Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEKhNIKA_I-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13 Мб
Скачать
☆

9.12. Сурет Үздіксіз әрекет ететін шаңды бекітпелер:

а - шлюзді қалақты; б - тайқы жыпылықтауыш: 1 - тіреуіш; 2 - тіл; 3 - шектегіш; тежеуші; 4 - ілмек; в - бұрандалы: 1 - бұранда; 2 - тірек; 3 -жұлдызша; 4 - қақпақ; 5 – жүк

Бұл жағдайда гидробекітпелер, эрлифттер, қырғыш механизмдер аппаратты қоршаған ортадан оқшаулайды және ондағы қажетті манометрлік режимді қамтамасыз етеді. Сұйықтың оңтайлы бұрылу жылдамдығы 0,2-0,3 м/с2, ең жоғарғық рұқсат етілген ұйылыс жылдамдығы 0,5-0,6 м/с2. Практикада гидробекітпелердің 2 типі қолданылады – ілмек түрінде (9.13, а сурет) немесе ашық аралық ыдыс (9.13, б сурет). Бекітпенің бірінші типінде барлық жолында құйылыс жылдамдығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Гидробекітпенің екінші типі қосылғанда немесе тоқтағанда су деңгейінің аз тербелісін қамтамасыз етеді.

Екі типте тоқты ажыратудың және қысымның аз мәндерінде (20 кПа дейін) қолданылады.

Сұйықтың ішкі айналмасы болатын ылғал шаңұстағыштарда шламды суды периодты бұруға болады, ол аппараттың суаруға кеткен судың салыстырмалы шығынын азайтады. Бұл жағдайда көбінесе қырғыш механизм қолданылады.

Э рлифттің жұмысы сығылған ауаны қолдануға негізделген. Бұл тәсіл бұрылу сұйықтықтығының орташа биіктігінде орынды. Эрлифт сұйықтықтың ішкі айналымы бар аппараттарда пайдаланылады. (9.14 сурет).

9.13. Сурет. Топса түріндегі субекітпе:

а – топса түрінде; Сиреліту

б – ашық аралық Қысым сыйымдылықпен ҚысымСиреліту

Сығылған ауа

9.14 Сурет. Эрлифті шаң келтіру : 1 – шаң ұстағыш; 2 – эрлифті құрылғы; 3 – шламды тұндырғыш;

Шаң тасымалдау құралдары.

Шаң тасу құралдары аппараттарда ұсталған шаңдардың жинау орындарына немесе үйінділерге ауысуына қатысты міндеттерді шешеді.

Шаң тасу құралдарының қанағаттанарлықсыз жұмысы ауаның екінші ретті ластануына, ал егер шаңның пайдаланылғаны мүмкін болса-құнды материалдарлың ысырабына алып келеді.

Ұсталған шаң келесідей тасымалдануы мүмкін:

  • Механикалық құралдар көмегімен;

  • Ауаның көмегімен (пневмотранспорт)

  • Суспензияланған түрде (су көлігі)

Механикалық құрылғылар көмегімен шаң мерзімді және үздіксіз тасымалдануы мүмкін.

Шаңды мерзімді тасымалдау герметикалық жүксауыттарда (цилиндрлік немесе тікбұрыш піщінді, жоғары және төменгі бекітпе саңылаулары бар), полиэтиленді немесе суға шыдамды қағаз қаптарда жүзеге асырылады.

Үздіксіз тасымалдау үшін шүмекті, шынжырлы және ленталы тасымалдауыштар пайдаланылады.

Пневмотранспорт шаң ауа көмегімен араласатын, сонымен қатар қысымға себепші, түсірушілер және бункерлер болатын құбыр жүйесінен тұрады.

Пневмотранспорт қысым астындағы секілді сирелтудің астында да жұмыс жасауы мүмкін.

Конструктивті ресімдеу қарапайымдылығымен ерекшеленеді, бірақ механикалық құрылғылармен салыстырғанда үлкен энергияны талап етеді.

Пневмотранспорт жабысып қалатын және дымқыл материалдар ауысуы кезінде тоқтатылады. Ауаның жылдамдығы материалдың қозғалу жылдамдығынан үлкен болуы керек.[9.3 теңдеу].

Гидротанспортты шаң ұстағыш шаңның араласуы үшін сулы шаңұстағыштарды пайдаланады. Гидротранспортта шаңдар өздігімен ағуымен және арынды құбырлармен жүзеге асуы мүмкін. Өздігінен ағатын гидротранспорт үшін әдетте ашық тартпалар (науа) қолданылады. Науаның тереңдігі еніне қарағанда үлкен болуы керек. Арынды гидротранспорт сорғылар көмегімен жүзеге асырылады. Шламды суспензияны қатты сұйытылған жағдайда құю ұсынылады. Шламды пульпалар қозғалыс жылдамдығы әдетте 1,5-2,5 м/с құрайды.

