Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BASKARU_ESEBI (2).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.Нормалардың өзгеруi, нормадан ауытқуларды есеп объектiлерiне қарай бөлiп тарату әдiстерi.

Ауытқулардың жалпы себептерi төмендегідей болуы мүмкiн:

 қаржылық жоспарлаудың нашар болуынан;

 өлшемнiң және жазбаның нашар болуынан;

 кездейсоқ факторлар;

 операциялық факторлар.

Материалдар бойынша ауытқулары келесідей себептерден болуы мүмкiн:

 қамтамасыз ету көздерiнiң түрлi болуынан;

 бағаның кездейсоқ өзгеруiнен;

 жабдықтаушылар тарапынан жеңiлдiктердiң өзгертiлуiнен;

 материалдардың түрлi сорттарын ауыстырудан:

 өнiмнiң дизайндарының өзгеруiнен және т.б.

Еңбек шығындары бойынша ауытқулары төмендегідей себептерден болуы мүмкiн:

 нормадан тыс уақыттан немесе жоспардан тыс сыйлықтардан;

 түрлi қиындық дәрежелі жұмыстардың ауыстырудан;

 еңбек жағдайын жақсартудан, сонымен қатар бақылауды

жақсартғаннан;

 материалдық ынталандыру жүйесiн енгiзуден немесе

қызметкерлердi оқытудан.

Айнымалы үстеме шығындар бойынша ауытқулардың себептері төмендегідей болуы мүмкін:

 үстеме шығындар статьялары бойынша кездейсоқ бағалардың өзгеруi;

 үстеме шығындарды айнымалы және тұрақты шығындарға

дұрыс бөлiмбеуі.

Тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқулардың себептері төмендегідей болуы мүмкін:

 үстеме шығындар статьялары бойынша кездейсоқ бағалардың өзгеруi;

 маусымдық әсерiнен (жылыту - қыста);

 сұраныстың өзгеруіне байланысты өндiрiс көлемiнiң өзгеруi;

 еңбек және жабдықтардың өнімділігінің өзгеруi.

Өнімді сатудан түскен табыс бойынша ауытқулардың себептері келесідей болуы мүмкiн:

 бағаның кездейсоқ өзгеруi;

 сұраныстың өзгеруi.

Ауытқуларды талдағанда төмендегі жағдайға назар аудару қажет: бір ауытқудың себебi екiншi ауытқуға сол сияқты немесе керi әсерiн тигiзуi мүмкiн. Бұл жағдайда, егер бiр ауытқу екiншi ауытқуды тудырса, онда осы 2 ауытқуларды бiрiктiрiп бiр себеппен түсiндiруге болады.

Тақырып 9. Стандарттық калькуляция

Дәріс 17

«Стандарт-кост» жүйесі шығындар есебі.Стандарттық өзіндік құн алгаритмі.

Дәріс 18

Нақты үстеме шығындарды стандарттық шығынмен салыстыру

Тақырып 10. Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша (директ-костинг) өзіндік құнның калькуляциясы

Дәріс 19

  1. Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша (директ-костинг) өзіндік құнды калькуляциялау.

  2. Шығындар есебі әдісінің өзіндік құнға, пайдаға және өндірістік қорларды бағалауға әсері

Дәріс 20

  1. Маржаналды эәне толық шығындар есебін қолдану арқылы ұйымдардың пайдасы мен залалы есебі.

  2. Екі калькуляциялау әдісінің пайда көлеміне әсерінің салыстырмалы талдауы.

1.Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша (директ-костинг) өзіндік құнды калькуляциялау.

Шығындарды толығымен үлестірілетін калькуляциялау әдісін (абзортин-костинг) барлық өндірістік шығындар, сонымен қатар тұрақ-өндірістік үстеме шығындарда, өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. 5 әдіс міндетті түрде сыртқы қаржылық есеп дайындауда қолданылады.

Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау әдісінде (директ- костинг немесе маржинальды калькуляциялау) өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы өндірістік шығындар ғана жатқызылады, ал тұрақты өндірістік үстеме шығындар кезең шығындары ретінде қарастырылып, пайда мен зиян шотына есепке алынады. Бұл әдіс көп жағдайда басқаруда шешім қабылдаған кезде қолданылады. Абзорпшн-костинг және директ- костинг араларында негізгі ерекіиелігі тұрақты өндірістік үстеме шығындарды калькуляциялау кезеңдер арасында бөліп тарату тәртібімен қорытындылайды. Абзорпшн-костинг әдісінде барлық шығындар сатылған ені және дайын өнім қорлары арасында бөліп таратылады. Олардың ұқсастығы мынадай екі әдісте де өндірістік емес шығындар кезең шығындары болып есептеледі.

