете кетейік. Қазіргі біз фэнтези деп санайтын туындының әкесі Роберт Говард өзінің 1936 жылы «Айдаһарлар ғасыры» туындысын өмірге әкелді. Жаңа жанрдың бас қаһарманы Киммерлік Конан болып, жаңа үрдіс әуелі genresword and sоrcery («қылыш пен сиқыр жанры») деп аталды. Осылайша, жаңа әдеби жанр өмірге жолдама алып, келесі жылы Дж. Р. Р. Толкиен "Хоббит, немесе Анда және кері" туындысын баспадан шығарды. Аталған қаламгер шынайы атақ-даңққа тек 1954 жылы «Шеңбер әміршісі» туындысынан кейін бөлене алды (Иванова Э. Создание вторичных миров: Дж.Р.Р.Толкин и жанр «фэнтези» // Искусство в школе. — 2008. — № 4. — С. 43.).
Христиан және ислам фэнтезиінің екі бөлек дүние екендігін ескеруге тиіспіз. Өйткені, фэнтезидің ілкі нышандары Шығыс әдебиетінде араб, үнді, қытай, жапон, түркі т.б. елдерде буддизм, брахманизм, ислам, алаш мифологиясы негізінде бұрыннан бар болатын.
Ал батыста готикалық, авантюралық, сал-серілік романдардың, "феялық ертегілердің" (fairy tales), аруақтар туралы әңгімелердің қоспасы ретінде фэнтези жеке жанр болып қалыптасты.
Бізде, яғни Шығыс әдебиетінде фэнтези бар, ол еуропалық ұғым-түсініктен мүлдем бөлек. Араб фэнтези, түркі фэнтезиіне ұқсамаса, жапон мен қытай фэнтезиі бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Ал, батыста бәрі бір дінде болғандықтан бір-біріне егіз қозыдай ұқсас болып келеді. Үш түрлі дінді ұстанып отырған шығыстың фэнтезиін әдебиеттану мен өнертану бойынша зерделегенде осы өлшенімді қаперде ұстауға тиіспіз.
Қазір батыс фэнтезиі толкиендік эпопеяны: ведьмак (А. Сапковский Польша), Жерорта тарихы, артур мифтері және ғаламтордағы «фанфикшендер» жазбаларымен толықтырып жалғастырып келеді. Ресейде толикендік бағыттағы Ник Перумовтың "Кольцо тьмы", Н. Васильеваның "Черная книга Арды" мен "Исповедь стража", К. Еськовтың "Последний кольценосец" т.б. шығармалары өмірге келді.
Біз батыс фэнтезиін бір ғана толкиендік үрдістің қазығына байлап қойсақ, ғылыми әділетсіздік жасаған болар еді. Еуропа ұлттары өз ескілігінің негізінде де фэнтези туғызып жатыр. Бұл салада орыстар мен поляктар славяндық мифтер негізінде мифологиялық фэнтезиді өмірге әкелуде.
Романтиктер өз дәуірінде ұлттық ертегілерін өңдеп, әдеби ертегі жанрын өмірге әкелсе, енді жаңа ғасырда қазақ қаламгерлері де өздерінің алаштық мифтерін өңдеп, фэнтези жанрын өмірге әкелді.
Осының бастау көзінде Т:Рымжановтың «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі», «Гүл Ағашы», «Күн перзенттері», «Ерден батыр» сынды төрт туындысы тұр.
Батыс мифологиялық фэнтезиі белгілі мифтер шеңберінен аса алмаса, Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде алаш мифологиясы С.Қоңдыбайдың арқасында жаңа сатыға көтеріліп, қаламгерлерімізге рухани азық болып жаңа шығармалар тудыруға мол мүмкіндік берді. Осы өліра сәтті өзінің шығармашылық кәдесіне жаратқан Т.Рымжанов болды.
