Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
480 Кб
Скачать
☆

Тапсырыс

Тапсырыс – келісімшарттың негізінде мекемеаралық қатынаста, көлемді заттарды алуға сұраныс жасау үшін жасалатын ісқағаздарының бір түрі.

Тапсырыстың аса маңызды түрі өнім өндіру мен беру, соның ішінде экспортқа шығару жөніндегі мемлекеттік тапсырыс деген болады.

Тапсырыс қызметіне қарай 3 түрге бөлінеді:

  • сатып алу,

  • алмастыру,

  • коммерциялық ұсыныс.

Тапсырыс мәтіндік тұрғыда сипатталады.

Мысалы,техникалық құрал-жабдық, жиһаз, құрылыс материалдары, медициналық дәрі-дәрмек т.б.

Тауардың нақты атаулары жазылады.

Мысалы, компьютер, үстел, шкаф т.б.

Тауардың бағасы мен саны берілген тапсырыстың көлеміне байланысты «ең аз» немесе «ең көп» екендігі көрсетілуі қажет.

Жеткізілім шарты екі жақтың келісуіне байланысты көрсетіледі.

Мысалы, сатып алушы өзі жеткізіп алады немесе сатушы жеткізіп береді.

Төлем шартында оның қандай жолмен жүзеге асырылатындығы туралы көрсетіледі.

Мысалы, қолма-қол немесе банк арқылы есептесу (теңге, рубль, сом, доллар т.б.).

Жеткізілім мерзімі нақты көрсетіледі.

Мысалы, 5 қазан 2009 жыл.

Ұсынысқа қосымшада (құжаттар) келісімшарт көшірмесі көрсетіледі.

Мысалы, 2010 жылдың 25 сәуірінде жасалынған №777келісімшарт негізінде.

Тапсырыс беруші төлем жүргізу қабілеттілігіне (сатып алушы үшін), тауардың болуына (сатушы үшін) кепілдік береді.

Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы Өндірістік-коммерциялық орталыққа дереу хабар беруге міндетті.

Құрылымы:

1. Тапсырыс түрі

2. Тапсырыстың мәтіндік сипатталуы

3. Тауардың атауы

4. Тауардың бағасы

5. Тауардың саны

6. Жеткізілім шарты

7. Төлем шарты

8. Жеткізілім мерзімі

9. Ұсынысқа қосымшалар (құжаттар).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тапсырыс дегеніміз не?

2. Мемлекеттік тапсырыс дегеніміз не?

3. Тапсырыстың қанша түрі бар?

4. Тапсырыс ненің негізінде жасалады?

5. Тапсырыс берушінің міндеттеріне нелер жатады?

6. Тапсырыстың электрондық түрінің қандай жеңілдігі бар?

Еңбек келісімі

Еңбек келісімі – тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат.

Еңбек келісімі екі жақтың (әдетте «жұмыс беруші» және «жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы заңмен рәсімделген келісімі жазылатын ісқағазының бір түрі.

Жеке еңбек келісімі «жұмыс беруші» және «жұмысшы», ал ұжымдық еңбек келісімі «жұмыс беруші» мен «жұмысшылар тобы» арасында еңбек қатынасын реттейтін құжат.

Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:

  • Тұрақты түрде жұмыс істейтіндер;

  • Уақытша жұмыс істейтіндер;

  • Негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер;

  • Қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер.

Еңбек келісімі жазбаша түрде жасалуы тиіс. Бұл екі тарап үшін де келісім шарттарын орындаудың кепілдігі болып табылады.

Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.

Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы өтініші негіз болады.

Еңбек келісімі 2 дана етіп жасалынады. Оған «жұмыс беруші» мен «жұмысшының» қолы қойылып, мөрмен куәландырылады. Оның бірі – мекемеде, екіншісі – жұмысшыда сақталады. Мекеме мөрімен куәландырылады.

Құрылымы:

  1. Құжат атауы.

  2. Келісімнің жасалған орны мен күні, айы, жылы.

  3. Екі тараптың толық және шартты атауы.

  4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі.

  5. Келісім типі (негізгі жұмыс әлде, қосымша істелетін жұмыс).

  6. Келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде, ұзақ уақытқа ма).

  7. Келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін).

  8. Сынақ мерзімі.

  9. Жұмыс берушінің міндеттері мен құқықтары.

  10. Жұмысшының міндеттері мен құқықтары.

  11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.

  12. Еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет.

  13. Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет.

  14. Демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет.

  15. Келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (келісім кей кезде бұзылуы я болмаса, қайта қаралуы мүмкін).

  16. Келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі.

  17. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері.

  18. Екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура).

  19. Келісімге қол қойылған күн.

  20. Келісім қосымшасы (егер бар болса).

Енді еңбек келісімінің жазылуына нақтылай тоқталайық.

1.Құжат атауы:

Құжаттың толық атауы мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 интервал қалдырылып, орта тұсына үлкен әріптермен жазылады. Мысалы:

№4 ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

2.Келісімнің жасалған орны мен күні:

Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл көрсетіледі. Құжат атынан бір интервал төмен елді мекеннің атауы сол жаққа, дата оң жаққа жазылады. Мысалы:

Алматы қаласы23 қазан 2000 жыл

3.Екі жақтың толық және шартты атауы:

Келісім жасаушы екі жақтың әрқайсысының ресми атауы және келісімде алынған шартты атауы жазылады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті атынан университет ректоры профессор Е.Н. Нүсіпов, бұдан былай қарай келісімде «жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан техника ғылымдарының кандидаты А.Бердібеков бұдан былай қарай келісімде «жұмысшы» деп аталады.

4.Жұмыстың сипаты мен мазмұны және оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі:

Мұнда жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны атқаруға қажетті квалификация дәрежесі атап көрсетіледі. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде, кім болып істейтіндігі анық жазылады. Мысалы:

Жұмысшы Бердібеков Азамат Оспанұлы қазіргі теориялық механика кафедрасына доцент болып қабылданады.

5.Келісім типі:

Мұнда жұмысшының негізгі жұмыс орны ретінде істейтіндігі, я болмаса басқа жердегі негізгі жұмыс орнына қосымша істелетін жұмыс орны ретінде кіріп, келісім жасап отырғаны анық жазылады. Мысалы:

«Бұл еңбек келісімі, негізгі жұмыс келісімі, қосымша істейтін жұмыс келісімі» (керектісінің асты сызылады).

6.Келісім түрі:

Мұнда жұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабылданғаны жөнінде жазылады. Келісім уақытша жасалса, себебі көрсетіледі. Мысалы:

«Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]