- •Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша Алматы, 2014
- •2. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
- •3. Пән мазмұны
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет:
- •Силлабус «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәні бойынша
- •Алматы, 2014
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм қазақ және орыс тілдері кафедрасы
- •Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау
- •Обсөж өткізу кестесі*
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •Негізгі әдебиет:
- •Қосымша әдебиет:
- •Бағалау саясаты
- •Курс саясаты
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары, қызметтері, сипаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі.Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарын топтастыру
- •Түйіндеме
- •Өмірбаян
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Түсініктеме
- •Мінездеме
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Кепілдеме
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Тапсырыс
- •7.Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13.Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14.Демалыс алу тәртібі:
- •15.Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16.Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17.Келісімнің тоқтатылуы:
- •18.Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •21. Келісімге қосымша:
- •Хаттама
- •Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультеті, Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Ақпарат хат
- •Ресми хат
- •Хабарландыру!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Глоссарий
- •Бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылау-бағалау құралдары (аралық және қорытынды бақылау өткізуге арналған материалдар
- •Белсенді үлестірмелі материал Стилдің түрлері. Тапсырмалар:
- •Түйіндеме. Тапсырмалар:
- •Менің анкетам
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны
Түйіндеме
Қазіргі нарық заманында жұмысқа тұру, жұмысқа қабылдану кезінде құжаттың жаңа түрі жазылады. Жұмысқа қабылдаушы сізден түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде өмірбаян мәліметтері ықшам, әрі толық түрде беріледі. Жұмысқа қабылдануыңыздың белгілі бір кепілі саутты жазылған түйіндеме болып саналыды.
Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған не жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Түйіндемеде белгілі-бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі, жайлы нақты, қысқа мәлімет беріледі.
Жазылған түйіндемеде жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен жөн. Оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы керек. Өзіңіз туралы толық мәлімет беру үшін, түйіндемеде сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен табысыңыз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені жазылуы керек.
Өз еңбегінде Л.Дүйсембекова жиналған мәліметтерді түйіндемеге берудің екі жолы бар екенін көрсетеді:
Хронологиялық тәсілі. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орнында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқталған, қызметті бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені басты назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл. Бұл білімі мен біліктілігі жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс стажы кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі.
Күрделі түйіндеме – хронологиялық және функционалды түйіндемелерден іріктеліп алынған мәліметтер беріледі
Типтік түйіндеме - қарапайым және қысқа формада жазылады.
Типтік түйіндеменің құрылымы мынандай болады:
Құжат аты;
Ізденушінің жеке басы туралы мәлімет (аты-жөні, туған күні, жылы, туған жері);
Ізденушінің мекен- жайы, телефоны;
Түйіндеме авторы үміттеніп отырған ваканция;
Істеген жұмыс орны мен оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы көрсетілген негізгі мәтін;
Қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;
Кейбір қосымша мәліметтер (шет тілдері, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндігі т.б.);
Ғылыми дәрежесі, марапаттары туралы мәлімет;
Үміттенген ваканцияға қатысты кейбір жеке бас қасиеттері, икемділігі;
Қосымша ақпарат (ізденуші қалауынша жазылады);
Кепілдеме;
Түйіндеменің жазылған күні;
Ізденуші қолы;
Өмірбаян
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тәртіпте жазылған ресми құжат.
Өмірбаян, әдетте, оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Өмірбаян азат жолдан «Мен» деген сөзден басталып, бірінші жақта, жекеше түрде баяндалады.
Тәжірибеде өмірбаян 3 түрлі болып жазылады.
Өмірбаянның бірінші түрі – адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке ісқағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:
1) хронологиялық тәртіппен жазылады;
2) ресми стильде мәтін түрінде жазылады.
Өмірбаянның екінші түрі– мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.
Өмірбаянның бұл түрі көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылады.
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:
жеке адам өмірімен ғана емес, сол кездегі қоғам дамуымен де таныстыруы; 2) көркем әдеби стильде жазылады.
