Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEKhNIKA_I-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13 Мб
Скачать
☆
  1. Шаңды түсіру, ұсталған өнімді өшіру немесе тасымалдау. Газтазартқыш.

Құрылғының бірқалыпты жұмыс істеуін осы кезең қамтамасыз етеді. Мысалы, құрғақ шаңды түсіруге арналған құрылғы саңылаусыз емес және жұмысқа жарамды болмаса, онда шығылдардың тазалау дәрежесі дұрыс есептелінген циклондық қондырғыдан төмен болады, кейбір жағдайларда ол тіпті нөлге дейін төмендеп кетуі мүмкін. Тазарту дәрежесіне теріс әсер кері таңдау көрсетуі мүмкін және шлам мен күлді жоюға арналған қондырғыны пайдалану.

Осы кезеңді іске асырудың басқа да маңызды шарттарының бірі болып ауа мен су объектілерінің әртүрлі шығарылған өнімдермен екінші ретті ластану болып саналады. Ауаның екінші ретті саналуы әртүрлі өнімдерді шығару мен тасымалдау негізінде жүруі мүмкін. Осы кезеңде қолданылатын негізгі қондырғылардың түрі 9 кестеде көрсетілген.

  1. Ұсталған өнімдерді тазарту.

Осы кезеңнен газтазарту кешенді технологиялық үдеріс бола ма әлде зиянды заттарды ұстау кезінде қоршаған ортаны ластайтын жаңа ластау көзі пайда бола ма сол анықталады және де қоршаған ортаны қорғау қызметіне маңызды емес, ұсталған қай жерде пайдаланылатыны, осы кәсіпорында ма, әлде басқа шаруашылық саласында ма, құрылыста ма, ауыл шаруашылығында маңызды емес.

Осы кезеңде көбіне қиындықтар пайда болады. Олар келесі факторларға байланысты:

  • Бұл тапсырма көбінесе сала аралық ретінде шығады, ал аймақтық масштабта қалдықтарды пайдалану мүмкіншіліктеріне байланысты селоаралық байланыстар жоқ;

  • Бұны шешу үшін өте жоғары капитал салым қажет;

  • Өндіріс қалдықтарының кең номенкулатурасы мен қалдықтардың әр түрінің жеке аз ғана бөлігімен тірмесі;

  • Қолданыстағы кәсіпорындардағы алаңдардың жоқтығы;

  • Қалдықтарды тазартуға арналған тетіктердің экономикалық жетіспеушілігі;

  • Кәсіпорындардағы қалдықтардың жеткілігінің есебі;

Газ тазарту жүйесіне байланысты қалдықтарды пайдалану бойынша мамандар мына жағдайларды жақсы білуі тиіс: технологиялық процестер. Егер ұсталған өнімді өзінің технологиялық процесіне кері қайтара алмаған жағдайда басқа үдеріс қарастыру қажет, жаңағы өнім бастапқы шикізат күйіне енетін, яғни одан ары қарай басқа қасиеттері бар жаңа өнім алу үшін.

Ұсталған өнімді тазарту проблемасын шешудің ең ыңғайлы мысалы ретінде алюминий кәсіпорнында қолданылатын электролиздердің тазарту жүйесін айтуға болады. Сорбционды тазарту негізінде фторлы сутекпен адсорбтың орнына глинозем қолданылады, алюминийдің шикізаты фторланған глинозем қаныққаннан кейін алюминий өндірісіне жіберіледі.

Технологиялық сұлбаны дайындаудың негізі

Технологиялық сұлба жеке технологиялық процестер мен жабдықтардың сипатын және өзара байланысын бейнелейді. Жобалы құжат болғандықтан технологиялық сұлба өзімен бірге аяқталған технологиялық процесі мен қажетті есептері біргге жүреді.

