- •1.Туризмдегі баға қалыптастыруды реттеу әдістері
- •2. Баға мемлекеттің әсері.
- •3.Туризмдегі баға қалыптастырудың методологиясы
- •4.Турфирманың баға саясаты
- •«Қаймағын сүзу» стратегиясы
- •«Жарып өту» төменгі баға стратегиясы
- •5. Туризмдегі баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •6. Туризмдегі баға қалыптастырудың реттілігі.
- •7.Туристік кәсіпорынның айқын және айқын емес шығындары
- •8.Туристік кәсіпорындардың тікелей және жанама шығындары
- •9.Турфирманың өндірістік және коммерциялық шығындары.
- •10. Турфирманың негізгі және қосымша шығындары
- •11. Бір элементтік және кешенді шығындар
- •12. Туристік өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •13. Инклюзив турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •14. Пэкидж турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •15. Баға қалыптасудың ішкі және сыртқы факторлары
- •16. Баға қалыптасудың әдісі
- •17. Баға стратегиясы
- •18.Жағымсыз сыртқы эффекттер.Жағымды сыртқы эффекттер
- •19. Трансакциондық шығындар Познер теоремасы.
- •20. Ішкі экстернали. Сыртқы экстернали.
- •21Бәсекелестергеқолайсызнарықтықжағдайларынзерттеунәтижелерініңталдауы (Алматы қаласыныңфирмасыныңмысалында)
- •22 Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясат ерекшеліктерін талдаңыз
- •23. Баға құру мақсаттары. Өндірістің мақсаттары: нарықта сақталу, максималдық пайда, айналымның максималдау, сападағы лидерлік
- •24 Бухгалтерлік шегерімдерді пайдалана отырып туристік өнім бағасын анықтау (Алматы қаласының фирмасының мысалында)
- •27.Туристік қызметтердің баға саясаты
- •28. Туристік қызмет бағасы мен жеңілдік дифференциясы
- •29. Баға қалыптастыру туроператордың функциясы ретінде
- •30. Топтық турлардың баға қалыптасуы
- •31. Жеке турлардың баға қалыптасуы
- •32.Туристік қызметке баға қалыптастырудың негізгі факторлары
- •33. Комплекстік қызмет көрсетудегі баға құрастыру үлгілері
- •34. Туристік қызмет ьағасын адаптациялау (модификациясы) жолдары.
- •36. Дирек-костинг әдісі
- •37. Туроператор әр адам басына 7000 тг. - ден экскурсия ұйымдастырды. Әр қызмет түрі 2500 тг. Айлық шығын 12500 тг. Қандай өндіріс көлемінде шығынға ұшырамайды.
- •38. 120 Деп тұратын тур үш этаппен бағаланды және де әр бағалауда бірдей санға өзгерді. Соңғы бағалаудан кейін тур өзіндік құнымен 35,6 деп сатылды. Бірінші, екінші бағалауда қандай бағалар орнатылды.
- •40. Қонақүй кәсіпорнының шаруашылығы келесідей сипатталады: Жалпы шығыны: 3000000 теңге, сатылған түнеу орны саны - 600. Сатылған өнімнің бірлігіне орта шығынды анықтаңыз.
- •44. Шығыс мәліметтері: Жылдық есеп бойынша қонақ үй кәсіпккерлігі өз счетіндегі қаржыға тоқтаусыз шаруашылық жүргізген( млн тг)
- •46 Таза монополмя ерекшеліктері
- •48 Бухгалтерлік өздік баға байланысы және салық салу мақсаттарындағы өзідік баға
- •49. Бағалардың инициативтік өзгеру саясаты
- •50 Баға түрлері: айналымның қызмет көрсету сипаты бойынша, мемелкеттік 0 әсерінен және реттеуіне байланысты нарықтағы конкуренция деңгейі.
- •51. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады.Жиынтық шығыны 500 000 тг,сатылған түнеу саны-400.Сатылған өнім бірлігіне орташа шығынды есептеңіз.
- •53. Мәліметтер: Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •55. Шығыс мәліметі: Турфирма екі типті мәлімет көрсетеді а және б. Ол келесідей сипатталады(мың тг )
- •60. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •61. Төрт жұлдызды отельдің бәсекеге төтеп бере алу жағдайы эксперттермен анықталып,келесідей мәліметтер көрсетеді:
- •65. Қызмет өндіруге кеткен толық шығын 9000 теңге. Жоспар бойынша бекітілген шығын рениабельдігінің нормативі 15%.Қызмет бағасын анықтаңыз?