2. Кемел Тоқаев Алматы облысының Қаратал ауданы Кәлпе ауылында 2-қазан күні дүниеге келген. Жиырмаға толар-толмас шағында Ұлы Отан соғысына аттанып, 226-атқыштар дивизиясында, кейінірек 1-гвардиялық танк полкінің құрамында Салинград, Белоруссия, Украина жерлерін азат етуға қатысқан. Майданда еі жарымға жыл шайқасқан ол оң аяғынан ауыр жарақат алып, ІІ топтағы мүгедек болып оралады елге. 1948 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетті бітірген соң Жамбыл облыстық газетінде қызмет етеді. Кейін Алматыға келіп, «Лениншіл жас», (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социолистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакцияларында жауапты қызмет атқарған. 1960-1970 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы болып істеген, 1980-1984 жж. Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.
Ендеше ғалым ағаның берген анықтамасы бойынша жазушы К.Тоқаевтың «Солдат қабырының басында» әңгімесін талдап, саралайық. Әңгімеде автор өзі баяншы функциясымен көрінеді. Бұл – оқиғаның басы. Өзінің бөлімшеге түнде келгенін, әрі қарай ондағы күзет жайында баяндайды және қасындағы серіктерінің бірі полк солдаттарының ішіндегі ең жасы Акимов жайында сипаттайды. Ол былай сипатталады: «Акимов полк солдаттарының ішіндегі кенжесі еді. Соғыста жүргеніне жылға тақаса да, он сегізге биыл толды. Комсомолға өтуге асығып, екі жылын артық жаздырса керек. Жайшылықта ермегіміз Акимов болатын. Көргені аз ғой, сөйтсе де былдырлап алып, сөзі таусылмайды. Айтатын сөзі мамасы: ала мысық пен екеуін қосақтап сабағанын айтқанда ішіек-сілесі қатқанша күледі. «Буфет үстінде варенье тұрған. Ала мысыққа: жейік пе десем, ол: «Мияу» дейді. Не де болса бірге көрейік деп кірісіп кеттік. Таяқты ақыры мен жедім де, антұрған ала мысық қашып, құтылып кетті!» деп әңгімесін аяқтайтын. Витя Акимов үй-ішін сағынып жүргенін сезетін едік...» [15, 280-б].
Бұл мінездеуде жазушы лириканы орынды жұмсай білген. Тура міздей отырып, Витя Акимовтың анасына деген шынайы сағынышын сезімталдықпен берген. Бұл жерде лирика деп отырғанымыз жеке адамның ішкі дүниесін албырттығымен, әсершіл сезімнің қалыптасып өзгеруімен, мұң-қиялымен, қайғы-қуанышымен ашып көрсету [14, 223-бет]. Сонымен қатар Акимовтың бейнесі еретгідегі Тазша баланың бейнесіне келеді. Әрдайым ақпейіл, әдемі сөздерімен соғыта жүдеп жүрген достарын бір қуантып қояды.
Оқиға Н. селосында өтеді. Неміс әскерін бақылауға алып жатқан кеңес әскерлері бір үйді паналап, ертең шабуыл бастамақ болады. Олардың әңгімелері, астыртын жасалған жоспарлары, үйдің ішіндегі әркеттері арқылы жазушы оқиғаны дамытып отырады. Оқиғаға Акимов, Петров, Маслов, Сүлейменов, Зайцев, Чирков, Андреев, Ибрагимов сынды кейіпкерлер қатысады. К.Тоқаев бұл кейіпкерлердің бәріне тура мінездеу бермеген, тек Витя Акимов пен Қасым Сүлейменовті ғана тура мінездеп, сыртқа келбеттеріне дейін суреттейді. Алған қалғандарына жанама мінездеу әдісін қолданған. Мысалы, Зайцевтің қызбалығын жолдасының айтқан сөзіне ерегісіп, анад-санда қолға түсетін темекінің қымбаттығына қарамай шайнап түкіріп, лақтырып тастауынан оның қызба мінез екеін байқатса, көбіне әңгімеге араласа бермеген Чирковтың ұйқысыз бақылаумен жатып, ақыры жайсыз нәрседен бірінші жол табуынан оның ақылды, нағыз дос екенін көреміз.