Техникалық деңгей және технолнгиялық сұлбаның сапасы жеке технологиялық түйіндерінің толық талқылануы алдын- ала болжалды қағидалы сұлбамен ашықталады. Технологиялық түйін деп әдетте процестің бір кезеңін толық аяқтайтын, яғни шығарындыны тазартуда белгілі бір деңгейде өңдейтін аппарат кемеде аппараттар тобын айтады. Технологиялық сұлба сонымен қатар әр түрлі өзара байлансы бар түйіндерден тұрады, олар келесідей:

  • Көлік жабдықтары (желдеткіштер, газ үрлегіштер, сығымдағыштар, көпсалалы жүк көтеру және тасымалдау көліктері)

  • Механикалық бөлінуге, араластыруға, сүзгілеуге, іріктеуге және т.б арналған жабдықтар;

  • Физикалық немесе физика – химиялық әдіспен өңдеуді жүзеге асыруға арналған жабдықтар (сорбция және десорбция, буландыру, кристализиция, құрғату және т.б)

  • Химиялық өңдеу үшін әр түрлі реакторлар;

  • Биологиялық өңдеу түйіндері;

  • Жылу алмасу түіндері;

  • Термиялық өңдеу түйіндері ( пештер, пиролияға арналған құрылым,сұйық жүйедегі тотығу және т.б)

  • Жұмыс параметрлері талап ететін түйіндер (вакумдау түйіндері және т.б)

  • Газды немесе ауаны таңдау құрылғысы;

  • Шығарындыларды тазартуға дайындау үшін жабдықтар;

Кез-келген технологиялық сұлбаның түйіні міндетті түрде орайтын құбырдан, арматурадан, бақылау және автоматты реттеу жабдықтарынан тұрады.

Әрбір технологиялық түйінінің дұрыс жұмыс істеуі барлық сұлбаның қажетті деңгейін қамтамасыз етеді және шикізат материал қуаттың шығындалуын төмендетеді.

Технологиялық сұлба үздіксіз немесе кезеңдік процестер үшін жасалады.

Периодты процесте жүйелердің және жеке түйіндерді орнату жүзеге асырылады, бір өнімнен екінші өнімге өту қиындық тудырмайды. Периодты процес үшін аса қарапайым аппарат талап етіледі.

Үздіксіз процесте сапалы өнім алумен қамтамасыз етіледі және салыстырмалы түрде қалдық саны аз, шикізат және материал шығыны төмендейді. Үздіксіз процеске арналған жабдықтар, әдетте үлкен өнімділігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, үздіксіз процестер механикаландыру мен автоматизацияландыруға айтарлықтай жеңіл шарасызданады. Үлкен қуатты өнеркәсіптерде кеңінен қолданылады.

Рециклонның реакторлы түйіндерде қолданылаьын аппарттардың оңтайлы жұмысын қамтамасыз етеді және зиянды заттардың қоршаған ортаға әсерін азайтады.

Өндіріс сұлбасын рәсімдеу кезінде негізгі технологиялық сызықтарымен қатар судың, газдың техникалық ағымын, сығылған ауаны және т.б. есепке алу керек.

Технологиялық сұлбада өндіріс қалдықтары сонымен қоса ақаба сулары қайда және қандай әдіспен жойылатыны көрсетілуі керек. Ауыз су ретінде пайдаланылатын суды басқа қажеттіліктерге пайдалануларға жол бермеу керек.

Сұлбада шарты белгісінің көрсетуінсіз шығарынды болмау керек, яғни оның көлемі, құрамы жіктелуі және де МЕСТ 17.2.1.01-76 «Атмосфера құрамы бойынша» шығарындының жіктелуі көрсеткіші болуы керек. Барлық өндірістің технолгиялық шещімі және сұлбаны рәсімдеуі «Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалануды жақсарту аумағындағы стандартты жүйеге» сәйкес келуі керек.

Шығарындыларды тазарту жүйесін жобалауда келесі талаптарды қадағалау керек:

  • Пайдалану қолайлылығын және газ тазарту құрылғысын жөндеуде ұқыпты ойлану керек;

  • Шаң ұстағыштар сіңу ретінде де, бастырмалату ретінде де орналастырылуы мүмкін, егер ұсталатын шаң түрлі қасиетке ие болмаса және жарылу қаупі болмаса;

  • Ауа атмосферасына І және ІІ дәрежелі қаупі бар зиянды заттарды яғни ыстық сұйық аэрозольдерді, жаман иісті заттарды шығаруда циркуляциялық аймақтан жоғары болуын ескеру керек, ол үшін құбырлар немесе жоғары жылдамдықты сорғылар болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]