Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
P-223_Ata-ana_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

2. .Кестені толтыр, сипаттама бер.

Консультациялар...

Әдетте жеке-дара немесе топтың жартысының ата-анасына арналған консультациялар системасы жасалады.Әсіресе жас ата-аналар балаларды тәрбиелеуде жаңа іс-тәжірибелік дағдыларды үйренуді қажет етеді. Оларды мақсатты түрде семинар-практикумдарға шақырады. Бұл жұмыс формасы ата-аналарға оқытудың әдістері мен тәсілдерін үйретуге мүмкіндік береді: кітапты қалай оқу керек, иллюстрацияларды қарастыру, оқылғанды әңгімелеп беру, баланың қолын жазуға жаттықтыру т.б.

Отбасылық клубтар...

Ата-аналар жиналысына қарағанда клуб ата-аналардың өз еркімен, қызығушылығымен келулерін Ата-аналардың уақыттарының тығыздығын ескекре отырып, «Ата-ана поштасы»; « Сенім телефоны» атты ата-анамен қатынас орнатуға мүмкіндік беретін дәстүрлі емес формаларды айтуға болады. Отбасымен өзара әрекеттесудің дәстүрлі емес формасы ретінде ойындар кітапханасы қарастырылады.

Балабақша ...

мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме. Мұндай мекеменің ең алғашқы үлгісін неміс педагогыФребель (1702—1852) ұйымдастырған (1837). Еліміздегі тұңғыш Балабақша Алматы қаласында 1917 жылы ұйымдастырылып, онда 100-ге тарта бала тәрбиеленді. Балабақшадағы балалар 2-ден 3 жасқа дейін — бөбектер тобына, 3-тен 4 жасқа дейін —cәбилердің 1-тобына, 4-тен 5 жасқа дейін — сәбилердің 2-тобына, 5-тен 6 жасқа дейін — естиярлар, 6-дан 7 жасқа дейін — мектепке даярлық топтарына бөлінеді.

3. Ата-аналардың наразылығы мынандай кездерде болады:

жұмыстың мақсатф түсіндірілмегенде;

Біріккен жұмысты жоспарлауда ата-аналар қатыспады. Ата-аналарға кез-келген өзгешеліктерді қолдау тән, егер олар дайындыққа қатысса. Біздің барлығымызға өз кеңестерімізге құлақ асу тән;

Ұжымның дәстүрлері жауапсыз қалады. Жұмыстың әдеттегі жағдайына қалыптасу керек, мысалы ата-аналар жиналысының мүмкіндіктері қолдану;

Өткізілетін жұмыс қосымша энергетикалық ресурстарды қажет етеді, кететін уақыттың көбеюімен қауіпті;

Бәрі онсыз да жақсы сияқты («бұның бәрін неге ойлап тапты?»);

Жұмысты ұйымдастырушы сенім мен құрметке ие емес. Өкінішке орай біз жиі жобаның өзіне емес, оның авторына қараймыз.

4. Ата-аналармен жұмыстағы диагностикалық әдістер. Тәрбиешілердің  ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының жоспарында оқушылардың отбасын зерттеу Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру.

Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру.Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.Ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру.Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады. Ата-аналармен балабақша ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:

-       ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;

-       ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету;

-       топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру;

-       ата-аналармен тақырыптық жиналыстар оздыру;

-       мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру;

-       ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

    «Тәрбие-тал бесіктен басталады» деп халқымыздың ежелгі салты мен тамаша дәстүрі заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қанатты  қағидасында да үйлесім табуы бекер емес. Арнай мамандарымыз жеткіншек ұрпақтарымыздың адами қарым-қатынасын жасауға, қоғам тірлігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуға, еңбек ету қажеттілігін ажырата білуге, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіру барысында жұмыстанады. Диагностикалық талдау жұмыстары ата- анадармен өзара іс- әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата- аналарын жан- жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностикалық зерттеулер: Балабақшаға көмегі; өз баласына ықпалы; тәрбиешімен қарым – қатынасы; ата- аналарды топтау;

балабақшадағы оқу- тәрбие үрдісіне көз қарасы; Ата-ана жұмысын диагностикалық әдіс ұйымдастырудан біз қандай нәтиже алдық.1.Ата-ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиішімен бірге жауап таба білді.2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.3.Психологиялық ерекшеліктерді,қабілеттері әртүрлі болатыны туралы білді.4.Балабақшада педагогикалық сенім күшейді.5.Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқалы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянды.Ата-анармен жұмыстың балабақшада маңыздылығы неде?6.Оқу тәрбие жұмысын ата-анамен бірлескен әрккетінің негізінде құрыды әлде де одан әрі дамыту.7.Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру.8.Ата-ананы бала психологиясының ерекшелігіне, көңіл-күйіне мен беруге бағыттау.

5 Отбасы-тәрбие бастауы

Отбасы-қоғамның маңызды буыны.көп ұлт мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан  қаланады. Осы жағынан келгенде кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.    Қоғамда отбасы  екі қызмет атқарады,оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу-екіншісі дүниеге келген сәбиді пәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру.      Отбасы-баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты,құндылықтарын біліп,өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағұламаттарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыландырады. Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ « Бақытыңды басқадан емес ,балаңнан ізде»-деген даналық сөз бар.Кез келген адам  өзі жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,екінші біреу даңқ пен атақтан,маңсап пен қызметтен іздестіреді.Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.Ұлықтан хақім «ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.Бала тәрбиесі -қуанышты,сонымен бірге қиындығы да жетіп жатыр. Бала белгілі бір биологиялық заңдылықтар бойында дамиды.Баланың дені сау болып өсуіне ешқанай нұсқау келтірмеу үшін бұл заңдылықтарды білу,ескеру және тиімді пайдалану қажет. Қорта келгенде :«Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн,тәрбиесіз берілген білім,ол ертен бір апатқа әкеп соғады»- деген, данұшпан  ойшыл ғалым Әбу Насыр әл-Фараби.Сондықтан да, қазіргі кезде болып жатқан тарихи- әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне,соның ішінде мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына,тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі  осындай міндеттерді іске асырушылар мектепке дейінгі мекеме мен отбасы.Осы екі арада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса,ұштаса өткізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз.

. №10 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]