Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BASKARU_ESEBI (2).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1. Өндірістің түрлері мен типтері

Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын, күрделі механизм:

1) негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады;

2) көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге тікелей ықпал етеді (электр-көліктік, жөндеу цехтары, сумен жабдықтау т.б);

3) қосымша цехтар негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді;

4) қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын өнім өндіреді (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар);

5) эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.

Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің типіне (тұрпатына) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып 3 топқа бөлінеді:

Жеке-дара (жекелеген) өндіріс - өнім жеклеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс (ауыр машина жасау, кеме жасау, турбина жасау).

Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады (машина жасау өнеркәсібі, металл өңдеу).

Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс типі (маталар, киім, аяқ киім, сағат жасау, тамақ өнеркәсібі).

Өндірісті ұйымдастыру типі тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қалмайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді.

2. Өндірістік есептің шоттар жүйесі

Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8010 ”Негізгі өндіріс”, 8020 “Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар”, 8030 “Көмекші өндіріс”, 8040 “Үстеме шығындар” бөлімшелерінің шоттары кіреді.

Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше “транзиттік” шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.

“Транзиттік” шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар туралы белгілі бір ақпараттврдың бөлігін көрсетеді, оны шолып, шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі де есептелінеді.

Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша 3 категорияға бөлінеді:

  • материалдарға кеткен тікелей шығындар;

  • жұмыс күшіне кеткен тікелей шығындар;

  • үстеме шығыстар.

Материалдарға кеткен тікелей шығындарға соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) кіретін материалдар жатады (болат, ағаш)

Жұмыс күшіне кеткен тікелей шығындар- бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.

Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар мен өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығындардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру, уақытша тоқтап қалудың шығыстары т.б жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]