Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кадр билет отвв.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆

3.Кадрларды жинақтау және қабылдау

Кәсіпорынның барлық еңбек ресурстары, кәсібі, мамандығы, біліктілік деңгейі бойынша бөлуге болады. Кәсіпорында жұмыс істеу және дамыту үшін стреске төзімді кадрларды таңдау өте маңызды. Кәсіпорында кадрларды реттеу мақсатында ең басты сұрақтарға жауап береді: 1) кәсіпорынға келген үміткер не істеу керек? 2) жұмысты табысты орындау үшін қандай қасиеттері болуы қажет? 3) кәсіпорынға келген қызметкерлердің жұмысқа деген қызығушылығы барма? Кәсіпорында жұмысқа қабылдау процесі келесі кезеңдерден тұрады: 1. бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды бекіту; 2. үміткерлерді іріктеп алу; 3.үміткерлерді сұрыптап алу; 4.кадрларды жұмысқа қабылдап, кәсіпорынның регламентін таныстыру. Кәсіпорында жұмысқа қабылдау процесі келесі кезеңдерден тұрады: бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды бекіту; үміткерлерді іріктеп алу; үміткерлерді сұрыптап алу; кадрларды жұмысқа қабылдап, кәсіпорыннң регламентімен таныстыру.

№ 5 емтихан билеті

1.Персоналды бағалау әдістері

2.Кадр бөлімінің атқаратын міндеті мен маңызы

3.Кәсіпорында іскерлік мансапты дамыту және жоспарлау

1.Персоналды бағалау әдістері

1.Персоналды бағалау - ұйым қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін ұйымдастыра білудің тиімділігі мен ұйым мақсаттарын орындауды анықтайтын процесс. Ұйымда персоналды дер уақытында бағалап отырса, онда әрбір жұмыскер комиссияның әділ бағасымен анықталған өзінің жұмыс нәтижесін біліп отырған болар еді. Ал жетекшілер болса бағалаудың нәтижесіне сүейене тырып, оларды тиімді пайдаланып алдағы уақытта одан да жақсырақ басқаруға мүмкіндік алар еді. Персоналды бағалау үшін ең алдымен оның мәселелерін, мақсатын, әдістерін және т,б, білулері қажет. Әр персоналды жеке бағалаудың мәселесі мына қызметтерді дұрыс шешу: марапаттаудың мөлшерін дұрыс анықтау, себебі, әділ бағалау барысында ғана жұмыскерлердің жетістігіне сай еңбекақы төленеді; басқару, себебі, соынң көмегімен қызметкерлерге жетістігіне сай жұмыс орнын ұсынуға болады; персоналды дамыту, қызметкерлерді тиімді пайдалану, еңбек мотивациясы, себебі, ол жетістіктерді жоғарлатуға бағытталған қызметкерлердің саналы іс әрекетінің импульсі.

2.Кадр бөлімінің атқаратын міндеті мен маңызы

Өндірістің барлық жүйесінде, барлық буындарда басқаруды кадрлар жүзеге асырады. Кадр жұмысы дегеніміз кадр саясатының мақсаттары мен принциптерін жүзеге асырады. Кадрлармен жұмыс істеу жүйесіне кадрларды даярлау орналастыру пайдалану мамандығын, жетілдіру орын ауысуын жоспарлау және резерв құру, аттестациялау, іскерлікпен жұмыс істеуді қамтамасыз ету және т.б. жатады. Кадрлардың жоспарлау процесін бірізді қадамдар сериясынан тұрады: 1. жұмыс күшіне деген қажеттілік жоспарлау; 2.жұмыс күшін тарту және босатуды жоспарлау; 3. кадрлар біліктілігін жетілдіруді жоспарлау; 4. кадрды пайдалануды жоспарлау; 5.кадрлық құрамды сақтауды жоспарлау және ол туралы қамқорлық; 6. кадрлық қызметтер шешетін міндеттің барлық кешенін іске асыру шығындарын жоспарлау.

3.Кәсіпорында іскерлік мансапты дамыту және жоспарлау

Мансап бұл адамның өз еңбегі жайлы ұғыну бейнесі өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және іс-әрекетіне қанағаттандық білдіру әсерлері. Бұл қызметтік сатыда адам өз-өзін көрсете білсе жоғарлайды. Сонымен қатар әр адам өмірде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді. Мансаптың 2 түрі болады: 1. кәсіби мансап; 2.ұйым ішіндегі мансап. Кәсіби мансап нақты қызметтің өзі кәсіби іс-әрекетінің процесінде дамудың әртүрлі кезеңдерінен өтетіндігінен сипатталады: оқу, жұмысқа тұру, кәсіби өсу, жеке қабілеттіліктерді қолдау, зейнеткерлікке шығу. Ұйым ішіндегі мансап 3 бағытта орындалады: 1) тік түрінде - бұл әкімшіліктің жоғарғы сатысына көтерілу; 2)көлденең түрде- бұл жұмыстың түрі басқа салаға ауысуына байланысты; 3) орталыққа ұмтылу - бұл қызметкер үшін тартыс б.т. ұйым жетекшілігіне биліктің ортасына жылжу. Мансапты жоспарлау оны дамытудың мақсатымен оған жетуге алып баратын жолдарын анықтаудан тұрады. Мансапты жоспарлаумен орындаудың басты мәселесі кәсіби және ұйым ішіндегі мансаптармен қамтамасыз ету б.т.

№ 6 емтихан билеті