Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BASKARU_ESEBI (2).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

А) жиынтық б) өнім бірлігіне

1-сурет. Айнымалы шығындар

Тұрақты шығындар – белгілі бір уақыт кезеңінде өндіріс ауқымында өзгеріссіз болып қалады (ғимараттар бойынша амортизация).

Жиынтық тұрақты шығындар - өндірістің барлық деңгейлері үшін өзгеріссіз болады (2-сурет, А), яғни олар өндіріс көлемінің өзгерісіне жауап бермейді және өндіріс көлемі артқан сайын өнім бірлігіне есептелген тұрақты шығынның деңгейі де азаяды (2-сурет, Б)

дана

А) жиынтық Б) өнім бірлігіне

2-сурет. Тұрақты шығындар

Жартылай тұрақты шығындар – белгілі бір өнім көлеміне өзгеріссіз болатын шығындарды, бірақ өнімнің критикалық сәттерінде де белгілі бір деңгейде өсетін немесе төмендейтін шығындарды айтады. (3-сурет, А) (мысалы, жал төлемі).

Жартылай айнымалы шығындар – тұрақты және айнымалы компоненттерден тұратын шығындар (3-сурет, Б) (мысалы, жабдықтаушылар бөлімінің шығындары).

15000

1 0000

5000

10 20 30

А) жартылай тұрақты Б) жартылай айнымалы

3-сурет. Жартылай тұрақты және жартылай айнымалы шығындар

Қайтарылмайтын (өткен кезең) шығындар – жасалынған шығындар, яғни сатып алынған ресурстарға кеткен шығындар. Сондай-ақ қандай шешім келешекте қабылданса да өзгермейтін шығындар (Мысалы, жинақталған тозу сомасы)

100 мың теңге Қалдық - 20 мың тенге

5 жыл Қайтарылмайтын шығындар

4 жыл өтті – 20*4=80

Алдағы кезең (немесе есепке алынатын) шығындар – қабылданған шешімнің әсеріне душар болған болашақтағы шығындар, ал керісінше өткен кезең (немесе есепке алынбайтын) шығындар болып табылады.

Баламалы (альтернативтік) – баламалы вариантты қабылдау нәтижесінде жіберілген пайда немесе мүмкіндіктердің көлемін көрсететін шығындарды айтады.

Жойылатын деп - әрекеттердің баламалы вариантын таңдау нәтижесінде жойылуға мүмкіншілігі бар шығындарды айтады, ал керісінше жойылмайтын шығындар болып табылады.

Инкрементті (өспелі) – бірнеше қосымша шығындарды (табыстарды) айтады, ал қосымша шығындарды (табыстарды) айтады, ал қосымша шығындарды бір бірлікке шақса, онда бұл шығындар (табыстар) маржиналды (шекті) болып табылады.

4. Бақылау және реттеу прцесін жүргізу үшін шығығынның жіктелеуі.

Реттелетін – жауапкершілік орталықтары бойынша тіркелген шығындар, олардың деңгейі, мейлінше менеджер тарапынан реттеу қабілеттеріне тәуелді болып келеді. Ал керісінше бұл шығындар осы менеджерге қатысты реттелмейтін болып жіктелуі қажет.

Бақыланатын шығындарға кәсіпорын басқару қызметімен байланысты емес шығындар (мысалы, негізгі құралдардың қайта бағалануы). Бақыланатын шығындарға субъект тарапынан бақылауға болатын, яғни осы кәсіпорынның көмегімен бақыланатын шығындар жатады.

Тиімді - өнімді шығынға жұмсалған шығыннан, сол өнімді сатқаннан түскен табыс асып түскенін санайды.

Тиімсіз – бұл өндіріс ысыраптары, сондай-ақ өндірістік емес сипаттағы шығындар жатады. Тиімсіз шығындарды міндетті түрде бөліп көрсету керек, себебі ол жоспарлау мен нормалауға еніп кетуі ықтимал.

Тақырып 3. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру

Дәріс 5

1. Өндірістің түрлері мен типтері

2. Өндірістік есептің шоттар жүйесі.

3. Өндірістік есепті ұйымдастыру.

Дәріс 6

4. Үстеме шығындардың есебі және таратылуы

5. Үстеме шығындарды есепке алудағы типтік операциялардың

шоттар корреспонденциясы

6. Нормативтiк ставканы қолданған кездегi үстеме

шығындарды есепке алу тәртiбi

7. Үстеме шығындарды өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызу тәртiбi

8. Көмекшi цехтардың өзара қызметiн бөлiп тарату әдiстерi

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]