Алаңсыз жатқан жауынгер аяқ асты жайсыздыққа тап болып, мезгілсіз шабуылға ұшырайды. Оқиғаның нағыз шиленіскен шағы осы еді. Күтпеген қауіпке ұшыраған әскер, қысылтаяң жағдайға қалады. Мұның себебі, олар уақытша паналаған үйдің шатырында немістерде бұлардың қапысыз сәттерін күтіп жатқан болатын. Алғашқы жауған оқтың қайдан келіп қалғанын байқай алмай абдыраған әскердің бірнеше жауынгерлері жараланады. Олар: Зайцев, Петров, Акимов еді.
Шығарманың шешімінде жауынгерлер қатерден толықтай құтылады. Бірақ оған басты себепші, жас та болса Акимов немістер ракета атылған маңды снарядпен төпеп жатқанда, серіктерін арашалап алмақ үшін немістердің бүкіл тажал оғын өзіне алған болатын.
Шығарма аяғын қалай аяқтау керегін автор оқырманның өзіне қалдырған секілді. Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдатындағы» секілді оқиға басынан елді ду күлкіге қалдырып жүретін Абдолла секілді, күлкілі қылықтарымен оқырманға ерекше ыстық болып кететін Акимов ауыр жағдайға душар болады.
«Акимовты плащ-палаткаға салып, сүйретіп алдыңғы линиядан өттік. Күн шашырап шығып келеді. Ол көзін ашып, шышыраған таңғы сәулеге телміре қарап қарады.
Мені мамам сағынатын болды-ау!...»
Шығарма осылай аяқталады. Жап-жас болып ерлік көрсеткен, анасын
сағынып жүрген Витя Акимовты өлімге қимайсың. Жазушы білеулеп атып келе жатқан таңды суреттегенде Акимовтың көрер таңы әлі алда болса ғой деген ойға қаласың ерексіз.
Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)-қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытқан ақын. Тұманбай Молдағалиев1935 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келді. Әкесі Ұлы Отан соғысында қаза тауып, ол анасының тәрбиесінде өседі. Тұманбай 1951 жылы Есік қаласындағы мектепті, одан соң қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» (1957) аталған. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. Тұманбай Молдағалиев 1959-1970 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор, 1970-1973 жылдары «Балдырған» журналында жауарты хатшы, 1973-1984 жылдары «Жалын» альманағының бас редакторы, 1984-1986 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарды. Ол 1986 жылдан «Балдырған» журналының бас редакторы. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Тұманбай Молдағалиев- Қазақстан комсомолы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі-оның өлеңдері сезімге толы. Ақынның «Қош көктем», «Жаңа дәптер», «Жүрек ояу қашанда», «Махаббат оты сөнбейді», «Жүрегім менің сапарда», «Мен де жиырма жаста едім», «Жүректегі жазулар» т.б. жыр-жинақтарын жазды.
30-билет
Детективтік әдебиет (ағылшын. Detective – әйгілеу, әшкерелеу) – шытырман оқиғалы қылмысты істерді ашуға құрылған шығарма. Детективтік әдебиет сюжеті жұмбақ қылмыс салаларын логикалық пайымдаулар арқылы ашып көрсетуге арналады. Басты кейіпкер ретінде із кесуші заң қызметкерлері немесе тыңшы, барлаушылар мен қылмыскер алынып, алуан түрлі оқиғалар арқылы екі жақтың ашық та астыртын қақтығыстарынан соң қылмыс әшкереленеді. Детективтік әдебиеттің тууы американ жазушысы Э.По («Алтын күз», «Мария Роженің сыры» 1842-1843 ж-ж, «Ұрланған хат» 1844 ж.), ағылшын жазушысы У.Коллинз («Ақ киімді әйел», «Киелі тас» ) есімдерімен байланысты. Әйгілі Шерлок Холмс образын жасаған А.К.Дойл шығармашылығы детективтік әдебиетті жаңа белеске көтерді. Сонымен қатар бұл үлгідегі әдебиеттің айтулы шеберлері: А.Кристи, Ж.Сименон, қазақ әдебиетінде Қ.Исабаев («Ажал құрсауында», «Коменданттың жазбалары»), Қ.Тоқаев («Түнде атылған оқ», «Солдат қабірі басында») осы жанрда қалам тартқан. Жалпы детектив жанры Еуропада ХІХ ғасырда пайда болып, қазақ әдебиетіне ХХ ғасырда ғана келді. Қоғам талабынан туындаған бұл жанрдың басында әйгілі, дектектив жанрының хас шебері А.К.Дойл, «Шоколод қорабын» жазған А.Кристи, Ж.Сименон тұрсы, қазақ әдебиетінде «Ажал құрсауында», «Коменденттың жазбаларын» жазған Қ.Исабаев, «Түнде атылған оқ», «Солдат соғысқа кетті» повестерінің авторы К.Тоқаев тұр.
