Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баа калыптастыру .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481 Кб
Скачать
☆

28. Туристік қызмет бағасы мен жеңілдік дифференциясы

Көптеген кәсіпкерлер сатып алушыны өз тауарын алуы үшін тауардың базистік бағасын өзгертеді. Мысалы негізгі мезгіл аяқталуға таяғанда тауардың үлкен партиялар алу мен келісімдер шешудегі тез тауарды төлеу. Бұл баға өзгерісі жеңілдіктерж үйесі арқылы жүзеге асады.

Негізгі элементтері:

  • Сконто ( фиксацияланған келісімдегі төлем кезінде уақытына дейін немесе ақшалай төлей жеңілдігі). “Сконто” термині немесе “төлем жеңілдігі” сатып алынған тауарға бірден ақшалай немесе тез төлеу кезінде клиенттерге баға түседі. Мысалы: «2/10 netto 30» баға жеңілдігінің мағынасы келісім нәтижесінде 30 күн ішінде тауарды төлеген кезде сатып алушы 10 күн сайын тез төлесе 2% жеңілдік алады. Мұндай жеңілдіктер төлем шарттарын орындайтын барлық сатып алушылар үшін жасалуы қажет. Көптеген салаларда бұл жеңілдік түрі кеңі таралған.

  • Көтерме сауда жеңілдіктер. Тауардың үлкен партиялары үшін бағаны төмендетуді білдіреді. Әсіресе 100 немесе одан да көп дана тауарды сатып алған кезде бірдей баға бірлігі жарияланады. Көтерме сауда жеңілдіктері сконто сияқты шығындардың үнемдеу мүмкіндігімен қызықтыра отырып, барлық сатып алушылар үшін бірдей деңгейде баға жайылуы қажет. Өндіруші фирма бұл жағдайда сату процессінде, тауарды сақтау мен тасымалдау кезінде шығындарды үнемдейді.

  • Функционалды жеңілдігі өндіріс мекемелерінің пайдалық желісіне енетін мекемелерге ұсынылады.

  • Мезгілдік- туристік тауар мен қызметке сұраныс түскен кезде мезгілдік емес уақытта сатуды стимуляциялау үшін қолданады.

  • Льготалы жеңілдіктер азаматтар категориясына байланысты ұсынылады (балалар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектерге).

Сонымен қатар туристік ұйымдар басқа да баға модификациясын қолданады. Көптеген қонақ үйлер нөмірге енетін кейбір жайлылықтардың болмауына байланысты жеңілдік қарастырады

