- •Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша Алматы, 2014
- •2. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
- •3. Пән мазмұны
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет:
- •Силлабус «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәні бойынша
- •Алматы, 2014
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм қазақ және орыс тілдері кафедрасы
- •Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау
- •Обсөж өткізу кестесі*
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •Негізгі әдебиет:
- •Қосымша әдебиет:
- •Бағалау саясаты
- •Курс саясаты
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары, қызметтері, сипаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі.Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарын топтастыру
- •Түйіндеме
- •Өмірбаян
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Түсініктеме
- •Мінездеме
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Кепілдеме
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Тапсырыс
- •7.Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13.Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14.Демалыс алу тәртібі:
- •15.Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16.Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17.Келісімнің тоқтатылуы:
- •18.Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •21. Келісімге қосымша:
- •Хаттама
- •Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультеті, Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Ақпарат хат
- •Ресми хат
- •Хабарландыру!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Глоссарий
- •Бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылау-бағалау құралдары (аралық және қорытынды бақылау өткізуге арналған материалдар
- •Белсенді үлестірмелі материал Стилдің түрлері. Тапсырмалар:
- •Түйіндеме. Тапсырмалар:
- •Менің анкетам
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны
7.Келісім мерзімі:
Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. Даталар санмен де, жазбаша да, я болмаса 2 нұсқада да көрсетіледі. Мысалы:
«Келісім (2000 жылдың 20 мамырында) екі мыңыншы жылдың жиырмасыншы мамырында күшіне енеді». «Келісім (2001 жылдың 20 мамырында) екі мың бірінші жылдың жиырмасыншы мамырында өз күшін жояды».
8. Сынақ мерзімі:
Егер жұмысшы сынақ мерзімімен қабылданатын болса, онда оның мерзімі көрсетіледі.
Сынақ мерзімі күнмен де, аптамен де көрсетіле береді. Мысалы:
Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді. / Жұмысшы үш ай сынақ мерзімімен қабылданды.
9. Жұмысшының міндеттері:
Мұнда жұмысшының кәсіптік міндеттері және оның қандай құжат (бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсетіледі. Мысалы:
– Жұмысшы өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;
– келісімнің 1.3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға;
– техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
– мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
– ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті.
10. Жұмыс беруші міндеттері:
Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу мерзімі; медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер айтылады. Мысалы:
Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқын қорғауға берілетін қосымша кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік, медициналық, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, т.б. Мысалы:
Еңбек келісімінде көрсетілген мерзім аралығында, жұмысшы көрсетілген міндеттерді толық атқарып, келісім талаптарын орындаған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосымша мынадай жеңілдіктерге кепілдік береді:
а) Қазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
ә) Қазақстан Республикасы Президентінің 22.07.1995 жылғы №132 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
б) Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға.
12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтылады. Мысалы:
Жұмысшыға 5 күндік (40 сағаттық) жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.
13.Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
Бұл бөлікте еңбекақы төлеу тәртібі және қосымша берілетін ақшалай сыйлық көлемі мен оның берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе ұйымның өз ерекшелігіне, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім жағдайына қарай:
а) лауазымдық төлемақы көлемі (айына_____теңге);
о) сағаттық төлемақы көлемі (сағатына _____теңге);
б) атқарылатын жұмыс ерекшелігіне қарай үстеме ақы (лауазымдық төлемақы мөлшерінің ____ пайызы);
в) басқа қосымша ақы мөлшері (теңгемен я пайызбен);
г) мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері (теңгемен, пайызбен) көрсетіледі.
