- •1. Атмосфераның ластануы себептері мен салдары
- •1.1. Атмосфера- тіршілік негізі
- •1.2. Атмосфераны ластаушылар
- •1.3.Атмосфераға шығарулар және олардың сипаттамасы.
- •1.16. Сурет.Гинцветмет түтікшесінің құрылымы.
- •1.4. Атмосфералық ауаның сапа нормативтері
- •2. Атмосферада ластаушы заттардың таралуы
- •2.1. Атмосферада ластаушы заттардың орналасуы
- •2. Тотығу
- •3. Тізбекті фотохимиялық реакциялар - тұмшаның түзілу негізі
- •1. Газдың қатты заттарға түрленуі
- •1 Ванна; 2- үрлендіргіштің ауа таратушысы; 3- тартпа қабылдағыш
- •Шаң жоңқа қабылдағыш корпусы; 2- қабылдаушы келте құбыр; 3- лынбалы қақпақ; 4- ілмек; 6- бағыттаушы пластина
- •4. Қалдықтарды ластанудан тазалау технологиясының физико-химиялық негіздері
- •4.1. Қатты немесе сұйық түрде ластануларды кетірукезінде қолданылатын физикалық принциптер
- •4.1. Сурет. Тозаңның айналу жылдамдығын анықтауға арналған номограмма.
- •4.2. Газ тәріздес қоспаларды бөлудің негізгі үрдістері
- •5. Атмосфераны ластаушы заттардың артық мөлшерін жоятын техника мен технологиялар
- •5.1 Шаң тұтудың негізгі қасиеттері
- •5.2. Құрғақ механикалық шаң тұтқыштар
- •I―газ, II―шаңға толтырылған газ, III―тазартылған газ.
- •Сурет 5.14 Циклонның жұмыс істеу схемасы
- •5.44 Сурет Үлкен диаметрлі аппараттарға арналған торлы сеуіп ұстағыш:
- •5.4. Сулы шаң ұстағыштар
- •5,73 Сурет. Қозғалмалы саптамасы бар газ шайғышы:
- •5,74 Сурет. Сфера (а) және цилиндр (б) тәрізді саптамалар.
- •5,75 Сурет. Дойль скруббері
- •5,76 Сурет. Өздігінен реттелетін ротоклон:
- •5,77 Сурет. Пвм типті газ шайғыш.
- •5,81 Сурет. Циклонды ротациялық шаң ұстап қалғыш
- •5,83 Сурет. А- орталық форсункалы суару; б- шеттік суару; в-үлдірлі суару; г – газ ағынының энергиясы есебінен сұйықтық беруі бар.
- •5.5 Электрсүзгіштер
- •5.6. Шығарылымдарды шаң ұстап қалушы аппараттарда тазарту алдында дайындау
- •6. Газ тәрізді және зиянды заттарды қоспалардан алып тастау технологиясы мен техникасы
- •6.1.Газдарды абсорбциялық тазарту
- •6.2. Газдарды адсорбционды тазалау
- •6.4. Газдарды термиялық зарасыздандыру
- •7. Газды тазалау процесін қарқындату
- •8.1 Сурет. Ввэр реакторы бар аэс - тің негізгі технологиялық контурының схемасы (ввэр - 1000 бірінші контурының сипаттамалары көрсетілген):
- •8.2 Сурет. Рбмк реакторы бар аэс-тің негізгі технологиялық контурының схемасы:
- •8.3 Сурет. Pwr - дің газтәріздес қалдықтарының жойылу жүйесі:
- •8.4 Сурет Жеңіл сулы ввэр немесе рбмк типті реакторы бар аэс - тің газ тәрізді схемасы:
- •9. Қалдықтарды тазалау жүйесінің қосымша құралдары
- •Сурет Тегіс шибер:
- •9.2. Сурет. Бірқалақты кедергіш клапан: 1- фландық; 2 -тоғын; 3 –тірек жартысақина; 5 - қалақ; 6 – каттылық қабырғасы
- •9.3.Сурет Компенсаторлар - тығыздалған екілинзалы (а) және бірлинзалы
- •9.6 Сурет. Алмұрт тәріздес төменгі бөлігінде шаң жинайтын шнек бар шаңдыгаз құбыры
- •9.7. Сурет. Шаңұстағыш құрылғыларының бункерлерінің негізгі типтері.
- •9.9 Сурет. Жетілдірілген бункердің конструкциялары : а – шығу тесігінің облысы кеңейген бункер; б, в - шығу тесігінің алдында ендірмесі бар бункерлер.
