Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баа калыптастыру .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481 Кб
Скачать
☆

74 Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясаты ерекшеліктерін талдаңыз

Фирма пайдасын максималдау нысанасы фирма құндылығынан туындайды. Өйткені фирма кұндылығы дегеніміз глобалды нысана. Осы глобалды нысанаға қол жеткізу үшін фирма уақытша пайдасын кемітуге барады. Мысалы, жаңа тауарды немесе нарыққа жаңа куысын игеру үшін фирма бағасын (пайдасын) уақытша кемітіп, құндылығын қамтамасыз етеді. Соның арқасында фирма өзінің болашағын қамтамасыз етеді, құндылығын одан әрі ұлғайтады. Сөйтіп, егер фирма өзінің нысанасы ретінде максималды пайда табуды көздеген болса және ол нарықтың сұранысы жайлы толык мәлімет ала алса, оған қоса өзінің маржиналды шығындары мен өндірісінің мүмкіндігі жөнінде анық хабардар болса, онда оның менеджерлері жоғарыдағы зандылықтарға сүйене отырып, үйлесімді коммерциялық саясатын жасай алады, яғни үйлесімді сату көлемін және оның толық сатылуын қамтамасыз ететін бағаны анықтай алады. Алайда, жоғарыда айтылғандай, нарықтың сұранысы туралы толық және сенімді мәлімет алудың мүмкіндігі шамалы. Нарықтың сұранысы тек жорамалдап болжануы мүмкін. Соның өзінде сату көлемінің, маржиналды шығындардың, маржиналды түсімнің және бағаның өзара байланысын дүрыс түсінудің негізінде үйлесімді коммерциялық іс-әрекеті белгілеуге болады. Келесі тарауларда соның жолдары қарастырылады. Жоғарыда қарастырылған баға құру теориясының кейбір мәселелерін аяқтай келе, тауар (рынок) түріне және нарыққа фирманың алған орнына байланысты нарықта әрекет жасап жүрген фирмалардың барлығын үлкен екі топқа бөлуге болады:

1.Бағаны қалыптастырушы (баға іздеушілер) фирмалар. Олар өз күшіне сүйеніп бәсекелес фирмалардан айрықша өзінің тауарларына басқа бағалар белгілей алады. Мұндай жағдай монополиялық бәсекеге және олигополия нарықтарына тән.

2.Қалыптасқан нарықтың бағаларын қабылдаушы (баға алушылар) фирмалар. Олар нарықта қуатсыз болғандықтан өз баға саясатын жүргізе алмайды. Сондықтан рынокта қалыптасқан бағамен тауарларын сатуға мәжбүр болады. Мұндай жағдай жетілген бәсеке рыноктарына немесе күші басым жетекші фирмалары бар нарықтарға тән. Осыған сәйкес бірінші топтағы фирмалар өзінің баға саясатын жасай алады және жасауы да қажет. Ал екінші топтағы фирмалар үшін ондай мақсат өзекті бола алмайды. Сондықтан олардың коммерциялық саясатының негізі ретінде әндіріс көлемін, өнім сапасын және шығындарды басқару мәселелері алынады. Бұдан әрі баға саясаты аясында әңгімеміз бірінші топтағы (өздері баға саясатын құра алатын және құруға қажетті) фирмалар жөнінде болмақ.

75 Бәсекелестерге қолайсыз нарық жағдайларын зерттеу нәтижелерінің талдауы (Алматы қаласының бір фирмасының мысалында)

Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.

Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.

ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.

1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.

2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.

Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.

Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.

Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.