Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
P-223_Ata-ana_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

23Билнт

1.Сөйлемді толықтырыңдар

Ата-аналардың ....................... ...................... ...................... ..................... қамтамасыз ету

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету

2. Кестені толтыр. Сипаттама бер.

Үш жасар бала...

қажымас қайраткер, ол желiмдеуге, мүсiндеуге, сурет салуға дайын, бiрақ ұзақ әңгiмелер мен түсiндiрулердi қабылдай алмайды.

Бала үшiн бейнелеу өнерi ...

өзi жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзi сияқты дербестiгiмен, ашықтығымен ерекшеленедi.Мүсiндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пiшiндер тiрiлiп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пiшiндердi, түстi дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттердi бейнелей алады.Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетiн меңгертуге өте қолайлы.

Сөз ...

3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерiстерiн дамытуда жетекшi орын алады. Балалардың сөздiк қорын заттардың сынын, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын бiлдiретiн, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

3. Отбасының негізгі 4 төрт түрі:

1.  Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы. Балалардың өз икемділіктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар. Тәрбиешінің көп араласуын қажет етпейді, дегенмен нақты бір кезеңде тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар мен кеңестер артық болмайды. Психолог кеңес береді.

2.  Ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс бағыттарын ұстанбайтын отбасылар . Балалар ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында болуы мүмкін, осыған байланысты менмендік, өзімшілдік ойы басым дамиды. Бұл педагогтің көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді. Психолог, тифлопедагтың кеңесіне жүгінеді.

3.  Дау-жанжалды отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналардың баламен ісі жоқ. Олар өзара қарым-қатынастарын шеше алмайды. Ешқандай парасатты тәрбие туралы  сөз болуы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда мамандардың ақыл-кеңесі қажет және үнемі қадағалауы тиіс.

4.  Ұрпақтар арасындағы сезімталдық, көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар. Ата-анасы жоқ, анасы, әкесі жоқ балалар, ата, әжесі, аға, апа қамқорлығындағы  балалар бар. Мұндай отбасыларымен психологиялық, педагогикалық тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

4. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:

- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;

- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;

- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;

- диалог түрінде өткізілуі;

-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.

5. Ата-ананың қадірін білеміз бе?

Өмірге шыр етіп келген күннен бастап, өзің үшін жаралған жандар - ол ата-анаң. Өміріңнің сәнін де, әрін де келтіретін, жаманыңды жасырып, жақсылығыңды асыратын да ата-анаң. Жабыққан, сүрінген сәттерде әрқашан жаныңнан табылып, қолтығыңнан демеп, жұбатып, үлкен армандарға жетелейтін, нұрға толы жүрегімен үмітіңді келер күнге жалғайтын да ата-анаң. Өмірдің түрлі белестерінде ауыр қиындықтарды арқалап баласы үшін барын арнап, қамқорлық жасап, жақсы тәрбие беруге ұмтылып, сол үшін қара шаштарына ақ түсіретін, баласы үшін әр нәрседен тайынбай от пен суға бірдей түсетін ата-ананың бұл өмірдегі атқарар жүгі тым ауыр.Адам өмірінің салиқалы да салтанатты, баянды да бақытты сәттері, Ата-ананың тәтті мейіріміне бөленіп ананың ыстық құшағы мен әкенің аялы алақанында өсіп, есейіп ер жету болып табылады. Сондай-ақ ата-ананың көңілін тауып, айтқан ақылын тыңдап, арқалатқан ауыр үмітін ақтауға құлшынып, өмірдің қиын-қыстау кездерінде ата-анаға көмекші болып, қол ұшын беріп, қолдан келгенше көмек жасау, оларды ренжітпей бар разлығын алып, ақ батасына бөлену алу әр бір мұсылман баласының айырықша міндеті, үлкен парызы.Жер бетіндегі барлық адам баласы бір Алланың шапағатымен ата-анадан тарап, ананың ақ сүтінен нәр алып, солардың аялы алақанында өсіп-өнетіні әмбеге аян. Сол аралықтағы ата-ананың балаға деген махаббаты, баланың аяулы ата-анасына деген махаббаты шексіз, өз ара аса терең сүйіспеншілік мәнге ие. Бала ата-ананың бауыр еті бар қызығы мен қуанышы өмірінің жалғасы болса, Ата-ана баласы үшін өмірдегі паналайтын ұлы қорғаны, арқа сүйер асқар тауы, нұрын төккен күндей ыстық, аса қамқоршы әрі жан күйер жақыны. Әр бір ата-ананың тәтті мейірімі, терең махаббаты, ыстық құшағы, аялы алақаны баласы үшін ең үлкен бақыт, мол қуаныш, шексіз ләззат бағыштаушы тамаша бір тылсым күш. Бала адам болып қалыптасып ақ ниетті де адамгершілікті, көркем мінезді болып, адамдық жақсы қасиеттерге ие болуына  ата-ананың балаға деген ыстық мейірімі айырықша әсер етеді. Ал ата-анасының мейіріміне бөленбей олардың аялы алақанында өсіп, ықылас батасын ала алмаған балада адамдық жақсы қасиет те, адамгершілік те жоқ. Сондықтан да халқымыз «Әке асқар тау, Шеше қайнар бұлақ, Баласы жағасындағы құрақ» деп, бір-біріне тікелей байланыстыра айтуыныңда мәні сонда.Баланың кем-кетіксіз жарамды адам боп әдепті әрі тәрбиелі, иманды болып есейіп ер-жетуі ата-анаға тікелей байланысты. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» дегендей Отбасы ынтымағы, ата-ана тәрбиесі бала өмірінің баянды бақытының негізгі тұғыры. Әр жанұяның көркі мен бақыты бар шаттығының көзі болып табылатын бала ата-анаға Аллаһ Тағаланың берген аманаты. Ата-ана баласының тәрбиесі үшін Аллаһ Тағаланың алдында және халқының алдында да жауапты. Пайғампарымыз (с.а.у) хадисінде «Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін атап көрсеткен. Сондықтан да Отбасы бақытының негізгі екі тірегі Ата-ана. Баласының жарқын болашығы мен бақыты үшін, түн ұйқысын төрт бөліп тыным таппай шарқ ұрған ата-ананың балаға деген мейірімі мен өмірде тартқан тауқыметінің қандай болатындығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ата-ананың қадірін біліп оларды разы етіп, алғысын алу жаратушы Алланың да рахымдылығына бөленіп, алғысын алумен бірдей деп білгендер – бұл дүниеде де, о дүниеде де бақытты жандар, ал оларды өздеріне жүк санап, көңілін ауыртып ренжіткендер – өз келешегінің бақытын байлағандар. Пайғампарымыз (с.а.у) хадисінде: «Аллаһ барлық күнәлардан қалағанының жазасын қиямет күніне қалдырады. Бірақ ата-анаға көрсетілген қарсылықтың жазасын өлместен бұрын тартқызады» деген. Олай болса Ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет көрсетпеу Аллаһ Тағалаға қарсы келумен бірдей кунә.

