Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
P-223_Ata-ana_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

1.Сөйлемді толықтырыңдар

.................. іргетасын .................. .................. .................. .................. ................. ...................., .................. тәрбие беру – ................. ............ .............. .................. ................. ..................... міндеттердің бірі Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.

2. Кестені толтыр. Сипаттама бер.

Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі...

психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатар эклетикалық. "Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.

Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері)...

инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру.

Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей...

- психотерапевті отбасымен біріктіру;

- психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;

- отбасылық қатынастарды реконструкциялау;

- психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.

3. Америкалық зерттеушілер отбасы мен балабақшаның өзара іс-әрекетінің алты түрін атап көрсеткен:

1. Балабақша ата-аналарға үйде бала дамуы үшін жағдайлар жасауына көмектеседі, сәбимен қарым-қатынас дағдысына оқытады, дұрыс тамақтану және қоғамдық қызметтерге байланысты ақпараттар береді.

2. Балабақша ата-аналарға бала дамуы туралы ақпарат ұсынады. Ата-аналар мен педагогтар кездесуі ұйымдастырылады, пошталық хабарламалар қолданады және балабақша сайты жұмыс істейді.

3. Ата-аналар балабақша жұмысына, сыныптан тыс сабақтарға тартылады. Олар балаларды тоқуға, сурет салуға үйретеді, оқып береді, сабақтарды ұйымдастыруға көмектеседі және өзге де іс-шараларға қатысады.

4. Балабақшада ата-аналар балалармен сабақтың оқу жоспары туралы және осы жоспарды үйде жүзеге асыру мүмкіндіктері туралыақпарат алады. Бұл жағдайда балабақша ата-аналарды қажетті оқыту материалдарымен қамтамасыз етеді.

5. Ата-аналар балабақшаны басқаруға тартылады. Бұл жағдайда бюджетті жоспарлайтын және балабақша қызметкерлерін жалдау саясатын анықтайтын қамқоршылық кеңес құрылуы мүмкін.

6. Балабақша мен ата-аналар мектепке дейінгі жастағы балалар үшін оқыту бағдарламаларын қолдайтын және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық ұйымдармен тығыз қызмет етеді.

4.. Бағдарламалық отбасы терапиясыОтбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан "мәселені шешуші” "қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау. Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы.

