- •Зауыттарды жобалау. Жобалаудың әдістемесі
- •Экономикалық міндеттер.
- •Техникалық міндеттер.
- •Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері. Жобалаудың сатылары
- •Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы. Желдің соғу бағытын анықтап «Жел розасы» сызбасын тұрғызу әдісі
- •Өндірістің аппараттық-технологиялық сызбанұсқасы. Өндірістің шикізаттық ақпараты. Өндірістің материалдық және жылулық есептеулері. Қондырғыны таңдау
- •Жобаның арнайы бөліктерін жобалау. Өндірістік негізгі ғимараттар және өндірістік жайлар
- •Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар
- •Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар
- •Жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (жаж) құру принциптері.
- •Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
- •Қатты материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар
- •Реакцияларды жүргізуге және араластыруды арналған қондырғылар
- •Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
- •Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
- •Суспензияны сұйық және қатты фазаға ажырату аппаратурасы.
- •Жылуалмасу және массаалмасу үдерістері мен қондырғылары
- •Химиялық өнеркәсіптерді дипломдық жобалаудың негізі
Қатты материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар
Жоспар:
Қатты бөлшек материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар.
Ұсақтауға арналған машиналардың классификациясы.
Материалды үгіту қондырғыларының жалпы мәліметтері және классификациясы.
Ұсақтау – қатты материалдың бастапқы іріліктен қажетті ірілікке дейінгі бөлшектердің өлшемін кішірейту үдерісі.
Материалдың соңғы бөлшегінің ірілігіне (мм) байланысты ұсақтаудың келесі негізгі түрлері болады.
Ұсақтау:
Ірі......................................................100-350
Оратша...............................................40-100
Ұсақ........................................................5-40
Үгіту:
Тұрпайы...................................................5-0,1
Майда...............................................0,1-0,05
өте майда...................................0,05-ден аз
Қатты материалды ұсақтау бойынша қондырғыны жасау немесе таңдау кезінде, олардың негізгі физика-механикалық қасиеттерін ескеру қажет. Олар: беріктік, сынғыштық, абразивтік, ірілік және т.б.
Беріктік – материалдың қандай да бір сыртқы күштің (мысалы, механикалық сығу кезінде) нәтижесінде пайда болатын ішкі күштің әсерінен болатын қирауға қарсылық қасиеті.
Ірілік – қатты материалдың белгілі бір пластикалық деформациясыз бұзылу қасиеті.
Абразивтік – өндірілетін материалдың машиналардың жұмыстық бөлшектерін тоздыру қасиеті.
Ұсақтауға арналған машиналардың жіктелуі. Материалды ұсақтауға арналған машинада, оның арналуына және әрекет ету принціпіне байланысты, келесі күш түсірулер қолданылуы мүмкін: езу, ұру, сындыру, үйкеу. Көп жағдайларда түрлі күш түсірулер бірмезгілді әрекет істейді, мысалы, езу мен үйкеу, ұру мен үйкеу және т.б. Түрлі күш түсірулерді, сонымен қатар әрекет ету принціпі және өлшемдері бойынша әр түрлі машиналарды қолдану қажеттілігі ұсақталатын материалдың түрлі қасиеттері мен өлшемдеріне, сонымен қатар, дайын өнімнің ірілігіне қоятын талаптарыдың әртүрлігіне байланысты болып келеді. Бұл үдерістерді қолданылатын машиналарды ұсақтағыштар және диірмендер деп бөледі.
Ұсақтағыштар жұмыс істеу принціпі бойынша бөлінеді:
Жақтық, мұнда материал екі жақ аралығындағы кеңістікте олардың өзара жақындауы кезінде езу, жару және үйкелу әрекеттерінен ұсақталады.
Конусты, мұнда материал екі конустық бет арасында, олардың біреуі екіншісіне қарағанда эксцентриялық қозғалу арқылы материалды үздіксіз ұсақтауды жүзеге асырады.
Валкалы, мұнда материал бір-біріне қарсы айналатын екі вал арасында езіледі. Валдар әртүрлі жиілікпен айналады және сонда материалды езу оның үйкелісімен бірігеді.
Соққылау әрекетті, олар өз кезегінде балғалы және роторлы бөліп ажыратылады. Балғалы ұсақтағыштарда материал негізінен топсалы асылған балғаның соққысынан, сонымен қатар үйкелісінен ұсақталады.
Ұсақтауға арналған кейбір машиналарды ( бегундар және дезинтеграторлар) ұсақтағышқа да, диірмендерге де жатқызуға болады, өйткені оларды тұрпайы үгітуге де және ұсақ ұсақтауға қолданады.
Диірмендер жұмыс істеу принціпі бойынша бөлінеді:
Барабанды, айналмалы немесе тербелмелі барабанда, барабанға жусайтын денелерді салу немесе оларсыз кезінде, материалдар материал бөлшектерінің бір-бірімен соққылау және үйкелістен ұсақталады.
Орташа қимылды, мұнда материал қандай да бір негіз бен шар, вал, ролик жұмыс беттерінің арасында езумен және бірен-саран үйкеліспен ұсақталады.
Соққылы, материалды топсалық (шахталық диірмендер) немесе қатты бекітілген (аэробильді диірмендер) балғалардың соққысымен ұсақтау.
Ағымдық, мұнда материал материал бөлшектерінің өзара үйкелісі мен соққысынан, сонымен қатар бөлшектердің үлкен жылдамдықты ауа ағынында қозғалысы кезінде камера қабырғасына соғылуынан ұсақталады.
Ұсақтағыштардағы мен диірмендердегі ұсақтауды, жұмыстық бөлшектің ұсақталатын материалға немесе материал бөлшектерінің бір-бірімен тікелей әрекеттесуі кезіндегі механикалық ұсақтауға жатқызады. Қазірде электрогидравликалық эффектілерді (сұйықтағы жоғары вольтты разряд), ультрадыбысты толқындарды, тез ауысатын жоғары және төменгі температураларды, лазер сәулелерін, су ағындарының энергиясын және т.б. пайдалану арқылы материалдарды ұсақтау әдістері ойластырылып жатыр.
Материалдарды ұсақтауға арналған машиналардың көп түрлеріне қарамастан, бұл машиналардың барлығы қанағаттандыруы керек ортақ талаптары бар, олар: конструкцияның қарапайымдылығы, оның жұмыс істеуінің ыңғайлығы мен қауіпсіздігі; көтеретін саймандардың ең аз саны, сонымен қатар оларды ауыстырудың жеңілідігі; сақтандырғыш қондығылардың болуы.
Әдебиеттер: 6, 7, 8 нег.; 6 қос.
Бақылау сұрақтары:
Ұсақталатын материалдардың қасиеттері.
Ұсақтағыштар, олардың жұмыс істеу принціпі және ұсақтау ірілігі бойынша ажыратылуы.
Кинематикалық ерекшеліктеріне байланысты беттіғ ұсақтағыштардың тобы.
Конусты ұсақтағыштардың түрі мен сипаты.
Вал ұсақтағыштардың, соққы әрекетті ұсақтағыштардың, барабанды шар тәрізді диірмендердің классификациясы, жалпы мәліметтері.
Жұмыс мүшелері қозғалысының жоғарғы жылдамдықты, ерекше жұмсақ ұсақтауға арналған диірмендердің жалпы мәліметтері.
Іріктеу үдерісінің негізі мен арналуы.
Дәріс №11.
