Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BASKARU_ESEBI (2).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.1. Негізгі өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру

Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алғанда шалафабрикатты немесе шалафабрикатсыз вариантын пайдаланады.

Шалафабрикатсыз нұсқа негізінен машина жасау өнеркәсібінде пайдаланылады. Бір операциядан екінші операцияға, бір цехтан екіншісіне, цех аралық қоймаға берілген шалафабрикаттар бухгалтерлік есепте көрсетілмейді, оларды оперативті түрде есепке алады. Бұл нұсқада дайын өнімнің өзіндік құны дайын өнімге жатқызылған барлық цехтар бойынша есепке алынған шығындар сомасынан тұрады (2-сурет).

Шалафабрикаттық нұсқасы кезінде дайын өнімнің өзіндік құны ғана есептеліп қоймай, сонымен бірге өңдеудің түрлі сатыларындағы шалафабрикаттардың цехтан цехқа немесе цехтан қоймаға берілуі бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Бұл нұсқада шығындар шалафабрикаттардың тұрғын орны бойынша есепке алынды (3-сурет).

Жекелеген цехтардың АӨ-мі болып есептелінетін шалафабрикаттар қоймадан жанай өтіп, цехтан цехқа тікелей берілуі мүмкін. Бұл жағдайда 8010-шоты дебеттеледі және кредиттеледі. Егер де шалафабрикаттар қоймаларға тапсырылса, онда олар, әдетте, 8110 “Өз өндірісіндегі шалафабрикаттар” деген шоттың дебеті бойынша және 8010 шоттың кредиті бойынша нақты құнымен кіріске алынады. Шалафабрикаттар одан әрі өңделу үшін қоймадан босатылған кезінде 8010 шот дебеттеледі де, 8110 шот кредиттеледі.

Төменде 8010 “Негізгі өндіріс” бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы келтірілген.

ғ

Шаруашылық

операциялардың мазмұны

Шоттар кореспонденциясы

Дт

Кт

1

НӨ-тің шығындарын жинақтау

8010

8011-904

2

Аяқталмаған өндірістің (АӨ) есептік кезең басындағы қалдығы қаржылық бухгалтериясынан басқару бухгалтериясына берілді.

8010

1340

3

АӨ-тің өндірістік құны есептік кезең соңында өндірістік (басқару) бухгалтериясынан қаржылық бухгалтерияға берілді

1340

8010

4

Сатуға арналған ДӨ қоймаға кірістелді (қызметтің құны есептен шығарылды)

1320,

7010

8010

5

НӨ-ке әр түрлі шикізаттар мен материалдар босатылды

8011

1310, 3310, 8030

6

НӨ жұмысшыларына еңбекақы есептелінді

8012

3350

7

Әлеуметтік салық есептелінді

8013

3380

8

НӨ-ке қатысты ҮШ-р есептен шығарылды

8040

8030

9

КӨ-тің көрсеткен қызметі белгіленген тәртіпте қабылданды

8040

8030

Өндіріс қалдықтары, пайдаланбаған материалдар қоймаға қайтарылды

1310

8010

НӨ-ке өңдеуге босатылған жартылай фабрикаттардың шығындары есептен шығарылды

8010

8110

Жалпы және әкімшілік қажеттілігі үшін босатылған дайын өнім

7210

8010

НӨ жұмысшыларының демалыстары бойынша резервтер есептелінді

8012

3320

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]