5.Бақытты жанұя-бақытты ел Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым -  отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу  дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек. Жағымсыз қылықтарға бой ұрған бір отбасының тәлім-тәрбиесі жұқпалы ауру сияқты ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып, күндердің күнінде сол әулетті жоқ етіп тынады. Онымен қоймай, жағымсыз қылықтары көрші-қолаңға жұғысады. Сөйтіп, бір тәрбиесіз отбасының қылығы күллі ауылды немесе әулетті бұзуы мүмкін. Атам қазақ осындайда: «Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен көрші бол» - деді емес пе! Әрине, жанұядағы басты тұлға − ата-ана. Өзара тату ата-ана балаларын тәрбиелеу барысында қиналмайды. Балалары оларға бағынышты түрде айтқанын тыңдайды, бұйырғанын орындайды. Ислам үкімі бойынша, ата-анасын силамаған бала зор күнәһәр. Жанұялық тәртіптің бүлінуіне негізгі себеп болатын дүние отбасы мүшелерінің әр қайсысы өзіне жүктеген міндет-борышын дұрыс атқармауынан. Айталық, әке алқаш болса әрі отбасына халалдан тағам тауып беріп, асырай алмаса, ондай әке балаларынан адамгершілік қағидатын қалай талап етпек! Ана өз міндетін атқармаса, ондай жанұяның балалары жүгенсіз кетпей қайтеді. Жанұя дегеніміз адамның он екі мүшесі сияқты. Бас ойлайды, қол істейді, аяқ жүреді, көз көреді, құлақ естиді, ауыз сөйлейді т.б. Енді осы мүшелер бір-біріне бағынбаса не болмақ, бастың ойлағанын қол істемей қойса, аяқ теріс жүрсе, ауыз өзім білем деп албаты сөйлесе... Ақыры не болмақ? Ондай адам өмір сүре алмайды, мүмкін жынданып кететін шығар. Жанұя да осы сияқты, әрбір отбасы мүшесі бір-біріне бағынбаса, әкені бала тыңдамаса, әке жөні түзу тәрбие бере алмаса, ол күйреген отбасы. Демек, жанұя һәм отбасы бір-біріне бағынышты және бір-бірін толықтыру шартымен өмір сүреді. Егер де осындағы отбасылық өмір сүру үрдісі дұрыс құрылмаса, ол да қателікке ұрындырады. Мысалы, отбасылық тәртіп қатаң қағидаларға негізделген болса, сол қағидаларды ақиқатқа балап, шырмауынан шыға алмаса, ондай отбасы өмір сүру айдынын тарылтып, қабілетін тұншықтырып тастайды. Күндердің күнінде ол отбасы мүшелері амалсыз тізе бүгуіне тура келеді. Сол себепті, әуелі, жанұяның әрбір мүшесі өзін дара тұлға ретінде сезінуі керек. Жанұяда елеусіз қалған тұлға қауіпті. Ол өз орнын таба алмайды. Ынжық, кері тартпа кепке түседі немесе «атың шықпаса жер өрте» дейтіндей әулетке пәле боп жабысады. Сондықтан жанұяның әрбір мүшесі отбасында «менің рөлім бар» деп айта алуы керек. Олай болмаған жағдайда, шет қақпайланған отбасы мүшесі басқа ортадан сенімді одақ іздей бастайды. Түбі әулеттен бөлініп дара кетеді. Сөйтіп, әулет бірлігі әлсірейді. Жанұя өмірінде бір-біріне көмектесу, ісіне ортақтасу сезімі қалыптасқан жағдайда өмір сүру дағдысы жеңілдейді, жанұяның ынтымақ-бірлігі нығаяды. Жанұядағы ортақ бірлікті сезінген, оның дәмін татқан адам оны сақтауға күшін салады. Ең маңыздысы, отбасылық бірлікті ұрпаққа жалғастыруды үйретеді. Жанұяда басқаларға жауапкершілік сезімін үйрететін адам − әке. Ең алдымен жұбайына үлгі болуы керек. Ата-ананың арасындағы татулық, силастық байланыс балаға өтеді. Ал бала тәрбиесі ол дүниеге келген күннен басталады. Отбасылық тәртіп имандылыққа құрылған жанұя жоқшылық, тапшылықтың өзін нығметке айналдыра алады. Сол себепті балаға, әуелі, жоқшылық арқылы өмір қиыншылығын жеңудің амалын үйрету керек. Балаларына ешқандай ауыртпалық үйретпеу ол қателік. Ауыртпалық көрмеген бала өзгенің көмегіне сенім артатын, өз мүмкіндігін пайдалана алмайтын күйге түседі. Жақсы жанұя бақыттың отаны. Ерлі-зайыптылардың жарастығы бақыт ағашы болса, балалары оның жемісі. Мұндай жанұяға тап келген қиындықтың өзі жақсылыққа айналып кетеді. Өмірдің мән-мағынасын терең түсінбеген адам жанұясын діттеген жеріне жеткізе алмайды.

№18 Билет

1.Сөйлемді толықтырыңдар.................... ...................... ......................... тану дегеніміз – ..................... .................. .............. ..................... .................... .................... ................... қарым – қатынасын талап етеді Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.

2. Кестені толтыр. Сипаттама бер.

Бағдарламалық отбасы терапиясы...

Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан "мәселені шешуші” "қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау. Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы.

Отбасы қылықтық психотерапия...

Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады.

Отбасылық басқа бағыттар...

Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады. Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады. Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады. Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс "тәжірибе” мен "сапалы мәнге” негізделген.

3. Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады: - педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру; - іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету; - балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау; - қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу; - әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;

4. Отбасы кеңес берудің негізгі принциптері мен ережелері...Байланысты орнату және кеңес берушінің клиентке қосылуы. Оптималды қатынасқа мүмкіндік туғызатын конструктивті арақашықтықты сақтаудың көмегімен, сонымен қатар кеңес берушімен кеңес алушының мимикалары мен тыныс алуларын синхронизация тәсілдерін, өзінің отбасылық мәселелері жайында хабарлаушының басым репрезативті жүйесін бейнелейтін сөздік формасн кеңес берушінің қолдауымен қол жетеді. Мета-модельдеу (НЛП) және терапевтикалық метафорлар тәсілдерін қолдану мен клиенттің мәселелері туралы ақпаратты жинау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]