Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баа калыптастыру .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481 Кб
Скачать
☆

32.Туристік қызметке баға қалыптастырудың негізгі факторлары

Баға құру саясатына әсер ететін туркәсіпорынның мақсаттары; рынокта көп уақыт әрекет ету, пайданы көбейту, рыноктық үлесін ұлғайту, турөнімнің сапасы жағынан жетекшілікке ие болу. Баға құруға әсер ететін негізгі жакторлар — шығындар, тұгынушылар көзқарасы, бәсекелестер бағалары. Бағаны анықтаудың ең оңай тәсілі, ол шығындарға негіздеп баға құру. Баға құрудың дұрыс тәсілі-қажеттіліктерді анықтау және турөнімнің бағасы мен тұтынушының құндылығының ара-қатынасын анықтау. Баға құрудағы саясатқа сондай-ақ бәсекелестер бағасы мен олардың бағаның өзгеруіне қатысты мүмкін болатын реакциясы. Сондықтан, бәсекелестердің бағасын зерттеу-баға құру кезіндегі негізгі элемент болып табылады. Баға құруға әсер ететін төрт факторды атап өтуге болады: 1. шығындар кұрылымы (баға турфирманың шығындарынан үлкен болуы керек); 2. бағаның бәсеке қабілеттілігі; 3. түтынушылар төлеуге дайын бағалар (сұраныстың икемділігі); 4. туристік кәсіпорынның мақсаттары:

1)пайданы максималдау; 2)инвестицияға қаражатты қайтаруды максималдау; 3)өмір сүргіштік (туризм индустриясының маусымдық сипаты және бәсекенің жоғраы деңгейі); 4) сату көлемін үлғайту). Бағаның өзгеруі сату көлеміне үлкен әсер етеді. Әдетте, төмен баға клиенттерді қызықтырады, бірақ үлкен бағаның әсері осындай болуы мүмкін, Зерттеулер көрсеткендей, тұгынушылар қымбат қызметтердің сапасы жоғары деп сенеді. өйткені, тұтынушылар сапаны тексеріп көре алмайды. Баға құру стратегиясы туркәсіпорынның перспективті мақсаттары мен оның жалпы даму бағыттарымен үштас болуы керек. Бұларға: максималда пайда табу, өздерінің тұрақты клиенттер шеңберін құру, бәсекелестерді жеңу жатуы мүмкін.

33. Комплекстік қызмет көрсетудегі баға құрастыру үлгілері

Комплекстік қызметке баға қою моделі.Бұл бағаларды туроператор мен қонақ үй және тағы басқа туристік қызмет көрсету орындарымен арасында болған келісім шарт нәтижесінде құрылады.Комплекстік қызмет көрсету бағасы пакеттегі әрбір қызмет түрінің (орналастыру, тамақтандыру, транспорт,экскурсия) келісім шарттағы бағасына тең. Туроператордың табысы бұл жерде үстіне қойған сомадан болады.Үстіне қосылған баға өз шегерімдері мен табысын жабуды қамтамасыз етеді. Осылайша турфирма табысы турпакеттің ұсынылатын бағасы мен келісім шарт бағасының айырмасы болып табылады. Бұл табыс келісілген бағалардың 15-20%ын құрайды .Комплекстік қызмет көрсету бағасын құрастырғанда ең басты талап: бағаның бәсекелестігі мен оның ұсынысқа сай болуы. соответствие воспринимаемой ценности предложения.

34. Туристік қызмет ьағасын адаптациялау (модификациясы) жолдары.

Көптеген фирмалар ереже ретінде тауарларына тек бір бағаны емес,ал бірдей нарық шарттарына тәуелді баға модификациясының толық бір жүйесін құрайды. Бұл жүйе тауардың модификациясы,ассортименттердің мүмкін болатын түрлілігін және жүзеге асыру шарттары ( мысалы сұраныс пен ұстамалардың географиялық ерекшеліктерін) ,нарықтың әр түрлі сегменттерінде сұраныстың интенсивтілігі, тауарды жүзеге асырудың әр түрлі мерзімінің айырмашылығын ескеру қажет.

