- •Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша Алматы, 2014
- •2. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
- •3. Пән мазмұны
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет:
- •Силлабус «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәні бойынша
- •Алматы, 2014
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм қазақ және орыс тілдері кафедрасы
- •Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау
- •Обсөж өткізу кестесі*
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •Негізгі әдебиет:
- •Қосымша әдебиет:
- •Бағалау саясаты
- •Курс саясаты
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары, қызметтері, сипаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі.Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарын топтастыру
- •Түйіндеме
- •Өмірбаян
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Түсініктеме
- •Мінездеме
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Кепілдеме
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Тапсырыс
- •7.Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13.Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14.Демалыс алу тәртібі:
- •15.Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16.Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17.Келісімнің тоқтатылуы:
- •18.Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •21. Келісімге қосымша:
- •Хаттама
- •Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультеті, Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Ақпарат хат
- •Ресми хат
- •Хабарландыру!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Глоссарий
- •Бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылау-бағалау құралдары (аралық және қорытынды бақылау өткізуге арналған материалдар
- •Белсенді үлестірмелі материал Стилдің түрлері. Тапсырмалар:
- •Түйіндеме. Тапсырмалар:
- •Менің анкетам
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны
Анықтама
Анықтама –мазмұны белгілі бір фактіні немесе оқиғаны дәлелдейтін, растайтын ісқағазының бір түрі.
Анықтаманың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күшке ие. Себебі біздің жеке басымызды куәландыратын құжатымызды жоғалтып алған жағдайда, оның орнын уақытша анықтама ауыстыра алады. Сондай-ақ, перзентханаларда сәбидің өмірге жаңа келгендігін растау үшін де анықтамалар беріледі.
Анықтаманың түрлері:
1. Жеке адамға қатысты анықтама.
2. Қызметтіканықтама.
1. Жеке адамға қатысты анықтама
Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек өтілі, атқаратын қызметі, мамандығы, білімі туралы мәлімет, т.б.
Анықтамада берілген мәлімет әр кез мұқият тексерілуі қажет.
Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері немесе ұйым жетекшісі, өкілдік берген хатшы айналысады.
Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай, әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы, “422/2”.
Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатын болса, ол жеке іс бумасына немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі.
Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір көлемі үлкен анықтамалар үшін А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады.
Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттілігінің шеңберінде ғана анықтама беруге және оны растап қол қоюға құқы бар.
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.
Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері, белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндігі туралы мәліметті кадр бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды.
Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар.
Құрылымы:
1. Құжат атауы.
2. Берілген күні, айы, жылы; нөмірі; орны.
3. Негізгі мәтін.
4. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралы мәлімет.
5. Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет.
6. Анықтама мәтінінде жазылған мәліметтің растығына жауапты ұйым жетекшісінің лауазымы; аты-жөні, қолы.
7. Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі.
1. Құжат атауы. Құжат атауы үлкен әріптермен парақтың ортасына жазылады. Мысалы:
Анықтама
2. Берілген күні, айы, жылы; нөмірі; қала атауы. Мысалы,
10 қаңтар, 2010 жыл №115 Алматы қаласы
3. Негізгі мәтін. Негізгі мәтін анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы,
“Осы анықтама Бияров Бердібекке оның Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультеті күндізгі бөлімінің 3 курсында оқитынын растайды”.
4. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгені туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы:
“Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық әскери комиссариатқа көрсету үшін берілді”.
5. Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет. Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы:
“Анықтама 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды”.
Немесе:
“Анықтама берілген күннен бастап 6 айға дейін жарамды”.
(Кейбір өзгермейтін фактілер жазылатын немесе болған оқиғаның датасы көрсетілетін анықтамалардың жарамдылық мерзімін көрсету міндетті емес. Мысалы, полицияда болғандығы туралы немесе белгілі бір құжатты, затты өткізгендігі туралы).
6. Анықтама беруші адамның қолы. Бұл мәлімет анықтаманың жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей орын қалдырылып барып жазылады. Анықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы қойылады және аты-жөні жазылады. Мысалы,
Қазақ филологиясы
факультетінің деканы _______________ Т. Сағымбеков
(қолы)
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.
Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланкте дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.