Қарауыл Қанай шешен «Ер басында бақыт бесеу: Астыңдағы атың жүрдек болса – жалғанның пырағы. Алғаның жақсы болса – үйің мен қонағыңның тұрағы. Балаң жақсы болса – екі көздің шам – шырағы. Әкең – асқар тау, шешең аққан бұлақ. Міне, бес бақыт осы» - деген екен... 

Баланы өмірге әкеп оның адам болуына дейінгі, өмірде тарқан тауқыметіне қарай әкеге қарағанда шешенің ақысы көбірек. Міне, осындай тартқан тауқыметінің ауырлығына қарай ананың құрметке бөлену дәрежесіде ерекше болмақ. Анаға құрмет көрсету жайлы айтылған мына бір хадис көпшілікке мәлім. Пайғампарымыз (с.а.у) ға бір кісі келіп «О, Алланың елшісі! Кімге жақсылық жасайын» деп сұрағанда, ол «Анаңа» деді. Ол кісі қайталап сұрағанда тағы да «анаңа», үшінші рет сұрағанда да «анаңа» деп жауап берген. Тек төртіншісінде «Әкеңе»,-дейді. Жалпы Ислам діні әйел затына ана болу сипаты арқылы ең жоғарғы және қымбатты дәрежені берген. Ана, баласын жарық дүниеге келгенше құрсағында көтерсе, жарық дүниеге келген кезден белгілі бір уақытқа дейін аялы алақанында, содан кейін ғұмыры таусылар уақытқа дейін жүрегінде алып жүреді. Бұл тек анаға тән қасиет.

Міне осылай баласының жарқын болашағы мен жырғаулы тіршілігі, баянды бақыты үшін отқа да, суға да түсіп, ыстығы мен суығына көніп, мәпелеп өсіріп, жылы мейіріміне бөлеп, бауырына басқан ата-ана қартайған шағында тап жас баладай өзгелерге мұқтаж болып дәрменсіз күйге түседі. Одан арғысы енді балаға сын. Бізді жарамды адам етіп аялап бағып-қаққан ата-анамызға бізде сондай мәміледе қарап, қолдан келгенше көмек көрсетіп, құрметтеп, айтқан ақылын алып, айырықша сый-құрмет көрсетуіміз шарт.

Пайғампарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Аллаһ Тағаланың разлығы ата-ананың ризашылығында, ал Аллаһ Тағаланың разы болмауы, ата-ананың назарлығында»- деп ескерткен болатын. Егер екі дүниеде де бақытты болуды қаласақ, ата-анамызды разы қылып олардың шынайы ықыласын алуымыз керек. Сонда ғана шынайы бақытқа, мәнді де мағаналы өмірге қол жеткізе аламыз. Пайғампарымыз (с.а.у) тағы бір хадисінде: «Әке-шешесі қолында қартайып, жаннатқа кіре алмағанның жағыдайы қандай өкінішті» - дейді. Негізі Аллаһ тағала біздің жаннатқа кіру үшін де шексіз мүмкіндіктер сыйлаған. Бұл Аллаһтың аса мейірімді екенін танытады. Солардың бірі ата-анаға құрмет. Ата-анамызға лайықты құрмет көрсету арқылы – біздің жаннатқа кіруімізге болатындығын атап көрсеткен.Олай болса қазіргі таңда ата-ананың қадірін білмейтін әуелі оларға қарсы келетін, айтқан ақылын тыңдамайтын, көктен аяғы салбырап түскендей керден басып кеудесін қаққан кейбіреулерге Аллаһтың қаһарынан қорқыңыздар, «ата-ана разы болмай, Аллаһта разы болмайды» дегенді айтқымыз келеді.

№24 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]