- •1.Туризмдегі баға қалыптастыруды реттеу әдістері
- •2. Баға мемлекеттің әсері.
- •3.Туризмдегі баға қалыптастырудың методологиясы
- •4.Турфирманың баға саясаты
- •«Қаймағын сүзу» стратегиясы
- •«Жарып өту» төменгі баға стратегиясы
- •5. Туризмдегі баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •6. Туризмдегі баға қалыптастырудың реттілігі.
- •7.Туристік кәсіпорынның айқын және айқын емес шығындары
- •8.Туристік кәсіпорындардың тікелей және жанама шығындары
- •9.Турфирманың өндірістік және коммерциялық шығындары.
- •10. Турфирманың негізгі және қосымша шығындары
- •11. Бір элементтік және кешенді шығындар
- •12. Туристік өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •13. Инклюзив турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •14. Пэкидж турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •15. Баға қалыптасудың ішкі және сыртқы факторлары
- •16. Баға қалыптасудың әдісі
- •17. Баға стратегиясы
- •18.Жағымсыз сыртқы эффекттер.Жағымды сыртқы эффекттер
- •19. Трансакциондық шығындар Познер теоремасы.
- •20. Ішкі экстернали. Сыртқы экстернали.
- •21Бәсекелестергеқолайсызнарықтықжағдайларынзерттеунәтижелерініңталдауы (Алматы қаласыныңфирмасыныңмысалында)
- •22 Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясат ерекшеліктерін талдаңыз
- •23. Баға құру мақсаттары. Өндірістің мақсаттары: нарықта сақталу, максималдық пайда, айналымның максималдау, сападағы лидерлік
- •24 Бухгалтерлік шегерімдерді пайдалана отырып туристік өнім бағасын анықтау (Алматы қаласының фирмасының мысалында)
- •27.Туристік қызметтердің баға саясаты
- •28. Туристік қызмет бағасы мен жеңілдік дифференциясы
- •29. Баға қалыптастыру туроператордың функциясы ретінде
- •30. Топтық турлардың баға қалыптасуы
- •31. Жеке турлардың баға қалыптасуы
- •32.Туристік қызметке баға қалыптастырудың негізгі факторлары
- •33. Комплекстік қызмет көрсетудегі баға құрастыру үлгілері
- •34. Туристік қызмет ьағасын адаптациялау (модификациясы) жолдары.
- •36. Дирек-костинг әдісі
- •37. Туроператор әр адам басына 7000 тг. - ден экскурсия ұйымдастырды. Әр қызмет түрі 2500 тг. Айлық шығын 12500 тг. Қандай өндіріс көлемінде шығынға ұшырамайды.
- •38. 120 Деп тұратын тур үш этаппен бағаланды және де әр бағалауда бірдей санға өзгерді. Соңғы бағалаудан кейін тур өзіндік құнымен 35,6 деп сатылды. Бірінші, екінші бағалауда қандай бағалар орнатылды.
- •40. Қонақүй кәсіпорнының шаруашылығы келесідей сипатталады: Жалпы шығыны: 3000000 теңге, сатылған түнеу орны саны - 600. Сатылған өнімнің бірлігіне орта шығынды анықтаңыз.
- •44. Шығыс мәліметтері: Жылдық есеп бойынша қонақ үй кәсіпккерлігі өз счетіндегі қаржыға тоқтаусыз шаруашылық жүргізген( млн тг)
- •46 Таза монополмя ерекшеліктері
- •48 Бухгалтерлік өздік баға байланысы және салық салу мақсаттарындағы өзідік баға
- •49. Бағалардың инициативтік өзгеру саясаты
- •50 Баға түрлері: айналымның қызмет көрсету сипаты бойынша, мемелкеттік 0 әсерінен және реттеуіне байланысты нарықтағы конкуренция деңгейі.
- •51. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады.Жиынтық шығыны 500 000 тг,сатылған түнеу саны-400.Сатылған өнім бірлігіне орташа шығынды есептеңіз.
- •53. Мәліметтер: Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •55. Шығыс мәліметі: Турфирма екі типті мәлімет көрсетеді а және б. Ол келесідей сипатталады(мың тг )
- •60. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •61. Төрт жұлдызды отельдің бәсекеге төтеп бере алу жағдайы эксперттермен анықталып,келесідей мәліметтер көрсетеді:
- •65. Қызмет өндіруге кеткен толық шығын 9000 теңге. Жоспар бойынша бекітілген шығын рениабельдігінің нормативі 15%.Қызмет бағасын анықтаңыз?
