Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеттин жауаптары.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
572 Кб
Скачать
☆
  1. 1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр

Эпистолярлық Әдебиет, эпистолография (грек. epіstole – жолдау, хат) – хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке ірі қоғам қайраткерлерінің өзара жазысқан, тарихи мәні бар, әдеби мұраға айналған хаттары жатады. Эпистолярлық әдебиет жанр ретінде көне дәуірден басталады.Цицеронның, Горацийдің, Сенеканың хаттары эпистолярлық публицистиканың негізін қалады. Кейін хатпен жазылған роман пайда болды. Мыс., орыс жазушысы Н.М. Карамзиннің “Орыс саяхатшысының хаттары” (1789 – 1792) – Эпистолярлық әдебиеттің тамаша үлгісі. Қазақ әдебиетінде Ш.Уәлиханов пенЫ.Алтынсариннің орыс достарына, Абайдың өз туыстарына жазған хаттары – эпистолярлық қымбат мұра. Эпистолярлық әдебиет 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты халық поэзиясынан кең көрініс тапты (Құбаша ақынның Әбдірахман Иманқұлұлына жазған хаты”, т.б.). Бұл жыр-хаттар ақ патшаның бұйрығына наразылық, ыза-кек білдіріп, тікелей көтеріліске шығуға, Амангелді Иманов бастаған топқа қосылуға үндейді. Майданнан жазылған хаттарда жауыздық пен әділетсіздікке қарсылық білдірсе, майданға жазылған хаттарда ел-жұрттың сағыныш сезімі, амандық-саулық баяндалады. Эпистолярлық әдебиет кеңестік дәуірде кең өріс алып, айрықша дамыды. (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б.). 1916 жылғы сәлем хат жырлары 2-дүниежүзілік соғысы жылдарында туған Эпистолярлық әдебиетке келіп жалғасты. Бұл кезде жазылған хаттарда патриотизм, Отанды қанқұйлы жаудан қорғап қалу, дұшпанға деген өшпенділік сезімі басым. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Қ.Аманжолов, т.б. жазысқан хаттар Эпистолярлық әдебиеттің көрнекті үлгілері болып табылады.Эпистолярлық мұраның әдебиет зерттеушілері, тарихшылар, мұрағат қызметкерлері назарынан тыс қалмағандығын көптеген басылымдар да айғақтайды. Б. Бұлқышев [6], М. Әуезов [7], М. Шоқай [8], І. Омаров [9] және т. б. қазақтың нарқасқа тұлғаларының эпистолярлық мұрасы арнаулы жинаққа топтастырылып, түсініктемелерімен, алғысөздермен жан-жақты ғылыми анықтамалық аппараттармен жабдықталып жарияланып та үлгерді. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының құжаттары негізінде дайындалған, С. Байжановтың басшылығымен жарық көрген екі ктітаптан тұратын «Алаш мирас» жинағында Б. Момышұлы мен Е. Исмаиловтың өзара жазысқан хаттары тұңғыш рет ғылыми айналысқа енгізілген болатын.

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданнан ата-анасына, туыстарына жауынгерлер жиі хат жолдайтын еді. 1980-90 жылдары «Майданнан жазылған хаттар» деген жауынгерлердің жазған хаттары кітап болып шыққаны осының айқын дәлелі болса керек. Ілияс Омаровтың Жұбан Молдағалиевке жазған хатында оның өлеңдері мен поэмаларын оқып, жоғары бағалағанын әңгімелей келе сөз арасында «Мен қазақпын» поэмасын қолжазбасынан оқығанын да айтып өтіпті. Сірә, Жұбан Молдағалиев бұл дастанды ұлтшылдық дегендей жала жабылады-ау деген күдікпен әуелі Ілиясқа оқытқан. Ал, Ілияс өз кезегінде мұндай жаланың орынсыз болатынын айтып, бұл Кезінде Әнуар Әлімжановты қазаққа да, бүкіл одаққа да аса талантты қаламгер деп таныстырып дәлелдеген Ілияс Омаров екенін қазіргі ұрпақ біле бермесе керек. Әнуар Әлімжановтың «Көгілдір таулар» повесін Ілияс Омаровтың жан-жақты сараптап талдауының өзіндік мәні бар. Осы шығарма арқылы қазақтың өркениеті көне Отырар қаласында қалай гүлденгенін шығарманы талдау арқылы құлшына баяндаған. Мұнда қазақ халқы жабайы емес, терең тарихы бар, мәдениеті ежелден қалыптасқанын ұғындырып, ұлттың рухын ояту, қазақтың дұшпандарына қарсы тұра білудің жолын нұсқау Ілиястың мақсаты болғанға ұқсайды.