- •Зауыттарды жобалау. Жобалаудың әдістемесі
- •Экономикалық міндеттер.
- •Техникалық міндеттер.
- •Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері. Жобалаудың сатылары
- •Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы. Желдің соғу бағытын анықтап «Жел розасы» сызбасын тұрғызу әдісі
- •Өндірістің аппараттық-технологиялық сызбанұсқасы. Өндірістің шикізаттық ақпараты. Өндірістің материалдық және жылулық есептеулері. Қондырғыны таңдау
- •Жобаның арнайы бөліктерін жобалау. Өндірістік негізгі ғимараттар және өндірістік жайлар
- •Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар
- •Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар
- •Жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (жаж) құру принциптері.
- •Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
- •Қатты материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар
- •Реакцияларды жүргізуге және араластыруды арналған қондырғылар
- •Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
- •Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
- •Суспензияны сұйық және қатты фазаға ажырату аппаратурасы.
- •Жылуалмасу және массаалмасу үдерістері мен қондырғылары
- •Химиялық өнеркәсіптерді дипломдық жобалаудың негізі
Жобаның арнайы бөліктерін жобалау. Өндірістік негізгі ғимараттар және өндірістік жайлар
Жоспар:
Жобаның арнайы бөліктерін жобалау.
Негізгі өндірістік ғимараттар мен өндірістік жайлар.
Өндірістік ғимараттар мен өндірістік жайлардың құрылыстық конструкциялары:
Зауыттың технологиялық үдерісін жобалау бірмезгілде жобаның арнайы бөліктерін жүзеге асырумен қатар жүргізіледі, оған жататындар:
1 негізгі өндірістік, қосымша және арнайы мақсаттағы үдерістер үшін жобаланылған ғимараттар мен өндірістік жайлар;
2 энергетикалық мақсаттағы ғимараттар: электрмен жабдықтау (электростанциялар мен подстанциялар), жылыту қазандығы және компрессорлық объектілер;
3 санитарлық-техникалық мақсаттағы объектілер: су алу ғимараттары, сору станциялары, биологиялық тазартулар станциялары, сүзу алаңы, тұндырғыштар және т.б.
4 тасымалдау мақсатындағы объектілер: темір жолдар, автокөлік жолдары, гараждар, тепловоз бен электровоз депосы және т.б.
5 жөндеу мақсатындағы объектілер: механикалық шеберханалар, қосалқы материалдардың, қосалқы бөлшектердің қоймасы және т.б.
6 әкімшілік және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер; технологиялық бөлшектер және құбырлармен тасымалдау және т.б.
Негізгі өндірістік ғимараттар мен өндірістік жайлар. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен өндірістік жайлар – жылдың әр мезгілінде және климаттың түрлі жағдайында, өндірістегі жұмыскерлер үшін еңбектің қалыпты шарттарын қамтамасыз етуі керек, сонымен қатар ол технологиялық үдерісті қалыпты жүргізу үшін технологиялық қондырғыларды жабуды қамтамасыз етуі тиіс.
Химиялық зауыттардың өндірістік және қосымша цехтарының ғимараттары негізгі төрт топқа бөлінуі мүмкін:
1) крандық жүктемесі жоқ бірқабатты көпаралықты ғимараттар; бұл түрдегі құрылыс жайларына галареяны, эстакадаларды және т.б. жатқызуға болады;
2) крандық жүктемесі бар бір қабатты көпаралықты ғимараттар;
3) крандық жүктемесі бар (3-70 тонна аралығында) біраралықты арнайы өндірістік жайлар (ашық және жабық қоймалар);
4) құрылыстық арнайы өндірістік жайлар – бункерлер, бассейндер, резервуарлар, электрсүзгіштердің корпустары.
Көпқабатты ғимараттар негізінен қосымша мақсаттағы жұмыстар үшін, мысалы зауытты басқару орталығы, орталық тұрмыстық бөлімшелер және т.б. үшін салынады.
Өндірістік ғимараттар мен өндірістік жайлардың құрылыстық конструкциялары:
1 Жинақталған темірбетонды, бұл конструкциялар барлық бірқабатты көпаралықты ғимараттар үшін қолданылады; ерекше жағдайларда монолитті темірбетондарын қолдануға болады.
2 Металдық, олар үлкен биіктіктегі колонналарды, үлкен аралықты фермдарды, бункерлерді, резервуарларды және т.б. салу құрылысында қолданылады.
3 Аралас, онда өндірістік жайларда арасына кірпіш толтырылған темірбетондық конструкциялар мен ғимарат ішінде металдық конструкциялар қолданылады, мысалы қондырғыларды күтіп-сақтау алаңдары, ғимараттардың терезе ойықтарын әйнектендіру фонарлар тұрғызу және т.б.
Зауыттарда ағаш конструкциялары, олардың механикалық беріктілгінің жеткіліксіздігінен, жеңіл жанатыныдығынан және шіруге икемділігінен, аса маңызы жоқ өндірістік жайларда ғана қолданылады, мысалы тұрмыстық бөлмелерде, зауытты басқару жайларында және т.б.
Жалпы алғанда химиялық зауыттың құрылысына кететін күрделі шығындардың жалпы көлемі, өндірістік және қосымша цехтардың өндірістік жайлары мен ғимараттарын жасауға кететін қаржы шығынының 50%-дан астамын құрайды.
Өндірістің өнімділігі өсуімен және технологиялық қондырғылардың өлшемдері ұлғаюымен, өндірістік мақсаттағы ғимараттардың көлемі де өседі. Сондықтан да технологиялық үдерісті жобалау кезінде, ашық аспан астында тұратын қондырғылардың ғимараттарының көлемдерін азайту әдістерін іздестіру керек. Автоматты дистанциондық басқаруды қолдану, жұмыскерлердің қондырғылардың маңында болу уақытын қысқартады және сол себепті ғимараттардың қалыпты еңбек шарттарын сақтау ролін қысқартуға септігін тигізеді. Бұл көптеген өндірістік цехтарды жартылай жабық түрде жасауға мүмкіндік береді немесе оларға арнап құрылыстық материалдар мен конструкциялар аз шығындалатын жеңіл ғимараттарды жасауға мүмкіншіліктер туады. Аймақтың климаттық жағдайына және зауыт құрылысына байланысты мұндай шешімдерді зауыттың көптеген цехтарына қолдануға болады.
Бақылау сұрақтары:
Жобаның арнайы бөліктерін жобалау.
Негізгі өндірістік ғимараттар мен өндірістік жайлар.
Өндірістік ғимараттар мен өндірістік жайлардың құрылыстық конструкциялары:
Дәріс №6.
