Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BASKARU_ESEBI (2).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2. Басқару процесiнiң моделi

Басқару есебiн дұррыс ұғынудың қажеттi жағдайы, шешiм қабылдау процесiн жете түсiну болып табылады.

1-суретте шешімді қабылдау процесінің моделі және үлгісі көрсетілген. Бастапқы бес кезеңі шешімді қабылдау мен жоспарлаудың процесін көрсетеді. Осының ішінде жоспарлау негізінен шешімді қабылдаудағы іс әрекеттің баламалы варианттарын таңдауда ең үлкен роль атқарады. Соңғы екі кезең таңдап алынгған баламалы варианттарын жүзеге асыру мақсатымен, нақты көрсеткіштерді түзету мен бағалаудан қалыптасатын тікелей басқару процесін көрсетеді.

Тап осы мақсат үшін ай сайын бухгалтер – талдаушы менеджерге есеп беріп отыруы керек, атап айтсақ:

  • шығарылған өнімнің статистикасы;

  • өндіріс пен айналым шығындарын есептеу;

  • шығын есебінің әртүрлі сызбасы (схемасы) бойынша қаржылық нәтижені есептеу (шығару);

  • жабу сомасын (маржиналдық табысын) есептеу;

  • рентабельдық пен өтімділік көрсеткіштерін есептеу;

  • қор қозғалысының статистикасы;

  • ақша ағынын есептеу;

  • инвестицияның есебін шығару т.б.

1-кесте

Баскару және қаржылық есеп жүйелерiнiң салыстырмалы сипаттамасы

Қаржы есебі

Басқару есебі

1. Ақпараттың негізгі тұтынушылары

Акция иелері және кредиторлар (нақты және потенциалды), жабдыктаушылар, сатып алушылар, салык службалары мен бюджеттен тыс корлардың өкілдері, кәсіпорында қызмет етушілер, мемлекет.

Шаруашылық субъектісінің менеджерлері, қызметкер, бухгалтерлер, яғни бөлімшелерді қоса алғанда шаруашылық субъектісінің басқарушылық персоналы.

2. Акпараттың арналымы (не үшін пайдаланатындығы туралы)

Бухгалтерлік ақпаратты сыртқы пайдаланатындар үшін (баланс, табыс және шығыс туралы есеп беру, ақша қозғалысы туралы есеп беру).

Кезеңдік жоспарлау мен бақылау мақсаттары үшін, сондай-ақ стандаррты емес жағдайдарда шешім қабылдау ұшін және үйымдастыру саясатын таңдау үшін де қажет. Субъектінің басқарушылық құрамы үшін оның қызметіне қатысты кез келген акпарат өте маңызды, тіптен ол есептің объектісі ме немесе жоқ па, сандык бағалауға жата ма немесе жоқ па деген мәселелерден тәуелсіз түрде болуымен маңызды. Ішкі басқаруды ұйымдастыру үшін, субъект алған табыстар мен өндірістік шығындар туралы ақпараттарды өндеу мен өз уақытында жинауды, тиімді камтамасыз етуді дербес шешуі керек.

3. Акпараттарды жинау мақсаты

Күрделі қаржы туралы (акцияны ұстаушылар) мәлімет; алған міндеттемелерді төлеу қабілеттілігі (кредиторлар, ссудалық капитал иелері); декларацияланған табыс, күрделі қаржының жұмсалу көлемі туралы, мүліктерге есептелген салықтар, жалакы төлеу қабілетілігі туралы мәлімет (жалдамалы жұмысшылар) және т.б.

Шаруашылық субъектінің (басшының) қаржылық жағдайы туралы мәлімет, өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін өзіндік құны туралы мәлімет, жоспарлау үшін сметалар, ағымдағы жедел есеп берулер, қысқа мерзімдік шешімдерді қабылдау үшін болатын шығындар туралы есеп беру, сату бағалары, өндіріс шығындары, сұраныс, бәсекелестік қабілеттілігі, тауардың рентабельділігі мен басқа шешім қабылдау үшін (барлық аталған ақпараттар менеджерлер үшін қажет) мәліметтер.

4. Реглементеу деңгейі

Қаржы есебін жүргізу нормативі құжаттар мен заңға сәйкес регламенттеледі, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар шоттардың классификациясына сай келуі керек. Және міндетті түрде қаржы есебін жүргізу керек. Міндетті мәліметтерді бұрмалағандар мен есеп беру мерзімін сақтамағандар жауапкершілікке тартылады.

