Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEKhNIKA_I-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13 Мб
Скачать
☆

12. Газтазалағыш қондырғысының техникалық қанаушылығы

Газ тазалағыш қондырғының өз қызметтерін орындау үшін олар белгілі ыңғайлы шарттарды, күтулерде, жөндеу жұмыстарында және тағы басқаларда орналасуы қажет. Нақ осы шарттар,шаңұстағыш қондырғысының сенімді жұмыс істеуіне әкеледі. Айта кетуі қажет,ауа тазалағыш құралы әдетте резервуаланбайды. Сол себепті, орнатылған қондырғыларданкөптеген жағымсыз себептер пайда болады: өндірістік бөлмелердегі ауа ортасының бір қалыпты режимінің бұзылуы, құнды продуктонін шығынының артуы және атмосфералық ауаның жылдам ластану дәрежесінің өсуі және іргелес аумаққа таралуы.

Егер техникалық талаптарға сай пайдаланылатын болса,газтазалағыш құралы ұзақ уақыт аралығында керекті тиімділігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты көптеген мысалдар бар, қазіргі заманғы талаптарға сай келетін газтазалағыш құралының, монтаждау ережелерімен сақталып жиналған, тазалау қажеттілігін қамтамасыз ете алмай, типті бұзылып қалатын.

Газ тазалағыш құралын үнемі күту және қызмет көрсету қажет. Тек осындай жағдайда тиімді ауа тазалауды қамтамасыз етуге болады. Кез –келген механикалық құралдар сияқты газтазалағыш құралына да жұмыс істеу жағдайын бірқалыпта ұстау үшін, капиталды жөндеу жұмыстары жасалуы қажет.

Ауаны тазалауға арналған құралдық қанаушылық ұйымы. Ережеге сай өнеркәсіптегі газталдағыш құралының қанаушылығын желдету қызметі атқарады. Желдету бюросы бас механиктің қол астында немесе желдету қанаушылық тобының бас механик бөлімінде қызмет көрсетіп тұрған желдеткіш құрылының санына байланысты, газтазалағыш құралының санына және қиыншылығына байланысты ұйымдастырылады. Ірі кәсіпорындарда аз ғана газтазалағыш қондырғылармен, арнайы газ тазалағыш қызметі болғаны жөн. Қондырғының аз санында арнайы аймақ ұйымдастыруы мүмкін. Мұндай арнайы аймақ құралдың жұмыс істеуін жақсартады және тазалау тиімділігін арттырады.

Өндірістік газтазалағыш қондырғының қызмет көрсету персоналының санын анықтау әдісі ойлап табылды (12.1 - кесте). Кестеде соманның уақыты келтірілген,жабдықтың 8-сағатты бір сменаның қызмет көрсету шарты. Қызмет көрсетуші персонаының санын сомарлы уақыт арқылы анықтайды,барлық газтазалағыш құралының бір сменадағы қызмет көрсетуі. Егер берілген қондырғының саны біреуден артық емес болса, коэффицент төмендеткіш енгізіледі, себебі бір типті қондырғыға уақыт аз қажет, ал жеке қондырғыға қызмет көрсетуге көп уақыт кетеді.

12.1- кесте - Қызмет көрсету шарттының бірлік газтазалағыш құралының смена уақыты

Ескерту. Алымында- кезекші жұмысшының дәрежесі, бөлімінде – жөндеу жұмысшылары.

Газ тазалағыш қондырғысының қанаушылыңымен бос емес персонал, қондырғыны және қанаушылық ережесін білу қажет, қажетті өндірістік нұсқауларды лайықты орындап білу керек,газтазалағыш құралының үйлесімді режимін қамтамасыз етіп және орнатылған жұмыс параметрі, газ тазалағыш құралын бүтіндей күйде сақтау, адамды жарақаттану жағдайларын болдымау және жабдықтың авариялық істен шығуын болдырмау. Шаң ұстағыш қондырғысының қызмет көрсету персоналі, негізгі көрсеткіштерді жүйелі түрде бақылап анықталуы қажет: қондырғыдан газдың кірісі мен шығысының саны, зиянды заттардың, сандық және сапалық құрамының қондырғыдан кірісі шығысы, барлық газо-шаңұстағыш қондырғысы және жекеше аппараттың гидравликалық қарсылығы, қондырғының кірісі мен шығысындағы газдың температурасы, қондырғының газ тазалау дәрежесіне толық және жеке аппараттарына қарамастан, басқа спецификтикалық көрсеткішсіз, газтазалағыш құралының белгілі типіне негізделген. Көрсеткіш нәтижелері арнаулы журналына енгізіледі. (аддендум 1)

Өндірістік бөлмедегі шаң құрамы жүйелі тексеру сол персоналға немесе желдету қызметіне жүктеледі.

Мекеме өндірістік персоналды техникалық оқудан өткізуі қажет,газтазалағыш құралының қанаушылығынан бос емес, лайықты бағдарламамен және ерекше көрсеткіштің көрсетілген мерзімде газ тазалағыш құралының орналасуы және қанаушылықтыңнақтылы шарттары.

Персоналды оқыту ұйымы және де олардың білімін тексеру комиссиясы белгілі бір ретпенен орындалуы қажет,мекеме бекітуімен.

