Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баа калыптастыру .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481 Кб
Скачать
☆

27.Туристік қызметтердің баға саясаты

  • Туристік қызметер рыногында баға кұру процессі күрделі процесс. Қызметтердің сезілмейтіндік қасиеті осы аумақта баға құруды күрделендіре түседі. Баға саясатында туристік фирмалар көбінесе екі жақындауды қолданады. Құралдар негізінде көрсетілген қызметтер үшін шығындарға негiзделген баға белгілеу; ал басқа қызметтер түрлері үшін сұраныс немесе бәсекелестік негізінде баға кұру қолданылады. Туристік фирма баға құрудың белгілі бір саясатын ұстана отырып, сату көлеміне де, және түсетін пайдаға да әсер етеді. Баға көлеміне ішікі факторлар (кәсіпорын мен маркетинг мақсаттары, маркетинг кешенінің стратегиялары, шығындар, баға құруды ұйымдастыру) және сыртқы факторлар (рынок түрі; турөнімнің бағасы мен құндылығы арсындағы байланыс; бәсекелестік; экономикалық жағдай; делдалдардың мүмкін болатын реакциясы).

  • Баға құру саясатына әсер ететін туркәсіпорынның мақсаттары: рынокта көп уақыт әрекет ету, пайданы көбейту, рыноктық үлесін ұлғайту, турөнімнің сапасы жағынан жетекшілікке ие болу. Баға құруға әсер ететін негізгі факторлар — шығындар, тұгынушылар көзқарасы, бәсекелестер бағалары. Бағаны анықтаудың ең оңай тәсілі, ол шығындарға негіздеп баға құру. Баға құрудың дұрыс тәсілі-қажеттіліктерді анықтау және турөнімнің бағасы мен тұтынушының құндылығының ара-қатынасын анықтау. Баға құрудағы саясатқа сондай-ақ бәсекелестер бағасы мен олардың бағаның өзгеруіне қатысты мүмкін болатын реакциясы. Сондықтан, бәсекелестердің бағасын зерттеу-баға құру кезіндегі негізгі элемент болып табылады.

Туристік кәсіпорынның мақсаттары:

  • 1) пайданы максималдау;

  • 2) инвестицияға қаражатты қайтаруды максималдау;

  • 3) өмір сүргіштік (туризм индустриясының маусымдық сипаты және бәсекенің жоғраы деңгейі);

  • 4) сату көлемін үлғайту).

Бағаның өзгеруі сату көлеміне үлкен әсер етеді. Әдетте, төмен баға клиенттерді қызықтырады, бірақ үлкен бағаның әсері осындай болуы мүмкін, Зерттеулер көрсеткендей, тұгынушылар қымбат қызметтердің сапасы жоғары деп сенеді. өйткені, тұтынушылар сапаны тексеріп көре алмайды. Баға құру стратегиясы туркәсіпорынның перспективті мақсаттары мен оның жалпы даму бағыттарымен үштас болуы керек. Бұларға: максималда пайда табу, өздерінің тұрақты клиенттер шеңберін құру, бәсекелестерді жеңу жатуы мүмкін. «Қаймақтарын сүзіп алу» стратегиясы турөнімге жоғары баға орнатумен байланысты. Бүл жаңа турөнім жасағанда және бәсекелетер жоқ кезінде тиімді. Төмен бағалар стратегиясы бәсекелестерді жеңу үшін орынды.

  • Рынокқа жаңадан кіру кезіндегі стратегия бастапқыда төмен баға орнатып, кейін оны біртіндеп көтеруге негізделген. Мұндай стратегия турөнімнің кең ауқымда таралуы үшін қолданылуы мүмкін. Бәсекелер бағасы стратегиясы, яғни өзінің турөніміне бәсекелестер бағасымен бірдей деңгейде орнату. Бүл рынокта балама тауарларды ұсынатын туркәсіпорындар бар кезде қолданылады. Дамыған мемлекеттерде мемлекетке келетін туристер балансын сақтау үшін баға төмендейді.

Туристік қызметтердің бағасы мен сұранысына келесілер әсер етеді:

  • • Баратын мемлекеттегі саяси тұрақтылық;

  • • Халықаралық өзгерістер (саяси және экономикалық);

  • • Туристердің өздерінің мемлекетіндегі өзгерістер.