Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BASKARU_ESEBI (2).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары

“Шығындар” ұғымына өндіріс шығынының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы немесе міндеттемелердің артуы енеді.

Шығындар деп – тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын тұтынылатын ресурстарды (ақшаларды) айтады.

Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін, әр түрлі әдістермен жіктелуі мүмкін.

К. Друри басқару есебінің мақсаттарына сәйкес шығындарды есепке алудың үш негізгі бағыттарын қарастырады.

Өнімнің өзіндік құны, қорларды бағалау

Шешім қабылдау,

жоспарлау үшін

Бақылау, реттеу

процессін жүргізу үшін

Кіріс шығындары және өткен шақтың шығындары

Тікелей және анама шығындар

Өндірістік құнға кіретін (өндірістік), есептік кезең шығындары (өндірістік емес)

Айнымаллы, жартылай айнымалы; тұрақты және жартылай тұрақты шығындар

Қайтарылмайтын (өткен кезең шығындары)

Алдағы кезең және өткен кезең шығындары.

Баламалы (альтернативтік) шығындар.

Жойылатын және жойылмайтын шығындар

Инкрементті (өспелі, өсімді). Маржиналды (шектеулі, шекті)

Реттелетін және реттелмейтін шығындар.

Бақыланатын және бақыланбайтын шығындар.

Тиімді және тиімсіз шығындар.

Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар мен табыстарға жетелейтінін білу керек. Сондықтан басқару есебінде шығындарды жіктеудің негізгі мақсаттарының бірі – ол басшыға тек өзгеруіне ықпал етуге болатын және нақты мәселеге тәуелді шығындарды ғана бөліп көрсетуден тұрады. Бұл шығындарды – релевантты деп атайды.

2. Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау және қорларды

бағалау үшін өндірістік шығынның жіқтелуі.

Кіріс шығындары – бұл болашақта табыс көзі болатын бұрыннан алынып қойған және қолда бар ресурстар. Баланста – бұл шығындар актив ретінде көрсетіледі.

Өткен шақтың шығындары – табыс алу үшін жұмсалған және бұдан былай табыс әкелу қабілетін жоғалтқан шығындар. Олар қорларды бағалауға қосылмауы керек және есептік кезеңде сатылған өнімнің өндірістік шығынның құрамында көрсетіледі.

Тікелей деп - өнімнің нақты түрлерін өндірумен байланысты шығындарды айтады және де олар өнімнің өзіндік құнына тікелей енгізіледі.

Жанама деп – бірнеше өнім түрлерін өндіру үшін жалпы сипатта құнына тарату әдісінің көмегімен жанама түрде есептелінеді.

Халықаралық бухгалтерлік есеп беру стандарттарына сәйкес “Өндірістік өнім қорларын ” бағалау үшін тек өндірістік шығындар ғана өнімнің өзіндік құнына кіруі керек. Сондықтан басқару есебінде шығындарды келесідей есептейді:

1. Өнімнің өзіндік құнына кіретін (өндірістік)

2. Есептік кезең шығындары (өндірістік емес)

Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар 3 элементтен тұрады:

    1. тікелей материалдық шығындар;

    2. тікелей еңбекақы шығындары;

    3. жалпы өндірістікшығындары (жанама).

Кезеңдік немесе өндірістік емес шығындар – тікелей өндіріс процесімен байланыссыз өндірістік емес сипаттағы шығындармен көрсетілген.

3. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығынның жіктелуі.

Өндіріс көлеміне тікелей тәуелді өзгеретін шығындарды – айнымалы шығындар деп аталады (мысалы, негізгі материалдар).

Жиынтық айнымалы шығындар - өндіріс көлеміне сызықты тәуелдікке ие (1сурет, А), ал айнымалы шығындарды өнім бірлігіне шақса, онда ол тұрақты деңгейде болып келеді (1сурет, Б).

шығындар, теңге

өнім бірліктері, дана

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]