Әрбір экзаменді жақсы тапсырған жұмысшыға,газтазалағыш құралының қанаушылығына жеке куәлік беріледі. Жекелеген жұмыс жасау үшін, жекеленген оқудан өткен соң, мекемеден, цехтан және аймақтан жарлық шығуы қажет. Білімді тексерулер периодты түрде үш жылда бір реттен кем емес өткізілуі қажет. Кезектен тыс білімді тексерулер,шарттарға өзгертулер енгізілгенде немесе нұсқауларды бұзғанда. 6 адан аса демалғанда немесе басқа жұмыс орынына ауысқанда ол өндірістік оқуды оқуы тиіс, жұмыс орнында.

Қанаушы персонал жұмыс істеу уақытында дұрыс қанауына жауапкершілік кезекшіде,барлық құрал – жабдықтың қауіпсіз және авариясыз жұмыс істеуіне және берілген аумақтағы ғимаратты.

Газ тазалаушы қондырғысы жөндеу аралық қызмет көрсетуден (қондырғыларды қарау, ұсақ бұзылғандықтар жөндеу, ағымдағы келтіру), техникалық күтім көрсету бойынша алдын алу шараларынан (периодты тазартулар, техникалық сынақтар және жоспарлы қараулар) және жоспарлы периодты жөндеулерден (кіші, орташа, капиталды және апатты жөндеулер) тұратын жоспарлы алдын алу жөндеулер жүйесіне (АЖЖ) енгізілуі керек.

Ауаны тазартуға арналған қондырғылардың әрбір түрін пайдалану өзіндік сипат ерекшеліктеріне ие болады, алайда жалпы талаптарды да бөліп айтуға болады.

Газ тазартушы қондырғыларды техникалық қолдануға қойылатын жалпы талаптар.

Газ тазалаушы қондырғылар үшін ғылыми – зерттеу, жобалық және іске қосу – жөндеу ұйымдарының, сонымен қатар өндіруші – зауыттардың ұсыныстарын сипаттайтын нұсқаулар мен ережелерге сәйкес қолайлы режимді ұстап тұру қажет. Бұл кезде қолданыстағы газ тозаң ұстап қалушы қондырғылар, жобалық көрсеткіштерден төмен болмайтын жұмыс көрсеткішін ұстап тұруы тиіс. Қондырғылардың тиімді жұмыс жасауының негізгі факторына сыртқы ауаны сорып алудын алдын алу мен ұсталған шаңды үздіксіз алып отыру жатады.

Газтазалаушы қондырғыны қолдану барысында қызмет көрсетуші жұмысшылар жүйелі түрде оперативті журналды жүргізіп отыруы тиіс, бұл журналға қондырғы жұмысын, орнатылған режимнен байқалған ауытқуларды, анықталған ақаулықтарды, сонымен қатар жеке агрегаттардың сөну жағдайларын немесе бүткіл газ тазалаушы қондырғының жұмыстан шығуы, олардың себептері мен қолданған шаралар жазылады.

Ағымдағы газ тазалаушы қондырғыларының қуаттылғын ұлғайтпай отырып, шығушы газдардың ұлғаюымен немесе олардағы зиянды заттардың концентрациясының ұлғаюымен бірге жүретін, технологиялық агрегаттардың өнімділігін жоғарылатуға тыйым салынады.

Құрамында жанғыш компоненттердің (жарылыс қауіпті) концентрациясы жоғары болатын, газ тазартушы қондырғыларын қолдану барысында газ қысымының орнатылған параметрлерін және құрылғылардың герметикалығын, сонымен қатар коммуникациялар мен аппраттардың дұрыс үрленуін ерекше мұқият қамтамассыз ету керек. Бұл газ жарылысы мен өрттерді болдырмау үшін жасалады. Сымен бір уақытта ашық от көздерін оқшауландыруды және басқа да спецификалық талапттарды сақтауды қамтамассыз ету қажет.

Құрамында токсикалық қоспаларының мөлшері жоғары болатын газ тазалаушы қондырғыларын қолдану барысында, құрылғылардың герметикалығын, жұмыс жайларының тиімді вентиляциясын, жұмыс орындарының атмосфералық ауасының ластану деңгейінің зертханалық бақылауын, қажет болған жағдайда газ тазартушы құралдарды қолдануды, сонымен қатар басқа да арнайы талаптарды сақтауды ерекше мұқият қадалау керек.

Газдарды химиялық агрессивті немесе абразивті компоненттерден тазартуға арналған, газ тазалаушы қондырғыларын пайдалану барысында, қолданылған компоненттердің, қорғаныс қаптамаларының сақтылығын және қондырғылар мен металдың бұзылуының болмауын ерекше мұқият қадағалап олардың ерте бұзылуының алдын алған жөн.

Газ тазалаушы қондырғылар дұрыс жұмыс жасауға жеткілікті болатын қосалқы бөлшектермен және материалдармен қамтамассыз етілуі тиіс. бұл қондырғы паспортында көрсетілген тізімге сәйкес жасалады.

Газ тазартушы қондырғылардың күйін және жұмыс қабілеттілігін бағалау үшін, құрамы кәсіпорын бастығымен тағайындалатын арнайы комиссиямен, үш айда бір реттен кем емес техникалық бақылауға қойылуы тиіс. Тексеріс нәтижелері бойынша акт құрылып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар көзделеді. Бақылау акті газ тазалау қондырғысының паспортына салынады.