- •66. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •67. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •71. Туристік мекеменінің құлдырауы кезінде қолданылатын баға саясатын көрсетіңіз. Не себепті сол баға саясатын таңдадыңыз? Тұжырымды дәлелдеңіз
- •72 Бағаны анықтаудағы тәуекелді бағалау (алматы қаласының фирмасының мысалында)
- •73. Халықаралық турлардың калькуляциясы (шығу туризм) (Алматы қаласының фирмасының бір өнім мысалында)
- •74 Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясаты ерекшеліктерін талдаңыз
- •75 Бәсекелестерге қолайсыз нарық жағдайларын зерттеу нәтижелерінің талдауы (Алматы қаласының бір фирмасының мысалында)
- •1. Туризмдегі баға қалыптастыруды реттеу әдістері
18.Жағымсыз сыртқы эффекттер.Жағымды сыртқы эффекттер
Нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтары сыртқы эффект дейді. Бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынуға ешқандай қатысы жоқ үшінші адамдар көтереді (шығын) немесе тегін алады (пайдалылық). Сыртқы әсерлер жағымсыз және жағымды эффекттер болып екіге бөлінеді.
Жағымсыз сыртқы эффект (экстерналии) – бұл өнімнің бағасында есептелінбеген өндірісте қолданылған ресустардың құны. Жағымсыз сыртқы әсерлердің зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар шегеді. Жағымсыз сыртқы әсерлердің мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге болады. Мысалы, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды. Көлді қолданудың альтернативті құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді. Яғни, көлді қолданудың шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан, одан балық аулап күн көретін, көл жағасында демалып, суға шомылатын адамдар зардап шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Қалада жүретін машиналар, қала ішінде немесе оның маңында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды, одан қала тұрғындары әр түрлі зардаптар шегеді.
Енді жетілген бәсекелі нарықтағы жағымсыз және жағымды сыртқы әсерлердің салдарын талдаймыз. өнімді өндіруге және тұтынуға байланысты барлық шығындарды (өндірушінің, тұтынушының және үшінші адамдардың) әлеуметтік (қоғамдық) шығындар дейміз (TSC). Ол жалпы жеке шығын (TPC) мен жиынтық сыртқы шығынның (ТЕС) қосындысы:
TSC=TPC+TEC.
Қоршаған ортаны ластайтын өнім көлемі өскен сайын жиынтық сыртқы шығын (TEC) шекті сыртқы шығынның (MEC) мөлшеріне өседі. Демек өнім көлемі өскен сайын қоршаған ортаның ластануы да өседі.
Әрбір қосымша өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығыны (MEC) өндіруші емес, өндіруге және тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам көтереді. Шекті сыртқы шығынның мөлшерін анықтау үшін жиынтық сыртқы шығынның өзгерісін өнім көлемінің өзгерісіне бөлеміз:
MEC=∆TEC/∆Q
Шекті сыртқы шығын мөлшері өссе, шекті әлеуметтік шығын да (MSC) өседі: MSC=∆TSC/∆Q
Өндірушінің шекті жеке шығыны:
MPC=∆TPC/∆Q
Яғни, шекті әлеуметтік шығын өндірушінің шекті жеке шығыны мен шекті сыртқы шығынының қосындысы:
MSC=MPC+MEC
Шекті сыртқы шығын өнім көлемі өскен сайын бір деңгейге өседі деп жорамал жасай отырып, 13.1.2 суретіндегі графиктің көмегімен жағымсыз сыртқы әсердің салдарын көруге болады. өнімге сұраныс тұтынушыларға әкелетін шекті қоғамдық пайдалылықты (MSB) көрсетеді. Өнім ұсынысының қисығы жеке өндірушінің шекті шығынын көрсетеді (MPC).
Егер жағымсыз сыртқы әсер туғызатын фирма оның қызметін зардап шегетіндерге әрбір өнім үшін 10 теңге төлейтін болса, фирманың әрбір өніміне 10 теңге салық (T) салынса, оның шекті шығыны өседі:
MSC=MPC+MEC=MPC+10 теңге.
Бұл жағдайда фирма өнім көлемін тиімді деңгейге деін қысқартады, өнімнің бағасы 100 теңгеден 106 теңгеге өседі. Қоршаған ортаны ластау DZ²FG төртбұрышының ауданына тең мөлшерге қысқарады, бірақ толығымен жойылмайды. Нарықтағы баға 106 теңгеге көтерілгенде, фирма үшін өнім көлемін қысқарта отырып, әрбір өнімге 10 теңге салық төлеу пайдалы болады.
