Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кадр билет отвв.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆
  1. Персоналды дамытудың әдістері

  2. Кадрларды дайындаудың жапондық жүйесінің ерекшеліктері

  3. Басқару қызметiнiң этикасы мен мәдениетi

1.Персоналды дамытудың әдістері

Персоналды дамыту кәсіпорынның табысты жұмыс істеуінің ең маңызды факторының бірі. Персоналды дамыту деп кадрлардың біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шараларлың жиынтығын айтамыз. Ол ең алдымен төмендегі мәселелерді қамтиды: жалпы және тәжірибесін жинақтап, кәсіпті игеруге оқыту; кадрлардың біліктілігін жоғарлату; басқа мамандықтарды игеру үшін екінші білім алу керек. Персоналдың кәсіби дамуының маңызды құралы кәсіби оқыту, ұйымның қызметкерлеріне жаңа кәсіби білімдермен тәжірибелерді тікелей беру процесі болып табылады. Кадрларды оқытудың мынадай әдістері бар: персоналды жеке дара оқыту; персоналдық топпен оқыту; мұндай оқыту әдісі сұрақ жауап түрінде жүреді.

2.Кадрларды дайындаудың жапондық жүйесінің ерекшеліктері.

Жапонияда үздіксіз білім алу еңбек прцесінің бір бөлігі болып саналады. Бір аптаның ішінде қызметкер оқуға жұмыс уақытының төрт сағатын, ал өз уақытының сондай төрт сағатын бөледі.Жопондық экономиканың екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі күшті қозғаушы кадрларды дайындаудың жапондық жүйесі болып табылады,оның ерекшелігі- фирма ішінде оқыту. Фирма ішінде оқыту жүйесінің табыстылығына алып келген төрт негізгі себерке келесілерді жатқызуға болады:

- Жапондықтардың орта мектепте алған іргелі біліміне негізделген жоғары білім беру деңгейі;

- «ішкі даярлаудың» дәстүрлік тәжірибесі, кәсіпорын қажет деген кадрларды өзі дайындайды

- Жұмыс уақытында оқытудың тәжірибелік тиімділігін жоғарылататын кәсіпорындарға кадрларды өзі дайындайды.

- Фирма ішіндегі оқытуды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Жапониядағы кәсіпорын ішіндегі дайындау және оқыту жұмыс уақытында оқыту негізінде, жұмыстан тыс уақытта оқыту және өзіндік оқу негізінде жүргізіледі, бірақ жұмыс уақытында оқуға үлкен көңіл бөлінеді.

3.Басқару қызметiнiң этикасы мен мәдениетi.

Этикет бұл адамның мінез құлықтарын реттеу нысандарының бірі болып табылады. Этикет тілі негізінен жалпы адамдар арасындағы әдіптілік талаптарын білдіреді. Сонымен қатар ол адамдар арасындағы жасына, қызметіне басқа да айырмашылықтарын реттейді. Жалпыға бірдей ережеге сәйкес киіміне қарап қарсы алады, ойына қарап шығарып салады. Сондықтан іскер адамдар киім стилін таңдағанда қоғамдағы өзінің жағдайын, қайда баратынын және жасына қарай киінуі керек. Мамандардың жалпы пікірінше іскер ер адамдар кем дегенде үш түрлі костюмі болуы керек: жұмысқа киетін костюмі, іскерлік отырыста киетін костюм, салтанатты жиындарға киетін костюм. Іскер әйелдердің өз стилі болуы кеерк. Сонымен қатар әр түрлі жағдайлар үшін киімін дұрыс таңдаған дұрыс.іскер әйелдің киімінде екі немесее үш түстен артық кезлемпеу керек. Басқару мәдениетi дегеніміз – оның мiнез-құлқының үлгiсiн саналы түрде қалыптастыратын менеджер үшiн әдеттегi құндылықтар, нормалар, көзқарастар мен идеялар жиынтығы.

Басқару мәдениетiнiң элементтерi

Басқару мәдениетi бiрнеше элементтен тұрады:

Жеке мәдениет бiлiктiлiк деңгейi, этикалық тәрбиесi, жеке тазалығы мен сыртқы түрi, бағыныштылармен қарым-қатынас жасау нысаны және т.б. тұрады;

Жұмыс уақытын дұрыс бөлу;

Жұмыс орнын ұстау мәдениетi.

Бұқаралық шараларды өткiзу мәдениетi. Сөз ең алдымен алуан түрлi мәжiлiстер, келiссөздер мен әңгiмелер өткiзу жайында болып отыр.

Келушiлердi қабылдау мәдениетi қызметкерлердi жеке әрi қызметтiк сұрақтар бойынша қабылдау кезiнде ережелер мен талаптардың сақталуын ұйғарады.

Бұқаралық шараларды өткiзу мәдениетi. Сөз ең алдымен алуан түрлi мәжiлiстер, келiссөздер мен әңгiмелер өткiзу жайында болып отыр.

Келушiлердi қабылдау мәдениетi қызметкерлердi жеке әрi қызметтiк сұрақтар бойынша қабылдау кезiнде ережелер мен талаптардың сақталуын ұйғарады;

Сөйлеу мәдениетi;

Басшының ұйымдық мәдениетi

№ 7 емтихан билеті

  1. Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі

  2. Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау

  3. Адам қызметiн басқару және топты басқару