Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
P-223_Ata-ana_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

1.Сөйлемді толықтырыңдар

Мектеп жасына дейінгі балаларды ................. .................. .................... .................... стандартында: ........................ ..................... ................... ...................... .............. ...................... ................... педагогикалық процеске тарту .................... .............. ................. ................... ................. .................... ................... .................. ...................... ету қажеттілігін ұсынады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.

2.Кестені толтыр. Сипаттама бер.

Ерлі-зайыпты психотерапия...

Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол өз бетінше әдіс ретінде де, отбасы психотераипя кезеңі ретінде де жұмыс істей алады. Жұмыс ерлі-зайыптылармен немесе психотерапевтің қабылдауына келген серіктестің бірімен өткізіледі. Ерлі-зайыпты психотерапия мұндай вариантында психотерапевтпен күйеуі (әйеләнің) мәселелері емес, оның ерлі-зайыптылығы жөніндегі ойлары, сезімдері, уайымдары ғана талқыланады. Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты психотерапияда динамикалық, қылықтық және гуманистік ыңғайлары ең кең тараған. Динамикалық ыңғайда ерлі-зайыптының қолайсыздықтың екі серіктестіктің ішкі қылық мотивация көзқарасымен қарастырылады. Тұлғалық қатынастардың динамикасы мен олардың психикалық процестердің динамикасымен байланысы қарастырылып отырады.

Отбасылық кеңес беру...

Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отабасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір –бірін өзара байытты.

Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты ...

отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуүшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады.

3. Ата – анамен жүргізілетін жұмыс түрлері : • топішілік ата - аналар жиналысы • балабақшаішілік ата – аналар жиналысы • ата – аналармен жеке кездесу • ата – аналар үшін ашық есік күн • мерекелік кештерге шақыру • ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру • отбасылық жарыстарға қатыстыру.

4. Мектепке дейінгі мекемеде ата-аналармен жұмыстың формалары

Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады: Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ата-аналарды балалардың білім алу және тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған ортаның материалдық-техникалық базасымен және осы ортаның оқу-әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру.

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар топ ішінде сабақтардың ұйымдастырылу ерекшеліктерімен де таныстырады. Сондай-ақ балабақшада балалар тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды. Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне бұл бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады. Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да өткізуге болады. Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді тәрбиеші, дәрігер, шектеулі мамандар бере алады. Тақырыптар жиі кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады. Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі. Дөңгелек үстелдер – еркін түрде ұйымдастырылып, еркін ашық әңгімелесуге бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне мүмкіндік береді. Тақырыптар тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін. Конференция– түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады. Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету – бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру. Арнайы педагогикалық немесе медециналық мамандықтары жоқ ата-аналар кей кездері қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор. Көрнекі-насихаттық жұмыстар - бәрімізге таныс хабарландыру, дәрігер бұрышы, мәзір т.с.с. ұқсас, күнделікті бағыттармен ғана шектелмеуі керек. Көрнекі ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]