Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BASKARU_ESEBI (2).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1. Зиянсыздықты талдаудың мақсаты мен маңызы

Өндірістің зиянсыздығын талдау (немесе зиянсыздық нүктесіндегі деңгейін талдау) «шығын — көлем — пайданың» арақатынасын талдаудың қисынды жалғасы болып табылады [11, 285-2996.; 34,279-2886.].

Кәсіпорын өзінің күнделікті нақты жағдайын талдау барысында, сол өндірістің зиянсыздығын талдауға басты орын береді. Демек, өндірістің зиянсыздығын талдау моделі біршама шектеулер мен болжамдар тұрғысында құрылуы мүмкін. Бірақ ол осындай жағдайларына қарамастан, шешім қабылдау барысында қолданатын ең күшті құралы болып табылады. Зиянсыздық талдаудын мақсаты - белгілі бір денгейде өндіріс көлемі (немесе оның өнімділігі) өзгерген жағдайда, қаржылық нәтижесі қандай өзгеріске ұшырайтындығын анықтау болып табылады. Зиянсыздық нүктесіндегі деңгейін талдау ол барлық деңгейдегі басшыларға, болашақта дұрыс шешімді қабылдау үшін, шоғырланған түрдегі ақпараттарды береді.

Осыдан келіп, зиянсыздықтың қандай түріндегі деңгейін басшыға ұсынуға болады деген сұрақ туады. Зиянсыздықты талдаудың нәтижелері әр қилы жолмен шығарылады (не арифметикалық немесе аналитикалық, не графикалық). Мұндай талдаудың мақсаты: кәсіпорынның кәдімгі қызметтік аясында немесе релеванттық (дәйектілік) интервалында (яғни іскерлік белсенділік диапазонында) не болып жатқанын көрсетуді көздейді.

Релеванттық интервалында максималды мен минималды қызметтерінің ара қатынасы алшақ болса, онда мұндағы жасалған түзу сызықтар шын мәнінде не болып жатқандығьш көрсете алмайды.

Сындарлы өндіру көлемінде графиктерді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі — ол күтілетін табыстың деңгейін есептеп шығаруды межейді. Бүгінде бизнестің табыстылығын арттырудың бес әдістері бар [34, 2796.]: (1) сату бағасын көтеру; (2) айнымалы шығынды төмендету; (3) тұрақты шығынды төмендету; (4) сату көлемін арттыру; (5) сатылатын өнімнің құрылымын жақсарту.

Жүйенің құны элементгерінің әр қайсы: шығындарға, табыстылыққа (маржинальдылыққа) және басқа да өндірістің факторларына тәуелді болып келеді. Өндірістің зиянсыздығы туралы ақпараттарды қолданғанда немесе дайындағанда олардың көбі жорамалдаған мәліметтер екенін естен шығармау керек. Осы жорамалданған мәліметтердің қатарына мыналар кіреді:

(1) тек нақты анықталған айнымалы шығындардан басқасы тұтастай тұрақты шығындар қатарына жатады;

(2) бір жолғы немесе тұрақты тұрде сатылатын бұйымның номенклатурасы алынады;

(3) табыс тек қана айнымалы шығындар бойынша есептелінеді;

(4) табыс та, шығын да тұтастай өндіріс көлемімен бір сызықгың бойында жатқан функциясы болып табылады;

(5) өндіріс көлеміне тек қабылданған тиімді диапазонда жатқан деңгейі ғана алынады;

(6) өндіріс шығындарының құрамы тұракты және айнымалы етіп дәл бөлінген жағдайда ғана жүзеге асады.

Таза табыстың арасындағы тәуелділігін зерттеу мақсатында өндірістің зиянсыздық денгейін білу үшін талдау жасайды. Осындай талдаудың арқасында, менеджерлер табыстылықка қалай жетудің жолдарын іздестіреді және сол ізденістер ыңғайлы әдістерді табуға тырысады, сондай-ақ осылардың нәтижесінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдауға құштар болады.

Айнымалы шығындарды азайтудың бірқатар әдістері бар: (1) өте арзан материалдарды немесе олардың орнын айырбастайтын материалдарды пайдалану; (2) еңбек ресурстарын тиімді пайдалану; (3) өндіру көлемін арттыру және сатып алатын ресурстарға көтерме жеңілдіктер алудың жолын іздестіру; (4) материалдарға ақы төлеу мерзімін жеделдету және осының нәтижесінде материалдық төлем акысына жеңілдіктер алу.

