- •Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша Алматы, 2014
- •2. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
- •3. Пән мазмұны
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет:
- •Силлабус «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәні бойынша
- •Алматы, 2014
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм қазақ және орыс тілдері кафедрасы
- •Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау
- •Обсөж өткізу кестесі*
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •Негізгі әдебиет:
- •Қосымша әдебиет:
- •Бағалау саясаты
- •Курс саясаты
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары, қызметтері, сипаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі.Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарын топтастыру
- •Түйіндеме
- •Өмірбаян
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Түсініктеме
- •Мінездеме
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Кепілдеме
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Тапсырыс
- •7.Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13.Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14.Демалыс алу тәртібі:
- •15.Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16.Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17.Келісімнің тоқтатылуы:
- •18.Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •21. Келісімге қосымша:
- •Хаттама
- •Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультеті, Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Ақпарат хат
- •Ресми хат
- •Хабарландыру!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Глоссарий
- •Бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылау-бағалау құралдары (аралық және қорытынды бақылау өткізуге арналған материалдар
- •Белсенді үлестірмелі материал Стилдің түрлері. Тапсырмалар:
- •Түйіндеме. Тапсырмалар:
- •Менің анкетам
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны
1. Ресми. 2. Бейресми.
Ресми құттықтаухат – ресми ұйымдар мен мекемелерді және лауазымды адамдарды құттықтаған жағдайларда арнаулы ресми құттықтау (адресат) түрінде жазылып, жолданылады.
Бейресми құттықтаухат – жеке адамдарды маңызды мерекелерде, мерейтойларда тағы басқа жағдайларда жазылады.
Құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады.
Содан кейін құттықтау себебі жазылады. Сосын құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет.
Мысалы:
– Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға) жеттіңіз.
– Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде жақсы білеміз.
– Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары.
– Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз.
– Сіздің медицина (экономика, филология т.б) саласына, фирманың (кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.с.с.
Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты-жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.
Құрылымы:
Қосымша сөздерден басталып, (мерейтой иесінің) аты-жөнінің жазылуы
Құттықтау себебі
Құттықтау иесінің жетістіктері жайлы ізгі тілектер
Қосымша сөздермен аяқталады, құттықтаушының аты-жөні
Тілдік бірліктер:
Басында: |
Соңында: |
|
|
Бұйрық
Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да, жазбаша да беріледі.
Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:
1-ші топ. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
2-ші топ. Жеке құрамға байланысты.
1) Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар мекеменің негізгі жұмыстарына байланыстыбұйрық деп аталады.
Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар негізі, әдетте, “... байланысты”, “...жүзеге асыруда”, “... жақсарту мақсатында”, “... орындау мақсатында”, “...жетілдіру мақсатында”, “... үшін”, “...сәйкес” деген сияқты тұжырымдаулармен басталады.
2) Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі.
Мысалы:
Зейнеткерлікке шығуына байланысты
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты
Кәсіпорынның жойылуына байланысты
Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
Өз өтініші бойынша
Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты
Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты
Ресми сапарға кетуіне байланысты
Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты
Айрықша жұмыс жағдайлары үшін
Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы көрсетілуі тиіс. Содан кейін «№7 БҰЙРЫҚ» деген сөз және не туралы бұйрық екені жазылады. Мысалы:
Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы
Кәсіпорынның жойылуы туралы
Жұмысқа қабылдану туралы
Жұмыстан босату туралы
Уақытша ауыстыру туралы
Үстемақы белгілеу туралы және т.б.
Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.
Бұйрықтар мәтіні 2 бөліктен тұрады.
1-ші «Айқындаушы бөлік» (констатациялық).
2-ші «Өкімдік бөлік».
Айқындаушы бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз болса, онда ол құжаттың атауы, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.
Өкімдік бөлік«БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр пункті араб цифрларымен белгіленеді.
Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.
Егер бұйрық орындаушының үнемі атқаруға тиіс мәселесіне байланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.
Егер бұйрық бірнеше пункттен тұрса, оның барлығының орындалуына бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңғы пунктте ғана көрсетіледі.
Бұйрық мәтініндегі етістіктер бұйрық райдың ІІІ жағы арқылы жазылады. Мысалы,
тыйым салынсын
босатылсын
қабылдансын
белгіленсін
жүктелсін
тағайындалсын
ауыстырылсын
Сондай-ақ, мекеме ішіндегі жұмысты жүргізу ыңғайына қарай бұйрықтарды мынадай түрлерге бөлеміз:
Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар.
Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар.
Арнайы бұйрықтар.
Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар.
Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланыстыбұйрықтарұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.
Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жатқан түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.
Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар мекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі.
Арнайы бұйрықтар, көбіне, қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп басылып, 1 данасы марапатталған адамға тапсырылады.
Бұйрықты дайындау барысында, оны орындалуына мүдделі мекемелермен және құрылымдармен келісіледі. Келіскені туралы бұйрық жобасының бір данасына белгі (бұрыштама) қойылады. Бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Құрылымы:
1. Мекеме атауы.
2. Жазылған күні, айы, жылы; орны.
3. Бұйрықтың тақырыбы.
4. Құжат нөмірі, атауы.
5. Айқындаушы бөлік(Бұйрықты беруге негіз болған дерек, бұйрықтың мақсаты).
6. Өкімдікбөлік(Негізгі мәтін).
7. Бұйрықтың орындалуын қадағалаушы тұлға жайлы мәлімет (міндеті, аты-жөні, лауазымы).
8. Бұйрық беруші адамның лауазымы, аты-жөні, қолы.
Ө
Өкім – кәсіпорынның күнделікті әкімшілік және өндірістік-шаруашылық қызметтерінің ерекше жедел мәселелері бойынша директор немесе оның орынбасарлары беретін құжат.
Өкім кәсіпорынның ішкі құжаттары үшін арнаулы бланкте ресімделеді және директор немесе оның орынбасарлары қол қояды.
Өкім мәтінінің құрылымы:
– нақты тапсырмалар (жұмысқа);
– орындаушының жауапкершілігі;
– орындау мерзімі.
Ереже бойынша алғашқы бөлігі «Міндеттеймін», «Белгілеймін» және т.б. сөздерден басталады.
Распоряжение – документ, издаваемый директором или заместителем преимущественно по оперативным вопросам повседневной производственно-хозяйственной и административной деятельности предприятия.
Распоряжения оформляются на бланке предприятия для внутренних документов и подписываются директором или его заместителями.
Текст распоряжения должен содержать:
– конкретное задание (работу);
– ответственность исполнителя;
– срок исполнения.
Распорядительная часть, как правило, начинается словами «Обязываю», «Устанавливаю» и т.п.
Сөздік
шақырылсын |
создать, созвать |
Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы |
Концепция языковой политики Республики Казахстан |
мақұлдансын |
одобрить |
жариялансын |
опубликовать |
Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі Ұлттық агенттігіне |
Национальному агенству по делам печати и массовой информации Республики Казахстан |
сондай-ақ жеке басылыммен мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылсын |
а также выступить отдельным изданием на государственном и русском языках |
қоса беріліп отыр |
прилагается |
