- •1.Туризмдегі баға қалыптастыруды реттеу әдістері
- •2. Баға мемлекеттің әсері.
- •3.Туризмдегі баға қалыптастырудың методологиясы
- •4.Турфирманың баға саясаты
- •«Қаймағын сүзу» стратегиясы
- •«Жарып өту» төменгі баға стратегиясы
- •5. Туризмдегі баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •6. Туризмдегі баға қалыптастырудың реттілігі.
- •7.Туристік кәсіпорынның айқын және айқын емес шығындары
- •8.Туристік кәсіпорындардың тікелей және жанама шығындары
- •9.Турфирманың өндірістік және коммерциялық шығындары.
- •10. Турфирманың негізгі және қосымша шығындары
- •11. Бір элементтік және кешенді шығындар
- •12. Туристік өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •13. Инклюзив турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •14. Пэкидж турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •15. Баға қалыптасудың ішкі және сыртқы факторлары
- •16. Баға қалыптасудың әдісі
- •17. Баға стратегиясы
- •18.Жағымсыз сыртқы эффекттер.Жағымды сыртқы эффекттер
- •19. Трансакциондық шығындар Познер теоремасы.
- •20. Ішкі экстернали. Сыртқы экстернали.
- •21Бәсекелестергеқолайсызнарықтықжағдайларынзерттеунәтижелерініңталдауы (Алматы қаласыныңфирмасыныңмысалында)
- •22 Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясат ерекшеліктерін талдаңыз
- •23. Баға құру мақсаттары. Өндірістің мақсаттары: нарықта сақталу, максималдық пайда, айналымның максималдау, сападағы лидерлік
- •24 Бухгалтерлік шегерімдерді пайдалана отырып туристік өнім бағасын анықтау (Алматы қаласының фирмасының мысалында)
- •27.Туристік қызметтердің баға саясаты
- •28. Туристік қызмет бағасы мен жеңілдік дифференциясы
- •29. Баға қалыптастыру туроператордың функциясы ретінде
- •30. Топтық турлардың баға қалыптасуы
- •31. Жеке турлардың баға қалыптасуы
- •32.Туристік қызметке баға қалыптастырудың негізгі факторлары
- •33. Комплекстік қызмет көрсетудегі баға құрастыру үлгілері
- •34. Туристік қызмет ьағасын адаптациялау (модификациясы) жолдары.
- •36. Дирек-костинг әдісі
- •37. Туроператор әр адам басына 7000 тг. - ден экскурсия ұйымдастырды. Әр қызмет түрі 2500 тг. Айлық шығын 12500 тг. Қандай өндіріс көлемінде шығынға ұшырамайды.
- •38. 120 Деп тұратын тур үш этаппен бағаланды және де әр бағалауда бірдей санға өзгерді. Соңғы бағалаудан кейін тур өзіндік құнымен 35,6 деп сатылды. Бірінші, екінші бағалауда қандай бағалар орнатылды.
- •40. Қонақүй кәсіпорнының шаруашылығы келесідей сипатталады: Жалпы шығыны: 3000000 теңге, сатылған түнеу орны саны - 600. Сатылған өнімнің бірлігіне орта шығынды анықтаңыз.
- •44. Шығыс мәліметтері: Жылдық есеп бойынша қонақ үй кәсіпккерлігі өз счетіндегі қаржыға тоқтаусыз шаруашылық жүргізген( млн тг)
- •46 Таза монополмя ерекшеліктері
- •48 Бухгалтерлік өздік баға байланысы және салық салу мақсаттарындағы өзідік баға
- •49. Бағалардың инициативтік өзгеру саясаты
- •50 Баға түрлері: айналымның қызмет көрсету сипаты бойынша, мемелкеттік 0 әсерінен және реттеуіне байланысты нарықтағы конкуренция деңгейі.
- •51. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады.Жиынтық шығыны 500 000 тг,сатылған түнеу саны-400.Сатылған өнім бірлігіне орташа шығынды есептеңіз.
- •53. Мәліметтер: Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •55. Шығыс мәліметі: Турфирма екі типті мәлімет көрсетеді а және б. Ол келесідей сипатталады(мың тг )
- •60. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •61. Төрт жұлдызды отельдің бәсекеге төтеп бере алу жағдайы эксперттермен анықталып,келесідей мәліметтер көрсетеді:
- •65. Қызмет өндіруге кеткен толық шығын 9000 теңге. Жоспар бойынша бекітілген шығын рениабельдігінің нормативі 15%.Қызмет бағасын анықтаңыз?
- •66. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •67. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •71. Туристік мекеменінің құлдырауы кезінде қолданылатын баға саясатын көрсетіңіз. Не себепті сол баға саясатын таңдадыңыз? Тұжырымды дәлелдеңіз
- •72 Бағаны анықтаудағы тәуекелді бағалау (алматы қаласының фирмасының мысалында)
- •73. Халықаралық турлардың калькуляциясы (шығу туризм) (Алматы қаласының фирмасының бір өнім мысалында)
- •74 Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясаты ерекшеліктерін талдаңыз
- •75 Бәсекелестерге қолайсыз нарық жағдайларын зерттеу нәтижелерінің талдауы (Алматы қаласының бір фирмасының мысалында)
- •1. Туризмдегі баға қалыптастыруды реттеу әдістері
20. Ішкі экстернали. Сыртқы экстернали.
Экстерналия (сыртқы эффект) экономикада нарықтық транзакциялардың үшінші жаққа әсер етуі. Сыртқы эффект (экстерналии) өндірісті өндірушілердің толықтай емес иеленуі барысындағышығындар мен пайдалардың арасындағы айырмашыл пен қалдықтар. Экстерналийдің мынадай түрлері бар:
Оң экстерналий- агенттер үшін пайдалылығы трансакцияға қатыспайтынпайдалардың өсуі. Ал теріс экстерналий үшінші жақтың шығындары немесе пайдаларының төмендеуі. Экстерналии өндіруші мен тұтынушылар арасында да қарастырылады.
Ішкі эффектілерді (интерналии) – шығындар немесе пайданың келісімге келу барысында ескертілмеген сонымен қатар бір жаққа келісімге келу барысында ақпараттың жеткіліксіздігі мен ақпараттың түсініксіздігі.
Экстерналии (сыртқы эффектілер) –индивидуымдардың не фирмалардың әрекеті басқаларға әсері салдарынан,басқа индивидуымдар не фирмалар төлемеу тиіс, не ақыланбайды. Нарықтық түрдің компаниялардың қалайша кемшілігі болса,солайша артықшылық әрекеті.Олар басқа қоғам мүшелеріне әсер етеді.Бұл «сыртқы эффектілер»,оларды экономистер экстерналийлр деп атайды.Ал,сыртқы эффектілерді реттеу мемлекет өз қолына алу керек.
Нарықтық механизмнің шектеулігі жеке тұлғалардыің әлеуметтік-экономикалық құқығымен байланысты, ең алдымен еңбек құқығына.Мемлекеттің бұл салада еңбекпен қамту болып.Ал, мақсаты нарықта еңбек күшін эффектілі реттеу,әлеуметтік реттеу арқылы оларды қолдау,жұмыс орнынан өз ниетімен кетпегендер,жобларды жүзеге асуымен жаңа орындар құру.
21Бәсекелестергеқолайсызнарықтықжағдайларынзерттеунәтижелерініңталдауы (Алматы қаласыныңфирмасыныңмысалында)
Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату.