2. Қазіргі кезде Қазақстан қаламгерлерінің бір тобы өз шығармаларын орыс тілінде жазып жүргенін мәдениеттердің жақындасу процесінің белгісі деп қараймыз. Осы қатарда ауызға алдымен ілінетін - көрнекті жазушы, публицист, қоғам қайраткері, көптеген қызғылықты повестер мен романдардың авторы Әнуар Әлімжанов. Оның таңдаулы шығармалары тек қазақ әдебиетінің ғана емес, көп ұлтты совет әдебиетінің де дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ә.Әлімжанов туындылары елімізден тысқары жерлерде де кеңінен мәлім. Бұған мысалға автордың «Махамбеттің жебесі» романы неміс, француз, чех, словак, мадьяр, жапон, монғол тілдеріне аударылып басылғанын айтсақ та жеткілікті. Мұның өзі қазақ жазушысының шығармалары әлемдік әдебиет қазынасына қосылғандығын сипаттаса керек.
Ә.Әлімжановтың жазушылық тағдырының бірсыпыра ғибратты өзгешеліктері бар. Қаламгерлік сапарын елуінші жылдардың орта шенінде газет қызметінде бастаған автордың бүгінде атағын әлем таныған жазушылар санатына қосылуының сырын іздесек, бірнеше мәселені екшеп көрсеткен болар едік.
Соның бірі - Ә.Әлімжановтың кейде газет тапсырмасымен, қайсы кезде СССР Жазушылар одағының жолдамасымен көп елдерді аралап, олардың өмірімен, мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік алуы. Ол журналшы сипатында азаттық оты алаулаған Азияның, оянған Африканың, Европа мен алыс Американың бірталай мемлекетінде сапар шегеді, өз әсерлерін қолжазба, очерк, публицистикасында баян етеді. Ә.Әлімжановтың бүл туындылары қазақ әдебиетін шет ел тақырыбымен байытқан еді. Азия, Африка халықтарының арғы-бергі тарихындағы елеулі оқиғалар мен есімдер туралы жүйелі қалам тербеу кейіннен жазушының творчестволық өмірбаянындағы зор ерекшелікке айналды...
Келе-келе осы тақырыптар жазушыны табиғи түрде өз елінің де өткеніне көз салғызды. Оның «Күнге бет алған керуен», «Көгілдір таулар», «Отырардан жеткен сый» секілді татымды туындылары дәл осы мәселеге арналған. Автор бұл шығармаларында кең ойлайтын, парасаты биік, қызығулары мол, отаншыл мінезді Асқар, Жомарт сынды алдыңғы қатарлы замандастар бейнесін жасады. Бұл бейнелер өздерінің соны ойларымен, маңызды іс-әрекеттерімен қазақ әдебиетіне қосылған жаңалық болды.