Тұрақты шығындарды төмендетудің жолдары төмендегідей болуы мүмкін: (1) арзан ғимаратқа немесе талабы аз ғимаратқа көшу; (2) белгіленген тұрақты жалакымен жұмыс істейтін қызметкерлердің санын азайту; (3) жарнама, оқыту және одан да басқа аз бақыланатын шараларға (іс-әрекеттерге) кететін шығынды азайту; (4) іс-сапар шығындарына қатаң шектеулер қою; (5) кредиторлық борышқа, дебиторлық қарызға және өндірістік инвестициялық қорларға төленетін пайыздың мөлшерін төмендету.

Кәсіпорын өнімінің сату көлемі келесідей жағдайда өсуі мұмкін: (1) жарнама деңгейін арттыру (тұрақты шығынның өсуі); (2) сатушылардың санын арттыру (тұракты шығынның өсуі); (3) өндіріске босататын тауарлардың бағасын төмендету (азайту).

Өндірістік зиянсыздықтың нүктесін анықтау әдістері

Нарық жағдайында көбінесе басқарушылык шешімді қабылдау модельдері келесі негізгі экономикалық көрсеткіштердің арасындағы I тәуелдікті талдауға негізделеді:

шығындар -------------► өндіріс көлемі -------------► пайда

(cost) (volume) (profit)

Құны талдау CVP-талдау немесе зиянсыздықты талдау деп те аталады.

Шығындар екі топқа бөлінеді: айнымалы және тұрақты. Айнымалы шығындар - олардың көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей үйлесімді болады және құны кезеңдегі өнім шығарылымын үйлесімді бөледі. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ға артатын болса, онда жалпы айнымалы шығын да 10%-ға өседі.

Тұрақт шығындар - өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді емес шығындар (жылу, жарықтандыру, амортизация, жал, жарнама шығыны және т.б.). Егер өндіріс көлемі 10%-ға артса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, бірақ бір бірлікке ұдайы кеміп отырады.

Зиянсыздық нүктесі - құны не пайда, не зиян жоқ өндірістің көлемі. Бұл нүктеде өнімді өткізуден түскен табыс жалпы шығындарға тең болады. Құны нүктені рентабельдік табалдырығы деп те атайды. Зиянсыздык нүктені 3 әдіспен анықтауға болады: (1) сызықтық теңестіру құру әдісі; (2) маржи-нальды (шекті) пайда әдісі; (3) графикте бейнелеу әдісі.

Сызықтық теңестіру құру әдісін талдау барысында келесі негізгі теңестіру колданылады:

Құны CVP-талдауда негізгі кеңейтілген теңестіру болып табылады.

Мысал. Арман батарейкаларды сатумен айналысу мүмкіндігі ойластыруда. Ол батарейкаларды 5 теңге бағамен сатып алуы мүмкін, ал өзі 9 теңгемен өткізуі мүмкін. Бір мерзімге сауда орынға төленетін төлем ақы 2000 теңгені кұрайды. Сонда Арман қанша батарейкаларды сату керек, ол не пайда да, не зиян да көрмеу үшін?

9х - 5х - 2000 = 0; 4х = 2000. Осыдан, х = 500 батарейка.

Маржинстьды (шекті) пайда әдісі. Бұл сызықтық теңестіру құру әдісінің модификациясы және де маржинальды пайда деген терминге негізделеді.

Бірліктер саны (баға - бірлікке шаққан = тұрақты + пайда айнымалы шығын) шығындар.

Осыдан жалпы маржинальды пайда өнімді өткізуден түскен табыс пен барлық айнымалы шығындардың арасындағы айырмашылық, ал маржинальды пайда бір бірлікке - ол бағамен бірлікке шаққан айнымалы шығындардың арасындағы айырмашылығы.