Газ тазалаушы қондырғының жұмыс жасау тиімділігінің төмендеуіне, тоқтауына немесе апатына алып келген, әрбір техникалық ақаулар немесе жұмыс жасау режимінің бұзылу жағдайлары кәсіпорынмен тергеліп, газ тазалаушы қондырғыны қалпына келтіру және әрі қарай мұндай жағдайларды болдырмау бойынша шаралар қабылдануы тиіс.

Газ тазалаушы қондырғыларды экономикалық немесе технологиялық үрдіспен ескерілмеген, басқа қажеттіліктер себебінен сөндіруге мүлдем болмайды.

Газдарды тазартудың құрғақ механикалық аппараттарын техникалық қолдану ережелері. Бұл типті аппараттарды қолдану кезінде аса көп назарды жүйенің герметикалы болуына және ұсталған шаңды бункерлерден уақытысында алып тастап, оны арнайы жерлерге тасымалдауға бөледі.

Құрғақ механикалық аппараттар жылына 2 реттен аз емес мұқият тексерістен (сыртынан және ішінен) өтуі керек. Аппарат ішінде құрылымдық элементтер болған жағдайда (батареялы циклонар, терезе перделі шаң ұстағыштар), бұл элементтерді тозу дәрежесіне ерекше назар аударады, мысалы батареялы циклон ішіндегі бағыттаушы күрекшелерге.

Шаңжинақтаушы және шаңды алып тастаушы жүйелерде шаңның цементтелуіне және нығыздалып қалуына жол бермеу керек. Бұл үшін барлық алдын ала қарастырылған әдістерді қолданады, соның ішінде сенімді жылу оқшауландыру есебінен, барлық түйіндердің температурасын газдың «шық нүктесінен» жоғары ұстап тұру. Соңғысы коррозияны болдырмау үшін негізгі шара болып табылады.

Бұл топта әртүрлі типті циклондар аса көп қолданыс табатындығын ескере отырып, циклондарды қалыпты және тұрақты қолдану шарттарын қарастырған жөн. Бұл үшін келесі шарттарды ұстап тұру қажет:

  • Циклондар постаменттерге немесе тірек кронштейндерге дәл және тігінен орнатылуы тиіс.

  • Аппараттардың тиімді жұмыс жасауын қамтамассыз ету үшін, циклондардың кіріс түтіктеріндегі газ жылдамдығы оптимальді шектер аралығында болуы керек;

  • Ылғал газдардың конденсациясын және циклондар ішінде шаңдардың жинақталуын болдырмау мақсатымен, кіріс гздары «шық нүктесінен» 20—25°С жоғары болуы керек, бұл үшін жылу оқшауландыруды, қыздыруды қолданады немесе қондырғыларды жылы жайларда орнатады. Қондырғы жарларын жылу оқшауландырумен қаптау басқа ролді де атқарады: қызмет көрсетуші жұмысшыларды кездейсоқ тиіп кету кезінде күюден сақтайды;

  • Циклондағы ауа сорғыштарының мөлшері 5-8% аспауы керек. Аппарат бункері арқылы ауа сорылуын болдырмауға ерекше назар аударады. 15%-дан асатын ауа сорылуы кезінде циклондағы шаңды ұстап қалу мүлдем тоқтап қалады;

  • Циклондарды қарауға арналған люктерді шығушы газ коллекторының маңындағы шығыс аймақтарында орнатқан жөн, алайда оларды циклон конусында орнатуға тыйым салынады (ауа сорылуының болдырмау мақмсатымен);

  • Аса тиімді шаң ұстап қалуды қамтамассыз ету үшін, режим тұрақты болып қала беруі керек: газ шығыны оптималды мәннен 10—12% көп емес болатын аралықта өзгеру керек. Шығын азайған кезде циклонның жұмыс аймағында газ жылдамдығы азаяды, ал бұл өз алдына аппараттағы газдың тазру дәрежесіне әсер етеді;

  • Периодты түрде және жұмыс нұсқамасы орнататын уақыт аралықтарында циклон бункерлеріндегі шаңды алып отыру керек. Бункердегі шаңды тұрақты түрде алып отырмаған кезде олар толып кетеді, бұл кезде ұстап қалған шаңның бункерден алынуы байқалады. Шаңды алып тастау периодтылығы өндірістің нақты шарттарына қарай орнатылады. Циклонды қондырғылар шаң деңгейінің дабылымен жабдықталған жөн. Олар болмаған жағдайда, тексерісті жеңіл соққылар көмегімен жүргізеді, яғни дыбыс бойынша;

  • Циклондардың дұрыс жұмыс жасауын жүйелі түрде бақылап отыру керек. Корпуста байқалған бұдырлар мен ойыстар, тесіктер және бөгде заттар дереу алынып тастау керек.

