- •Зауыттарды жобалау. Жобалаудың әдістемесі
- •Экономикалық міндеттер.
- •Техникалық міндеттер.
- •Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері. Жобалаудың сатылары
- •Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы. Желдің соғу бағытын анықтап «Жел розасы» сызбасын тұрғызу әдісі
- •Өндірістің аппараттық-технологиялық сызбанұсқасы. Өндірістің шикізаттық ақпараты. Өндірістің материалдық және жылулық есептеулері. Қондырғыны таңдау
- •Жобаның арнайы бөліктерін жобалау. Өндірістік негізгі ғимараттар және өндірістік жайлар
- •Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар
- •Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар
- •Жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (жаж) құру принциптері.
- •Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
- •Қатты материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар
- •Реакцияларды жүргізуге және араластыруды арналған қондырғылар
- •Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
- •Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
- •Суспензияны сұйық және қатты фазаға ажырату аппаратурасы.
- •Жылуалмасу және массаалмасу үдерістері мен қондырғылары
- •Химиялық өнеркәсіптерді дипломдық жобалаудың негізі
Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
Жоспар:
Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
Химия өндірісінде пайдаланатын машиналар.
Химия өндірісінде пайдаланатын аппараттар.
Химия өндірісінде негізінен алғанда арнайы құрылымы және аппараттар мен миханизмдер жұмыс істеу принципіне байланысты өте көптеген құрал-жабдықтар қолданылады.Сол себепті оларды бірнеше түрге жіктейміз.
Арналуы мен жұмыс істеу принципіне байланысты машиналар мен аппараттар болып бөлінеді.
Машиналар - бұлар энергияны қайта құрайтын немесе жұмыс істеу үшін біркелкі мақсатта қозғалыстар ғана жасайтын механизмдер немесе механизмдер жиынтығы.Мысалы: компрессорда механикалық энергия газды сығуға жұмсалады,ал үгіткіште материялды майдалауға жұмсылады.
Аппараттар – бұлар химиялық, химия-физикалық, гидромеханикалық және жылулық үдерістерді өткізуге арналған құрылғы.
Олар қолдану аймағына және өндірістің масштабына байланысты әмбебап момандандырылған және арнайы деп бөлінеді.
Әмбебап құрал-жабдықтарға тектеск құрал-жабдықтар жатады.Олар химия өндірісінде кез-келген жерінде қолдануы мүмкін.Мысалы: Оларға сораптар, компресорлар, жылу алмастырғыштар, сүзгілер, центрифугалар және т.б. жатады.
Мамандырылған құрал – жабдықтар өзгерілуі жағынан ұқсас, бір немесе бірнеше заттарды алуға арналған құрал – жабдықтар деп атаймыз.Оларды аздаған күйде шығарады.Мысалы, оларға абсорберлер, ректификациялар, калониомар, булану аппараттары және т.б.
Арнайы құрал – жабдықтар бір нақты логикалық үдеріске немесе операцияға қолданады.Мысалы, аммиакты синтездеу колонасы соданы кальцинайиялау пешін және т.б. жатқызуға болады.
Үдерістегі орнына байланысты техналогиялық құрал – жабдықтарды негізгі және қосалқы деп бөледі.
Негізгі құрал – жабдықтарға химиялық және физика – химиялық үдерістерді өткізуге қажетті аппараттар мен машиналарды жатқызамыз.Олардың жұмысының нәтижесінде қажетті өнім түзіліп алынады.
Қосылқы құрал – жабдықтарға техналогиялық үдеріске тікелей ықпал жасайтын құрал – жабдықтарды жатқызамыз.
Жұмыс істеу жағдайына байланысты құрал – жабдықтарды үздіксіз және мерзімді деп бөлеміз.Бұдан басқа химия өндірісінде аралас үдерістей аппараттар қолданылады.Оларда бір компонент үздіксіз беріліп отырады (мысалы газ бен сұйық), ал екінші компонент мерзімді беріліп отырады(қатты мен сұйық).
Химия өндірісінде пайдаланатын машиналар мынадай келесі топтарға бөлінеді:
1.Көтергіш – тасымалдағыш құрылғылар – олар сусымалы, қатты материалдарды (шаң тәрізді, ұнтақ түріндей немесе ұсақ кесек түріндей) және жеке дара жүктерді (қаптар, жәшіктер және т.б.) цехтың немесе өндірістің ішінде тасымалдауға аргалған.Машиналардың мұндай түріне әртүрлі тасымалдағыштар мен элеваторлар жатады.Олар негізгі химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады.
2.Уатқыш – үгіткіш құрал – жабдықтар өлшемін кішірейтуге арналған машиналар.Оларға уатқыштар (жақтық, конуствқ, соқпалы және т.б.), майдалағыштар (шарлық, стержендік және т.б.).
3.Араластырғыштар – бұлар әртекті қатты және сұйық материалдарды араластырып, қатты заттардың қоспасын, суспензияларды және эмульсияларды алу мақсатында механикалық араластырғыш құрылғыларды айтамыз.
4.Түйіршіктергіштер және пресстегіш машиналар бұлар – қатты, сусымалы материалардың бөлшектерінің өлшемдерін ұлғайтуға арналған машиналар.Олар негізінен ұнтақ түріндегі заттарды өлшемі 1-50 мм түйіршіктерге айналдыруда кеңінен қолданылады.
5.Классификаторлар – бұлар қатты заттар бөлшектерінің бір – бірінен өлшемдеріне, түрлеріне және тығыздықтарына байланысты атқаратын машиналар.Олар конструкцияларына байланысты електер және гронаттар болып бөлінеді.
6.Қоректендіргіштер – олар қатты, сусымалы материалдарды үдеріске үздіксіз немесе мерзім кезенде белгілі- бір мөлшерде беріп отыруға аралған.Олар жұмыс істеуіне және конструкцияға байланысты салмақтық және көлемдік деп бөлінеді.
7.Түсетін материалдарды жұлмалаушы мом- лар – мысалы, қағаз немесе пластикалық материалдарды кескілеуге арналған машиналар және дайын өнімдерді шешетін немесе қаптайтын машиналар.Олар негізінен қоймаларда болады.
8.Газдарды және сұйықтарды тасымалдауға арналған машиналар.Мысалы, компресорлар мен сорптар. Жұмыс істеуіне және конструкцияларына байланысты порлиеньдік, құйындық, ротациялық және т.б. бөлінеді.
Апараттар өнімділіктеріне байланыстырылатын өнімдеріне байланысты Жақтық және көлемдік болып бөлінеді.
Жақтық аппараттарға өнімділіктері немесе масса алмасудын бетімен анықталатын және кейбір гидромеханикалық үдерістін өнімділігі сүзу немесе тұндыру бетіне байланысты болатын аппараттарды жатқызылады.
Әдебиеттер: 6, 7, 8 нег.; 6 қос.
Бақылау сұрақтары:
Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
Химия өндірісінде пайдаланатын машиналар.
Химия өндірісінде пайдаланатын аппараттар.
Дәріс №10.