Сонымен, тиімді өнім көлемін шекті қоғамдық шығын мен шекті қоғамдық пайдалылықтың теңдігімен анықтауымыз керек: MSB=MSC. Ол Z² нүктесіне сәйкес келеді, оптимальды өнім көлемі Q² мың дана өнімнің нарықтағы бағасы 106 теңге болуы керек. Жағымсыз сыртқы әсер болған жағдайда тиімділікке қол жеткізудің алғышарты:
MPC+MEC=MSC=MSB
Жетілген бәсекелі нарықта жағымсыз сыртқы әсердің болуы шекті жеке шығынның құрамында шекті сыртқы шығынды есептемеуге әкеледі. Осы себептен өнім көлемі тиімді мөлшерден көп өндіріледі және оның бағасы төмен болады. Жағымсыз сыртқы әсердің болуы шектелген экономикалық ресурстардың тиімсіз қолданылатынын көрсетеді.
Игіліктердің бағасында есептелінбейтін пайдалылықты жағымды сыртқы эффект дейді.
Сонымен, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнімдер мен қызметтер тиімді көлемнен аз өндіріледі және бағалары қымбат болады.Сыртқы жағымды және жағымсыз әсерлердің пайда болуы нарық экономикасы механизмдерінің жұмысындағы кемшіліктерді көрсетеді. Сыртқы әсерлердің пайда болуы жалпы экономиканың тиімсіз жұмыс істеуіне, экономикалық ресурстарды тегін қолдануға және қоршаған ортаны ластауға әкеледі.
Жеке шығындар мен қоғамдық шығындардың, жеке пайдалылық пен қоғамдық пайдалылықтардың бір-бірімен сәйкес келмеуі экономикалық ресурстарды тиімсіз қолдануға әкеледі. Бұл мәселені шешу үшін шекті қоғамдық шығындар шекті қоғамдық пайдалылыққа тең болуы керек:
MSC=MSB, мұндағыMSB=MPС+MEC, алMSB=MPB+MEB болғандықтанMPC+MEC=MPB+MEB.
Сыртқы әсерлерді реттеудің көптеген жолдары бар. Коуз теоремасына сүйенсек, сыртқы әсерлерді экономикалық ресурстарға меншік құқығының нақты анықталмағандағын туғызады. Коуздың ойынша, егер мемлекет әркімнің ресурстарға меншік құқығын нақты анықтаса, әрбір меншік иесі мемлекет анықтаған ережені ерікті түрде орындаса және меншік құқығы еркін сатылатын болса, өзара келісу арқылы және нарықтық механизмдердің көмегімен жағымсыз сыртқы әсерерді ішкі әсерге айалдыруға болады.
Бірақ сыртқы әсерлердің проблемаларын шешу барысында әр түрлі қиындықтар кездеседі. Көптеген ресурстарға меншік құқығын анықтау өте көп шығынды талап етеді немесек оны анықтау мүлдем мүмкін емес. Мысалы, ауаға немесе өзендегі суға меншік иесін анықтау және оның құқығын сату өте қиын болады. Коуз теоремасын қолдану үшін меншік иелерінің өзара келісуге шағатын шығындары келісімнен алатын пайдадан аз болуы керек. Сыртқы әсерлердің салдарын келісімге келе отырып шешу үшін оған қатысатын экономикалық субъктілердің немесе адамдардың саны көп болмауы қажет. Сыртқы әсер туғызатын нақты себептерді де анықтау қиын болады. Сонымен қатар сыртқы шекті шығындар мен шекті сыртқы пайдалылықтардың деңгейі туралы ақпарат та толық болмауы да мүмкін.
Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар әрбір өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығынының мөлшерінде мемлекетке салық төлейді: Т=МЕС, мұндағы Т – салықтың мөлшері. Салықтың арқасында шекті жеке шығын шекті қоғамдық шығынмен теңеседі: МРС+Т=МSС. Ол жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнім көлемінің тиімді деңгейге дейін қысқаруына әкеледі. Оны жоғарыдағы мысалдан көрдік.
Жағымды сыртқы әсерлер туғызатын өнімдер тиімді деңгейден аз мөлшерде өндірілетін болғандықтан, мемлекет әрбір өндірілген өнімнің әкелетін шекті сыртқы пайдалылығына тең реттеу субсидін береді:
G=MEB
Мұндағы G – мемлекеттің реттеу субсиді.
Субсидтелген өнім көлемінің әкелетін шекті жеке пайдалылығы теңеседі. Мемлекеттің осы реттеу әдісі жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім көлемін тиімді деңгейге дейін өсіруге ынта туғызады.
