Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баа калыптастыру .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481 Кб
Скачать
☆

8.Туристік кәсіпорындардың тікелей және жанама шығындары

Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың, баланста көрсетілген болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, “шығындар” ұғымы “өндіріске шыққан шығындар” дегеннен кең екені білінеді, өндіріске шыққан шығындар — өнімді өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі. Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша:

тікелей - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тікелей кіретін шығындар;

    жанама — өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін.

9.Турфирманың өндірістік және коммерциялық шығындары.

Өндірістік шығын деп әдетте өнім қндіруге жұмсалган шығындарды айтамыз. Шыгын қогамдық және өндірістік болып бөлінеді. Өндірістік шығындаргы: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстар қүны және жыл бойгы негізгі қорлардың тозуы, өнім өндіруге қатыскан техникалар, машиналар құрал жабдықтар, үйлер, ғимараттар, жіне т б материалдық құралдар куны жатады. Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді. Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі-тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдер жасалады. Мұндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады. Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу-сату операцяларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, біріншісі тауар өндірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарықты маркетингтік талдау жасау қажет. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады. Финанс кәсіпкерлігіне негізінен коммерциялық банкілер және қор биржалары кіреді. Коммерциялық банкілер – бұл финанс – кредит мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық кәсіпорындарға несие береді, ол үшін пайыз ставкасымен берген несиесін қайырады. Банкіде активті және пассивті операциялар болады. Қор биржалары – бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын жеделдетеді және активтердің реалды құнын анықтайды.