Бұл факторлар баға құруда үлкен маңызы бар және фирманың баға стратегиясын құрастыру кезінде арнайы ескеріледі. Бірақ бұл сұрақ әлі толық зерттелмеген және отандық баға тәжірибесінде қолданылмайды.

Баға құрудың әр түрлі формаларын практикалық қолдану кезінде тек терең білімнің жоқтығы ғана кедергі келтірмейді,сонымер қатар экономикалық шарттардың спецификасы, көбінесе нарық бәсекелестігінің дамымауы мен дағдарыс жағдайы.Бірақ бұл жағдайлар уақытша ғана болады,ал сондықтан баға саясатының эффективті тәжірибені меңгеру қажеттілігін күнтізбеден шығармайды.

Баға модификациясының негізгі түрлері:

  • Географиялық принцип бойынша

  • Стимуляцияланған сатылымдар үшін жеңілдік жүйесінің модификациясы

  • Баға дискриминациясы мен ұсынылған тауар ассортиментінің баспалдақтық бағасын төмендету

35.Баға түрлері:айналымның қызмет көрсету сипаты бойынша,мемлекет әсерінен және реттеуіне байланысты нарықтағы конкуренция деңгейі.Баға – тауардың ақшалай құны. Қызмет көрсету айналымына қарай: Көтерме сауда бағасы, Сатылымдық баға, Бөлшектік сауда бағасы.Еркіндіктің дәрежесіне сай: Еркін бағалар (нарықтық бағалар), Реттелген бағалар, Тұрақты бағалар, Жылжымалы баға, Өзгермелі баға, Жарияланушы баға. Нарық түріне байланысты:Аукционды тауар бағасы,Биржалық баға,Комиссиондық тауар бағасы.Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері. Нарық типтеріне байланысты сатушы баға қалыптастырғанда әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады. Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және єрқайсысы баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады. 1. Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Бірде - бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу, тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және өткізуді ынталандыру минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді. 2. Монополиялық бәсекелестік нарығы келісімді біркелкі нарықтық бағамен емес кең диапазонды бағалармен жасайтын сатып алушылармен, сатушылардан құралады. Баға диапазонының болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әр түрлі варианттарын ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды бұйымдар бір-бірінен сапа, касиеті, сырт безендіруі бойынша айырмашылықта болады. Айырмашылық тауарға қосымша атқарылатын қызметтерде де болуы мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын кµретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықта болу үшін сатушылар әр түрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады. Бәсекелестердің көп болуына байланысты олардың маркетингілік стратегиясы әр фирмаға тигізетін ықпалы олигополистикалық нарық жағдайынан төмен болады. 3. Олигополистикалық нарық баға белгілеу саясатына және бір-бірінің маркетингілік стратегиясына өте сезімтал біршама сатушылардан құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек. 4. Таза монополия жағдайында нарықта тек қана бір сатушы болады. Бұл мемлекеттік мекеме (мысалға, Қазақстанда темір жол компаниясы), жеке жүйеленетін монополия (мысалға, “Қарағанды-Жылу”) не жүйеленбейтін монополия (мысалға, нарыққа нейлонмен шығар кезеңіндегі “Дюпон”). Әр ерекше жағдайда баға белгілеу әр түрлі болып құралады. Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін. Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару, не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынысты жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. Жүйеленген монополия жағдайында үкімет компанияға “Әділ нормалы табыс” келтіретін, соның нәтижесінде мекемеге өндірісті қолдап отыратын, ал қажетті жағдайда оны кеңейтуге мүмкіншілік беретін баға тағайындауға ұлықсат береді. Оған керісінше, жүйеленбейтін монополия жағдайында фирма нарық көтеретін кез келген бағаны белгілей алады. Дегенмен бірқатар себептерге байланысты, фирма мүмкіншілігінше максимальды бағаны тағайындамайды. Бұл әрі мемлекеттік жүйелеуді енгізуден сескену, әрі бәсекелестерді елеңдетпеу, әрі төмен бағаны пайдаланып - нарықты игеруді тереңдете түсу.