Мысалы:
1. Д.А. Қонаев. «Өтті дәурен осылай». Естелік-эссе. 1992, 443 бет. «Дәуір» баспасы.
2. Ш.Жиенқұлова. «Өмірім менің – өнерім». 1983, 214 бет. «Жазушы» баспасы.
3. С.Сейфуллин. «Тар жол тайғақ кешу» роман. 1977, 392 бет. «Жазушы» баспасы.
4. Ғ.Мұстафин. «Көзкөргендер». 1958.
Өмірбаянның үшінші түрі – қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады.
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:
1) жеке адамды зерттеу барысында жазылады;
2) ғылыми стильде жазылады.
Мысалы:
Ұлы ойшыл, ақын А.Құнанбаев өмірі туралы М.Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектерін атап айтуға болады.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын өмірбаянның түрі – ресми түрі. Өмірбаян бірінші жақта жазылады, көлемі шағын болады.
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.
Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған күні, айы, жылы, туған жері.
3. Ұлты. Азаматтығы.
4. Білімі, оқыған оқу орындары.
5. Жетістіктері.
6. Отбасы (ата-анасы, жұбайы, балалары) туралы мәлімет.
7. Қосымша мәліметтер (тіл білуі, қызығушылығы) т.б.
8. Қазіргі жұмысы, мекенжайы туралы мәлімет.
9. Құжаттың жазылған күні, айы, жылы.
10. Қолы.
Өтініш
Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жазбаша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға бағытталған ресми құжат.
Өтініш құжат ретінде кеңсе бөлімінің (канцелярия) арнайы жорналына тіркеліп, нөмірленгеннен кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді.
Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш негізіндебұйрық шығарылады. Өтініш мекеме басшысына келіп түскеннен кейін, өтінішке лауазымды тұлға «бұрыштама» қояды. Мысалы: «Қарсы емеспін», «Келісемін», «Бекітілсін» т.б.
Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс) мерзімі көрсетілуі тиіс.
Өтініш, негізінен, мынандай жағдайларда жазылады:
оқуға түскен кезінде;
басқа оқу орнына ауысқанда;
бір факультеттен басқа факультетке ауысқанда;
жатақханадан орын сұрағанда;
жұмысқа қабылдау кезінде;
басқа жұмысқа ауысқанда;
жұмыстан босату кезінде;
кезекті демалыс сұрау кезінде;
кезектен тыс демалыс сұрағанда;
материалдық көмек сұрағанда;
денсаулығына байланысты академиялық демалыс алғанда т.б.
Өтініштің жазылу тәртібі:
Өтініш А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағанның бойына кімге жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып, кімнің жазғаны және қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.
Құрылымы:
1. Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні, дәрежесі / атағы).
2.Кімнің жазғаны: (мекенжайы, қызметі, лауазымы, аты-жөні).
3. Құжат атауы (өтініш).
4. Негізгі мәтін.
5. Жазылған мерзімі.
6. Өтініш иесінің қолы.
Ескерту!
Демалыс алу туралы өтініш арнайы бланкіге толтырылады; мерзімі туралы ақпарат қолмен жазылады. Өтініштің бұл түрінде беттің артқы жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады.
Қызметтен босату туралы өтініш деректемелердің құрамы мен толтырылуы жағынан басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас.
Оқу демалысын алу туралы өтініш және жүкті болуына немесе босануына байланысты т.б. өтініш түрлерінің мәтінінде соны растайтын құжаттардың (оқу орнынан анықтама, ауырғаны туралы анықтама қағазы және т.б.) бар екендігі көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі.
Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі, не бекітілген демалыс кестесі арқылы, не жеке өтініш бойынша шешіледі.
Есте сақтаңыз!