Зиянсыздық = (тұрақты шығындар + пайда)

нүкте бірлікке шаққан маржинальдық пайда

Зиянсыздқт талдау негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау

Тауар өткерілу бағасы туралы арнаулы шешімдер. Өндіріс көлемі төмендеген және өндірістік қуаттары толық пайдаланбаған жағдайларда кәсіпорынға қосымша тапсырстарды өнімнің бағасы өзіндік құннннан төмен болғанддддда да қабылдаған тиімді болады [11, 329 -331б.; 32, 263 -264 б].

Мысал. Кәсіпорынның толық өндірістік қуаттылығы 1000 бірлікті құрайды. Бұйымның нарықтағы сату бағасы – 20 теңге. Тұрақты шығын 7200 теңге.

Бір бірлікке шаққан айнымалы шығын - 9 теңге. Онда жоспарлы көрсеткіштер төмендегідей болады (14.1-кесте, 2-графа):

бірліктің өзіндік құны (ӨҚ) = 9 + 7200/1000 = 16,2 теңге;

пайда= 1000 (20-9)-7200 = 11000-7200=3 800 тенге;

зиянсыздық өндіріс көлемі = 7200/(20-9) = 654 бірлік;

қауіпсіздік маржасы =(1000-654/1000) х 100 = 34,5%.

Бірақ іс-жүзінде сұраныстың төмендеуіне және сату нарықтары қысқаруына байланысты кәсіпорын тек 300 бірлікке тапсырыс қабылдады. Тұрақты және айнымалы шығындардың көлемі өзгеріссіз қалуын жорамалдаймыз, онда кәсіпорынның іс-жүзівдегі қызметінің көрсеткіштері 14.1-кесте, 3-графада көрсетілген. Бұл нәтижелерді өндіріс көлемі төмендеуіне байланысты бірлікке шаққан тұрақты шығындардың үлесінің көбеюінен түсіндіруге болады. (7,2 теңгеден 24 теңгеге дейін өсті).

Осы кезде X тапсырыс беруші 500 бірлікті 18 теңге бағасьгмен сатып алуға ұсыныс жасады деп жорамалдайық. Бұл баға нарықтағы бағадан төмен, сонымен қатар бұл тапсырысты орындау үшін кәсіпорьгн конструкторлық-технологиялық мақсатына қосымша 160 теңге жұмсауы қажет болады. Бұл тапсырысты қабылдау керек пе әлде жоқ па? Құны жағдай тауар өткерілу бағасы туралы арнаулы шешім кдбылдау деп аталады. Тапсырысты орындаймыз деген шешім қабылдағанда көрсеткіштер 14.1-кесте, 4-графада есептелгендей болады.

(300 x 20 + 500x18)/ 800 = (6000 + 9000)/800= 18,75. Демек, қосымша тапсырысты қабылдау туралы шешім құны тиімді болады.

Сатып алу немесе өзіндік өндіріс турапы шешімдер [11, 3346.; 32, 266-2676.]. Белгілі бір қосалқыны сатып алу немесе кәсіпорынның өзінде өндіру тиімді болады ма деген сұраққа жауап зиянсыздықгы талдау негізінде жүргізіледі.

Мысал. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге белгілі бір қосалқылар қажетті. Егер кәсіпорынның өзінде өндірсе, онда жылына 200 000 теңгелік тұрақты шығындар және бір косалқыға 100 теңгелік айнымалы шығындар қажетті болады. Ал дайын қосалқыларды кез-келген мөлшерде 150 тең ге бағамен басқа да кәсіпорындардан сатып алуға болады.

Сонда сатып алу немесе өзінде ендіру тиімді ма? Бұл мәселені шешу үшін екі вариант бойынша шығындарды теңдестіреміз, сондай-ақ осы жағдайдағы қосалқылардың көлемін белгісіз деп есептейік.

Онда: 150х = 200000+ 100 х; 50х = 20 0000; х = 4000 бірлік.

Демек, егер жылдық сұраныс 4000 бірліктен жоғары болса, онда өзінде өндіру тиімді болады, 4000 бірліктен төмен болса - сатып алған жөн.

Тақырып 12. Кешендi өндiрiс шығындарының есебi және жанама өнiмнiң өзiндiк қүнын калькуляциялау

Дәріс 23

  1. Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі.

  2. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды тарату әдістері.

Дәріс24

  1. Шешімдер қабылдау кезіндегі шығындарды тарату жүйесінің кемшіліктері.

  2. Жанама өнім есебі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]