- •66. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •67. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •71. Туристік мекеменінің құлдырауы кезінде қолданылатын баға саясатын көрсетіңіз. Не себепті сол баға саясатын таңдадыңыз? Тұжырымды дәлелдеңіз
- •72 Бағаны анықтаудағы тәуекелді бағалау (алматы қаласының фирмасының мысалында)
- •73. Халықаралық турлардың калькуляциясы (шығу туризм) (Алматы қаласының фирмасының бір өнім мысалында)
- •74 Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясаты ерекшеліктерін талдаңыз
- •75 Бәсекелестерге қолайсыз нарық жағдайларын зерттеу нәтижелерінің талдауы (Алматы қаласының бір фирмасының мысалында)
- •1. Туризмдегі баға қалыптастыруды реттеу әдістері
16. Баға қалыптасудың әдісі
Баға қалыптастырудың парметрлік және шығындық әдістерін ажыратады.Шығындық баға қалыптастыру әдісі тауарды өндіру мен өткізу шығындарына негізделген.Оларға:
Толық шегерімдер тәсілі;
Стандартты шегерімдер тәсілі;
Тікелей шегерімдер тәсілі.
Толық шегерімдер тәсілі — фирманың әрбір өніміне кеткен шығынын толықтай есептей отырып баға қалыптастыратын әдіс.Бұл әдіс көбінесе монополияларға тән,себеі олардың тауар өткізу кепілдемесі бар.
Стандартты шегерімдер әдісі - нормативті шығындардан асып кеткен нақты шығындарды есепке ала отырып баға бекітеді.Бұл әдістің артықшылығы шектен асқан шығындарды да басқара алады,тек жалпы шығын мөлшері ғана емес.Бұл әдістің қиын элементі болып шығындар стандартын анықтау.
Тікелей шегерімдер тәсілі - нарық конъюктурасына қарай тікелей шығындарды анықтап күтілетін сатылым бағасын ұсыну. Барлық шартты- ауыспалы шығындар шығарылатын өнімнің көлеміне байланысты және тікелей шығын деп есептеледі.Жанамаа шығындар қаржылық нәтижеге жатқызылады.
Параметрлік баға қалыптастыру әдісі тауардың техникалық-экономикалық параметрлеріне негізделеді.Оларға:
Салыстырмалы баға әдісі
Балдық баға әдісі
Регрессия әдісі
Салыстырмалы баға әдісі тауардың ең басты параметріне негізделіп қойылатын баға.Бұл әдіс үлкен қателіктерді жібермеу үшін қолданылады.
Балдық баға әдісі тауардың параметрлерін эксперттер бағалау барысында жүреді.Тауардың әрбір параметріне бал қосылады.Соңында барлық параметрлер балы есептеледі.
Регрессия әдісі эмпирикалық формулаларды анықтау барысында баға қалыптасады. Бұл жерде баға тауардың сапасының функциясы ретінде болады.
17. Баға стратегиясы
Баға саясатын және кәсіпорын стратегиясын әзірлеу келесі үш кезеңнен тұрады: түпнегіздік ақпарат жинақтау, стратегиялық талдау, стратегияны тұжырымдау.
1. Түпнегіздік ақпарат жинақтау кезеңін орындау барысында келесі негізгі мәселелер орындалады:
Шығындарды бағалау;
Тұтынушылар туралы ақпарат.
Әлеуеттік бәсекелестер туралы деректер.
Кәсіпорынның қаржы мақсаттарын нақтылау;
2. Стратегиялық талдау кезеңін орындау барысында алдын ала жинақталған ақпарат талапқа сай талдауға түседі:
Қаржылық талдау;
Нарық сегментін талдау;
Бәсекелестерді талдау;
Мемлекеттік реттеудің ықпалын бағалау.
3. Стратегияны қалыптастыру:
Қорытынды баға стратегиясын белгілеу.
Баға стратегиясының негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:
Жоғарғы баға стратегиясы. Бұл стратегияның басты мақсаты — өндіріліп, шығарылып отырған жаңа тауар өте құнды болғандықтан, ол үшін бірқалыпты нарықтық бағадан жоғары төлеуге дайын сатып алушылардан «қаймағын сүзіп алу» жолымен үстеме пайда табу.