Халықтың өткен өмірінің диалектикасын іздеу, оны бүгінгі озық ойлы замандастың көзімен бағалау Ә.Әлімжановты күрделі тарихи романдар жазуға алып келген. Қазірде бүкіл советтік әдебиетіміздің айтулы туындыларының қатарына қосылған «Махамбеттің жебесі», «Жаушы», «¥стаздың оралуы» романдарының әрқайсысы зор іздешстщ, ұзақ еңбектің нәтижесі болып туғанын көреміз. Ә.Әлімжановтың творчествосында әрбір белес болып табылатын бұл шығармаларға қысқаша тоқталмастан бұрын, осылардың бәріне ортақ кейбір өрнектерге көңіл аударуымыз ләзім.
Жазушы тарих материалын жеке жалаң пайдаланбайды. Оған өткеннің әңгімелері елдің бұрынғы шындығын қайта елестетіп көрсету үшін қажет. Ол көне заманның жақсылығы мен жамандығын бүгінгі қауымға биік дүниетаным тұрғысынан талғап таныстырады. Одан соң автор тарихтың ұшы-қиыры жоқ фактілер нөпірінен ел тағдырына із қалдырған ең елеулілерін, ілгершіл мәні бар қымбаттарын ғана екшеп алады, қазіргі адамның санасын, рухын байытарлық құбылыстарды іріктейді. Ақырында, ол қазақ тарихының оқиғаларын әлемдік дамудың, әлеуметтік, таптық қайшылықтары мен тартыстардың жалпы заңдылығынан жырақ алып қарамайды. Басқаша айтқанда, жазушы шығармаларында қайталанбас ұлттық өрнектермен қатар, күллі адамзат тарихына ортақ үндестіктер қоса қамтылады. Ә.Әлімжанов кітаптарының жаһандық арнада өз оқушысын тауып, олардың игілігіне айналып отыруының бас себебі осында.
Ә.Әлімжановтың қазақ тарихының мәселелеріне арналган романдарында халқымызды замандар бойында алуан сәтсіздіктер мен қорлықтарға душар етіп келген қырсық -елдің алтыбақан алауыздығы, ауылшылдық, рушылдық дерті екені зор қуатпен таңбаланады. Махамбет сынды батыр әрі ақынды дегеніне жеткізбей, арманда елтіргеннің де түп себебі санасы елдік биікке көтерілмеген, ұсақ, дүниеқоңыз пысықтардың пасық мінез, пиғылына қатысты екені көрінеді.
Суреткердің қырағылығы - әдеби қаһарман етіп алған ақын Махамбеттің өмірінде орын теппесе де, болуы мүмкін іс-әрекеттерді оның рухына, табиғатына сыйымды етіп алғандығы. Қаһарманды осылайша саналы түрде сомдап, бүкілхалықтық бірлік пен татулықтың жаршысы етіп көрсету сарыны - шығарманың басты сипаты. «Махамбеттің жебесін» қадірлі мүлік қатарына апаратын ізгі идеяның бірі - осы.
Бірлік, ынтымақ мәселесі «Жаушы» романында да алғы кезекке шыққан. Автор XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ елінің Жоңғар басқыншыларының астам зорлығына кіріптар болуының да себептері халықтың басы бірікпей, тозғындап жүруіне, хандардың дарынсыздығына, «Бас-басына би болған» әкімсымақ, мықтысымақтардың көбейіп кеткендігіне байланысты екенін орынды әңгімелейді. Романда ел басына түскен алмағайып ауыр күндерде әлгіндей сырт сәулеті ғана бар, іші нәрсіз басшылардың азаттық үшін күресті ұйымдастыруға мүлде дәрменсіз екендігі ашық бейнеленген. Қоғамның тірегі де, сәні де қарапайым бұқара халық екенін ұтымды көрсете алуы - «Жаушы» романының тартымды тұстарының бірі.
«Жаушы» романының тәрбиелік, танытқыштық мәні -өткенінің аса күрделі оқиғаларын шыншылдықпен қайта елестетіп, жұрттың алауыздығы - сор, бірлігі - жеңіс екендігін тарих тәжірибесімен тамаша дәлелдеп, талғам сабағын тартуында, ар-намыс жолында жан аямаған ардагер ерлердің нұрлы бейнесін жасауында.