Кімге:
- А.К. Айдароваға
- «Адал» АҚ-ның басшысы А.Темірбековке
- «Қайнар» университетінің ректоры А.Қарабаеваға
- Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д. Г.С. Құрманбайға
- Қаржы-экономика факультетінің деканы Ә.М. Вильмурға
Кімнен:
Оқытушы Н.Досановтан
Тіркеу бөлімінің басшысы К.Омаровадан
Орыс тілі пәнінің оқытушысы А.Б. Тұмановадан
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Өтініш кімнің атынан жазылады?
2. Қандай жағдайларда жазылады?
3. Өтініш негізінде қандай құжат дайындалады?
4. Өтініш қандай жағдайда ресми құжат болып есептелінеді?
Арыз
Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылып, заңдық тұрғыда өз құқығын қорғау мақсатында жазылатын ісқағазы.
Дәлірек айтсақ, арыз – бұл жеке адамның қандай да бір ұйым басшысына, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру немесе қорғау үшін жазылатын құжат түрі.
Арыздың негізгі мақсаты – азаматтардың бұзылған құқықтарын заңдық тұрғыда қалпына келтіруді талап ету. Арызда деректер нақты көрсетілуі керек.
Арыз, көбінесе, жеке адам атынан жазылады. Сондай-ақ ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де болады. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар лауазым иесіне жазылады.
Өтініш құжат ретінде кеңседе тіркеліп, тіркеу нөмірін алғаннан кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді. Арызда да өтініштегі сияқты мекеме басшысының бұрыштамасы қойылады (Арыз тиісті орынға келіп түскеннен кейін, оған бұрыштама қойылады. Мысалы: «Қаралсын», «Комиссия құрылсын» т.б.).
Арыздың 3 түрі бар:
өтініш түрінде жазылатын арыз;
шағым түрінде жазылатын арыз;
түсініктеме түрінде жазылатын арыз.
Өтініш түріндегі арыз – белгілі бір тұлғаның бір нәрсеге риза болмай арыздануы. Бірақ арызданушы шара қолдануды емес, өзінің талап-тілегінің орындалуын сұрайды. Мысалы: №377 дәрісхананың суық болуына байланысты бірнеше студент суықтап ауырып, сол себепті басқа дәрісханаға ауыстыруды сұрады.
Шағым түрінде жазылатын арыз – құқығының бұзылуына байланысты шағымданып, шара қолдануын сұрау. Мысалы: Көрші бөлмедегі Жұлдыз деген қыз музыканы түнгі 12-ден кейін дауысын өте қатты шығарып қояды. Бізге сабақ оқып, демалуға кедергі жасайды. Бірнеше рет ескертілді. Бірақ тыңдамады. Осы мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймыз.
Түсініктеме түрінде жазылатын арыз – белгілі бір оқиғаға байланысты мәселенің дұрыс шешілмей, жәбірленушінің болған оқиғаны нақты түсіндіре отырып қарсы арыздануы. Мысалы: Көліктердің соқтығысуына байланысты, болған оқиғаға куәгерлерді тарту арқылы нақты деректермен дәлелдеу.
Арыздың жазылу тәртібі:
Арыз А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағананың бойына кімге жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып кімнің жазғаны және қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.
Құрылымы:
1. Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні, дәрежесі / атағы).
2. Кімнің жазғаны: (мекенжайы / қызметі, лауазымы, аты-жөні).
3. Құжат атауы (арыз).
4. Негізгі мәтін.
5. Жазылған мерзімі.
6. Арыз иесінің қолы немесе арыз мазмұнымен келісушілердің қолы.
Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы,
«Менің сізге арыз беру себебім».
Ары қарай құжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе сөз болады. Мәтін соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып, адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы,
«Айтылғандарды ескере отырып, шара қолдануыңызды сұраймын», «мәселені шешіп беруіңізді сұраймын» т.с.с.
Ескерту!
Ұжымдық арызда арыз мазмұнымен келісушілердің аты-жөні, қолдары иерархиялық тәртіппен, я болмаса әліпби тәртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса, онда арызға қол қою парағы тіркеледі.
Арыз мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда, келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, «Келісемін», «Қарсы емеспін». Бұл жерде де күні жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.
