- •1. Атмосфераның ластануы себептері мен салдары
- •1.1. Атмосфера- тіршілік негізі
- •1.2. Атмосфераны ластаушылар
- •1.3.Атмосфераға шығарулар және олардың сипаттамасы.
- •1.16. Сурет.Гинцветмет түтікшесінің құрылымы.
- •1.4. Атмосфералық ауаның сапа нормативтері
- •2. Атмосферада ластаушы заттардың таралуы
- •2.1. Атмосферада ластаушы заттардың орналасуы
- •2. Тотығу
- •3. Тізбекті фотохимиялық реакциялар - тұмшаның түзілу негізі
- •1. Газдың қатты заттарға түрленуі
- •1 Ванна; 2- үрлендіргіштің ауа таратушысы; 3- тартпа қабылдағыш
- •Шаң жоңқа қабылдағыш корпусы; 2- қабылдаушы келте құбыр; 3- лынбалы қақпақ; 4- ілмек; 6- бағыттаушы пластина
- •4. Қалдықтарды ластанудан тазалау технологиясының физико-химиялық негіздері
- •4.1. Қатты немесе сұйық түрде ластануларды кетірукезінде қолданылатын физикалық принциптер
- •4.1. Сурет. Тозаңның айналу жылдамдығын анықтауға арналған номограмма.
- •4.2. Газ тәріздес қоспаларды бөлудің негізгі үрдістері
- •5. Атмосфераны ластаушы заттардың артық мөлшерін жоятын техника мен технологиялар
- •5.1 Шаң тұтудың негізгі қасиеттері
- •5.2. Құрғақ механикалық шаң тұтқыштар
- •I―газ, II―шаңға толтырылған газ, III―тазартылған газ.
- •Сурет 5.14 Циклонның жұмыс істеу схемасы
- •5.44 Сурет Үлкен диаметрлі аппараттарға арналған торлы сеуіп ұстағыш:
- •5.4. Сулы шаң ұстағыштар
- •5,73 Сурет. Қозғалмалы саптамасы бар газ шайғышы:
- •5,74 Сурет. Сфера (а) және цилиндр (б) тәрізді саптамалар.
- •5,75 Сурет. Дойль скруббері
- •5,76 Сурет. Өздігінен реттелетін ротоклон:
- •5,77 Сурет. Пвм типті газ шайғыш.
- •5,81 Сурет. Циклонды ротациялық шаң ұстап қалғыш
- •5,83 Сурет. А- орталық форсункалы суару; б- шеттік суару; в-үлдірлі суару; г – газ ағынының энергиясы есебінен сұйықтық беруі бар.
- •5.5 Электрсүзгіштер
- •5.6. Шығарылымдарды шаң ұстап қалушы аппараттарда тазарту алдында дайындау
- •6. Газ тәрізді және зиянды заттарды қоспалардан алып тастау технологиясы мен техникасы
- •6.1.Газдарды абсорбциялық тазарту
- •6.2. Газдарды адсорбционды тазалау
- •6.4. Газдарды термиялық зарасыздандыру
- •7. Газды тазалау процесін қарқындату
- •8.1 Сурет. Ввэр реакторы бар аэс - тің негізгі технологиялық контурының схемасы (ввэр - 1000 бірінші контурының сипаттамалары көрсетілген):
- •8.2 Сурет. Рбмк реакторы бар аэс-тің негізгі технологиялық контурының схемасы:
- •8.3 Сурет. Pwr - дің газтәріздес қалдықтарының жойылу жүйесі:
- •8.4 Сурет Жеңіл сулы ввэр немесе рбмк типті реакторы бар аэс - тің газ тәрізді схемасы:
- •9. Қалдықтарды тазалау жүйесінің қосымша құралдары
- •Сурет Тегіс шибер:
- •9.2. Сурет. Бірқалақты кедергіш клапан: 1- фландық; 2 -тоғын; 3 –тірек жартысақина; 5 - қалақ; 6 – каттылық қабырғасы
- •9.3.Сурет Компенсаторлар - тығыздалған екілинзалы (а) және бірлинзалы
- •9.6 Сурет. Алмұрт тәріздес төменгі бөлігінде шаң жинайтын шнек бар шаңдыгаз құбыры
- •9.7. Сурет. Шаңұстағыш құрылғыларының бункерлерінің негізгі типтері.
- •9.9 Сурет. Жетілдірілген бункердің конструкциялары : а – шығу тесігінің облысы кеңейген бункер; б, в - шығу тесігінің алдында ендірмесі бар бункерлер.