29. Баға қалыптастыру туроператордың функциясы ретінде

Қызмет көрсету саласындағы фирмалардың көпшілігі бағаны есептегенде аз тауарларының құндылығын сезінуден бастағанды дұрыс деп санайды. Олар баға тағайындаудың негізгі факторы сатушының шығыны емес, сатып алушының қабыл алуы деп санайды. Сатып алушылардың ағымында тауардың құндылығын қарастыру үшін олар өздерінің маркетинг кешенінде бағасыз әрекеттер әдістерін пайдаланады. Бұл жағдайда баға тауардың маңыздылық құндылығын сезінуге сәйкес болуы керек. Қызмет көрсету орындарда пара-пар тауарларға әр түрлі баға бекітеді. Бір чашка кофе алма пирогімен қоса тұтынушыға дәмханада 1,25 долл., жанұя ресторанында - 1,50 долл., қонақ үй кафесінде - 1.75 долл., нөмірге әкеліп берсе - 3 долл. және сәулетті ресторанда - 4 долл. түседі. Келесі деңгейдегі мекеме бағаны одан да гөрі жоғары қоюы мүмкін, өйткені оның атмосферасы тауарға қосымша баға қосады. Баға тағайындаудың негізіне тауардың маңыздылық, құндылығын сезіну әдісін пайдаланушы фирмаларға тұтынушылар ұғымында бәсекелестер тауарлары туралы қандай құндылық түсініктер бәрін білуі керек. Өткендегі мысалда тұтынушылардан сол бір кофемен пирогқа әр түрлі жағдайда қандай баға төлеуге дайын екенін сұрап білген жөн болар еді.Кейбір жағдайда сатып алушыдан тауарға қосымша ұсынылатын әрбір пайдалы ұсыныс үшін қанша ақы төлеуге дайын екенін сұраған жөн. Егер сатушы, сатып алушының мойындаған тауардың маңыздылық құндылығынан артық сұрайтын болса, фирма өткізуі мүмкіншіліктегіден төмен дәрежеде болады. Көптеген қызмет көрсету орындары аз тауар бағаларын жоғары қоятындықтан олардың нарықта өтуі өте нашар.Басқа қызмет көрсету орындары керісінше аз тауарларын төмен бағалайды. Мұндай тауарлар нарықта жақсы өтеді, бірақ олардың бағасын сатып алушының ойындағыдай маңыздылық құндылық дәрежесіне көтермегендіктен, оның фирмаға келтіретін түсімі төменірек болады . Күнделік баға деңгейі негізінде баға белгілеу.Фирма күнделікті баға деңгейін есепке алып баға белгілегенде алдымен бәсекелестер бағасын негізге алып аз шығын және сұраным көрсеткіштеріне онша мән бере қоймайды.Ол бағаны негізгі бәсекелестердің баға деңгейінде, одан жоғары не төмен белгілеуі мүмкін. Мысалы таңертеңгілік ас кезіндегі қызмет көрсету сияқты тауар өнімдерін ұсынатын олигополистикалық өріс әрекеттерінде барлық мейрамхана мекемелері әдетті түрде бірыңғай баға сұрайды.Майда фирмалар бағаны “жетекшілер жолын қуып” өз тауарларының сұранымының өзгеруіне не аз шығындарына байланыстырмай, нарық жетекшісінің баға өзгертуімен байланыстырады.Кейбір мекемелер шамалы сыйлықтық үстеме алу не шамалы жеңілдік беру нәтижесінде бағаны тұрақты деңгейде ұстайды.Мысалға, туроператор турагентерге турөнімді бір центке сатқанымен ол сату процесінде байқалмайды. Күнделікті баға деңгейі негізінде баға белгілеу өте әйгілі. Сұранымның икемділігі: өлшеу мүмкіншілігі төмен жағдайда күнделікті баға деңгейі салалық ұжым ақыл ойын, әділ нормалы табыс табудың кепілдігі сияқты болып көрінеді. Оның үстіне, олар күнделікті баға деңгейін ұстау, олар үшін сала шегінде нормалды тепе-тендікті сақтау болып саналады. Жабық сауда негізінде баға белгілеу.Бәсекелестік баға тағайындау фирмалардың мердігерлікке таласу сауда кезінде пайдаланылады.Мұндай жағдайда фирма өз бағасын белгілеу үшін осы бағамен аз шығындарының ара қатынасын не сұранымды есепке алмай, бәсекелестерден күтіліп отырған ұсыныстарын бастама есебінде санайды.Фирма контрактіні жеңіп алғысы келеді, ол басқаларға қарағанда төмен баға сұрауы керек.Бірақ бұл баға өзіндік құнынан төмен болмауы керек, өйтпеген жағдайда фирма зор шығынға ұшырайды. Соңғы бағаны белгілеу. Өткен әдістердің бәрінің мақсаты - баға диапазонын қысқартып, осы шектелген аралықта тауардың соңғы бағасын таңдау болады. Дегенмен, фирма соңғы бағаны белгілер алдында бірқатар қосымша ұғымдарды қарауы керек. Бағаны қабылдау психологиясы. Баға – сатып алушыларға ақпарат жеткізудің тәсілі.Мысалы көптеген сатып алушылар тауардың сапасы туралы ой-пікірді оның бағасына қарап қалыптастырады.100 долларға сатылатын флаконда тек 10 долларлық қана духи болуы мүмкін, дегенмен, адамдар 100 долл.төлеуге дайын, себебі олар үшін оның бағасы көп жағдайларды