Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Каз ОПиОЗ 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353 Кб
Скачать
☆

Жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (жаж) құру принциптері.

Жоспар:

  1. Жобалауды автоматтандыру.

  2. Жобауды автоматтандырудың мақсаты.

  3. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (ЖАЖ) құру шарттары.

  4. ЖАЖ-ды қамтамасыз ету түрлерінің компонентері.

  5. ЖАЖ-ды жобалау сатылары.

Ғылым мен техниканың қарқынды түрде дамуына байланысты әртүрлі өндіріс орындарының көбеюі жобалық жұмыстарды үлкен көлемде жүргізудің шарты болып табылады. Жоба сапасына қойылатын талаптары, оларды орындау уақыттары, жобаланатын объектілердің күрделене бастауына және олардың орындайтын функцияларының маңызды болуына байланысты қатаңдана түседі. Бұл проблеманы жобалаушылар санын өсірумен емес, есептеу техникаларын кең қолдана отырып жобалауды автоматтандыру негізінде шешуге болады.

Жобауды автоматтандырудың мақсаты - жобалау сапасын арттыру, оған кететін материалдық шығындарды азайту, жобалау уақытын қысқарту және жобалаумен айналысатын инженер-техниктердің еңбек өнімділігін арттыру, құрылыстағы жұмысшылар санының өсу тенденциясын жою.

Жобаның барлық шешімдері немесе олардың бір бөлігі адам мен ЭЕМ-нің әсерлесуі арқылы орындалатын болса ондай жобалауды автоматтандырылған деп атайды, ол қолмен жасалынатын (ЭЕМ-ның қатысуынсыз) немесе автоматты түрдегі жобалаудан (адамның қатысуынсыз) ерекшеленеді. Яғни онда жобалауды тұтынушының талаптарына барынша сәйкес жасауға болады. Автоматтандырылған жобалауды іске асыратын жүйені жобалауды автоматтандырудың жүйесі деп атайды (ағылшынша жазылуы - CAD System - Computer Aided Design System).

ЖАЖ-ды құру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. математикалық әдістермен және есептеу техникаларының құралдарын қолданып жобалау үдерістерін жетілдіру мен жүйелендіру негізінде;

  2. Жобалық жұмыстардың жобалық ұйымда қажетті қайта құрастыру және оның құрылымы мен кадрлық құрамын кешенді автоматтандыру негізінде;

  3. жобалауды басқарудың сапасын жоғарылату; жобаланатын объектілерді, олардағы құрал-жабдықтарды математикалық модельдеудің тиімді түрін қолдану негізінде;

  4. көпнұсқалық жобалаудың, о ңтайландырудың, шешімдерді қабылдау және іздеу құрылымы әдістері, яғни техникалық жетілдіру әдістерін қолдану негізінде;

  5. күрделі және көп еңбекті талап ететін жобалық жұмыстарды автоматтандыру негізінде;

  6. табиғи тәжірибелерді алмастырып математикалық модельдеу негізінде,

  7. анықтамалық сипаттағы, яғни объектілердің автоматтандырылған жобалауы үшін қажетті жүйелендірілген деректерден құрылған бірегей банк мәліметтерін құру негізінде.

ЖАЖ - автоматтандырылған жобалауды орындайтын жобалық ұйымының арнайы бөлімі немесе жеке мамандар орындайтын жобалауды автоматтандырудың құралдық кешені.

ЖАЖ –техникалық құралдарды, математикалық және бағдарламалық қамтамасыздықты инженерлік жобалаудың және құрастырудың ерекшеліктерін максималды тиімді ретте таңдайтын параметрлер мен сипаттамаларды біріктіреді және оларды жүзеге асырады.

ЖАЖ кәсіпорындарда жобалық, құрылымдық, технологиялық және басқа да мақсаттармен құрылады: шығаралытын және жобаланатын өнімнің сапасы мен техникалық деңгейін жоғарылату, жоболау объектілерінің тиімділігін арттыру, олардың құру мен эксплуатациясына кететңн шығындарды азайту, мерзімдерді қысқарту, жобалаудың еңбек көлемін азайту және жобаланатын құжаттаудың сапасын көтеру.

ЖАЖ-ды құрудың негізгі принциптері:

  1. ЖАЖ - адами-машиналық жүйе. Барлық ЭЕМ көмегімен құрылған және құрылатын жобалау жүйелері автоматтандырылған, мұнда басты рөлде - адам, техникалық құралдың жобасын жасаушы инженер болып табылады.

Қазігі таңда және алдағы жылдарда жобалаудың автоматтандырылған жүйелерін құру адамның қатысуынсыз жасалынбайды, жобалау үдерісінің түйінді шешімдерді қабылдауында адам басты роль атқарады. Жобалау үдерісінде адам мен ЭЕМ-ның тығыз байланыста болуы - ЖАЖ-ды құру мен эксплуатациялаудың негізгі принципі болып табылады.

  1. ЖАЖ - автоматтандырылған жобалаудың барлық деңгейіне кешенді тәсілді жүзеге асыратын иерархиялық жүйе.

Иерархиялық құрылым ЖАЖ-дың ғана емес, сонымен қатар, жобалаушылардың орталық есептеу кешені мен автоматтандырылған жұмыс орындарына бөлінген техникалық құралдарында да болады.

  1. ЖАЖ - келісілген ақпараттық ішкіжүйелердің жиынтыгы. Ақпараттық келісушілік тапсырмалардың барлық немесе көпшілік мүмкіншіліктерімен келісілген ақпараттық бағдарламалардың бірлесе жұмыс істеуін білдіреді. Ақпараттық келіспеушілік ЖАЖ-ды автономды бағдарламаға айналдырады, яғни, ішкіжүйелерде өзге ішкіжүйеде бағаланылатын көптеген факторларды есепке алмаушылық қабылданатын жобалық шешімдердің сапасын төмендістейді.

Негізгі әдебиеттер: 1 [13-15], 2 [14-16]

Бақылау сұрақтары:

  1. ЖАЖ-дың қамтамасыз етілуінің негізгі түрлерін көрсетіңіз?

  2. ЖАЖ-дың баңдарламалық қамтамасыз етілуінің екі түрін атаңыз.

  3. ЖАЖ-дың әдістемелік қамтамасыз етілуінің екі түрін атаңыз.

Дәріс №9.