- •9.10 Сурет. Тербелмелі күмбезді құлағыш:
- •9.12. Сурет Үздіксіз әрекет ететін шаңды бекітпелер:
- •9.13. Сурет. Топса түріндегі субекітпе:
- •9.14 Сурет. Эрлифті шаң келтіру : 1 – шаң ұстағыш; 2 – эрлифті құрылғы; 3 – шламды тұндырғыш;
- •9.15 Сурет. Ақаба суларды сулы газды тазарту арқылы тазарту үшін жабдық сұлбасы:
- •Ластанған су
- •9.16 Сурет. Гидроциклондар:
- •10. Өнеркәсіптік шығындыларды тазартудың технологиялық процесін жобалау.
- •Шаңды түсіру, ұсталған өнімді өшіру немесе тасымалдау. Газтазартқыш.
- •11. Атмосфераны қорғаудағы заңдық негіздер.
- •12. Газтазалағыш қондырғысының техникалық қанаушылығы
- •1.Атмосфераның ластануының себебі мен салдарлары................................4
- •6.Қоспаның газтәріздес зиянды заттардың жоятын техника мен технология...........................................................................................................304
- •Ауалы ортаны қорғау техникасы мен технологиясы
5,75 Сурет. Дойль скруббері
Құбырдан шығатын бөліктегі саңылаудағы газдардың жылдамдығы 35-55 м/с шамасында болады және аса жоғары жылдамдықтағы газдардың ағыны тамшылар түзе отырып сұйықтықтың бетіне жоғары жылдамдықта соғылады. Скруббердегі сұйықтықтың деңгейі (статикалық жағдайларда) құбырдың жиегінен 2-3 мм төмен орналасады. Газ тазалағыштың гидравликалық кедергісі – сұйықтықтың бастапқы деңгейінің биіктігіне байланысты 500-4000 Па шамасында болуы мүмкін. Мұнда сұйықтықтың меншікті шығыны – 0,13 л/м3 болады. Аталмыш аппарат шетелде үлкен қолданыс тапқан.
РПА түріндегі ротоклон (5.76 сурет) соққылы – инерциялық әсері бар газтазалағыштардың өкілі болып табылады.
Осы аппараттың басқалардан айырмашылығы сол, мұнда саңылаулы жанасу ағыны - бірмезгілде ластанған газ камерасы болып табылатын, жүзбелі камераның қабырғасына бекітілген. Сонымен қатар, осы типтегі аппараттардың негізгі ерекшелігіне – газ шығынының номиналды мәндерінен ± 30% шамасында өзгеруі кезінде гидравликалық кедергінің автоматты түрде тұрақты етіп ұсталуы жатады. Аталған кластағы аппараттардың кемшілігі- металл сыйымдылығы жоғары және өнімділігі бойынша шектеулері бар болуында. Мұнда гидравликалық кедергі 2500-3500 Па тең, ал өнімділігі 2000-12000 м3 /сағ.
5,76 Сурет. Өздігінен реттелетін ротоклон:
1-Корпусы; 2- балластаушы жүктеме; 2- жүзгін камера; 4- тарпа күші; 5- контактілі арна; 6- импеллерлі бөлік; 7- шаю сұйықтығының терезесі; 8- сұйықтықты шаюға арналған штуцер; 9- газдарды аппаратқа жіберуге арналған газ өткізгіш; 10- шымылдық; 11- газ өткізгіш бөлік; 12- шаю сұйықтығын құюға және қосуға арналған штуцер.
ПВМ түріндегі газ тазалағыштар (5.77 сурет). Олар желдеткішпен бірге дайындалады. Шаңды газдар тесіктер арқылы жанындағы қабырғаларға келіп түседі. Желдеткіш іске қосылған кезде – шаң ұстағыштың ортанғы бөлігіндегі, яғни екі симметриялық бөгеттер арасындағы судың деңгейі бөгеттерден тыс су деңгейінен 3 төменірек орналасады. Осының нәтижесінде судың беті мен әрбір бөгеттер 2 арасында саңылаулар пайда болады, әрі осы саңылаулар арқылы жазық ағыс түріндегі газдардың ағыны өзімен бірге суды ілестіре отырып, жоғарғы жылдамдықпен қозғалады. Өзінің жолында бөгеттерге 3 жолыққан ағыстар жоғары қарай бағытқа ұмтылады да, сумен ылғалданған бөгеттердің бетінде ағыстағы шаңның бөлшектері ұсталып қалады. Газ ағынымен ілескен су бөгеттер бойынша жоғары қарай жылжиды да, су тұндырғы арқылы шеткі бөлікке барып төгіледі. Ал газдар тамшы ұстағыш арқылы өтіп желдеткіш көмегімен сыртқа шығарылады.
Соққылы – инерциялық шаң ұстағыштарды бағалап есептеу кезінде энергетикалық әдіс қолданылады (5.6) (5.7) (5.71). осындай жағдайларда Кч шамасы ∆ρ теңдей етіп алынады, ал lg σn= 0,29 тең болады.