- •9.10 Сурет. Тербелмелі күмбезді құлағыш:
- •9.12. Сурет Үздіксіз әрекет ететін шаңды бекітпелер:
- •9.13. Сурет. Топса түріндегі субекітпе:
- •9.14 Сурет. Эрлифті шаң келтіру : 1 – шаң ұстағыш; 2 – эрлифті құрылғы; 3 – шламды тұндырғыш;
- •9.15 Сурет. Ақаба суларды сулы газды тазарту арқылы тазарту үшін жабдық сұлбасы:
- •Ластанған су
- •9.16 Сурет. Гидроциклондар:
- •10. Өнеркәсіптік шығындыларды тазартудың технологиялық процесін жобалау.
- •Шаңды түсіру, ұсталған өнімді өшіру немесе тасымалдау. Газтазартқыш.
- •11. Атмосфераны қорғаудағы заңдық негіздер.
- •12. Газтазалағыш қондырғысының техникалық қанаушылығы
- •1.Атмосфераның ластануының себебі мен салдарлары................................4
- •6.Қоспаның газтәріздес зиянды заттардың жоятын техника мен технология...........................................................................................................304
- •Ауалы ортаны қорғау техникасы мен технологиясы
Сурет Тегіс шибер:
1 - рама; 2 - қозғалғыш кесу элементі; 3 - домалақ шаңдыгаз өткізгіш; 4 - бағыттаушы; 5 - сығылған ауамен үрлеу үшін келтеқұбыр; 6 -күш; 7 - қаттылық қабырғасы; 8 - шығыр; 9 - арқан; 10 -жүкарба; И- мотор редуктор; 12 - бұрандалы туралау штогі -; 13 – қолмен басқару маховигі
Сериялы өндірісте шығарылатын шиберлерді қолданған жөн. Кедергіш бекітпелерді тегіс бекітпелерге қарағанда көп қолданылады: оларды құрастыруда және олармен жұмыс істеуде сенімді әрі қарапайым. Екі топ бар: (9.2 сурет) бірқалақты және көпқалақты. Біріншілерді негізінен домалақ шаңдыгаз өткізгіштерде пайдаланады, екіншілерді – тікбұрыштыларда. Кедергіш бекітпелерді іске қосу үшін қолмен басқарылатын және электрлік механизмдер қолданылады.
9.2. Сурет. Бірқалақты кедергіш клапан: 1- фландық; 2 -тоғын; 3 –тірек жартысақина; 5 - қалақ; 6 – каттылық қабырғасы
400 °С жұмыс істейтін газ өткізгіштердің температуралық ұзартудың өтемі үшін компенсаторлар пайдаланады. Олар линзалы, тығыздамалы, құастырылған деп бөлінеді. Ең үлкен қолданысқа линзалы компенсаторлар ие.
Қатты шаңдалған ортада линзалы компенсаторларды, линзада шаң жиналмас үшін, тызыздамамен бірге қолданылады.
қабырғасы линзаларда.
9.3.Сурет Компенсаторлар - тығыздалған екілинзалы (а) және бірлинзалы
тығыздалмаған (б) :
1 - линза; 2 – шаңдыгаз өткізгіштітің негізгі бағыттаушысы; 3 - сомын; 4 - кергіш бұран; 5 - тығыздық
Қимасына қарай компенсаторларды домалақ және тіктөртбұрышты деп бөледі.
Компенсаторлар бір екі- және үшлинзалы болады. 9.3 суретте бір- және екілинзалы компенсаторлардың конструкциялары қөрсетілген. Газ өткізгіштің (м) ұзартудың қажетті өтемін келесі формула анықтайды:
L = 12,5 *10-6tсгL (9.5)
мұнда 12,5*10-6 – болаттың қөлемінің үлғаюының коэффициенті, 1/ С°; tст - газ өткізгіштің қабырғасының температурасы, С° (жылу оқшаулағыш болса, газдың температурасына тең деп қабылданады); L - газ өткізгіштің ұзындығы, м.
Егер температуралық ұзарту – айтарлықтай болса, онда газ өткізгіштің жалпы ұзындығында екі немесе одан көп компенсаторлар қолданылады. Олардың компенсациялау қабілеті газ өткізгіштің барлық жолына кететін қажетті өтемге тең болуы керек. Газ өткізгіштерді құрастыру үшін СНиП И-В.3-72 материалдар алынады. Егер қатқыл ортада жұмыс істеген кезде коррозиядан қорғану іс-шараларын ескерген жөн.
Қима бойынша нормаланған газ үлестіру газ өткізгіштер үшін қалай маңызды болса, тазалау аппароаттарына да сондай маңызға ие.
Газ үлестірудің бірқалыпты болмау дәрежесі түрлі шаң ұстағыштардың тиімділігіне әсер етеді.