  • Жоғары абразивті шаң кезінде циклондар қабырғаларын базальтты плиткалар және басқа материалдар көмегімен жабу арқылы, ысылудан сақтау керек. Аппарат қабырғаларының тез желінуін болдырмайтынбасқа әдістерді қолдануға болады: аппарат арқылы өтетін газ жылдамдығын минималды мәндерге дейін төмендету, шаңның ас ірі бөлшктерін шаң камераларында алдын ала бөліп алу. Газдың рұқсат етілген шаңдалуы циклон диаметріне тәуелді болады және әлсіз жабысатын шаңдар үшін келесі мәндерге ие болуы мүмкін:

Циклон диаметрі, мм 800 600 500 400 300 200 100

Рұқсат етілген шаңдану , г/м3 2500 2000 1500 1200 1000 800 600

Газдың рұқсат етілген шаңдануын таңдау кезінде шаңнын адгезионды және аутогзионды қасиеттерін ескеру керек, яғни оның бөлшектерінің өзара жабысуы және шаңның шаңды ұстап қалу аппарат қабырғаларына жабысу дәрежесі. Бұл кезде шаң ұсақ болған сайын, оның оңай жабысуын негізге алу керек. Газды орташа жабысатын шаңнан тазарту кезінде циклондардың сенімді жұмыс жасауын қамтамассыз ету үшін, газдың рұқсат етілген шаңдану әлсіз жабысатын шаңдармен салыстырғанда 4 есе төмендеуі тиіс, ал күшті жабысатын шаңдар үшін 8-10 есе.

Сүзуге арналған аппараттарды қолдануға қойылатын талаптар. Қолдану кезінде ең алдымен сүзу аппараттарының гидравликалық кедергісін бақылау керек, бұл кедергі берілген газды және шаңды жүктемелер кезінде орнатылған аралықта алмасуы керек. бұл сүзу элементтерінің тиімді жұмысына кепілдік береді. гидравликалық кедергінің өсуі келесі себептерден болуы мүмкін:

  • Фильтр матасының бетінде ылғалдың конденсациялануы салдарынан, қабықша түзіліп, өткізгіштігінің бұзылуы

  • Матаны орнатқан кезде түгі тазартылатын ауаға қарай қаратып қою

  • Жеңдерді дұрыс емес орнату (жеңнін ұзындығы тым үлкен болғанда бүктесіндердің пайда болуы)

  • Сілкуші механизмнің дұрыс жұмыс істемеуі немесе желінуі салдарынан жеңдердің регенерациялану механизмінің бұзылуы;

  • Ауаның көп мөлшерлерде сорылуы салдарынан шығынының ұлғаюы

Сүзуші элементтердің бұзылуы нәтижесінде кедергінің азаюы жүреді. Бұл жағдайлар кезінде сүзуші аппараттарды қолдануға болмайды, оларды сөндіру және жөндеу қажет.

Жеңді сүзгілердің сілкуші қондырғыларын айына бір реттен сирек емес тексеру керек. Жеңдердің тартуы бір қалыпты, біркелкі бос болуы тиіс. Сілку кезінде көтерген кезде жеңдерді тарпау керек. Сілкуші мехнизм күйін, әсіресе сілкуші жұдырықтар күйін әрдайым бақылап отыру керек. Олардың желінуінің салдарынан сілку кезінде жеңдердің көтерілуі азаяды да, регенерация үрдісі бұзылады.

Сорушы сүгішке ауаның көп мөлшерде сорылуы, оның жұымысының бұзылуының негізгі себептерінің брі болып табылады. Сүзгіге есептелген мөлшерден 15% дейінгі мөлшерде ауаның келіп түсуі қалыпты болып есептеледі. Ауаның сорушы жең сүзгісіне сырттан келіп түсуі келесі себептерден болады: аспалы клапандарды герметикалық болмуы; фильтр корпусында герметикалы емес жерлердің болуы, жеке айтқанда ауа ағынын бағыттаушын, шаңжинағышқа қосқан жерде; шаңды алып тастау жүйесінде герметикалық емес жерлердің болуы.

Тазарту тиімділігінің есептеулі тиімділікпен салыстырғанда төмендеуі бірқатар себептердің салдарынан туындауы мүмкін, сонын ішінде: жеңдер матасының нашар сапасы немесе тозуы, жеңдердің сүзгі секцияларының түбіндегі штуцерлермен нашар қосылуы; жеңдердегі тығыздықтың аз болуы, жеке айтқанда тігіс жерлерінде, жеңдердің дұрыс тартылмауы; сілкуші механизм келтірмесінің шығып кетуі, оның жеке элементтерінің тозуы, әдетте оның жұдырықшалары тез тозады, ал регенерация режимінің бұзылуы алып келеді; сүзгінің есептік өнімділігі тазартылатын ауаның шын мөлшеріне сәйкес келмеуі салдарынан сүзгі жүктемесінің шамадан тыс болуы; жеңдердің толық емес жиынтығымен жұмыс жасау.

Газдарды электр тазалауға арналған аппараттарды қолдануға қойылатын талаптар. Газдарды электр тазлауға арналған аппараттарды қолдану «ПОТ РМ-016-2001. «Электр қондырғыларын қолдану кезінде еңбекті қорғау (қауіпсіздік ережелері) бойынша сала аралық ережелерге» қатаң сәйкестіктікпен жүзеге асырылуы керек.

Ең алдымен аппаратқа берілетін оптимальді ауа (газ) және шаң жүктемесін бақылау керек. Бұл аппаратқа оптимальді электр жүктемесін және аппараттардың орнатылған гидравликалық жүктемесін беру мүмкіндігімен тексеріледі.