5,77 Сурет. Пвм типті газ шайғыш.
1-Корпус; 2,3-шымылдықтар; 4- тамшытұрақтандырғыш; 5- тамшы ұстап қалғыш; 6- желдеткіш; 7- кіріс түтігі; 8- сұйықтық деңгейінің реттегіші; 9- ысырма
5,81 Сурет. Циклонды ротациялық шаң ұстап қалғыш
Осы типтегі газ тазалағыштардың өкілдерінің бірі – циклонды-роторлық шаң ұстағыш ЦРП – 5.81 суретінде бейнеленген. Шаңды газ штуцер 3 бойынша аппараттың бірінші сатысына келіп түседі. Тангенцалды жетегінің арқасында газ айналмалы қозғалысқа ие болады да, бұрандалы сызық бойынша жоғарыдан төмен қарай қозғалады. Орталықтан тепкіш күштің әсерінен аса ірі бөлшектер аппараттың ылғалданған қабырғасына лақтырылады да, бакқа 1келіп түседі. Содан кейін газ ағыны орталық құбырға 9 сорылады да, айналмалы ротордың қуысына келіп түседі. Осы бөлікке сорғылардың 10 көмегімен бактан 1 түссіздендірілген су беріледі. Газ-сұйық қоспа жоғары жылдамдықта ротордың ағысынан лақтырылғанда, шаңның ылғалданған бөлшектері аппараттың қабырғаларына соғылады, әрі сұйықтықпен ылғалданады, осылайша ол төменгі циклондық бөлікке бағытталып бакқа 1 келіп түседі. Тазаланған газ аппараттан штуцерлермен 11 тыс шығарылады. ЦРП бірнеше артықшылыққы ие: яғни, автономды түрде (желдеткішсіз) жұмыс жасай алады; 10 мкм-дан төмен өлшемдегі шаңдарды тиімді түрде ұстайды.
Механикалық газ тазалағыштарда айналу энергиясының барлығы пайдалы болып табыла бермейді: оның көп бөлігі жетекті құрылғыларда жоғалып кетеді және қозғалмалы бөліктердің үйкелісіне жұмсалады. Осы жайтты энергия шығынын есептеу кезінде және энергетикалық әдіспен шаңды тазалау тиімділігін бағытты түрде бағалау кезінде ескеру керек.
Жылдамдықты газ тазалағыштар. Жылдамдықты газ тазалағыштарда жоғары жылдамдықта (150 м/с дейін) қозғалатын газ ағынын интенсивті ұсақтау жүзеге асырылады. Осындай мақсаттарда Вентури құбырын жиі қолданудың нәтижесінде жылдамдықты шаң ұстағыштарды - «Вентури скруббері » деп атап кеткен.
Вентури скруббері ылғал шаң ұстағыш аппараттардың ішінде ең тиімдісі болып табылады. Аталмыш аппараттардың жалпы конструкциялық ерекшеліктеріне – ұсақтау процестері іске асырылатын тозаңдатқыш құбырлардың (5.82) болуы және оның артында орналасқан тамшы ұстағыштың болуы жатады.
Вентуридің қалыптандырылған құбыры:
1-Конфузор; 2- мойны; 3- диффузор.
Вентури скрубберінде 1 мкм және одан да үлкен өлшемдегі бөлшектерді ұстау кезінде инерциялық күштердің маңызы өте зор. Сондай-ақ, 0,1 мкм-дан төмен бөлшектерді тұндыру кезінде диффузиялық күштердің де алатын орны ерекше.
Вентури скруббері тазалаудың жоғары деңгейімен және үлкен гидравликалық шығындармен сипатталады. Гидравликалық сипаттамалері бойынша Вентури скруббері жоғарықысымды (20000 Па дейін) және төменқысымды (3000-5000 Па) болып ажыратылады.
Негізінен, қимасы және қылтасының ұзындығымен, суландыратын сұйықтықты беру әдісімен, құрастыру әдісімен ерекшеленетін Вентури скрубберінің сан алуан нұсқасының құрылысы жасалған. Көлденең қимасының конфигурациясы бойынша Вентури құбыры – саңылаулы, сақиналы және домалақ болып жіктеледі. Газдың айнымалы шығындары кезінде скрубберді реттеп отыру қажет, осы жайт Вентури құбырының қимасын өзгерту арқылы іске асырылады.
Сұйықтықтың берілуіне байланысты аппараттардың келесі түрін бөліп қарастыруға болады (5.83 сурет):
Конфузорға сұйықтықты орталықтан жеткізу;
Шалғай суландыратын;
Қабықшалы суландыратын;
Газ ағынының энергиясы есебінен жетелетін.