Орта баға стратегиясы (бірқалыпты бағақалыптастыру). Тауардың өмірлік циклының құлдырау фазасынан басқа барлық кезеңінде қолданылады, пайданы ұзақ мерзімді перспектива ретінде ұстанатын фирмаларға тән.
Төменгі баға стратегиясы (нарыққа ену стратегиясы) тауардың өмірлік циклының кез келген фазасында қолданыла алады. Бұл стратегия баға бойынша сұраныс икемділігі өте жоғары болғанда тиімді болып табылады.
Кешендік сатуды ынталандыру стратегиясы (шығындық лидер) тауар бірлігін сатуда қолданбай, бір тұтастай сатқанда қолданылады. Сатудың шығындық лидері – фирма өзінің басқа да тауарларын өткізу мақсатында сатып алушыларды тарту бойынша фирманың минималды пайдамен өткізілетін тауары.
Қосымша тауарлар стратегиясы сатып алушылардың көңілін аудару үшін жарнамалық іс-шара болып табылады. Бұл жағдайда фирма негізгі тауарға қосымша бұйымдар жинағын ұсынады, тұтынушы «қаныққан» тауарды сатып алуға тоқтам жасайды. Бұл стратегияның қиындығы, баға құрамына стандарттық жинақталым ретінде нені қосу керек, ал қосымша ретінде не ұсыну керек екендңгңнде.
«Лидер соңынан еру» стратегиясы. Олигополиялық нарықта жиі қолданылады. Бұл жағдайда нарықтағы үлесі ауқымды болып табылатын фирмалардың бірі жабдықтаушылармен жариялы емес түрде негізгі лидер болып табылады.
Мәртебелі баға стратегиясы өте жоғары бағамен сатылатын тауарларды және тауар маркасы мен тауар сапасына ерекше көңіл аударатын нарық сегменттерін қарастырады. Бұл стратегия фирма және оның тауарларының жоғарғы мәртебелілігі болған жағдайда және минималды бәсекелестік шартында мүмкін болады.
Шығындық көзқараспен байланысты тауарлар бағасының статегиясы. Тауарлардың өндірілуі шығындық көзқараста қарастырылады, егерде тауар бірлігінің өндірілу көлемінің өзгеруі басқаларының өндірісінің өзгеруімен қатар болса. Бұл негізгі өнім өндірісі үдерісіндегі жолай өндірілетін қосалқы тауарларға байланысты.
Сұраныс көзқарасымен байланысты тауарлар бағасының стратегиясы. Тауарлар өзарабайланысты болады, егерде олардың біреуінің бағасы екіншіге әсер етсе. Бұл бір тауар екінші тауарды алмастыратын дәрежеде болған шартта мүмкін болады.
Баға бекітудегі қызметтерді үйлестіру стратегиясы. Ол екі жағдайда пайда болады: баға бойынша шешімдерді қабылдаужәнен қатарлас баға саясатын жүргізу. Кейбір елдерде баға бойынша мәлімелерді жасасу заңмен тиым салынған, сондықтанда фирмалар екінші жағдайға ұмтылады.
Бағалық дискриминация стратегиясы. Фирма тауар мен қызметтерді оларды өндірудегі шығындарына қарамай әр түрлі бағамен сатады.
«Байланыстырылған бағақалыптастыру стратегиясы». Бұл стратегияны қолдану кезінде тауар бағасы мен оның шығындары тең болатындай соммадағы тұтыну бағасына бағдарланып бекітіледі.
«Өзгермейтін баға» стратегиясы. Фирма ұзақ мерзім бойында өзгермейтін бағаны сақтау мен бекітуге ұмтылады, өйткені өндіріс шығындары өзгеретін жағдайда фирма, баға саясатын қайта қарастыру орнына, тауар құрамы мен қорапталыну мөлшерін, сыртқы бейнесін өзгертуге тырысады.
Нольмен аяқталмаған немесе психологиялық баға стратегиясы – нольмен аяқталған соммаға қарсы бағаның қандайда бір төмендеуі. Тұтынушыларда фирма өз бағасын терең талдап, оларды минималды түрде орнатуға тырысады деген пікір қалыптасады.
Бағалық жолақ стратегиясы бір атаудағы тауардың әр бағасы сапаның белгілі бір деңгейін анықтайтын баға диапазонын айқындайды.