Орнатылған диэлектрлік режимді қамтамассыз еткен жөн (кернеу мен тоқ мөлшері). Тазартылатын ауаның (газ) қолайлы температурасы ұстап тұрылуы керек. жоғары температуралы режимде жұмыс жасаған кезде құрылғылардың тасымалдаушы қабілетінің төмендеуі, аппараттың ішкі қондырғыларының істен шығуы жүреді. Аппаратта ұсталған шаң дереу алып тасталуы керек. Ылғал электр сүзгілерін қолданған кезде, қабаттануларды жою үшін, белсенді бөлігін әрдайым жуып отыру керек. Кернеу берілмей тұрғанда немесе кернеудің нұсқау бойынша талап етілген мөлшерден ауытқуы кезінде сүзгінің жұмыс жасауына тыйым салынады.

Газдарды ылғал тазартуға арналған аппараттарға қойылатын талаптар. Қолдану периодында аппараттың талап етілген ауа режимін ұстап тұру қжет. Тазарту тиімділігі бұған үлкен дәрежеде тәуелді болады.

Ылғал газ тазалаушы аппараттардың, әсіресе көбікті аппраттар мен ротоклондардың оптимальді сулы режимі ұстап тұрылуы керек. Турбулентті газ жуғыштарда, саптамалы скрубберлерде және тағы басқа аппараттарда газды суландыруды бақылау керек, сонымен қатар олардан шламды қойыртпақтың әрдайым алынуын және мақсатты жерлерге тасымалдануын қамтамассыз етіп отыру керек. Көбікті аппараттарға қызмет көрсету кезінде көбік түзілуге және көбіктің қажет етілген қабатын (әдетте 80-100 мм) ұстап тұруға көп назар аударады.

Шламның құрылғылар ішінде жиналуына немесе оның құбырларда және қайтымды сумен қамтамассыз ету қондырғыларында жинақталуына жол берілмейді, бұл үшін сәйкес әдістер мен құралдар қарастырылуы тиіс.

Аппараттардың гидравликалық кедергісін әрдайым қадағалап отыру керек.Судың шығымы ұлғаймаған кезде гидравликалық кедергінің өсуі саңылаулардың бітелуі туралы айтады.

Аппараттың герметикалығы қамтамассыз етілуі керек, газдың, суарғыш сұйықтықтың ағып кетуіне жол берілмейді.

Газдардың тазартуға арналған адсорбционды және абсорбционды аппараттарын қолдануға қойылатын талаптар. Адсорбционды немесе абсорционды аппараттарды қолдану периодында аппараттардың және коммуникациялардың герметикалығын қамтамассыз етіп отыру керек. Бұл кезде газдың немесе суарылатын сұйықтықтың ағып кетуіне дол берілмейді.

Жұтушының регенерация тәртібі мен сапасының бақылануы сақталу керек, сонымен қатар газдарды тазартуға арналған аппараттардың тиімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамассыз ету үшін қондырғыларды қолдану бойынша технологиялық регламент талаптары орындалуы керек. адсорбционды аппараттардағы гз температурасы, орнатылған аралықта болуы керек.

Ұсталған өнімдерді алдын ала қарастырылған жерлерге тасымалдау есебінен, аппараттың жұмыс беттерінде шламның немесе шаңның жинақталуына жол берілмейді.

Газдарды термиялық және термокаталитикалық тазартуға арналған аппараттарды қолдану талаптары. Қолдану уақытының аралығында жанармай ретінде жанғыш газдарды қолданатын қондырғыларға жасалған «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерін» және «Техниккалық пайдалану ережелері мен ҚР газ шаруашылығындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын» сақтау қажет. Тазартылған газ құрамында болатын қоспаларды жағудын орнатылған режимі қамтамассыз етілуі керек. Қолданылатын катализаторларды регенерациялау немесе ауыстыру уақытысында болуы тиіс.

Әрбір газ тазарту қондырғысына кәсіпорын техникалық паспорт жасайды, бұл жерде қабылдағыш қондырғылардың негізгі сипаттамалары мен параметрлері көрсетіледі. Паспорттың түрі 3 қосымшада келтірілген.

Кәсіпорын жұмысы үшін маңызы үлкен болатын, үлкен өнімділікті қондырғылар үшін және ауа бассейнінің ластануын болдырмау үшін қолдану журналын және жоспарлы тексерістер мен жөндеулер журналын жасаған жөн.

Қолдану бойынша нұсқамада қондырғының жұмыс режимі туралы кеңестер болады (қосу, сөндіру, апат, өрт жағдайындағы әрекеттер және т.б.).

Қолдану журналына қондырғының жұмыс жасауы туралы барлық ескертпелерді енгізеді. Бұл кезекті тапсыру – қабылдау кезінде қондырғыны тексеру және кезекшілік уақытында оның жұмысын бақылау нәтижесінде жасалады. Сонымен қатар журналда жасалған ескертпелер бойынша қолданылған шаралар мен цех бастығының бұйрықтары көрсетіледі.

Қарау мен жөндеулер журналында тәртіпке сәйкес қондырғының қаралу және жөнделу күндері белгіленеді. Нақты айтқанда бұл журналға қондырғыны қарау мен жөндеулердің ұзақтығы, орындалған жұмыстар және ауыстырылған детальдар мөлшері жазылады.

