Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кадр билет отвв.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆

1.Кәсіпорынның кадрлық саясаты

Кәсіпорынның кадрлық саясаты дегеніміз кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасын өзгеруін байқап отыратын, жауапты және жоғарғы өнімді коллективті жасау мақсаты бар, әр түрлі қызмет түрлерін біріктіретін қызметкерлермен жұмыс жасау жүйесі.

Кадрлық саясаттың құрылуының қажетті негізгі шарттары:

  • кадрлық саясаттың қоғамдық және құқықтық нормаларға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына сәйкес келуі;

  • адамды технологиялық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық, демографиялық және басқа да даму аспектілерімен бірегей қарастыру, яғни, дамудың мақсаты және құралы ретінде қарастыру;

  • жоспарлаудың горизонт уақытын есепке алу;

  • кадрлық саясаттың стратегилық және ағымдық мақсаттарының, сонымен қатар оған жету құралдарының еңгізілуі;

  • кадрлық саясаттың жұмысшылардың жауапкершілігінің және мансапқа /карьера/ ынталандыруға баланс жасау.

Кадрлық саясаттың негізін құратын, алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың нәтижесінен бірнеше принциптер бар. Оларға жататыңдар:

  • басқару демократизмі, осыған байданысты бірігіп жұмыс жасауға дайындық;

  • жеке адамдардың білімі және олардың тұтынуы, сонымен қатар әлеуметтің топтардың және индивидтердің қызығушылығын есепке алу;

  • әділеттілік, теңдік және бірізділікті сақтау;

Кадрлық саясаттың негізгі мақсаты кәсіпорындардың стратегиясын іске асыруына тиімді үлес кіргізу және қоғам мен кәсіпорын алдында қызмерткерлерге әлеуметтік жауапкершіліктерді дағдыландыру. Кадрлық саясатты іске асыру құралы — персоналды басқару болып табылады. Персоналды басқару дегеніміз жұмыс берушілер мен жалға алынған жұмысшылардың арасындағы сенімді, әлеуметтік серіктестікті, кәсіпорындағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуын қамтамасыз ететін менеджменттің басты бөлімі.

2.Кадрларды жинақтау және қабылдау

Жұмысшы күшін жинақтау келешек өзгерістерді (зейнеткерлікке шығу, контракт (келісімшарт) мерзімінің аяқталуы, өндірістік іс әрскет бағыттарының өзгеруі және оларда қызмет жасайтын кадрлардың қысқаруы және т.б.) ескере отырып, барлық жұмыс орындарына үміткерлерді дайындаумен түсіндіріледі. Кәсіпорынның барлық еңбек ресурстары, кәсібі, мамандығы, біліктілік деңгейі бойынша бөлуге болады. Кәсіпорында жұмыс істеу және дамыту үшін стреске төзімді кадрларды таңдау өте маңызды. Кәсіпорында кадрларды реттеу мақсатында ең басты сұрақтарға жауап береді: 1) кәсіпорынға келген үміткер не істеу керек? 2) жұмысты табысты орындау үшін қандай қасиеттері болуы қажет? 3) кәсіпорынға келген қызметкерлердің жұмысқа деген қызығушылығы барма? Кәсіпорында жұмысқа қабылдау процесі келесі кезеңдерден тұрады: 1. бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды бекіту; 2. үміткерлерді іріктеп алу; 3.үміткерлерді сұрыптап алу; 4.кадрларды жұмысқа қабылдап, кәсіпорынның регламентін таныстыру. Кәсіпорында жұмысқа қабылдау процесі келесі кезеңдерден тұрады: бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды бекіту; үміткерлерді іріктеп алу; үміткерлерді сұрыптап алу; кадрларды жұмысқа қабылдап, кәсіпорыннң регламентімен таныстыру.