«Ұстаздың оралуы» романында Ә.Әлімжанов сонау X ғасырда өмір кешкен кемеңгер жерлес ғалымымыз, кезінде «Шығыстың екінші ұстазы» атанған Әбунасыр әл-Фарабидің ғибратты өмірін сөз етеді. Адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы - надандық тұманын сейілту үшін, жамағатшылыққа ең адал, таза даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенген, өз басының тыныштығы мен бақытын осы мақсатқа құрбан еткен, ғажайып ғалым әл-Фарабидің өшпес онегесін айту әрі ауыр, әрі құрметті міндет еді. Бір халықтың емес, барша халықтың алдына білім шырағын жаққан, артына таусылмас мол рухани байлық қалдырған әл-Фарабидің жарқын тұлғасы романда үлгі аларлық болып шыққан.
«Ұстаздың оралуы» өзінщ тақырыбы, жанры және идеялық көркемдік шешімдері жағынан бүкіл совет әдебиетіндегі салдарлы туындылар легіне қосылады.
Бұл көрсетілгеңдерден Ә.Әлімжановтың қазақ әдебиетіне өз тақырыбымен, өзіндік мұрат биігімен келгені, осы қасиеттерімен ол көркемдік дамуымызға сонылық қосқаны танылса керек. Бейнелеп сөйлесек, қазақ елінің өткендегі тағдыры, шытырман жолы, қуаныштары мен өкініштері жазушының бас тақырыбына айналған деуге болады. Туған елдің өткендегі бұралаң жолдарын бүкіл аумағымен алып көрсету, ол кұбылыстарды әлемдік даму зандылықтары мұнарасынан қарап бағалау қаламгерге мол творчестволық еркіндік, шабытына ұшқыр қанат, мақсатына мәнділік берген. Мұның бәрі оның қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын, өзіне ғана тән дара да сара соқпақ табуына, әрбір шығармасында-ақ отандастар ойын нәрлендірерлік тың шешім іздеуіне жәрдемдеседі.
Ә.Әлімжановтың коғамдық қызметі де жазушылық тәжірибесімен сабақтас. Ол соңғы он шақты жыл ішінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші секретары бола жүріп, Азия, Африка жазушылары ынтымағы жұмысына қызу ат салысты. Осы қос құрлық қаламгерлерінің бірлесуіне бағытталған бастамалар мен нақты іс-әрекеттерді ұйымдастырушылардың бірі болды. 1973 жылы Алматыда өткен Азия, Африка жазушыларының конференциясына бастан-аяқ жетекшілік етушінің бірі Ә.Әлімжанов екені әмбеге белгілі. Ол халықаралық прогресшіл жазушылар ынтымағын күшейтуге көзделген елеулі шаралардың, жиындардың бел ортасында жүргенін байқамау мүмкін емес. Бұл күнде жер шары жазушы жұртшылығы Ә.Әлімжановты халықаралық әдеби қозғалыстың танылған, ысылған қайраткерлерінің бірі деп санайды. Ол Азия және Африка жазушыларымен байланыстың советтік комитеті председателінің орынбасары, әрі СССР Жазушылар одағы басқармасының секретары.
Біз жазушының публицистикалық мақалаларының да өте актуальды болып отыратынын айтуымыз керек. Ежелгі қазақ қаласы Отырар, энциклопедияшы ғалым әл-Фараби мұрасы басқа да бағалы ескерткіштер, ертеден келе жатқан диқаншылық мәдениеті жайында оның өткір, батыл пайымдаулары халқымыздың рухани бейнесін басқа елдерге неғұрлым әділ түсіндіруге көмектеседі.
Жазушының Туындылары әр кезде-ақ жұртшылық ілтипатына ілініп, тиісті бағасын алып отырған. Мәселен, оған «Күнге бет алған керуен» повесі үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді, ал «Когілдір таулар» кітабы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Отырардан жеткен сый» және Азия, Африка елдеріне арналған басқа да шығармалары үшін қаламгерге Дж. Неру атындағы сыйлық берілгені де белгілі.