Өндірістік есепті жүргізу шаруашылық субъектінің әр қайсысы үшін міндетті болып табылады. Өйткені калькуляциялаусыз, қаржылық есеп беруді жасауға болмайды, барлық қалған жағдайларда басқару есебі әкімшіліктің еркіне және олардың шешіміне тәуелді болып келеді. Ал калькуляциялау әдістемесі алдын ала шаруашылықтың әр қайсысының есептік саясатында регламенттеледі. Қазақстанда орындалатын өндірістік есептік едәуір бөлігі – бұл қаржылық есеп жүйесінің жанама өнім. Заңмен қарастылған басқару есебіне нақты талаптар батыста да, Қазақстанда да жоқ.

5. Ақпараттың арналымы (не үшін пайдаланатындығы туралы)

Жалпықабылданып стандарталған есеп қағидаларына: есептеу, түсініктілігі, мәнділігі, маңыздылығы, дәлділігі, шыншылдығы, аякталуы, сақтығы, салыстырмалығы, жүйелігі т.б. жатады.

Басқару есебі есептік нормативтері мен зандылық талаптарына сай келе бермейді, сондықтан біршама тәуелсіз тұрғыда үйым-дастырылады. Басқару есебінің қағидасы шешімді қабылдауда пайдалы ақпараттар беретін ережелер мен тәсілдерді таңдауда айқындалады. Басқаша айтқанда, нормалар мен шектеулер жоқ. Басқару есебі көп жағдайда қисынға және тәжірибеге немесе жалпы қолданатын қағидаларға негізделген. Осы тұрғыда басқару есебінің орталықтан-дырылмағаны туралы айтуға болады.

6. Есепті жүргізудің мақсаты

Қаржы есебінің мақсаты – қаржылық құжаттарды жасау, қаржылық есеп беру, яғни осы сонғы дайын болысымен, мақсатқа қолы жеткен болып саналады. Бас кітапқа кіргізілген барлық шоттар бойынша қалдықтар мәліметтері қатал түрде қаржылық есеп беруде көрсетіледі.

Басқару есебінің мақсаты - өзіндік ішкі жоспарлау, басқару және бақылауды қамтамасыз ету. Мұнда басқару есебі өнімге қарағанда, мақсатқа жетелейтің құрал болып табылады.

7. Қолданылатын өлшегіштер

Бәрімізге белгілі, қаржы есебі ұлттық валютада – Қазақстан теңгесімен жүргізіледі. Шетел валюталарымен операциялар операцияны жасаған дата бойынша ҚР Ұлттық банкі бекіткен бағамды қолданумен қазақстандық теңгемен есептелінеді.

Басқару есебінде ақшалай да, ақшасыз да өлшегіштер қолданылады – олардың тиімділігіне байланысты. Кең түрде: дана, метр, тонна, литр т.б. сияқты натуралдық көрсеткіштер қолданылады.

8. Шығындарды топтастыру

Шығындар элементтері бойынша топтастырылады. Элемент деп өндіріске кеткен бірыңғай шығын түрлері түсіндіріледі. Элементтер бойынша шығындарды топтастыру, мына сұрақтарға жауап береді: есепті кезеңде өндіріске не жұмсалады? Бірақ қайда және неге қаражаттың жұмсалғаны ескерілмейді. Меншік нысанына тәуелсіз барлық шаруашылық субъектілері үшін шығындардың құрамы туралы Ережеде экономикалық элементтердің біртүтас тізбесі белгіленген:

  • материалдық шығындар (кері қалдықтар кұнын ескермегенде немесе есептен шығарғанда);

  • еңбекке ақы төлеу шығындары;

  • әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар;

  • амортизациялық аударымдар;

  • басқалай шығындар.

Шығындарды иеленушілері (тасымалдаушылары) бойынша калькуляция баптарына жіктелген түрінде топтастырылады. Шығынды иеленушілер деп сату (өткізу) үшін арналған кәсіпорынның өнім (жұмыс, қызмет) түрі түсіндіріледі. Калькуляция баптары бойынша шығындарды жіктеу, мына сұраққа жауап береді: иелері үшін ресурстар үшін келесі калькуляциялық баптар тән:

  • шикізат және матералдар;

  • кері қалдықтар (есептен шығарылады);

  • технологиялық қажеттілікке деген отын және энергия;

  • азықтар;

  • өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары;

  • әлеуметтік мұктаждықтарға аударымдар;

  • жалпыөндірістік шығындар;

  • коммерциялық шығындар;

және т.б.