Осы екі әдісте өнімнің өзіндік құнын есептеу және қаржылық нәтижелер бойынша есеп берудің құрылымы төмендегідей көріністе болады:

Шығындар толық үлестірілетін калъкуляциялау әдісі (абзорпшн-костинг)

Өнімнін өзіндік кұнын есептеу: Қаржылық нәтижелер туралы есеп беру

теңге/бірлікке (теңге):

Негізгі материалдар Өнімді сатудан түскен табыс

(+) Тікелей еңбек ақы шығындары (-) Сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны

(+) Айнымалы өндірістік ҮШ (=) Жалпы табыс

(+) Тұрақты өндірістік ҮШ (-) Өндірістік емес шығындар

(=) Бірлік өндірістік өзіндік құны (=) Таза табыс

Айнымалы шышндар бойынша калькуляциялау әдісі (директ-костинг):

Өнімнің өзіндік құнын есептеу: Қаржылық нэтижелер туралы есеп беру

теңге/бірлікке (тенге):

Негізгі материалдар Өнімді сатудан түскен табыС

(+) Тікелей еңбек ақы шығындары (-) Өндірістік айнымалы шығындар

(+) Айнымалы өндірістік ҮШ (-) Өндірістік емес айнымалы шығыстар

(=) Бірліктің айнымалы өндірістік (=) Маржинальды табыс өзіндік құны

(-) Тұрақты өндірістік шығындар

(-) Тұрақты өндірістік емес шығыстар

(=) Таза табыс

Маржиналъды (шекті) табыс - сатылған өнімнен түскен табыс және барлық айнымалы шығындар арасындағы айырмашылық.

Жалпы табыс - сатылған өнімнен түскен табыс және толық өндірістік өзіндік құны арасындағы айырмашылық.

Мысалы, компанияда өнім бірлігіне келесідей шығындар бар: негізгі материалдар - 4теңге; негізгі еңбек ақы - 2 теңге; өндірістік үстеме шығындар (ӨҮШ), айнымалы белігі - 1 теңге; ӨҮШ, тұрақты бөлігі - 10000 теңге бір айда. Өндіріс көлемі, бір айда - 500'0 бірлік. Онда өзіндік құн шығындары толығымен үлестіріліп таратылғанда 4+2+1+(10000:5000)=9 теңгені құрайды, ал өзіндік құнды айнымалы шығындар бойынша есептегенде ол 7 теңгеге тең болады (4+2+1).

Екі әдістің пайда мөлшеріне әсерінің салыстырмалы талдауы

Екі калъкуляциялау әдісінің пайда мөлшеріне әсерін салыстыру келесілерді көрсетеді [11,261-2636,].

(1) Өндіріс көлемі мен сатылу көлемі тең болған уақытта, пайда калькуляциялаудың екі әдісінде де бірдей болады.

(2) Егерде өндіріс көлемі сатылу көлемінен артық болса, онда абзорпшн-костингті қолдану директ-костингті қолдануға карағанда көп пайда мөлшеріне алып келеді

(3) Егер өндіріс көлемі сатылу көлемінен кем болса, онда дирекг-костингті қолдану абзорпшн-костингті қолдануға қарағанда жоғары пайда мөлшеріне алып келеді.

Бірақ та жалпы өндіріс уақытьш қарастырғанда, жнынтьгк пайда екі эдісті қолданғанда да бірдей болады. Айырмашьшық тек кезең араларында жатқызылатьш пайда мөлшерінде ғана болады.

Калькуляциялау әдістерінің артықшылықтары және кемшіліктері

Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялауда пайда мөлшері сатылу көлемінің функциясы болып табылады, ал шығындарды толығымен үлестірілетін кальқуляциялауында пайда мөлшері өндіріс көлемі мен сатылу көлеміне тәуелді болады.

Директ-кост жүйесінің келесідей артықшылықтары бар [11, 264-2666.]: (1) шешім қабылдау үшін тиімдірек ақпаратпен қамтамасыз етеді;

(2) пайданы қорлардың өзгеруінің әсерінен арылтады;

(3)тұрақты: үстеме шығындарды ликвидтік емес (өтпейтін) корларда капитализациялаудан (жинақталауынан) арылуға көмек береді.

Абзорпшн-кост жүйесінің артықшылыктары мынадай [11, 266-2676.]:

(1) тұрақты шығындардың маңызын төмендетпейді;

(2) есеп беруде алдамшы зиянды көрсетпейді;

(3) директ-костингтің алдында теориялық артықшылығы бар.

Директ-костинг жақтаушыларына сәйкес, тұрақты өндірістік шығын дайын өнімді нақты шығаруға емес, өндіріске жәрдемдесуге тығыз байланыста болады. Сондықтан олар тұрақты шығынды өнімнің өзіндік құнына енгізбей бірден кезең шығындарына жаткызу қажет деп есептейді. Ал директ-костингтің оппоненттері қорларды бағалауда тұрақты өндірістік шығындар компонентін де енгізу қажеттідеп есептейді, себебі, құны шығындарсыз өнімді өндіру мүмкін емес.

Тақырып 11. Зиянсыздықты талдау.

Дәріс 21

Зиянсыздықты талдау:мақсаты мен тәсілдері. Зиянсыздық нүктесі мен мақсатты пайда. Пайданың табыстар мен шығыстарға байланысты талдау әдістері, жалпы пайда әдісі

Дәріс 22

Ұйымның зиянсыздық графигін құру тәртібі және қатерлі нүктені анықтау. Қауіпс іздік маржасы. Операциондық тұтқа.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]