3. Махаббат – ұлы сезім. Ол бір ғасырдың ауқымында ғана жырланып, заман өзгерісіне байланысты маңызын жояр тақырып деуге болмайды. Кезінде Сәкендер жырлаған «Советстанның» бүгінгі таңда «қаймағынан» қағылуы, керісінше, сол Сәкеннің махаббат тақырыбын қозғайтын «Аққудың айырылуы» әлі күні актуалдығын жоймағаны бұған дәлел.
Мәңгі тақырып- махаббат– Жұматай лирикасының шыңы. Жұматайдың жүрек толғанысынан туған Ләйләсына арнаған өлеңдер топтамасы бір төбедей. Топтамадағы жеке өлеңдердің әрқайсысы соны тіркестерімен, ғажайып көркемдігімен бір-бірінен дараланып тұрады. Ақын Ләйләға деген сезімі мен сезімнен туған теперішін әрқилы суреттейді. Бірде:
Көк орман, орман айнала,
Тек алтын, алтын аңсары.
Талай күн қаңғып тайгада,
Талапты ер әбден шаршады,-
деп көңіл-күйін мыңғырған тайга көрінісімен береді.
Бір байқағанымыз, Ләйләға арнаған өлеңдерінің біршамасы махаббатқа бас иіп, сезімді мойындаумен қатар, наз, мұң шағу түрінде келеді. Және мұндай өлеңнің алғашқы шумақтары ақын басындағы күйді қозғайды да, соңғы шумағы Ләйләға қаратыла айтылады. Мәселен, «Өзі жайлы ойланғасын туғалы...» деп басталатын өлеңінде ақын өмірдің өткінші екенін, жар астынынан күндердің күнінде өлім де жүзін көрсетерін түсінеді. Мен өлген соң мені кім жоқтар? Мені кім іздер?-деген сауал қояды. Ақын өлімнен қорықпайды. Ақын жауапсыз осы сауалдардан шошиды. Соңғы шумақта ойын түйіндеп, мынадай «жауап» табады:
Кетер күнім... Келер, кетер ол дағы,
Бір қаралы шеру шығар жолға әлі.
Сол бір кезде жан баласы жыламай,
Ләйлі, жалғыз сен өксісең болғаны.
Ақын осы өлеңінде «көз» лексемасына қызықты эпитеттерді тіркестіріп, көркем дүние туғызады. Мысалы: қара алмас көзді, қара көз, менмендеу қара көзді, киелі қара көзді т.б.
Сонымен қатар, бұла өскен, күн мінез, кері қас, құм сағат бел т.б. эпитеттері ұшырасады.
Жұматай теңеулері де соны, ерекше. Мысалы: ханшадай, қара оқа құсап, жанары күндей, арда емген ахалтеке құлынындай, жүректің жықпыл орманындай, шекесіне жебе тиген жандайын, апиыны ада болған бәңгідей.
Ақын метафоралары да өте күрделі. Мысалы: асқақтау жердің маралы, ақ кітапсың екі мың жыл тудырған т.б.
Сонымен, Жұматай өмірдің сыйы – махаббатты шабыттана жырлайды. Ал музасы – Ләйліні құмарлана суреттейді. «Аузынан алқызыл гүл төгілген» Ләйліге өлеңінен ескерткіш орнатады. Тек:
Сонша саған не қылдым?
Менің Иран-бағымның алмасын да, гүлін де
Айдың да аман күнінде
Желге ұшырттың – ұрлаттың,
Не жазып ем, қымбаттым?-
деп жүрегі жаралы қалпында қала береді. Бұл күйін де ақын түрлі теңеулерді тіркестіре отырып, шебер көрсете біледі:
Шекесіне жебе тиген жандайын
Шығып тұрып солқылдайды маңдайым.
Апиыны ада болған бәңгідей,
Миым мең-зең, дем сезбейді таңдайым.
Ғашықтық дерті жанын жегідей жеп лирикалық кейіпкерді сергелдеңге салады.