Шаң ұстап қалушы қондырғыларды қолдану қауіпсіздігі. Қондырғылардың көптеген түрлерінде қозғлмалы бөліктер, механикалық жылжу тетіктері болады. дұрыс қолданбау кезінде бұл элементтер зақымдалу көзі болуы мүмкін. Қозғалтқыш белдеулерінде, қосу муфталарында және басқа айналмалы бөлшектерде қоршаулар немесе қаптамалардың болуы кезінде ғана қондырғыларда пайдалануға болады. Айналмалы бөліктері толық тоқтамағанша қондырғыны жөндеуге және оған қызмет көрсетуге, сонымен қатар оны тазалауға тыйым салынады. Жүйелі қызмет көрсету талап етілген, қондырғы орнатылған орындарында тұрақты жарықты қамтамассыз ету қажет. Ауаны өрт және жарылыс қауіпті шаңнан тазртуға арналған қондырғылар, жарылыс немесе өрт жағдайында, өндірстік және басқа жайларда қауіпсіздікті қамтамассыз ететін нормаларға сәйкес арақашықтықта орналасуы тиіс.

Электростатикалық электр тоғының жинақталуына жол бермеу шараларын қабылдау керек. қондырғыларды және ауа тасымалдағыштарын жерге тұйықтау қарастырылады. Электр сүзгілерін орнату кезінде қорғаныс қондырғыларын және автотұйықтауды қарастырады.

Қондырғыларды орнату кезнде қалыпты қолданыс пен қызмет көсету кезінде қауіпсіздікті қамтамассыз ететін минималды арақашықтарды сақтау керек: қондырғының қозғалмалы бөліктері мен қабырға арасында – 0,8 м кем емес; көршілес орналасқан қондырғылардың қозғалмайтын бөлшектері арасында – 0,8м; қабырға мен қондырғының қозғалмайтын бөлшектері арасында – 0,5 м.

Шаң ұстап қалушы қондырғыларды жөндеумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар қауіпсіздік техникасының ережелері бойынша нұсқамадан өтуі тиіс, бұл нұсқамадан өтпей олар жұмысқа жіберілмейді. Нұсқама үш айдан бір реттен кем жүргізілмейді.

Жұмыс жасап тұрған цехтарда қондырғыларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды өткізген кезде, жұмысшылар берілген цехтың қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы ережелері бойынша нұсқамадан өтуі керек.

Қосымша 1

Типтік форма №1

шығару көзінің атауы (бастау көзінің топтары), бірлікте

Тастандылардың бастау көзі _____Биіктігі_____Диаметрі_____Ұзындығы_____Ұйымдасқан

Ұйымдаспаған

Пробаның таңдау мерзімі (өлшеуіштің)

Пробаның таңдау жері мен нүктесі (өлшеуіштің)

Бастау көзінен шыққан кездегі газоауаның қосылысының параметрі

Зиянды заттардың атауы

Зиянды заттардың концентрациясы, г/нм3

Бастау көзінің уақыты мен жұмысы (бастау көзінің тобы) сағ/тәу.

Бастау көзінен шығатын,зиянды заттардың саны, (бастау көзінің тобы) m/тәу.

Сонымен бірге

Анықтау әдісі

Лобарант,инженердің қолы

Температурасы,оС

Қысым, Па

Газдың жылдамдығы, м/с

Абсолютті газды ылғалдылық,құрғақ газ үшін, г/нм3

Газоауалық қосылыстың көлемі, нм3/сағ.

тазалауға түседі

Соның ішінде

ұсталған және заласыздандырылған

атмосфераға лақтырылған

Типтік форма №2

Есеп журналы

Ауа бассейнді қорғау мерекесін орындау

Басталуы ”____”________20__жыл. Аяқталуы ”____”________20__жыл

Нағыз журнал ____ беттен тұрады.

Өндірістік өндірістің және технологиялыққұралдың атауы

Мереке атауы

Орындалу мерзімі(кіруі) мерекесі

Мерекені ұйымдастыруға кететін барлық шығындалу көлемі(ойша құны),мың теңге.

Финанс көзі

Фактылы түрде орындалған жұмыс көлемі(сметалық құнымен)

Қабылдау және эксплуатация актісінің мерзімі мен нөмірі

Мерекеден кейінгі атмосфералға шығарылуының азаюы

Барлық капиталдың салуы

құрамен емденген____

Сол жылғы кварталы

Сол жылғы кварталы

I

II

III

IV

I

II

III

IV

Типтік форма №3

Газтазалағыш,шаңұстағыш құралдары__________________________________

Тазалау түрі__________________________________

Бастау көзінің тобы,атауы__________________________________

Бастау көзінің тасталу нөмірі__________________________________

Күні,айы

Тәуліктегі жұмыс істелген сағат саны

Тұру уақыты,сағ/тәу.

Қолы

Газоұстағыш құралы

Газошаңұстағыш құралымен байланысты,технологиялық құрал

Газошаңұстағыш құралының технологиялық құралмен жұмыс істеуі

Газошаңұстағыш құралымен жұмыс жасайтын,бөлек құрал(агрегат)

Тұрудың себебі

Қосымша 2

Ауаны ластайтын заттардың рұқсат етілген концентрациясы(РЕК)

№

Заттардың атауы

Формула

РЕК-тің үлкендігі мг/м3

Лимитикалық зиянның көрсеткіші

Қауіптілік классы

Разовалдың ең жоғарғылығы

Орташа тәуліктік

1

Азот қышқылы

HNO3

0,4

0,15

рефл.-рез.

