- •Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша Алматы, 2014
- •2. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
- •3. Пән мазмұны
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет:
- •Силлабус «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәні бойынша
- •Алматы, 2014
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм қазақ және орыс тілдері кафедрасы
- •Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау
- •Обсөж өткізу кестесі*
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •Негізгі әдебиет:
- •Қосымша әдебиет:
- •Бағалау саясаты
- •Курс саясаты
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары, қызметтері, сипаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі.Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарын топтастыру
- •Түйіндеме
- •Өмірбаян
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Түсініктеме
- •Мінездеме
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Кепілдеме
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Тапсырыс
- •7.Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13.Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14.Демалыс алу тәртібі:
- •15.Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16.Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17.Келісімнің тоқтатылуы:
- •18.Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •21. Келісімге қосымша:
- •Хаттама
- •Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультеті, Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Ақпарат хат
- •Ресми хат
- •Хабарландыру!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Глоссарий
- •Бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылау-бағалау құралдары (аралық және қорытынды бақылау өткізуге арналған материалдар
- •Белсенді үлестірмелі материал Стилдің түрлері. Тапсырмалар:
- •Түйіндеме. Тапсырмалар:
- •Менің анкетам
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны
1999 Жыл 26 мамыр.
8. Қосымша. Егер мінездемеде қосымша болатын болса, ол жайында парақтың соңында жазылады. Мысалы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқу-әдістемелік басқарма бастығының қолымен расталған мінездеме қосымша беріліп отыр.
Ал қосымша бірнешеу болатын болса, жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі. Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда:
Белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;
Білімі туралы құжат көшірмесі;
Бұрынғы мінездемелер көшірмесі немесе одан алынған үзінді;
Анықтамалар жіберіледі.
Ескерту!
1) Кейбір жағдайларда мінездеменің жоғарғы жағында мекеменің фирмалық белгісі (логотипі) көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының қолымен расталады.
2) Кейбір жағдайларда құжат атауынан бұрын мінездеме берілуші туралы қысқаша мәлімет жазылып барып, мінездеме берілетін түрі де болады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мінездеме қандай құжат?
2. Мінездеменің неше түрі бар?
3. Мінездеме қандай жағдайда беріледі?
4. Мінездеменің құрылымы қандай?
5. Мінездеменің ерекшеліктерін ата.
6. Мінездеменің мақсаты не?
Кепілдеме
Кепілдеме дегеніміз – жеке адам туралы өз саласындағы кәсіби шеберлігін, жеткен жетістіктерін сипаттай отырып жазылатын ісқағазының бір түрі.
Кепілдеме – жалпы құрылымы жағынан мінездемеге ұқсас құжат.
Ортақ белгілері:
екеуі де жеке адам өміріне қатысты құжат.
екеуі де басқа біреулер тарапынан жазылады.
құрылымы бірдей.
Айырмашылықтары:
Кепілдемеде жеке адамның іскери қасиеттерін, жеткен жетістігіне байланысты ұсыныс жасалады, кепілдік береді, ал мінездемеде жеке адамның мінез-қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді.
Кепілдеме және ұсыныс хат жалпы мақсаты жағынан бір құжат болып есептелінеді.
Кепілдеменің түйінді сөзінде: «ұсынамын», «кепілдік беремін», «кәміл сенемін» деген сөздер жазылады.
Кепілдеме және ұсыныс хат біреуді ұсыну мақсатында жазылады.
Барлық кепілдемелерге мекеме мөрі басылады.
Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Негізгі мәтіні:
а) аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы;
ә) білімі, бітірген оқу орындары;
б) қызмет істеген жылдары, қызмет орны;
в) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы);
г) жеке басының мамандығына қатысты іскери қасиеттері, жеткен жетістіктері.
3. Қорытынды.
4. Кепілдемені талап етуші ұйымның атауы.
5. Кепілдеме берушінің қызметі, аты-жөні, қолы.
6. Кепілдеме берілген күн, ай, жыл.
Ескерту!
Кейбір жағдайларда кепілдеменің жоғары жағында мекеменің фирмалық белгісі (логотипі) көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының қолымен расталады.
Құжаттың атауыпарақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Негізгі мәтіндеатқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі жазылады. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы жазылады.
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі.
Кепілдеменің қорытынды бөлімінде:
1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысуға лайық тұлға, кәсіби біліктілігі жоғары маман деп санаймын.
2. Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы бойынша шетелде білім алуға лайық деп сенім білдіреміндеген түйінді сөздер қолданылады.
Кепілдемеде талап етуші ұйымның ресми атауы толық көрсетіледі.
Кепілдеме беруші туралы мәліметке кепілдеме берушінің аты-жөні, ресми қызметі, дәрежесі жазылады.
Барлық кепілдемелерге мекеме мөрі басылады.
Кепілдеме ресми стильде, еркін түрде жазылады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Кепілдеме мен мінездеменің ортақ белгілері қандай?
2. Кепілдеме мен мінездеменің айырмашылықтары қандай?
3. Кепілдеме қандай жағдайда беріледі?
4. Кепілдеме мен ұсыныс хаттың ерекшелігі неде?