Гидравликалық кедергісі аз аппараттарға, электрсүзгілер, шаңды тұндыру камералары, қарапайым инерциалды шаңұстағыштар, туратокты құйындар, іші қуыс бүріккі скрубберлер және т.б. ең үлкен әсерін тигізеді (5.89 суретті қараңыз). Гидравликалық кедергісі 400-800 Па шамасындағы аппараттар дың сезгіштігі нашар. Оларға құйынды топтар, батареялық құйындар, көбікті аппараттар, қондырма скрубберлер жатады. Сүзгілердің және жоғары қысымды вентури тұрбаларының тиімділігі шаңдыгаз ағынының бірқалыпты үлестіруіне ең аз тәуелді.
Сурет 9.4 - Кейбір газтартқыш құрылғыларға газдың келтірілуі.
а – газдың электр фильтрлеріне келтірілуі.
б – газдың циклонды топтамаларға келтірілуі.
в – газдың бұрмалы мойынды Вентури құбырларына келтірілуі.
Газ ағынын қима бойынша теңестіру газ қозғалысының кедергісін азайтатын түрлі бағытталған құрылғылардың көмегімен немесе газдың қозғалысына қосымша тосқауыл ұйымдастыру арқылы, немесе екі әдісті де бірге қолдану арқылы.
Бағыттағыш құрылғылар бұрылымдар мен кеңеетін газ жолдары жағдайында аса тиімді. Тор, торша және тағы басқа сол сияқты құрылғылар арқылы ықтиярсыз теңестіру, барлық жағдайларда тиімді, алайда конструктивті және тасымалдау жағынан пайдалануға тиімді емес.
Шаңдыгаз құбырларының конфигурациясының аппараттарға және солардың ішінде орналасқан газды бөлетін құрылғылардың құрылымдарға келетін жерінің кіреберісінің кейбір мысалдары 9.4 суретінде көрсетілген.
Газ жолдарының шаңмен толуының алдын алу.
Егерде қатқыл және орташа дисперсті фазалы, жоғары концентрациялы аэрозольды тасымалдау кезінде немесе газдың жүру жылдамдығы төмен болған жағдайда шаң тұнбалары пайда болуы мүмкін. Оған қоса газдың құбылмалы жылдамдығының нәтижесінде тұнбалар пайда болады. Тұнбаның пайда болуының ең үлкен ықтималдығы жағдайы жолдың басында. Жиналған тұнба адгезия және аутогезионды күштердің нәтижесінде болады. Оған қоса уақыт өткен сайын бұл екі күш күшее түседі, сондықтан шаңның тұнбалануымен күресу барысында осы жағдайды ескеру қажет.
Шаң тұнбаларымен күрестің негізгі түрлері:
Ағымның жылдамдығы шаң тұнбаларының пайда болу қауіпін төмендетуге тиісті. (9.3. теңдеу) Ол концентрациясына, дисперстілігіне және тығыздығына байланысты 15-20 м/с аралығында пайдаланылады;
Тазартылмаған газдарды тасымалдау барысында көлденең және ұзын шаңдыгаз жолдарынан сақ болу керек. Көбінде тазартылмаған газды еңкею бұрышы шаңның табиғи бұрылуынан үлкендеу сынықты профиль арқылы тасымалдайды;
Қажетті аумақты пластмассамен жапсыру (шаңның темірге қарағанда пластмассаға деген адгезиясы төмен болып келеді);
Шаңдыгаз жолдарының төменгі жағындағы тесіктерден концентрацияланған ауа ағымымен үрлеу (9.5 сурет);
Шаңдыгаз жолдарының жұмыс уақытында үзіліссіз қызмет атқаратын шнегі бар алмұрт тәріздес құбырларды пайдалану (9.6 сурет);
Бірдей қызмет атқаратын екі шаңдыгаз құбырларын параллель орналастыру. Біріншісі нақты іске қосылу үшін, екіншісі – резервті. Бұлар экономикалық және техникалық жағынан дәлелденген болуы қажет.
Бункерлер. Газтартқыш құрылғыларда жиналған шаң бункерде тұнығады, және сол жерден шығарылады. Шаңұстағыштардың бункерлері пирамида секілді, сүйір және конус тәріздес болады. Сүйір бункер өте қолайлы.( сурет 9.7. а) Себебі оны сыртынан және қозғалыс құралдарын жылыту оңай, шаңның ағып кетуіне де ең жақсы шарттар тағайындайды. Алайда бұл типті бункерлерде бекітпе – дозаланған түсіру шаңын қоректендіргіш пайдаланылуы мүмкін емес. Олар пирамида секілді бункерлерде қолданысқа ие (9.7,б сурет). Деседе, пирамида секілді бункерлердің бұрыштарында шаң тұнығып қалуы ықтимал. (сурет 9.7. б)