2

2

Азот(II) оксиді

NO

0,4

0,06

рефл.

3

3

Азот (IV) оксиді

NO2

0,085

0,04

рефл.-рез.

2

4

Аммиак

HN3

0,2

0,04

рефл.-рез.

4

5

Бенз(а)пирен

C20H12

0,1мкг/

100м3

рез.

1

6

Бензин (мұнайлы), С-ке

5

1,5

рефл.-рез.

4

7

Бензол

C6H6

0,3

0,1

рез.

2

8

Заттардың өлшеу шаңыңың недифференцияланған құрамы (аэрозоль)

0,5

0,15

рез.

3

9

Ксилол

C8H10

0,2

-

рефл.

3

10

Жылуэлектрстанцияның мазутты золасы(ванадийдегі есептеу)

-

0,002

рез.

4

11

Марганец және оның қосылысы(марганец(IV) оксидін есептегенде)

0,01

0,001

рез.

2

12

Мышяк,бейорганикалық қосылысымен(мыщякта есептеу)

0,003

рез.

2

13

Озон

O3

0,16

0,03

рез.

1

14

Бейорганикалық шаң,құрамында кремний диоксиді бар,%;

-70-тен астам(динас және т.б.);

-70-20(шамот,цемент,цемент өндірісіндегі шаң-глина,доменді шлак,құм,клинкер,зола,кремнозем және т.б.);

-20-ға дейін (доломит,цемент өндірісіндегі шаң – известяк,бор,огаркылар,боксит және т.б.);

0,15

0,3

0,5

0,05

0,1

0,15

рез.

рез.

рез.

3

3

3

15

Мақта шаңы

0,2

0,05

рез.

3

16

Жиһазды еріткіш(толуолу бойынша)

0,09

-

рефл.

3

17

Сынап

Hg

0,0003

рез.

1

18

Қорғасын және оның бейорганикалыққосылыстары(қорғасынды есептеуде)

0,001

0,0003

рез.

1

19

Күкірт диоксиді

SO2

0,5

0,005

рефл.-рез.

3

20

Күкірт қышқылы

H2SO4

0,3

0,1

рефл.-рез.

2

21

Күкірт сутек

H2S

0,008

-

рефл.

2

22

Толуол

C7H8

0,6

-

рефл.

3

23

Көміртегі оксиді

CO

5,0

3,0

рез.

3

24

Көмірсутек С12 – С19 шекті (С есептеуімен)

1,0

-

рефл.

4

25

Қара көміртегі

C

0,15

0,05

рез.

4

26

Жылуэлектрстанциясының көмір золасы (30-40% кальций оксиді құрамында,дисперстілігі 3мкм және одан төмен,97%-дан төмен емес)

0,05

0,02

рез.

2

27

Фенол

C6H6O

0,01

0,003

рефл.-рез.

2

28

Формальдегид

CH2O

0,035

0,003

рефл.-рез.

2

29

Хлор

Cl2

0,1

0,03

рефл.-рез.

2

30

Хром(VI)

-

0,0015

рез.

1

31

Этилен

C2H2

3,0

-

рефл.

3

Рефл. – биологиялық іс-әрекеттің рефлекторлы бағыты

Рез. - биологиялық іс-әрекеттің резорбтивті бағыты

Қосымша 3

Газ тазалағыш құралының төлқұжаты

1.Мекеме атауы және оның мекен – жайы_____________________

2.Газ тазалағыш құралының атауы, қызметі, проект авторы, қанаушылығы енгізілу жылы______________________________________________________

3.Газ тазалағыш құралының схемасы (атмосфераға лақтырылатын жерден технологиялық агрегаттық схемалық газалып тракты көрсетіледі)

_____________________________________________________________

4.Газ тазалағыш құралының қанаушылық көрсеткіші

Регламентеу параметрлердің атауы

Өлшеу бірлігі

Жұмыстың көрсеткіші

Проектілігі

Нақтылы(өлшеу күнін көрсету)

1.Газ бойынша өндірімділігі

кірісте

шығыста

2.Гидравликалық қарсылық

3.Газ тазалаудағы температурасы

4.Газ тазалаудағы қысым

кірісте

шығыста

5.Газдың ылғалдылығы

6.Тазаланып жатқан газдың зиянды заттардың концентрациясы

кірісте

шығыста

7.Суландыруға кететін су шығыны(ашпаның)

8.Судың қысымы (ашпаның)

9.Басқа сипаттаманің көрсеткіші

мың.нм3/сағ.

Н/м2

оС

г/ нм3

г/ нм3

м3/сағ.

