- •1.Кәсіпорынды кадрлармен қамтамасыз ету
- •2. .Басқару қызметiнiң этикасы мен мәдениетi
- •3.Персоналды басқарудың мақсаттары мен әдістері
- •1.Персоналды оқыту процесі
- •2.Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •3.Персоналды басқару жүйесінің құрылымы
- •1.Персоналды басқарудың негіздері
- •2.Аттестация түрлері және мәні
- •1.Кадрларды ынталандыру механизмі
- •2.Іріктеудің тәсілдері мен әдістері
- •3.Кадрлардың қызметі және оның қызмет етуіне қойылатын талаптар
- •3.Кадрларды жинақтау және қабылдау
- •1.Персоналды бағалау әдістері
- •2.Кадр бөлімінің атқаратын міндеті мен маңызы
- •3.Кәсіпорында іскерлік мансапты дамыту және жоспарлау
- •Басқару қызметiнiң этикасы мен мәдениетi
- •1.Персоналды дамытудың әдістері
- •2.Кадрларды дайындаудың жапондық жүйесінің ерекшеліктері.
- •3.Басқару қызметiнiң этикасы мен мәдениетi.
- •1.Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •2.Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау
- •3.Адам қызметiн басқару және топты басқару
- •1.Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •2.Кәсіпорынның кадрлық саясаты
- •3.Іріктеудің тәсілдері мен әдістері
- •1.Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •2.Кадрларды ынталандыру механизмі
- •3.Персоналды дамытудың әдістері
- •Басқару қызметiнiң этикасы мен мәдениетi
- •Персоналды басқарудың мақсаттары мен әдістері
- •1.Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау
- •2.Басқару қызметiнiң этикасы мен мәдениетi
- •3.Персоналды басқарудың мақсаттары мен әдістері
- •1.Іскерлік мансап түрлері
- •2.Персоналды дамытудың әдістері
- •3.Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •1.Персоналды басқарудың негіздері
- •2.Кадрларды жинақтау және қабылдау
- •3.Персоналды бағалау әдістері
- •1.Кадр бөлімінің атақаратын міндеті мен маңызы
- •2.Персоналды дамытудың әдістері
- •3.Адам қызметiн басқару және топты басқару
- •1.Кәсіпорынның кадрлық саясаты
- •2.Кадрларды жинақтау және қабылдау
- •3.Персоналды басқару жүйесінің құрылымы
- •1.Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •2.Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау
- •3.Персоналды басқару жүйесінің құрылымы
- •1.Ұйымда кадрларды іріктеу процесі және оның сипаттамасы
- •2.Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •3.Іріктеудің тәсілдері мен әдістері
3.Персоналды басқару жүйесінің құрылымы
Персоналды басқару – іс-әрекеттің функционалды ортасы, оның мәселесі – кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады. Ең жоғарғы мақсат – персоналды басқару жүйесіндегі кәсіпорынның таза табысы адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін өндірісте қанағаттандыру болып табылады. Персоналды басқару жүйесі персоналдарды басқару мақсаттарынның, функцияларының, ұйымдастырушылық құрылымның қалыптасуларынан, басқарушылық шешімдерді негіздеу, өңдеу, қабылдау және орындау процестерінде мамандар мен жетекшілердің тігінен және көлденеңінен функционалды өзара байланыстардың қалыптасуынан тұрады. Персоналды басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйе ұйымның персоналын басқару жүйесі деп аталады.
Ұйымның персоналын басқару жүйесі жалпы және сызықтық басқарудың кіші жүйелерінен, сонымен қатар, бірыңғай функцияларды орындауға мамандандырылған бірқатар функционалды кіші жүйелерден тұрады. Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын құру процесіндегі маңызды кезең – оның кіші жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімділігі, материалдық негізі нақты белгіленуі қажет. Құрылымдық байланыстың төрт түрін бөліп көрсетуге болады: сызықтық бағыну (тікелей әкімшілік жасау); функционалды жетекшілік ету (әдістемелікпен қамтамасыз ету, басқа бөлімшелерге кеңес беру); бірге қызмет атқару (жұмыстарды бірге атқару); функционалды қызмет көрсету (шешімдерді қабылдау процесін қамтамасыз етуде көршілес бөлімшелердің ақпараттарды дайындауы немесе басқа да жұмыстар). Персоналды басқару жүйесі келесі негізгі элементтерді қамтиды: басқару аппаратының мамандар тобын; басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін; персоналды басқару үшін қажетті ақпараттар негізін; еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқарудың тәсілдері мен әдістемелерінің жиынтығын; құқықтық негізін; персоналды басқару мәселелерін шешудегі ақпараттық процестерді басқарудың бағдарламалар жиынтығын.
№ 15 емтихан билеті
Басшылық: билiк пен жеке ықпал
Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау
Персоналды басқару жүйесінің құрылымы
1.Басшылық: билiк пен жеке ықпал
Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру. Басшылық тәсідері.Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады. Түсіндіріп тарату – ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден адамдармен өз еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсенділік көрсетеді. Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі. Басшы не болмаса менеджер – іс-қызметтің жасалуын басқа біреулер арқылы қамтамасыз етеді. Олардың жұмыстағы жетістіктері олардың нақты іс-қызметтерімен емес, керісінше адамдарда сезім, ынта жігер көзін оята алатын қабілеттермен бағаланады. Басшының мақсаты адамдарға олар жұмыстарды (тапсырылған) орындайтындай ықпал жасау. Бұл қызметі орындау үшін басшыға ресми өкілеттік пен бірге билік қажет болады. Билік – бұл басшыларға (олардың іс-қимылдарына) ықпал жасау мүмкіндігі. Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-псхологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік т.б. болып саналады. Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындалуына ықпал ету. Басшы еңбегін таңдауға түрткі болатын ықпалдар төменгі кестеде келтірілген. Осы қызметтің орындау үшін оның өзінің формальды өкілеттілігі мен қоса билігі болған қажет.
Билік – бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.
Басшы еңбегін таңдауға түрткі болатын ықпалдар (А. Эрлих бойынша)
Экономикалық ықпалдар
Беделдік формальды отрибуттарына ие болуға тырысатын ықпалдар (жеке жұмыс кабинеті, сәнді мебелдер, телефон, көмекшілер, автомашина, т.б.)
Қоғамдық ықпалдар – мұның мәнісі оның формальды отрибуттарына ғана емес, “қоғамның тануына ие болуына” тырысу, қоғамға пайда келтіретініне сезіну.
Творчестволық ықпал және ой өрісін дамытуға тырысу – бұл жаңа проблеммаларды шешуге жаңаша жұмыс істеуге ұмтылу.
Теріс ықпалдар – жазалаудан, талқылаудан, сөгістен қауіптену.