Ұсталған өнімдерді өңдеу

Тазарту жүйесін жобалауда ұсталған өнімдерді одан әрі өңдеуді міндетті түрде есепке алуы керек.

Көп жағдайда алғашқы ұсталған шаңды өңдеуде түйірлері қосылады. Бұл екінші ретті өңделу кезінде шаңның бөлінуіне мүмкіндік береді. Бұл мақсаттар үшін әр түрлі грануляторлар қолданылады. Алынатын түйіршік өлшемі 10-20мм аралығында болады. Пайдаланылмаған шаң әдетте жерге көмуге әкетіледі. Бұл технологиялар жоқ болған жағдайда қолданылады. Сулы ұсталған өнімді өңдеу мәселесі күрделі болып келеді. 5.4-6.1§ айтып өткендей дәл осы мәселе сулы тазартудың негізгі мәселесі болып табылады. Сұйық қалдықтарды өңдеудің бірнеше бағыттары бар. Шлам құрғататын тұндырғыш жүйесінен өтетін және фильтрленетін шламды алаңға тасымалдау мүмкін. Фильтрациядан соң сұйықты суландыруға қайта жібереді. Сұйық жалпы қалалық, ағынды тазарту жүйесіне бағытталуы мүмкін немесе жергілікті ауа тазарту құрылымдарында өтеді және қайтадан суландыру аппараттарына жіберіледі. Соңғы бағыт үлкен шығынды талап еткенмен, сұйық шығынын және құрамындығы реагенттерді азайту бойынша тиімді. Әдетте циклдік суландыру яғни ерітіндіні көп қырлы пайдалануда жаңа ерітінді ескеріледі. Мұнда ерітіндінің шекті жағдайы яғни жаңа қоспасыз жағдайы маңызды рөл атқарады. Бұл жағдайда бірнеше уақыт өткен соң одан әрі пайдалануға болмайды.

Шекті жағдай келесі факторлармен анықталуы мүмкін:

  1. Егер ерітінді қатты аэрозольдың дисперциялы күйін ұстайтын болса, онда жүзінді концентраты сулаушылар жұмысы басталатын деңгейден аспауы керек. Шекті күй бұл жағдайда шаң ұстағыш дәрежесін ретсіз төмендету қызметін атқарады.

  2. Ерітіндіде кейбір компоненттердің жинақталуы кезінде, мысалы, аз еритін корбанатты қосылыстар, белгілі жағдайларда олардың құбырлар ішінде және аппараттарда кристализациялануы басталады. Кристализацияланудың басталуы ерітіндінің шекті күйін білдіреді.

  3. Бу немесе газдарда тарту кезінде шекті күй одан әрі пайдалануды қажет етпейтін ерітіндінің қанығуы болып табылады: Ерітіндімен тартылған бөліктер арасында теңдік орнатылады да тарту тоқтатылады. Сулы газ тазартуда сұйық қалдықтарды өңдеу сұлбасы әр түрлілікке ие.

9.15 суретте қалдық суларды өңдеу сұлбасы көрсетілген. Сұлба бөлгіштен тұрады, ол суды жүзінділерден тазартумен қатар суды химиялық өңдеуден өткізеді. Кей жағдайда химиялық өңдеу жеке арнайы аппаратураларда жүзеге асырылады. Егер сұлбада будың салқындауы қаралған болса және суландыруға салқын су жіберу керек болса, тазартылған айналымдағы су желдеткішті градирде,шашыратқыш хауызда немесе жылуалмастырғыш бетінде салқындауы мүмкін. Жұқа жайылу кезінде арнайы сүзгілер қойылады.

Жүзбе бөліктері үшін радиал тұндырғыштар немесе арнайы тоғандар пайдаланылыды. Егер жүзбе бөліктерінің өлшемі 1 мкм дан кем болса, онда бірігу (сұр темір, хлорлы темір, ерітінділер және т.б) қолданылады. Ақаба суларын (тазарту тұндырғыштарды тазарту анағұрлым тиімді алайда оның кемшіліктері де бар: судың жартылай топыраққа ағып кетуі, табиғи булану кезінде судың шығындылуы, сонымен қатар көп аумақты алып жатуы.

Газдар.

Тұрақтан -

Газдар. дырғыш

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]