кг/см2

5.Газтазалағыш құралының аппараттары

Аппараттың атауы мен типі

Өндіруші зауыт

Қанаушылыққа енген күні

6.Жылдам бұзылатын түйіншектер (бөлшектер)

Аппараттар

Түйіншектердің (бөлшектердің) атауы

Бір аппарат үшін саны,түйіншек

Түйіншектің (бөлшектердің) нақтылы істеу мерзімі

Ауысымдық жинақталымы бөліктің,түйіншектің және т.б. болуы

7.Газтазалағыш құралының бөлекше түйіншек қондырғысының жөндеу жұмысы,алмастыру және мадернизациялау жайлы ақпарат

Күні

Ақпараттың, түйіншектің атауы

Зақымдалу мерзімі

Ақпараттың,түйіншектің жұмыстан шығу себебі

Жұмыстың орындалуы

8.Сызбалардың және схемалардың,аддемдумдардың төлқұжатының тізбегі

Сызбаның, схеманың атауы

Сызбаның, схеманың №

1.Газ тазалағыш құралының жалпы түрі (жоспары, тілектері)

2.Аппараттың жалпы түрі:

а.__________________________

б. __________________________

в. __________________________

г. __________________________

3.КИП және автоматиканың принципті схемасы

9. Газ тазалағыш құралының газтазалауМеминспекция органының тіркеу мәліметтері

Регистрация күні

Меминспекция өкілінің фамилиясы және қолы, мөрі

Регистрациядан алып тастаған күні

Себебі

Меминспекция өкілінің фамилиясы, қолы және мөрі

Төлқұжат құралған ”___” _____________20___жыл

Мекеменің басты инженері ______________________________________

(фамилия және қолы)

Қондырғыны орналастыру үшін жауапты адам_________________

(фамилия және қолы)

Әдебиеттер

1. Абсорбция и пылеулавливание в производстве минеральных удобрений / Под ред. И.П. Мухленова, О.С. Ковалева. — М.: Химия, 1987. — 208 с.

2. Алиев Г.М.-А. Техника пылеулавливания и очистки промышленных газов. — М.: Металлургия, 1986. — 543 с.

3. Белевицкий A.M. Проектирование газоочистных сооружений. — Л.: Химия, 1990. - 228 с.

4. Бретшнайдер Б., КуҚРюст И. Охрана воздушного бассейна от загрязнений: технология и контроль. — Л.: Химия, 1989. — 288 с.

5. Вальдберг А.Ю., Исянов Л.М., Тарат Э.Я. Технология пылеулавливания. — Л.: Машиностроение, 1985. — 192 с.

6. Вальдберг А.Ю., Мошкын А.А., Каменщиков И.Г. Образование туманов и кап- леулавливание в системах очистки газов. — М.: Издательский дом «Грааль», — 2003.

7. Вилесов Н.Т.у Костюковская А.А. Очистка выбросных газов. — К.: Техника, 1971.-196 с.

8. Красовицкий Ю.В., Малинов А.В, Дуров В.В. Обеспыливание промышленных газов в фаянсовом производстве. — М.: Химия, 1994. — 272с.

9. Кузнецов И.Е. и др. Оборудование для санитарной очистки газов: Справочник. - К.: Техника, 1989. — 304 с.

10. Лапин В.Л., Мартинсен А.Г., Попов В.М. Основы экологических знаний инженера. — М.: Экология, 1996. — 176 с.

11. Мазус М.Г., Мальгин А.Д., Моргулис М.Л. Фильтры для улавливания промышленных пылей. — М.: Машиностроение, 1985. — 239 с.

12. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий. ОНД-86. — Л.: Гидрометеоиздат, 1987. — 94 с.

13. Мухленков Н.И. Охрана окружающей среды. — М.: Химия, 1990. — 74 с. 14. Небел Б. Наука об окружающей среде: Как устроен мир: В 2-х т. Т.1. —М.: Мир, 1993. - 424 с.

15. Оборудование, сооружения, основы проектирования химико-технологических үдерісов защиты биосферы от промышленных выбросов / Родионов А.И., Кузнецов Ю.П., Зенков В.В., Соловьев Г.С. — М.: Химия, 1985. — 352 с.

16. Очистка воздуха. Учебное пособие / Е.А. Штокман. — М.: Издательство АСВ, 1998. - 320 с.

17. Очистка технологических газов / Под ред. Т.А. Семеновой, И.Я. Лейте- са. - М.: Химия, 1977. — 488 с.

18. Очистка технологических газов в цветной металлургии. / Бородин И.Г., Вальдберг А.Ю., Мустафин Г.Ф., Рябчиков С.Я., Цой А.Д. — М.: Металлургия, 1992. - 342 с.

19. Пейсахов И.Л., Лютин Ф.Б. Атлас диаграмм и номограмм по газопылевой технике. — М.: Металлургия, 1974.

20. Перегуд Е.А., Горелик Д.О. Инструментальные методы контроля загрязнения атмосферы. — Л.: Химия, 1981. — 384 с.

21. Родионов A.M. u др. Техника защиты окружающей среды. — М.: Химия, 1989.-510 с.

22. Справочник по пыле- и золоулавливанию. / Под ред. А.А. Русанова. — М.: Энергия, 1982.— 296 с.

23. Средства защиты в машиностроении / Под ред. СВ. Белова. — М.: Машиностроение, 1989.

24. Старк СБ. Пылеулавливание и очистка газов в металлургии. — М.: Металлургия, 1977. — 328 с.

25. Страус В. Промышленная очистка газов. — М.: Химия, 1981. — 616 с.

26. Ужов В.Н., Вальдберг А.Ю. Подготовка промышленных газов к очистке. — М.: Химия, 1975.

27. Ужов В.И. и др. Очистка промышленных газов от пыли. — М.: Химия, 1981.

Мазмұны:

Кіріспе......................................................................................................................2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]