9.Есептің негізгі объектісі

Қаржылық есепте шаруашылық субъектінің шаруашылық қызметі біртұтас бүтін ретінде қабылданады. Басқаша айтсақ қаржы есебінің объектісі: активтер, меншік капиталы, субъектінің міндеттемесі, яғни шаруашылық операциялар болып табылады. Қаржы есебінің объектілері міндетті түрде синтетикалық шотта көрсетіледі, ал аналитикалық шоттар субъектінің қызметінде бақылаушы ретінде табылады. Басты объектісі – жалпы алғанда, шаруашылық субъектінің бір тұтас өзі болып табылады.

Басқару есебінде басты назар жауапкершілік орталықтарына – басшылар басқаратын құрылымдық бөлімшеге, яғни олардың жұмысының нәтижелеріне жауап беретіндерге аударылады. Бұл кезде бөлімшенің басшысының жауапкершілік саласына ол нақты әсер ететін (реттеліп отыратын шығындар мен табыстар деп аталытындар) шығындар мен түсімдердің көрсеткіштері кіреді. Сондықтан, кейде басқару есебін есептің жауапкершілігі деп атайды. Басқару есебінде мынадай жауапкершілік орталықтары ажыратылады:

  • шығындар орталығы;

  • түсімдер орталығы;

  • табыстар (пайда) орталығы;

Сондай-ақ тағы да – инвестиция орталығы да болуы мүмкін. Сөйтіп, басқару есебінде жалпы шаруашылық қызметке де, жекелеген қызметтерге де көңіл бөлінеді. Басты объектілері – субъектінің құрылымдық бөлімшелері.

10. Есеп беруді жасау кезеңі (немесе жүйелігі)

Қаржы есебінде есеп жасаудың жүйелілігі заңды-нормативтік актілермен белгіленеді. Субъектілер жылдық есептерді жылдан кейінгі 30 сәуірден кешіктермей ұсынады, ал оған дейін тоқсан сайын, есеп беруге міндетті.

Басқару есебінде есеп берулер қажеттілік деңгейінде жасалады: ай сайын, апта сайын, ал кейде – жедел (калькуляциялылықты қоспағанда – бұл есеп түрі қаржылық есеппен түйіседі). Басты қағида – мақсатқа лайықтылық пен үнемділік.

11. Ақпараттың сенімділік деңгейі

Қаржы есебі құжатпен расталады, бірақ оған қарамастан, оның бағалауы абсолютті нақты (дәл) емес, дегенмен де нақтылығы 88-90% болады.

Басқару есебінің ақпараты көбінесе есеп айырысу сипатына ие және бухгалтерлік есеп шоттардығы операциялармен байланыссыз. Сондықтан мұнда негізінен шамамен бағалаулар пайдаланады. Мәлліметтердің нақтылығы 70-80% болады.

12. Ақпараттық алшақтылық деңгейі

Каржылық есеп беру коммерциалық құпия болып саналмайды. Ол ашық, кей жағдайларда оны тәуелсіз аудиторлармен куәландырылады.

Жоғарыда айтылғандай, басқару есебінің ақпараты әдетте шаруашылық субъектінің коммерциялық кұпиясы болып табылады. Ол жарияланбайды және жасырын сипатқа ие.

13. Базалық құрылымы

Қаржы есебі негізі баланыстык тендестікке сай құрылады:

Активтер=меншікті капитал+міндеттемелер.

Басқару есебінде бірдей ұксас теңдік жоқ. Оның құрылымы объектінің үш түрімен анықталады: табыстар, шығыстар, активтер. Басқару есебінің кез келген жүйесі мына үғымдарға сүйеніп түсіндіріледі:

  • толық өзіндік кұнымен;

  • дифференцияланған есеппен;

  • жауапкершілік ортылықтары бойынша есеппен.

14. Қаржы нәтижелерінің элементерін есептеу

Қаржы есебі қаржылық көрсеткіштерді өлшеумен байланысты оның элементтері: табыс пен шығыстар болып табылады. Өнімді сатудан түскен түсімнен, оның өндірістік өзіндік құнына, кезең шығындарын (821,811,831) шегергеннен соң қалған айырмасы табыс (немесе зиян) болып есептелінеді.

Басқару есебінде қаржылық нәтіжені анықтауда мұлде басқа бағыттар орын алады. Мәселен ңдирект - костингң жүйесіне сәйкес маржиналдық табыс көрсеткіші есептелінеді. Одан басқа, оның ішінде дәстүрлі бағыттардың да болуы мүмкін.

15. Уақытпен байламы

Қаржы есебі шаруашылық субъектінің қаржылық тарихын көрсетеді. Қаржылық есептің мақсаты – ңбұл қалай болғанынң көрсету.

Басқару есебі ңтарихиң ақпараттарды да, болашаққа жоспарлау мен бағалауды да көрсетеді. Басқару есебі – ңбұл қалай болу керектігінң көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]